4-сабақ. Грамматика: Жіктік жалғау
Лексика: Экономика
Жіктік жалғау
Жіктік жалғаудың жекеше түрі
жақ
қолданылуы
жекеше түрі
І
Мен
дауысты дыбыстардан кейін;
м, н, ң, л, р, й, у үнді дауыссыздарынан кейін
б, в, г, д ұяң дауыссыздарынан басқа
қатаң дауыссыздардан кейін;
б, в, г, д ұяң дауыссыздарынан кейін
-мын, -мін
-бын, -бін
-пын, -пін
ІІ
Сен (анайы)
Сіз (сыпайы)
жуан түбірлерден кейін -сың, -сыз
жіңішке түбірлерден кейін -сің, -сіз
-сың, -сің
-сыз, -сіз
16
ІІІ
Ол
-
Мысалы:
жекеше түрі
Мен студентпін
Сен студентсің
Сіз студентсіз
Ол студент
Жіктік жалғаудың көпше түрі
жақ
қолданылуы
көпше түрі
І
Біз
дауысты дыбыстардан кейін;
л, р, й, у үнді дауыссыздарынан кейін
з, ж ұяң дауыссыздарынан кейін
м, н, ң үнді дауыссыздарынан кейін
қатаң дауыссыздардан кейін;
б, в, г, д ұяң дауыссыздарынан кейін
-мыз, -міз
-быз, -біз
-пыз, -піз
ІІ
Сендер
(анайы)
Сіздер
(сыпайы)
жуан
түбірлерден
кейін
-сыңдар,
-сыздар
жіңішке түбірлерден кейін -сіңдер,
-сіздер
-сыңдар, -сіңдер
-сыздар, -сіздер
ІІІ
Олар
-лар, -лер, -дар, -дер,
-тар, -тер
Экономика
Біз күнделікті тіршілікте «үнем», «үнемдеу», «үнемшіл» деген сөздерді жиі
естиміз және өзіміздің үй шаруашылығымызды басқара отырып, өз
жанұямыздың экономикасын ұйымдастырып отырғанымызды байқамай да
қаламыз.
Біз жанұямыздың бюджетін дұрыс бөлуге, жарықты, суды, ақшаны
үнемдеуге, мүлікке ұқыпты қарауға тырысамыз.
Экономика – «үй шаруашылығын жүргізу өнері» деген грек сөзі.
Жеке адамның, отбасының, бүкіл қоғамның бірлігі экономикадан тұрады.
17
Экономиканы білмей, үй шаруашылығынан бастап халық шаруашылығына
дейін басқару мүмкін емес.
Нарықтық экономика – сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, тауар
алмасу арқылы туатан еркін бәсеке уақыты.
(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева, М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан )
үнемдеу – экономить
ұйымдастыру – организовать
шаруашылық – хозяйство
сұраныс – спрос
басқару – управление
сауда – торговля
ұсыныс – предложение
нарықтық – рыночный
бәсеке – конкуренция
қоғам – общество
мүлік – имущество
Тапсырмалар
1-тапсырма. Берілген сөздерді жіктеңіз.
Экономист, студент, инженер, қызметкер, оқытушы, маман, есепші,
менеджер.
2-тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды қойып, сөз
тіркестерінен сөйлем құраңыз.
астаналық...
қызметкер...
Мен есепші...
Сіздер
аудитор...
инженер...
маман...
үнемдей...
жүргізе...
Сен
басқара... Сіз
құрай...
пайдалана ...
қарастыра...
3-тапсырма. Мәтін бойынша сұраққа жауап беріңіз.
- Жеке адамның, отбасының, бүкіл қоғамның бірлігі неден тұрады ?
-................................................................................................. .
- Біз күнделікті тіршілікте қандай сөздерді жиі естиміз?
-............................................................................................... .
- Үй шаруашылығынан бастап халық шаруашылығына дейін басқару
үшін нені білуіміз керек?
- ............................................................................................. .
- Нарықтық экономика дегеніміз не?
- ............................................................................................ .
- Сіз қалай ақшаңызды үнемдейсіз?
- ........................................................................................... .
18
4-тапсырма.
Көп нүктенің орнына жіктік жалғауды қойыңыз.
Біз күнделікті тіршілікте «үнем», «үнемдеу», «үнемшіл» деген сөздерді жиі
ести... . Мен ертең белгілі экономиспен кездесе... . Сен әке-шешеңмен бірге
тұра... ба? Сен бос уақытыңды достарыңмен бірге өткізе... . Сендер бас
маманмен сөйле... . Біз өз жанұямыздың экономикасын ұйымдастырып отыр... .
Сіз жанұяңыздың бюджетін дұрыс бөлуге, жарықты, суды ақшаны, үнемдеуге,
мүлікке ұқыпты қарауға тырыса... .
5-тапсырма Жауаптарға байланысты сұрақ қойыңыз.
- ............................................... ?
- Мен банкке бара жатырмын.
- ................................................. ?
- Экономика – «үй шаруашылығын жүргізу өнері» деген грек сөзі.
- ................................................ ?
- Мен жарықты, суды ақшаны үнемдеуге, мүлікке ұқыпты қарауға
тырысамын.
6-тапсырма. Мәтінді және қосымша мәліметтерді пайдалана отырып,
«Экономиканы білу – пайда» тақырыбына шағын әңгіме дайындаңыз.
5-сабақ. Грамматика: Тәуелдік жалғау
Лексика: Ұлттық экономика
Тәуелдік жалғау
соңғы дыбыс
жақ
тәуелдік жалғау
жекеше түрі
көпше түрі
дауысты
І
ІІ
ІІІ
-м
-ң
-ңыз, -ңіз
-сы, -сі
-мыз, -міз
-ң
-ңыз, -ңіз
-сы, -сі
дауыссыз
І
ІІ
ІІІ
-ым, -ім
-ың, -ің
-ыңыз, -іңіз
-ы, -і
-ымыз, -іміз
-ың, -ің
-ыңыз, -іңіз
-ы, -і
Мысалы:
жекеше түрі
І ж. Менің өтінішім (мое заявление)
ІІ ж. Сенің өтінішің (твое заявление)
19
Сіздің өтінішіңіз (Ваше заявление)
ІІІ ж. Оның өтініші (его(ее) заявление)
Ұлттық экономика
Кез келген мемлекеттің экономикасы сол елдің ұлттық ерекшеліктеріне,
салт-дәстүріне, шаруашылықты жүргізу тарихына сүйенетіні белгілі.
Ұлттық экономиканың қызметіне елдің экономикалық аумағында жүзеге
асырылатын
шаруашылық
бірліктердің
жиынтығы
жатады.
Ұлттық
экономиканың қызметін Үкімет, жеке тұлғалар, пайда алмайтын жекеше
ұйымдар, кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар құрайды.
Ұлттық экономика төмендегідей салалардан тұрады: өнеркәсіп өндірісі,
ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс және сауда.
Ұлттық есепшіліктің халықаралық практикасында экономикалық аумақ
санатына мыналар жатады: еседегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша
айналысы жүзеге асырылатын аумағы, әуе кеңістігі, мемлекеттің балық аулауға,
шикізат, отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен континенттік
қайран жатады.
(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева, М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан )
аумақ – территория
ұйым – организация
ұлттық – национальный
жеке тұлға – личность
үкімет – правительство
сауда – торговля
өндіріс – производсто
халықаралық – международный
әкімшілік – административный
құқық – право
шикізат – сырье
кеңістік – пространство
отын – топливо
шаруашылық – хозяйство
өнеркәсіп – промышленность
Тапсырмалар
1-тапсырма. Төмендегі сөздерді тәуелдеңіз және орыс тіліне аударыңыз.
Фирма, көлік, факультет, мамандық, кітап.
2-тапсырма. Үлгі бойынша мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөз тіркестерін
теріп жазыңыз.
Үлгі:
Мемлекеттің экономика+сы (-сы – тәуелдік жалғауының ІІІ жағы)
3-тапсырма. Берілген сөйлемдерге сұрақ қойыңыз.
20
- Кез келген мемлекеттің экономикасы сол елдің ұлттық ерекшеліктеріне,
салт-дәстүріне, шаруашылықты жүргізу тарихына сүйенеді.
- ...........................................................................................?
- Ұлттық экономиканың қызметін үкімет, жеке тұлғалар, пайда алмайтын
жекеше ұйымдар, кәсіпорындар, фирмалар, компаниялар құрайды.
- ........................................................................................... ?
- Ұлттық есепшіліктің халықаралық практикасында экономикалық аумақ
санатына әуе кеңістігі, мемлекеттің балық аулауға, еркін тауар-ақша айналысы
мен шикізат, жатады.
- ........................................................................................... ?
4 -тапсырма. Мәтін бойынша сұраққа жауап беріңіз.
- Ұлттық экономиканың қызметіне не жатады?
-............................................................................................... .
- Ұлттық экономиканың қызметін нелер құрайды?
-............................................................................................... .
- Ұлттық экономика қандай салалардан тұрады?
- ............................................................................................. .
- Ұлттық экономика дегеніміз не?
- ............................................................................................ .
- Ұлттық есепшіліктің халықаралық практикасында экономикалық аумақ
санатына нелер жатады?
- ........................................................................................... .
5-тапсырма. Сөз тіркестерін орыс тіліне аударып, сөйлем құраңыз.
ұлттық
нарықтық
халықаралық экономика
мемлекеттік
отандық
6-тапсырма.
Тәуелдік жалғаулы сөз тіркестерін қазақ тіліне аударып,
сөйлем құраңыз.
Здание университета, зачетная книжка студента, кабинет декана
факультета, библиотека университета.
6-сабақ. Грамматика: Септік жалғау
Лексика: Пайда
21
Септік жалғаулары
септік жалғаулары
22
Сөздердің септелуі
септіктер
мысалы
Атау
апайы (ее(его) старшая сестра), қала (город)
Ілік
апайының (ее сестры), қаланың (города)
Барыс
апайына (ее сестре), қалаға (в город)
Табыс
апайын (ее сестру), қаланы (город)
Жатыс
апайында (у ее сестры), қалада (в городе)
Шығыс
апайынан (от ее сестры), қаладан (из города)
Көмектес
апайымен (с ее сестрой), қаламен (с городом)
Пайда
септік-
тер
сұрақтары
дауыс-
тылар-
дан
кейін
үнді-
лерден
кейін
(м, н,
ң
басқа)
м, н, ң
үнді-
лерден
кейін
қатаң-
дар-
дан,
б, в, г,
д
ұяңда-
рынан
кейін
ұяң-
дардан
кейін
( б, в, г,
д
басқа)
тәуел-
дік
жалға-
уының
І, ІІ
жағы-
нан
кейін
тәуел-
дік
жалға-
уының
ІІІ
жағы-
нан
кейін
Атау
септік
(И.п.)
кім? (кто?)
не? (что?)
-
-
-
-
-
-
-
Ілік
септік
(Р.п.)
кімнің? (кого?
чей? чья? чье?)
ненің? (чего?)
-ның
-нің
-дың
-дің
-ның
-нің
-тың
-тің
-дың
-дің
-ның
-нің
-ның
-нің
Барыс
септік
(Д.-
направ.
п.)
кімге? (кому?)
неге? (чему? зачем?)
қайда? (куда?)
-ға
-ге
-ға
-ге
-ға
-ге
-қа
-ке
-ға
-ге
-а
-е
-на
-не
Табыс
септік
(В.п.)
кімді? (кого?)
нені? (что?)
-ны
-ні
-ды
-ді
-ды
-ді
-ты
-ті
-ды
-ді
-ды
-ді
-н
Жатыс
септік
(Мест.
п.)
кімде? (у кого?)
неде? (у чего?
в чем?)
қайда? (где?)
қашан? (когда?)
-да
-де
-да
-де
-да
-де
-та
-те
-да
-де
-да
-де
-нда
-нде
Шығыс
септік
(Исх.
п.)
кімнен? (от кого?)
неден? (от чего? из
чего?)
қайдан? (откуда?)
қашаннан? (с каких
пор?)
-дан
-ден
-дан
-ден
-нан
-нен
-тан
-тен
-дан
-ден
-нан
-нен
-нан
-нен
Көмек-
тес
септік
(Т.п.)
кіммен? (кем?)
немен? (чем?)
қалай (как?)
-мен
-мен
-мен
-пен
-бен
-мен
-мен
23
Саудамен айналысатын адамдардың арасында жиі кездесетін термин –
«пайда». Сатып алушы да, сатушы да, ең алдымен, сатуда, сатып алу,
айырбастау процесінде түсетін пайданы есептейтіні сөзсіз.
Табыскер әр ісін түсетін пайданы болжап барып бастайды. Кейде болжал
ақталуы мүмкін. Ақталған жағдайда пайдаға кенеледі, ал ақталмаған жағдайда
залал шегері анық.
Сонымен, пайда дегеніміз – табыстың шығыстан асып түсетін ақшалай
қаражат сомасы.
Пайданың биржалық пайда, баланстық пайда, кәсіпорынның пайдасы,
құрылтайшы пайдасы, тұтынушының пайдасы сияқты түрлері бар.
(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева, М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан )
сауда – торговля
құрылтайшы – учредитель
пайда – польза
тұтынушы – потребитель
табыс – доход
табыскер – умеющий добывать, зарабатывать
залал –убыток
шығыс – расход
кәсіпорын – предприятие
мүмкін – возможно
болжал – предположение
Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын баяндаңыз.
2-тапсырма. Берілген сөздерді септеңіз және сөйлем құраңыз.
Пайда, тұтынушы, табыс, студенті, оқушым.
3-тапсырма. Берілген үлгі бойынша мәтіннен ілік, барыс, көмектес
септіктеріндегі сөздерді теріп жазыңыз.
Үлгі:
ілік септік
барыс септік
көмектес септік
адамдар+дың
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті ілік септік жалғауын қойып,
берілген мәтінді көшіріп жазыңыз.
Тауарды сатып аларда, біз тауар... сапасына, түр-түсіне және міндетті
түрде бағасына көңіл аударатынымыз белгілі.
24
Баға дегеніміз – өнім..., бұйым..., тауар..., жұмыстар..., қызметтер...
ақшалай құны. Баға өндірістік шығынға, істелген еңбек мөлшеріне, орташа
пайда... сомасына, сұраныс пен ұсынысқа, басқа да факторларға байланысты
қалыптасады.
Баға... мынадай түрлері бар: биржалық баға, әділ баға, шартты баға,
көтерме сауда бағасы, босату бағасы, сатушы бағасы, еркін баға.
Құн – тауар... бағасы немесе тауарларды, негізгі құрал жабдықты сатып
алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге, игіліктерді сатып
алуға жұмсалған ақшалай шығын.
(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева, М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан )
5-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойыңыз.
Әсет тапсырма... орындады. Олжас Ұлттық банк… жұмыс істейді. Біз...
университет Серікбаев көшесі… орналасқан. Директор... орынбасары Астана…
кетті. Ол оқу, білім мақал-мәтелдер… көп жаттады. Сағат сегіз… екі… дейін
сабақ болады.
7-сабақ. Грамматика: а) етістік
ә) тұйық етістік
б) болымсыз етістік
Лексика: Салықты не үшін төлейміз?
Етістік
Етістік (глагол) – заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Етістік
не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.
Тұйық етістік
Тұйық етістік (неопределенная форма глагола) – етістіктің ерекше түрі.
Тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік
тұлғаларына тән шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.
Тұйық етістік -у жұрнағы арқылы жасалады: сұра+у, жүр+у.
Тұйық етістіктің тәуелденуі.
жақ
жекеше
көпше
І
келуім
келуіміз
ІІ
келуің
келулерің
келуіңіз
келулеріңіз
ІІІ
келуі
келулері
Тұйық етістіктің септелуі.
септіктер
мысалдар
25
Атау
бару, келуім, көрулері
Ілік
барудың, келуімнің, көрулерінің
Барыс
баруға, келуіме, көрулеріне
Табыс
баруды, келуімді, көрулерін
Жатыс
баруда, келуімде, көрулерінде
Шығыс
барудан, келуімнен, көрулерінен
Көмектес барумен, келуіммен, көрулерімен
Болымсыз етістік
Достарыңызбен бөлісу: |