Ашық рай
35
Ашық рай
(изъявительное наклонение)
етістіктің шақ мағынасын
білдірумен байланысты (өткен шақ, осы шақ, келер шақ) сөйлеушінің шындық
деп баяндауын білдіреді. Мысалы: Студенттер сабақта отыр (осы шақ). Банк
салымшылары көп табыс әкелді (өткен шақ).
Банк қызметі
Банк – несие, есеп айырысу, касса операциялары мен басқа да
операцияларды жүзеге асыратын мамандандырылған қаржы мекемесі.
Банктің негізгі қызметі: өзінің айналасындағы меншікті және тартылған
ақшалай қаражатты шоғырландырады. Жиналған ақшаларды несие түрінде
уақытша пайдалануға береді. Сол сияқты кәсіпорындар, мекемелер немесе
жекелеген тұлғалар арасындағы өзара төлемдер мен есептеулерде делдалдық
қызмет етеді.
Банктің құзырына жаңа ақша шығару мен бағалы қағаздар шығару да
кіреді. Банк елдегі, республикадағы, мемлекеттегі ақша айналымын реттейді.
Банктер, ең бірінші, инфляция болмас үшін Ұлттық банк коммерциялық
банктегі ақша айналымын үнемі тексеріп отырады. Ақша айналымы заңын
ақша саясаты өмірге келтірген. Осы заңды ескермесек, үлкен инфляция болады.
Ақша айналымы заңына Кеңес Одағы кезінде қараған жоқ. Неге десеңіз, ол
қажетсіз болды. Ақша айналымы сферасы өте тар болды.
Дүние жүзіндегі ең бай мекемелер, әрине, банктер. Мемлекеттің өзі де
қарызды банктерден алатын кездері болады. Еліміздің байлығы, беделі қазір
осы экономистерге, банкирлерге тікелей байланысты.
Валюталық саясат теңгенің күшті болуын қарайды. Шетелден әкелінген
ақшаның заңсыз айналуын бақылайды.
(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева, М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан )
мамандандырылған – специализированный
несие – кредит
делдалдық – посредничество
айналым – оборот
36
ағымдағы – текущий
саясат – политика
Кеңес Одағы – Советский Союз
мекеме – учреждение
төлем – платеж
қарыз – долг
бақылау – контролировать
тұлға – личность
үнемі – постоянно
пайдалану – использовать
Тапсырмалар
1-тапсырма.
Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын баяндаңыз.
2-тапсырма. Мәтінді және қосымша материалдарды пайдалана отырып,
«Банкте» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз.
3-тапсырма.
Мәтіннен осы, келер, өткен шақтарда тұрған етістіктерді
теріп жазып, кестені толытырыңыз.
осы шақ
келер шақ
өткен шақ
4-тапсырма. Мәтіннен етістіктермен байланысып тұрған зат есімді
тіркестерді теріп жазыңыз.
5-тапсырма. Берілген сөздерді байланыстырып, сөйлем құраңыз.
Шоғырландыру, тексеру, бақылау, пайдалану, реттеу, қызмет ету,
бақылау.
12-сабақ. Грамматика: Қалау рай
Лексика: Депозит
Қалау рай
37
Қалау рай
(желательное наклонение)
іс иесінің қимылды, іс-әрекетті
қалауын, соған ынтасын, ниетін білдіреді де, белгілі жолдармен жасалады.
Қалау райдың жіктелуі
жақ
жекеше
көпше
-ғы, -гі, -қы, -кі + кел
І
Менің
барғым
келді
(мне
захочется пойти)
Біздің барғымыз келді (нам
захочется пойти)
ІІ
Сенің
барғың
келді
(тебе
захочется пойти)
Сендердің барғыларың келді
(вам захочется пойти)
Сіздің
барғыңыз
келді
(Вам
захочется пойти)
Сіздердің
барғыларыңыз
келді (Вам захочется пойти)
ІІІ
Оның
барғысы
келді
(ему
захочется пойти)
Олардың барғысы келді (им
захочется пойти)
Депозит
Депозит – заңды немесе жеке тұлғалардың банктер мен басқа да
мекемелерге белгілі бір мерзімге салған салымдары.
Мұндай салымдар салымшылардың алғашқы талап етуі бойынша
қайтарылуы тиіс. Депозит – банктердің ақша көздерінің бір түрі. Осы көз
есебінен қарызгерлерге несие беріледі. Депозит бойынша салымшыларға пайыз
төленеді. Пайыздың мөлшері қаражаттық банк қарамағында болу мерзімге
байланысты.
(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева, М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан )
заңды – юридический
салымшы – вкладчик
мекеме – учреждение
салым – вклад
пайыз – процент
мерзім – срок
несие – кредит
Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалыңыз.
2-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қатыстырып, сөйлем құраңыз.
Жеке тұлға, бағалы қағаз, депозитті пайдалану, пайыз мөлшері.
38
3-тапсырма. Берілген сұхбатты рөлге бөліп оқыңыз.
- Сәлеметсіз бе? Мен, Ыбыраев Асқар Асанұлы, «Іңкәр» фирмасының бас
есепшісімін. Сіздердің банктеріңізден есеп ашқымыз келеді.
- Өте жақсы. Біз сіздермен қызмет жасауға дайынбыз. Банктік есеп ашу
үшін банкпен келісім жасау керек. Ол үшін мынадай құжаттар қажет: сіздердің
фимрмаларыңыздың нотариалдық кеңседе куәландырылған құрылтайшы
құжаттарының көшірмесі; мемлекеттік тіркеу куәлігі; салық инспекциясының
тіркеу статистикалық карточкасы; банктік есеп ашу туралы мекеме
басшысының қол қойған арызы.
- Осы құжаттарды өткізген соң не істеу керек?
- Аталған құжаттарды ұсынған соң, біз мекеменің басшысы мен бас
есепшісінің қолы қойылған үлгі және мөртаңбасымен құжат толтырамыз. Содан
соң келісімге тұрдық деп есептеп, осы қызметтерге ақысын төлейсіздер. Біз
келісім бойынша есеп шотыңыздың нөмірін бекітеміз.
4-тапсырма
. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып, үлгі бойынша қалау
рай формасында жіктеңіз.
Үлгі:
жақ
жекеше
көпше
І
Менің салғым келді
Біздің салғымыз келді
ІІ
Сенің салғың келді
Сендердің салғыларың келді
Сіздің салғыңыз келді
Сіздердің салғыларыңыз келді
ІІІ
Оның салғысы келді
Олардың салғылары келді
5-тапсырма. Берілген етістіктерді қалау рай формасына қойып, сөйлем
құраңыз.
Төлеу, толтыру, пайдалану, алу, шығу.
13-сабақ. Грамматика: Бұйрық рай
Лексика: Ақша – сауданың тілі
Бұйрық рай
39
Бұйрық рай
(повелительное наклонение)
қимылдың тыңдаушыға я бөгде
біреуге не өзіне қаратылып, бұйыра, талап, тілек етіле айту мағынасын
білдіреді.
Бұйрық райдың жіктелуі.
жақ
жекеше
көпше
І
жазайын (давай напишу)
жазайық (давайте напишем)
ІІ
жаз (напиши)
жазыңдар (напишите)
жазыңыз (напишите)
жазыңыздар (напишите)
ІІІ
жазсын (пусть напишет)
жазсын (пусть напишут)
Ақша – сауданың тілі
Бір дана: «Ақша дегеніміз – сауданың айналатын жолы», - деп айтқан екен.
Ал тағы бір дана ақшаны сауда әлемінде сөйлейтін әмбебап тілде теңеген екен.
Екеуінікі де дұрыс-ақ.
Ақшаны дүниеге келтірген сауда және ол техникалық құрал ретінде тауар
айырбасын жеңілдетті. Екі адамның қолында бір-біріне қажетті заты болса ғана
ақшасыз тікелей айырбас жасау жеңілдеу болады.
Ақша саудаға қатысушылардың арасындағы алмастыруды жеңілдетеді,
сондықтан да ақшаның бірінші рөлі – ол нарықтағы ақша айналымын
қамтамасыз етуші құрал болуы. Сол себепті алдыңғы қатарлы елдердің ақша
жүйесінде алтын мен күміс негізгі ақша тауары болып келді. Бұл қымбат
металдар жер шарында көптеген елдерде ең түсінікті ақша тілі болып
қабылданды. Бұл ішкі және сыртқы сауданы бірқатар жеңілдеткені белгілі.
(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева, М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан )
дана – мудрец
әмбебап – универсальный
сауда – торговля
жеңілдету – облегчить
нарық – рынок
айналым – оборот
жүйе – система
қамтамасыз ету – обеспечить
алтын – золото
күміс – серебро
Тапсырмалар
1-тапсырма.
Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын баяндаңыз.
2-тапсырма. Мақал-мәтелдерден бұйрық райлы етістіктерді тауып, қай
жақта айтылғанына назар аударыңыз.
40
Үлгі: айтпа – ІІ жақ, жекеше, анайы
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.
Аға алдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.
Оң қолың ұрыс бастаса,
Сол қолың арашашы болсын.
Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
3-тапсырма. Берілген етістіктерді бұйрық райда жіктеңіз.
Сату, айырбастау, алу.
4-тапсырма. Берілген етістіктерді кестеге толтырыңыз.
Сену, жазу, жеңу, отыру, бару, келу, айту, орналасу, сөйлесу, салу,
сату.
Етістік
-айын
-айық
-ейін
-ейік
-йын
-йық
-йін
-йік
-ыңдар
-іңдер
-ңдар
-ңдер
-ыңыздар
-іңіздер
-ңыздар
-ңіздер
-сын
-сін
сену
+
+
+
+
жазу
+
+
+
+
5-тапсырма. Төмендегі етістіктерді пайдаланып, сөйлем құраңыз.
Жеңілдетейік, қабылдансын, алайын, орналасыңыз, жоспарла.
14-сабақ. Грамматика: Шартты рай
Лексика: Салым түрлері
Шартты рай
41
Шартты рай
(условное наклонение)
қимылдың, іс-әрекеттің болу-
болмау, іске асу-аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді де, -са, -се жұрнақтары
арқылы жасалады.
Шартты райдың жіктелуі
жақ
жекеше
көпше
І
оқысам (если я читаю)
оқысақ (если мы читаем)
ІІ
оқысаң (если ты читаешь)
оқысаңдар (если вы читаете)
оқысаңыз (если Вы читаете)
оқысаңыздар (если Вы читаете)
ІІІ
оқыса (если он читает)
оқыса (если они читают)
Салымның түрлері
Салым – жинақ банкілеріне және басқа банкілермен несие мекемелеріне
сақталу мерзімі көрсетілмей салынатын жинақ ақша.
Салымның түрлері: талап ететін салым, ұсынушыға арналған салым –
мұнда ақша салушының аты-жөні көрсетілмейді, мерзімдік салым – салымшы
күні бұрын уағдаласылған мерзімнің аяғында белгіленген соманы жоғалтпастан
ала алады.
Салымшы кез-келген уақытта қандай да болсын соманы жоғалтпастан
алуына болатын және олар бойынша ағымдағы шоттар ашылмайтын басқа
салым жинақ ақша салымы деп аталады.
Ал чек жазу немесе электрондық аудару арқылы алуға болатын салым
ағымдағы шотқа арналған салым деп аталады.
(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева, М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан )
салым – вклад
42
уағдаласылған – оговоренные
жинақ – сбережение
ағымдағы – текущий
аудару – переводить
мерзім – срок
түрі – вид
мекеме – учреждение
басқа – другой
талап – требование
ұсынушыға арналған – предназначен на предъявителя
Тапсырмалар
1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалыңыз.
2-тапсырма. Үлгі бойынша ұйымдастыру, жеңілдету етістіктерін бұйрық,
қалау, шартты райларда жіктеңіз.
Үлгі:
жақ
бұйрық рай
қалау рай
шартты рай
І жақ
ІІ жақ
ІІІ жақ
3-тапсырма.
Мәтіннен
етістіктерді теріп
жазып, шартты
рай
формасына қойыңыз.
4-тапсырма. Берілген сұхбатты жатқа айтыңыз.
- Қайырлы күн, мен сіздің банктен есеп ашқым келеді.
- Сәлеметсіз бе, тиісті қағаздарыңызды толтырыңыз да, маған келіңіз.
- Мен кейбір сұрақтарды анықтап алайын деп едім.
- Иә, айтыңыз.
- Салымның ең төменгі мөлшері қандай?
- Салымның ең төменгі мөлшері 50 мың теңге.
- Бір жылға қанша пайызға кепілдеме бересіздер?
43
- 25-30 %-ке дейін. Бұл салым көлемі мен сақталу мерзіміне байланысты.
Одан басқа сіздің салымыңыз ай сайын бағаның өсуіне байланысты
индекстеледі.
- Рақмет. Бұл маған тиімді.
5-тапсырма. Берілген етістіктерді шартты рай формасында жіктеңіз.
Сөйлеу, беру, айту.
15-сабақ. Грамматика: Сын есім, оның түрлері
Лексика: Банктік жүйе
Сын есім
Заттың сынын, сипатын, сапасын, түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай?
қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы сын есім (имя
прилагательное) деп аталады.
сын есімнің түрлері
мысалдар
құрамына
қарай
(по составу)
дара (простые)
тар, ұзын, қысқа, жеңіл, аласа
күрделі
(сложные)
ұзын бойлы, жақсы-жаман
тұлғасына
қарай
(по способу
образования)
негізгі
(непроизводные)
көк (синий), тар (узкий), жас (молодой)
туынды
(производные)
жаз+ғы (летний), күз+гі (осенний),
қыс+қы (зимний); тарих+и
(исторический), қазақ+ы (казахский),
ғылым+и (научный)
мағынасына
қарай
(по
значению)
сапалық
(качественные)
қатты (твердый), сирек (редкий), қап-
қара
(черный-черный),
қызылдау
(красноватый)
қатыстық
(относительные)
күш+ті (сильный), мәдениет+ті
(культурный); жаз+ғы (летний), кеш+кі
(вечерний), көктем+гі (весенний);
инженер+лік (инженерный),
кандидат+тық (кандидатский)
Банктік жүйе
44
Банктік жүйе – өндірістік инфрақұрылым. Өндіріс болса, банк те керек.
Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен
адамдарға қарызға береді.
Біздің елде банктік жүйе деңгейлі. Біріншісі – мемлекеттік, екіншісі –
коммерциялық банктер. Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктерді тексереді,
тіркейді.
Әр банк ашылған сайын Ұлттық Банк лицензия береді. Ұлттық Банк басқа
банктерді жиі тексереді. Банк жұмысы нашар болса, лицензияны қайтарып
алады, жабады. Мысалы: Крамдсбанк.
Коммерциялық банктер екінші деңгейдегі банктерге жатады, әртүрлі
мемлекеттік, акционерлік банктер де болады.
Банктік жүйенің екінші деңгейін төмендегі банктер ұсынады:
- Мемлекеттік банк – ҚР Үкіметі шешімінің негізінде құрылған;
- Шетел банктерінің қатысуымен құрылған банктер. Бұл банктердің
акциялырының үштен бір бөлігі ҚР резидент емес жеке меншігінде;
- Мемлекетаралық банктер – мемлекетаралық келісім негізінде құрылған
банктер. Мұндай банктердің құрылтайшылары ҚР Үкіметі мен басқа
мемлекеттер.
Банктер ашық және жабық түрдегі акционерлік қоғам және мемлекеттік
кәсіпорындар түрінде құрылады.
(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева, М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан )
жүйе – система
өндіріс – производство
инфрақұрылым – инфраструктура
мұқтаж – нужда
кәсіпорын – предприятие
қарыз – долг
шешім – решение
деңгей – уровень
мемлекетаралық – межгосударственный
құрылтайшы – учредитель
үкімет – провительство
қоғам – общество
тексеру – проверять
қайтару – возвращать
жабу – закрыть
ұсыну – предлагать
қоғам – общество
Тапсырмалар
1-тапсырма.
Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын баяндаңыз.
2-тапсырма. Үлгі бойынша мәтіннен сын есімдерді теріп жазыңыз және
оларды мағыналық түрлеріне ажыратыңыз.
Үлгі:
сапалық сын есімдер
қатыстық сын есімдер
бос
банк+тік
45
3-тапсырма. Заттың түсін, көлемін, сапасын, дәмін білдіретін сын
есімдерді тауып жазыңыз. Сөйлем құраңыз.
Заттың түсі: сары, ..., ..., ..., ... .
көлемі: үлкен, ..., ..., ..., ... .
сапасы: сапалы, ..., ..., ..., ... .
дәмі: қышқыл, ..., ..., ..., ... .
4- тапсырма. Төменде берілген сын есімдерден негізгі және туынды сын
есімдерді тауып, үлгі бойынша топтастырып жазыңыз.
Ақ, мемлекеттік, бағалы, ұзақ, сатылы, қоңыр, банктік, несиелік, заңды,
түзу, нарықтық, пайдалы, қисық, экономикалық, ұлттық, қысқа.
Үлгі:
Негізгі: ақ, ..., ..., ... .
Туынды: мемлекет+тік, ..., ..., ... .
5-тапсырма. Жақша ішіндегі қажетті сөзді алып, сөйлемдерді көшіріп
жазыңыз.
Қазақстанның (банктік операциясы, банктік жүйесі, банктік қызметі)
мемлекеттік, коммерциялық банктерден тұрады.
(Мемлекеттік банктер, коммерциялық банктер, жинақтық банктер)
халыққа қызмет етеді.
Көптеген банктер шетел валюталарымен жұмыс істеуге (анықтама, рұқсат,
лицензия) алады.
Банктер (әлеуметтік, валюталық, сыртқы) саясатты жүзеге асырады.
6-тапсырма.
Сөз тіркестерін орыс тіліне аударып, сөйлем құраңыз.
ұлттық
мемлекеттік банк
коммерциялық
мемлекеттік
келісімді баға
биржалық
46
7-тапсырма. Берілген мәтіннен сын сеімдерді табыңыз. Олардың жасалу
жолдарына назар аударыңыз.
Қазақстанның банктік жүйесі мемлекеттік, коммерциялық банктерден
тұрады.
Коммерциялық банктер әртүрлі банктік операциялар арқылы несие-есептік
банктік кызмет атқарады. Коммерциялық банктер, негізінен, халыққа қызмет
етеді. Банктер ақша, несие, валюталық саясатты жүзеге асырады.
Көптеген банктер шетел валюталарымен жүмыс істеуге лицензия алады.
(З.Күзекова мен Г.Қарақұсованың «Қазақ тілі» кітабынан)
16-сабақ. Грамматика: Сын есімнің шырайлары: жай шырай
Лексика: Нарықтық экономика
Достарыңызбен бөлісу: |