Аккредитив – тұлғаның атына жазылған, сонда көрсетілген соманы
банктен алуға тұлғаның құқығын куәландыратын атаулы ақшалай құжат.
Аудитор – кәсіпорынның қаржылай шаруашылық қызметін тексеретін
сенімді тұлға, арнайы лицензиясы бар маман.
Баға – өнімнің, бұйымның, тауардың, жұмыстардың, қызметтердің
ақшалай құны. Баға өндірістік шығынға, істелген еңбек мөлшеріне, орташа
пайданың сомасына, сұраныс пен ұсынысқа, басқа да факторларға байланысты
қалыптасады.
Банк депозиті – банкке ақшаның немесе басқа валютаның эквивалентті
мөлшерінің күні бұрын төленуін егізінде немесе кредит берушінің есебінен
банктен белгілі бір ақша сомасын алу құқын беретін салым.
Банктік қызмет – банк жүргізетін несие операциялары.
Брокер – басқа адамдардың атынан тауарларды, ақша номиналдарын
немесе акцияларды сатып алатын және сататын адам.
Депозит – заңды немесе жеке тұлғалардың банктер мен басқа да
мекемелерге белгілі бір мерзімге салған салымдары.
Дилер – биржада делдалдық операциялар жүргізетін жеке және заңды
тұлға.
Құн – тауардың бағасы немесе тауарларды, негізгі құрал-жабдықты сатып
алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге, игіліктерді сатып
алуға жұмсалатын ақшалай шығын.
Маркетинг – сауда қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі. Ол табыс
табу мақсатымен нарықта тауарлардың жылжытылуын және өткізілуін
тездетуге бағытталады.
Маркетингтің мәні – экономиканы, жарнаманы, инженерлік істі,
психологияны, жоспарлауды, болжауды оңтайлы ұштастыру, яғни тауарларды
өндіру мен өткізу туралы ғылым.
Маркетингтік ақпарат – нарық билеген елде экономиканы ілгері
жылжытудың басты тетігі, көзі, яғни маркетингтік ақпарат бағыт-бағдар
беретін компас сияқты.
Менеджер – өндіріс және тауарлар айналымы процестерін басқару
жөніндегі маман. Менеджерлер – фирманың штаттық қызметкері, фирманың
менеджментінің өкілі болып табылатын орташа және жоғары басшылық
құрамының лауазымды адамдары.
Менеджмент – өндірісті басқару, принциптерінің әдіс-тәсілдерінің және
құралдарының жиынтығы. Ол өндірістің тиімділігін арттырып, тұрақты табыс
алу мақсатымен құрылатын экономикалық саясат.
Нарықтық экономика – сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, тауар
алмасу арқылы туатын еркін бәсеке уақыты.
Несие – қайтарылым және төлемдік шартымен ақшалай нысанда берілетін
қарыз.
Пайда – табыстың шығыстан асып түсетін ақшалай қаражат сомасы.
75
Салық дегеніміз – үкіметтің кәсіпорындардан, адамдардан алған төлемі.
Үкіметті, әскерді, милицияны ұстау үшін халықтан салық жиналады. Салық
бірінші рет Қытайда пайда болды. А.Смит салықты «әділетті салық» деп атаған.
Салым – пайыздар мен дивидендтер түрінде табыс табу мақсатында мүлік,
мүліктік құқықтар немесе ақшалай қаражаттар нысанындағы жеке немесе
заңды тұлғалардың орналастыратын құны туралы активтері. Салымдарды жеке
мүліктік емес құқықтар немесе өзге материалдық емес игіліктер түріндегі заңды
тұлғаның жарғылық капиталына салуға жол берілмейді.
Табыс – кәсінорынның кірісі мен шығысы балансындағы, бюджеттің кіріс
бөлімінен қаражат түсімінің көлемі мен көздерін сипаттайтын көрсеткіштер
жүйесі.
Тауартану – тауардың тұтыну құнын, сапасын зерттейтін пән.
76
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
І нұсқа
1 Сапалық сын есімді табыңыз.
A. терең
B. ғылыми
C. күзгі
D. дәмді
E. сүттей
2 Берілген сөз тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз.
Ынтымақтастық туралы шарт
А. Договор о торговле
В. Договор о сотрудничестве
С. Мирный договор
D. Международный договор
Е. Долгосрочный договор
3 Болымсыз етістікті көрсетіңіз.
A. зерттеген
B. зерттеген жоқ
C. зерттелді
D. зерттеуде
E. зерттемек
4 Берілген сөйлемдегі сан есімнің түрін белгілеңіз.
Ертең сағат бестерде мұражайға барамыз.
A. реттік
B. жинақтық
C. болжалдық
D. бөлшектік
E. топтау
5 Мөлшер үстеулi тiркестi табыңыз.
А. Табыс анағұрлым артты.
В. Әңгіме әбден қызық болды.
С. Құс жоғары ұшты.
D. Өте үлкен үй.
Е. Амалсыздан көндім.
6 Ауыспалы осы шақта тұрған етістікті табыңыз.
A. Ол қазір университетте оқиды.
B. Ол келесі жылы университетте оқиды.
77
C. Ол келесі жылы университетте оқымақ.
D. Ол қазір университетте оқып жүр.
E. Ол университетте оқыды.
7
Ілік септігінде тұрған тұйық етістікті табыңыз.
A. білу
B. білуді
C. білуден
D. білудің
E. білуге
8 Салық дегеніміз не?
А. Үкіметтің кәсіпорындардан, адамдардан алатын төлемі.
В. Бағаның өсуі.
С. Сұраныстың көбеюі.
D. Валюта бағамының төмендеуі.
Е. Жарнамалық қызмет көрсету
9 Берілген сөйлемге қажетті септік жалғауын табыңыз.
Сенің ағаң мекеме… жұмыс істей ме?
A. -де
B. -ні
C. -нің
D. -мен
E. -ден
10 Қатыстық сын есімді белгілеңіз.
A. көк
B. аласа
C. ащы
D. ғылыми
E. биік
11 Көп нүктенің орнына тиісті көсемше жұрнағын қойыңыз.
Бұл банк ашыл... елу жыл болды.
А. -ғалы
В. -гелі
С. -қалы
D. -келі
Е. -ып
12 Берілген есімдіктің түрін анықтаңыз.
Ешқашан
А. белгісіздік
78
В. жалпылау
С. болымсыздық
D. өздік
Е. жіктеу
13 Шартты рай тұлғасында тұрған сөздерді табыңыз.
А. Барсын, келсін, санасын
В. Тыңдаңыз, жазыңыз, айтыңыз
С. Барса, жүрсе, айтса
D. Барғым келді, айтқым келді, кеткім келді
Е. Келемін, оқимын, көмектесемін
14 Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
А. -а,-е,-й
В. -ған, -ген, -қан, -кен
С. -ғалы, -гелі, -қалы, -келі
D. -ып, -іп, -п
Е. -ды, -ді, -ты, -ті
15 «Налоговая политика» тіркесінің қазақша аудармасын табыңыз.
А. Экономикалық саясат
В. Әділетті салық
С. Салық саясаты
D. Салық заңдары
Е. Ақша саясаты
16 Қалау рай тұлғасындағы сөздерді табыңыз.
А. Жинасаңыз, қоссаңыз, қысқартсаңыздар
В. Жасадым, түсірдіңіз, шыдадық
С. Алғың келді, жазғыңыз келді, оқығысы келді
D. Түсіндірген, жатқан, қозғалған
Е. Көріпті, барыпты, жазыпты
17 Қажетті септеулік шылауды қойыңыз.
Мен жұмыстан … үйге келдім.
A. сайын
B. арқылы
C. туралы
D. дейін
E. кейін
18 Берілген сөйлемді аяқтаңыз.
Салық бірінші рет Қытайда ... .
А. пайда болды
79
В. пайдаланды
С. пайдаға жатартты
D. пайда
Е. пайдалану
19 Көп нүктенің орнына қажетті көптік жалғауын қойыңыз.
Маман...
А. -дар
В. -тер
С. -лер
D. -лар
Е. -тар
20 Барыс септік жалғауы бар сөзді көрсетіңіз.
А. банкті
В. банктен
С. банкпен
D. банктің
Е. банкке
80
ІІ нұсқа
1 Сапалық сын есімді табыңыз.
A. таза
B. баласыз
C. өнерлі
D. дарынды
E. баладай
2 «Сэкономить время» тіркесінің қазақша аудармасын белгілеңіз.
А. уақытты өткізу
В. уақытты үнемдеу
С. берілген уақыт
D. күні бұрын
Е. уақытша беру
3 Болымсыз етістікті табыңыз.
A. оқымады
B. оқыған
C. оқып жатыр
D. оқылды
E. оқымақ
4 Берілген сөйлемдегі сан есімнің түрін белгілеңіз.
Біз алты-алтыдан бөліндік.
A. реттік
B. жинақтық
C. болжалдық
D. бөлшектік
E. топтау
5 Күшейткіш үстеумен тіркесіп тұрған сөзді көрсетіңіз.
А. Ертеден қалыптасқан
В. Бірталай күн
С. Үлгілі студент
D. Соншама күлу
Е. Өте дәмді дайындалған
6 Жедел өткен шақта тұрған етістікті табыңыз.
A. Оқыған
B. Оқымақ
C. Оқыр
D. Оқыды
E. Оқиды
81
7 Табыс септігінде тұрған тұйық етістікті табыңыз.
A. Сөйлеуді
B. Сөйлеудің
C. Сөйлеуге
D. Сөйлеу
E. Сөйлеуден
8 А.Смит салықты қандай салық деп атаған?
А. жанама
В. төте
С. отандық
D. әділетті
Е. нарықтық
9 Берілген сөйлемге қажетті септік жалғауын табыңыз.
Әсел сабақтан соң оқу залы… барады.
A. -на
B. -ға
C. -ның
D. -нан
E. -нда
10 Қатыстық сын есімді белгілеңіз.
A. тәтті
B. білімді
C. көкшіл
D. аласа
E. ащы
11 Жақша ішіндегі етістікті көсемшеге айналдырыңыз.
Екеуі (сөйлесу) отырып, түсіністі.
А. сөйлесті
В. сөйлесетін
С. сөйлескен
D. сөйлесе
Е. сөйлеспек
12 Берілген есімдіктің түрін анықтаңыз.
Бұл
А. белгісіздік
В. жалпылау
С. болымсыздық
D. сілтеу
82
Е. жіктеу
13 ІII жақта жіктеліп тұрған шартты рай тұлғасын табыңыз.
А. Бастағың келді, дайындалғың келді, шақырғың келді
В. Сана, қайт, әкел
С. Апарыңдар, қайтыңдар, күтіңдер
D. Бармаңыз, жатпаңыз, сөйлемеңіз
Е. Келсе, қараса, тұрса
14 Көп нүктенің орнына тиісті есімше жұрнағын қойыңыз.
Ол банктен несие ал... .
А. -ған
В. -ғалы
С. -ды
D. -а
Е. -ып
15 «Рыночная информация» тіркесінің қазақша аудармасын табыңыз.
А. Нарықтық экономика
В. Нарықтық қатынас
С. Нарықтық ақпарат
D. Нарықтық баға
Е. Нарықтық құн
16 Қалау райдың жұрнақтарын көрсетіңіз.
А. -ғы, -гі, -қы, -кі
В. -дың, -дің, -тың, -тің
С. -ды, -ді, -ты, -ті
D. -ма, -ме, -ба, -бе
Е. -шы, -ші, -ша, -ше
17 Қажетті септеулік шылауды қойыңыз.
Сабақтан ... кітапханаға барамын
A. шейін
B. жаны
C. кейін
D. дейін
E. арқылы
18 Берілген сөйлемді аяқтаңыз.
Менеджер – өндіріс және тауар айналымы процестерін басқару жөніндегі ... .
А. мамандық
В. мамандар
С. маман
83
D. маманды
Е. маманданған
19 Көп нүктенің орнына қажетті көптік жалғауын қойыңыз.
Қаржыгер...
А. -дар
В. -тер
С. -лер
D. -лар
Е. -тар
20 Табыс септік жалғауы бар сөзді көрсетіңіз.
А. несиені
В. несиеден
С. несиенің
D. несиемен
Е. несиеге
84
ІІІ нұсқа
1 Сапалық сын есімді табыңыз.
A. қызыл
B. тарихи
C. таулы
D. жазғы
E. тасты
2 «Нарықтық ақпарат» тіркесінің орысша аудармасын белгілеңіз.
А. Рыночная информация
В. Рыночная цена
С. Рыночная стратегия
D. Рыночная стоимость
Е. Рыночный закон
3 Болымсыз етістікті көрсетіңіз.
A. бастап жатыр
B. бастаған
C. басталды
D. бастаған жоқ
E. басталмақ
4 Берілген сөйлемдегі сан есімнің түрін белгілеңіз.
Банк тоғыз сағат жұмыс істейді.
A. реттік
B. жинақтық
C. болжалдық
D. есептік
E. топтау
5 Белгіленген сөздерге сұрақ қойыңыз.
Қуаныш сабақты өте жақсы оқиды.
А. неге?
В. қашан?
С. қайда?
D. қандай?
Е. қалай?
6 Мақсатты келер шақта тұрған етістікті белгілеңіз.
A. Айтпас
B. Айтпақ
C. Айтады
D. Айтқан
85
E. Айтар
7 Тәуелденіп тұрған тұйық етістігі бар сөйлемді табыңыз.
A. Сөйлеудің екі түрі болады: бірі – жалаң, екіншісі – көрнекі.
B. Сөйлеуді осы екі түріне қарай ажыратамыз.
C. Сөз – ұлы құдірет, ұлылығы – сөзбен адамдарды табыстыруға болады.
D. Ана тілін құрметтемеу – анаңды да сыйламау деген сөз.
E. Сөздің асыл болуы – адамға ұнауымен.
8 Жергілікті салықтарға нелер жатады?
А. Жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, жол салықтары.
В. Жанама салық, төте салық .
С. Салық саясаты, мемлекеттік салықтар, табыс салығы.
D. Заңды тұлға, жеке тұлға, бөлу міндеті.
Е. Салық міндеттері, әділетті салық.
9 Берілген сөйлемге қажетті септік жалғауын табыңыз.
Мен мына оқулық… алуым керек.
A. -та
B. -ты
C. -тың
D. -пен
E. -тан
10 Қатыстық сын есімді белгілеңіз.
A. тұзды
B. сұлу
C. ақ
D. ұзақ
E. жұмсақ
11 Жақшадағы етістікті көсемшеге айналдырыңыз.
Меруерт несие алуға құжаттарын (дайындау) жатыр.
А. дайындап
В. дайындады
С. дайындамақ
D. дайындар
Е. дайындайды
12 Берілген есімдіктердің түрін анықтаңыз.
Бүкіл, барша
А. белгісіздік
В. жалпылау
С. болымсыздық
D. өздік
86
Е. жіктеу
13 Шартты райда тұрған сөзді табыңыз.
А. Жаздым
В. Айт
С. Алсам
D. Білгім келді
Е. Көрдім
14 Сөйлемге есімшенің қажетті жұрнағын жалғаңыз.
Банкке кел... тұтынушы.
А) -қан
В) -кен
С) -ған
D) -ген
Е) -ар
15 «Долгосрочный депозит» тіркесінің қазақша аудармасын табыңыз.
А. Ұзақ мерзімді депозит
В. Қысқа мерзімді депозит
С. Депозиттік есеп
D. Депозиттік салым
Е. Депозиттік операция
16 Келер шақта тұрған қалау рай тұлғасындағы етістікті табыңыз
А. Барып жатыр
В. Барғым келді
С. Барғым келеді
D. Барып отыр
Е. Барып тұр
17 Қажетті септеулік шылауды қойыңыз.
Алматыдан Астанаға ... пойызбен бардық.
A. сайын
B. арқылы
C. туралы
D. дейін
E. кейін
18 Берілген сөйлемді аяқтаңыз.
Жұмысшылар ертең жұмысқа …
А. келді
В. келген
С. келіпті
87
D. келеді
Е. келген болатын
19 Көп нүктенің орнына қажетті көптік жалғауын қойыңыз.
Мамандық...
А. -дар
В. -тер
С. -лер
D. -лар
Е. -тар
20 Шығыс септік жалғауы бар сөзді көрсетіңіз.
А. салық
В. салықты
С. салыққа
D. салықтың
Е. салықтан
88
ІҮ нұсқа
1 Сапалық сын есімді табыңыз.
A. жеңіл
B. қысқы
C. білімді
D. азаматтық
E. үйдей
2 «Нарықтық баға» тіркесінің орысша аудармасын белгілеңіз.
А. Рыночная информация
В. Рыночная цена
С. Рыночная стратегия
D. Рыночная стоимость
Е. Рыночный закон
3 Болымсыз етістікті көрсетіңіз.
A. сатып алмақ
B. сатып алмады
C. сатып алған
D. сатып алды
E. сатып алар
4 Берілген сөйлемдегі сан есімнің түрін белгілеңіз.
Бауырым алтыншы сыныпта оқиды.
A. реттік
B. жинақтық
C. болжалдық
D. бөлшектік
E. топтау
5 Мезгiл үстеулi тiркестi табыңыз.
А. Жоғары көтерілдi
В. Алматыдан келді
С. Қызықты кітап
D. Таңертең ерте тұрамын
Е. Университетте оқиды
6 Болжалды келер шақта тұрған етістікті белгілеңіз.
A. Тұрмас
B. Тұрмақ
C. Тұрады
D. Тұрып жатыр
E. Тұрыпты
89
7 Сөйлемдегі тұйық етістік қай септікте тұрғанын табыңыз.
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға.
A. Шығыс септік
B. Барыс септік
C. Табыс септік
D. Жатыс септік
E. Көмектес септік
8 Несие дегеніміз не?
А. Белгілі бір уақытқа берілетін қарыз ақша.
В. Акциядан түскен табыс.
С. Ақша айырбастайтын орын.
D. Ұсынбалы акция.
Е. Кешенді қызмет.
9 Берілген сөйлемге қажетті септік жалғауын табыңыз.
Сенің ағаң кәсіпорын… жұмыс істей ме?
A. -да
B. -ды
C. -ның
D. -мен
E. -нан
10 Қатыстық сын есімді белгілеңіз.
A. таулы
B. әдемі
C. жұқа
D. ұзын
E. қатты
11 Жақшадағы етістікті көсемшеге айналдырыңыз.
Ол банкке (бару) отыр.
А. бармақ
В. барсын
С. барар
D. барды
Е. барғалы
12 Берілген есімдіктің түрін анықтаңыз.
Әлдекім
А. белгісіздік
В. жалпылау
С. болымсыздық
90
D. өздік
Е. жіктеу
13 Көп нүктенің орнына қажетті шартты рай жұрнағын қойыңыз.
Жаз...
А. -ғысы
В. -сын
С. -ған
D. -са
Е. -ды
14 Есiмшенiң тәуелденген түрiн көрсетiңiз.
А. Арман, қағаз
В. Баратыным, көретiнiм
С. Жүздеген, бiреу
D. Күлгiз, орғыз
Е. Баға, бейне
15 Дүниежүзіндегі ең бай мекемелер
А. Банктер
В. Әлеуметтік орталықтар
С. Жоғары оқу орындары
D. Өнеркәсіптер
Е. Кәсіпорындар
16 Берілген сөйлем қай райда тұр? Менің инженер-эколог болғым келеді.
А. Шартты рай
В. Қалау рай
С. Ашық рай
D. Бұйрық рай
Е. Болымсыз етістік
17 Қажетті септеулік шылауды қойыңыз.
Несие ... ақпарат оқыдым.
A. соң
B. жаны
C. туралы
D. кейін
E. сайын
18 Берілген сөйлемді аяқтаңыз.
Қазір менің апайым банк қызметкері ... .
А. болып істейді
В. болып істеген
91
С. болыпты
D. болған
Е. болып істемек
19 Көп нүктенің орнына қажетті көптік жалғауын қойыңыз.
Салық...
А. -дар
В. -тер
С. -лер
D. -лар
Е. -тар
20 Табыс септік жалғауы бар сөзді көрсетіңіз.
А. валюта бағамы
В. валюта бағамын
С. валюта бағамына
D. валюта бағамында
Е. валюта бағамынан
92
Ү нұсқа
1 Сапалық сын есімді табыңыз.
A. білімді
B. тасты
C. суық
D. ормансыз
E. денелі
2 Берілген мақал-мәтелдің дұрыс аудармасын табыңыз.
Уақыт алтыннан қымбат.
А. Время – деньги.
В. Времени не воротишь.
С. Время дороже золота.
D. Время не ждет.
Е. Делу время, потехе час.
3 Болымсыз етістікті көрсетіңіз.
A. сатып алмақ
B. сатып алмады
C. сатып алған
D. сатып алды
E. сатып алар
4 Берілген сөйлемдегі сан есімнің түрін белгілеңіз.
Менің қаламым – екеу, біреуін ал.
A. реттік
B. жинақтық
C. болжалдық
D. бөлшектік
E. топтау
5 Себеп-салдар үстеуін табыңыз.
А. Кеше
В. Әрең
С. Сонша
D. Бекерге
Е. Өте жақсы
6 Ауыспалы өткен шақта тұрған етістікті табыңыз.
A. Сататын
B. Сатыпты
C. Сатқан еді
D. Сатып жатыр
93
E. Сатады
7 Жатыс септігінде тұрған тұйық етістікті табыңыз.
A. Үйретуді
B. Үйретудің
C. Үйретуге
D. Үйретуден
E. Үйретуде
8 Жалпы нарық немесе қазіргі экономика қандай тағандарға сүйенеді?
А. менеджмент, маркетинг, қаржы
В. нарық, кеден, құн
С. экономика, валюта, мемлекет
D. тауар, халық, ақпарат
Е. акция, банк, келісім
9 Берілген сөйлемге қажетті септік жалғауын табыңыз.
Біздің факультеттегі студенттер… саны мыңға таяу.
A. -де
B. -ді
C. -дің
D. -мен
E. -ден
10 Қатыстық сын есімді белгілеңіз.
A. күзгі
B. сары
C. қоңыр
D. үлкен
E. кіші
11 Қажетті көсемшенің жұрнағын жалғаңыз.
Сұрақтарға жауап бер..., келесі тапсырманы орындайсыз ба?
А. -іп
В. -ып
С. -ген
D. -е
Е. -кен
12 Берілген есімдіктің түрін анықтаңыз.
Өзім
А. белгісіздік
В. жалпылау
С. болымсыздық
94
D. өздік
13 Шартты райда тұрған етістікті табыңыз.
Сен оған ертең ... жақсы болар.
А. барсаң
В. барғасын
С. барды
D. бардық
Е. бардым
14 Есімшені табыңыз.
А. Асыға күтеді.
В. Сөйлескелі келді.
С. Келген тұтынушы.
D. Ол сөйлесіпті.
Е. Ертең келеді.
15 Салық бірінші рет қай жерде пайда болған?
А. Қазақстанда
В. Қытайда
С. Америкада
D. Түркияда
Е. Ресейде
16 Берілген сөйлемдегі етістік қай райда тұр?
Менің инженер болғым келеді.
А. Шартты рай
В. Қалау рай
С. Ашық рай
D. Бұйрық рай
Е. Болымсыз етістік
17 Қажетті септеулік шылауды қойыңыз.
Әсел уақыт ... даналық сөздерді жатқа айтты.
A. соң
B. жаны
C. туралы
D. кейін
E. сайын
18 Берілген сөйлемді аяқтаңыз.
Инженер – жоғары техникалық білімі бар ... .
А. мамандық
В. мамандар
95
С. маман
D. маманды
Е. маманданған
19 Көп нүктенің орнына қажетті көптік жалғауын қойыңыз.
Төлем...
А. -дер
В. -тер
С. -лер
D. -лар
Е. -тар
20 Барыс септік жалғауы бар сөзді көрсетіңіз.
А. банк қызметкерін
В. банк қызметкерінен
С. банк қызметкерінің
D. банк қызметкері
Е. банк қызметкеріне
96
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Абдиева Ш., Бағжаева Г., Қалимолдин М. Қазақ тілі: Жоғары оқу
орындарының экономика факультеттеріне арналған /орташа және
тереңдетіп оқитын топтар үшін/. –Алматы, «Арыс» баспасы, 2004. –139 б.
2 Әлмұрзина Г., Назбиев Ж. Қазақ тілін жеделдетіп оқыту курсы.
–Өскемен, 2000.
3 Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде үйрету құралы).
–Алматы: Әділет, 1998.
4 Ережепова С., Советова З. Қазақ тілі: талапкерлерге арналған көмекші
оқу құралы. –Өскемен, ШҚМТУ, 2004. –114 б.
5 Исаев С. Қазақ тілі. –Алматы, 1993.
6 Күзекова З., Қарақұсова Г. Қазақ тілі: Жоғары оқу орындарының
экономика факультеттеріне арналған. Орташа және жалғас топтар үшін.
–Алматы: Қаржы-қаражат, 1997. –172 б.
7 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Экономика
және қаржы / жалпы редакциясын басқарған п.ғ.д., профессор
А.Құсайынов. –Алматы: Рауан, 2000. –344 б.
8 Мухамадиева Н., Атабаева М., Ибраева Р. Іскерлік қазақ тілі: Жоғары оқу
орындарының орыс бөлімінің студенттеріне арналған оқу құралы.
–Алматы: «Ценные бумаги», 2000. –134 б.
9 Сейілхан А., Советова З. Қазақ тілі: тау-кен металлургия институтының
студенттеріне және қазақ тілі пәнінің оқытушыларына арналған оқу
құралы. –Өскемен: ШҚМТУ баспасы, 2004.
10 Советова З.С., Жанабілова А.К. Қазақ тілі: Шығыс Қазақстан мемлекеттік
техникалық университетінің барлық мамандық студенттеріне арналған
әдістемелік нұсқау. ШҚМТУ. –Өскемен, 2004. –50 б.
Достарыңызбен бөлісу: |