Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Д. Серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата01.01.2017
өлшемі1,35 Mb.
#940
1   2   3   4   5   6   7

 

Қимылдың,  іс-әрекеттің  болмауын,  іске  аспауын  білдіретін  етістіктерді 



болымсыз етістік  (отрицательная форма глагола) дейді. Болымсыз етістік -ма,  

-ме,  -ба,  -бе,  -па,  -пе  жұрнақтары  мен  жоқ,  емес  сөздерінің  тіркесуі  арқылы 

жасалады: бар+ма, кел+ме, айтқан жоқ, барған емес. 

 

 



Салықты не үшін төлейміз? 

 

Салық  дегеніміз  –  үкіметтің  кәсіпорындардан,  адамдардан  алған  төлемі. 



Үкіметті,  әскерді,  милицияны  ұстау  үшін  халықтан  салық  жиналады.  Салық 

бірінші рет Қытайда пайда болды. А.Смит салықты «әділетті салық» деп атаған. 

Салық салу тәсіліне қарай төте және жанама салық болып бөлінеді. 

Салықтың мынадай міндеттері бар: 

-  қазыналық міндет (мобилизационная функция); 

-  бөлу міндеті; 

-  ынталандыру міндеті; 

-  шектеу міндеті; 

-  бақылау-бөлу міндеті.  

Жергілікті салықтарға мыналар жатады: 

-  жер салығы; 

-  заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; 

-  көлік құралдарына салынатын салық; 

-  жол салықтары. 

(З.Күзекова мен Г.Қарақұсованың «Қазақ тілі» кітабынан) 

 

салық – налог     



 

 

 



үкімет – правительство   

әділетті – справедливый   

 

 

төлем – оплата   



жанама – косвенный    

 

 



төте – прямой  

міндет – задача, обязанность   

 

бөлу – распределить  



шектеу – разграничение  

 

 



жергілікті – местный  

жеке тұлға – частное лицо    

 

мүлік салығы – налог на имущество 



заңды тұлға – юридическое лицо    

жер салығы – налог на землю 

жол салығы – налог на дорогу 


26 

 

ынталандыру – стимулирование, поощрение  



бақылау – контролировать, наблюдение 

 

 

 



Тапсырмалар 

 

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын баяндаңыз.  



 

2-тапсырма.  «

Салықты  не  үшін  төлейміз?» 

мәтінінен  тұйық  етістіктерді 

теріп жазып, сөз тіркесін құраңыз.  

 

3-тапсырма. Берілген мәтіннен болымсыз етістіктерді теріп жазыңыз. 



Нарықтық экономика кезінде жаңа мамандық – аудитор мамандығы пайда 

болды.  Аудитор  –  кәсіпорынның  қаржылай  шаруашылық  қызметін  тексеретін 

сенімді тұлға, яғни арнайы лицензиясы бар маман.  

Бүгінгі  аудитор  қызметі  тек  тексеруші  ретінде  ғана  емес,  сол  сияқты 

кеңесші-аналитик  рөлін  де  атқарады.  Аудиторлар  кәсіпорынның  қаржы 

қызметіндегі қателерді тауып, оларды болдырмауға көмектеседі. 

Брокер  –  басқа  адамдардың  атынан  тауарларды,  ақша  номиналдарын 

немесе акцияларды сатып алатын және сататын адам. 

Брокер  өкіл  емес,  әрбір  жақтың  шарттық  қатынасына  қатыспайды,  ол 

жекелеген  тапсырмалар  негізінді  жұмыс  жасайды.  Брокер  әрбір  жеке  келісімді 

жасауға арнаулы өкілеттік шегінде ғана әрекет етуге міндетті. 

(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева, М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан ) 

 

4-тапсырма. 



Төмендегі тапсырманы үлгі бойынша орындаңыз. 

Үлгі: Мен инженермін – Жоқ, мен инженер емеспін, оқытушымын. 

1. Біз  оқытушымыз.  2.  Сен  дәрісханадасыңдар.  3.  Ол  үнемшіл.  4.  Сіз 

тұтынушысыз.  5.  Сендер  табыскерсіңдер.  6.  Олар  Астана  қаласында.  7.  Сен 

банкке  ертең  келесің.  8.  Олар 

саудамен  айналысатын  адамдардың  арасында 

жиі болады.

 

 

5-тапсырма.  Төменде  берілген  мәтіннен  тұйық  етістіктерді  тауып,  қай 



септікте тұрғанын анықтаңыз. 

Маркетинг  –  істелетін  іс  пайдамен  шығу  үшін  оны  алдын-ала 

жоспарлайды,  сол  сала  бойынша  басқалар  не  істеп  жатқаны  жөнінде  мәлімет 

ақпарат жинайды. 

Маркетинг  –  сауда  қызметін  ұйымдастыру  мен  басқару  жүйесі.  Ол  табыс 

табу  мақсатымен  нарықта  тауарлардың  жылжытылуын  және  өткізілуін 

тездетуге бағытталады. 

Маркетингтің  мәні  –  экономиканы,  жарнаманы,  инженерлік  істі, 

психологияны,  жоспарлауды,  болжауды  оңтайлы  ұштастыру,  яғни  тауарларды 

өндіру мен өткізу туралы ғылым. 



27 

 

Маркетингтік  ақпарат  –  нарық  билеген  елде  экономиканы  ілгері 



жылжытудың  басты  тетігі,  көзі,  яғни  маркетингтік  ақпарат  бағыт-бағдар 

беретін компас сияқты. 

(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева, М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан ) 

 

 



8-сабақ. Грамматика: Етістіктің шақтары: келер шақ  

               Лексика: Ақша айналымы 

 

Етістіктің шақтары 

Сөйлеп  тұрған  сәтке  байланысты  қимылдың  өту  мезгілін  білдіру 



етістіктің шағы (времена глагола) деп аталады. Етістіктің шақтары: 

1) осы шақ (настоящее время);  

2) өткен шақ (прошедшее время);  

3) келер шақ (будущее время). 

 

 

Келер шақ 



 

болжалды келер шақ 

(будущее 

предположительное 

время глагола)

 

мақсатты 



келер 

шақ 


(

будущее 


время 

намерения)

 

ауыспалы 



келер 

шақ 


(

переходное 

будущее 

время)


 

 

                - ар            



        +   -ер      +     □   

                 -р       

                 -с 

 

 +  -мақ,-мек        



        -бақ,-бек    +   □ 

        -пақ,-пек           



 

 

    +  - а  



           - е     +    □   

           - й     

       

       

 

Болжалды келер шақтың жіктелуі 



  жақ  жекеше 

көпше 


І 

Мен жазармын (возможно, 

напишу) 

 

Біз жазармыз (возможно, 



напишем) 

ІІ 


Сен жазарсың (возможно, 

напишешь) 

 

Сендер жазарсыңдар 



(возможно, напишете) 

 

Сіз жазарсыз (возможно, 



напишете) 

 

Сіздер жазарсыздар 



(возможно, напишете) 

ІІІ 


Ол жазар (возможно, напишет) 

Олар жазар (возможно, 

напишут) 


28 

 

 



Мақсатты келер шақтың жіктелуі 

    жақ  жекеше 

көпше 

І 

Мен тапсырмақпын (я 



намерен сдать) 

Біз тапсырмақпыз (мы 

намерены сдать) 

ІІ 


Сен тапсырмақсың (ты 

намерен сдать) 

Сендер тапсырмақсыңдар (вы 

намерены сдать) 

 

Сіз тапсырмақсыз (Вы 



намерены сдать) 

Сіздер тапсырмақсыздар (Вы 

намерены сдать) 

ІІІ 


Ол тапсырмақ (он намерен 

сдать) 


Олар тапсырмақ (они намерены 

сдать) 


 

Ауыспалы келер шақтың жіктелуі 

жақ 

жекеше 


көпше 

І 

оқимын  



оқимыз  

ІІ 


оқисың  

оқисыңдар  

 

оқисыз  


оқисыздар  

ІІІ  оқиды  

оқиды  

 

 

Ақша айналымы  

 

Ақша  –  тауарлар  мен  көрсетілетін  қызметтердің  өлшемі  болып  табылады. 

Ол  кез-келген  тауарлар  мен  көрсетілетін  қызметтерге  айырбасталатын  ерекше 

тауар. 


Капиталистік  қоғамға  дейінгі  формацияларда  ақшаның  рөлін  түрлі 

тауарлар,  мыс,  аң  терісі,  астық,  мал  атқарды.  Мысалы:  Жібек  Жолының 

гүлденіп  тұрған  кезінде  ақша  орнына  жібектің  жұмсалғаны  белгілі.  Жібекті 

патшалар мен хандарға ең бағалы сый ретінде тарту еткен.  

Кейіннен тауар өндірісінің дамуына байланысты балама рөлді алтын, күміс 

атқара бастады. Одан әрі ақша белгілері – қағаз ақша, құны толымсыз ақшалар, 

меншікті құны жоқ, бірақ ақша орнын басқан тағы сол сияқты заттар айналысқа 

түсе бастады. 

Елдің  ақша  айналысын  ұйымдастырудың  мемлекет  белгілеген  нысандары 

оның  ақша  жүйесін  құрайды.  Мемлекет  ақша  өлшемін  (теңге,  сом,  рубль, 

доллар,  марка,  т.б.)  баға  ауқымын,  айналыстағы  ақша  белгілерін  түрлерін, 

олардың  шығарылу  тәртібін,  ақшамен  қамтамасыз  ету  сипатын,  қолма  қол 

ақшасыз  төлем  айналымының  нысандарын,  ұлттық  валюталық  бағамен 

айқындайды.  Белгілі  бір  уақыт  кезеңінде  ақшаның  саны  ақшаның  массасын 

құрайды.  Айналыс  құралдары,  құн  өлшемдері,  жинақ  қаражаты  ақша  болып 

табылады. 

(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева, М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан ) 

 

Жібек  Жолы – Шелковый  Путь



    

 


29 

 

мемлекет – государство  



қамтамасыз ету – обеспечить      

 

 



құн – стоимость   

патша – царь  

 

 

 



 

айналыс құралдары – оборот на средства 

жинақ –

 

сбережение



 

ерекше – особенный    

 

 

ұлттық – национальный  



 

 

нысан  – объект 



 

 

Тапсырмалар 



 

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалыңыз. 

 

2-тапсырма. Мәтіннен келер шақта тұрған етістіктерді теріп жазыңыз. 



 

3-тапсырма.  Төменде  берілген  етістіктерді  үлгі  бойынша  мақсатты, 

болжалды келер шақта жіктеп, сөйлем құраңыз. 

Сату, қамтамасыз ету, жұмсау, атқару, бағалау, төлеу.  

 

Үлгі:  

Мақсатты келер шақ 

жақ 


жекеше түрі 

жақ 


көпше түрі 

І 

ІІ 



 

ІІІ 


сатпақпын 

сатпақсың  

сатпақсыз 

сатпақ 


І 

ІІ 


 

ІІІ 


сатпақпыз 

сатпақсыңдар  

сатпақсыздар 

сатпақ 


 

Болжалды келер шақ 

жақ 


жекеше түрі 

жақ 


көпше түрі 

І 

ІІ 



 

ІІІ 


сатармын 

сатарсың  

сатарсыз 

сатар 


І 

ІІ 


 

ІІІ 


сатармыз 

сатарсыңдар  

сатарсыздар 

сатар 


 

 

4-тапсырма.  Төмендегі  сөз  тіркестерін  пайдалана  отырып,  «Іскерлік 



байланыс» тақырыбына сұхбат құрастырыңыз. 

Іскерлік  байланыс  орнату,  ынтымақтастық  қарым-қатынас,  шетел 

фирмаларымен  байланыс,  мәселелерді  талқылау,  жеткізу  шарты  қолайлы,  сату 

және  сатып  алу,  бағасына  келісу,  сұранысқа  ие,  мүмкіншілік  жасау,  тәжірибе 

алмасу, тауарды көрсету, кепілдеме беру, стандартқа сәйкес. 

 


30 

 

5-тапсырма.  Мақал-мәтелдерден  етістіктің  келер  шақ  түрлерін  тауып, 



олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалып тұрғанын айтыңыз. 

 

Еңбек ерлікке жеткізер, 



Ерлік елдікке жеткізер. 

 

Ақылды кісі азбайды, 



Асыл бұйым тозбайды. 

 

Білегі күшті бірді жығар, 



Білімі күшті мыңды жығар. 

 

Көре-көре көсем боласың, 



Сөйлей-сөйлей шешен боласың. 

 

Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, 



Жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа. 

 

 



9-сабақ. Грамматика: Осы шақ  

               Лексика: Несие 

 

 

Осы шақ 



 

нақ осы шақ 

(очевидное настоящее время глагола)

 

ауыспалы осы шақ 



(переходное 

настоящее время)

 

жай түрі 



күрделі түрі 

 

отыр 



тұр 

жүр    + □ 

жатыр

 

  + -ып, -іп, -п  + отыр   +    □ 



        -а, -е,  -й         тұр 

                               жүр       

                               жатыр 

 

 +-а, -е, -й + жіктік  

жалғау 

 

 



 

мысалы 


отыр+мын 

отыр+сың 

отыр+сыз 

отыр □ 

жаз+ып отыр+мын 

жаз+ып отыр+сың 

жаз+ып отыр+сыз 

жаз+ып отыр□ 

бар+а+мын 

бар+а+сың 

бар+а+сыз 

бар+а+ды 

 

Несие 

 

Адамдарға  әр  уақытта  ақша  қажет  екені  белгілі.  Ақша  бизнесін  дамыту 



үшін  кәсіпкерлерге  де,  жаңа  пәтер,  автокөлік  сатып  алу  үшін  жеке  тұлғаға  да 

ақша қажет. 



31 

 

Банктер ерте кезден бастап ақшаны сақтаудан, есеп айырысудан басқа банк 



операциясының тағы бір үшінші түрі несие берумен айналысады. 

Несие  –  несиегердің  екінші  тұлғаға,  қарызгерге  беретін  ақшалай  немесе 

заттай  нысандағы қарыз ақшасы. Ол қатаң  түрде белгіленген мерзім өткен соң 

белгілі пайыз төлеп қайтару шартымен беріледі. 

Қазір  банктер  ең  тиімді  коммерциялық  пайыз  мөлшерін  ұсына  отырып, 

ұзақ  мерзімді  және  қысқа  мерзімді  несие  беруде.  Бірақ  кез  келген  банк 

кепілдіксіз  несие  бере  алмайды.  Кез  келген  банк  иесі  несие  ісінің  мынадай 

қағидаларын  естен  шығармауы  тиіс:  кепілдік,  мерзімділік,  қайтарымдылық, 

төлемділік.  Сондықтан  да  несие  аларда  сізден  кепілдеушіңіздің  бар  қырын 

немесе кепіл затыңызды сұрайды. 

Кепіл  ретінде  қозғалмайтын  мүліктерді,  құрал-жабдықтарды,  құнды 

қағаздарды немесе сұранысқа ие тауарларды пайдалануға болады.  

Кәсіпкер  несие  аларда  банкке  шығысы  мен  кірісі  есептелген  бизнес-

жоспарын ұсынады.  

Ұсынылған құжаттарды қарап, банктің несие комиссиясы сізге несие беру-

бермеу керектігін шешеді. 

(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева, М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан ) 

 

несие – кредит    



 

 

 



кәсіпкер – предприниматель  

кепілдік – залог

    

 

 



 

қағида – принцип; правило  

құнды қағаздар – ценные бумаги   

құжат – документ  

шешу – решить    

 

 



 

кепіл – гарантия  

сұраныс – спрос    

 

 



 

мүлік – имущество  

қайтарымдылық – возвратность  

 

мерзімділік – срочность  



төлемділік – платежность  

 

 



пайыз – процент  

 

 



Тапсырмалар 

 

1-тапсырма. 



Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын баяндаңыз.

 

 



2-тапсырма.  Мәтіндегі  етістіктерді  үлгі  бойынша  нақ  осы  шақтың  күрделі 

түріне айналдырыңыз.  



Үлгі: 

Айналысады – айналысып отыр, ... ... . 

 

3-тапсырма. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз. 



Кредит  –  заем,  предоставляемый  в  денежной  форме  на  условиях 

возвратности  и  платежности.  Надо  платить  процент  за  пользование.  Уровень 

кредитоспособности  оценивается  на  основе  анализа  финансового  положения 

заемщика. Кредит – разовый заем.  

 

4-тапсырма.  Төменде  берілген  етістіктерді  үлгі  бойынша  нақ  осы  шақта 



(күрделі түрі) және ауыспалы осы шақта жіктеп, сөйлем құраңыз. 

32 

 

Бағалау 



(оценивать), 

таңдау, 


пайдалану, 

үнемдеу, 

тұрақтандыру 

(стабилизировать).  

 

Үлгі:  

Нақ осы шақ 

жақ 


жекеше түрі 

жақ 


көпше түрі 

І 

ІІ 



 

ІІІ 


бағалап жатырмын 

бағалап жатырсың 

бағалап жатырсыз 

бағалап жатыр 

 

І 

ІІ 



 

ІІІ 


бағалап жатырмыз  

бағалап жатырсыңдар 

бағалап жатырсыздар 

бағалап жатыр 



Ауыспалы осы шақ 

жақ 


жекеше түрі 

жақ 


көпше түрі 

І 

ІІ 



 

ІІІ 


бағалаймын 

бағалайсың  

бағалайсыз 

бағалайды

 

І 

ІІ 



 

ІІІ 


бағалаймыз 

бағалайсыңдар  

бағалайсыздар 

бағалайды 

 

 

5-тапсырма.  Жақша  ішінде  берілген  етістіктерді  осы  шақ  тұлғасына 



қойыңыз. 

 

Банктер  ерте  кезден  бастап  ақшаны  сақтаудан,  есеп 



айырысудан  басқа  банк  операциясының  тағы  бір  үшінші 

түрі несие берумен ... . 

 

айналысу 



Несие  қатаң  түрде  белгіленген  мерзім  өткен  соң  белгілі 

пайыз төлеп қайтару шартымен ... . 

 

берілу 


Несие  аларда  сізден  кепілдеушіңіздің  бар  қырын  немесе 

кепіл затыңызды ... . 

 

сұрау 


Кепіл 

ретінде 


қозғалмайтын 

мүліктерді, 

құрал-

жабдықтарды,  құнды  қағаздарды  немесе  сұранысқа  ие 



тауарларды ... .  

 

пайдалану 



Кәсіпкер  несие  аларда  банкке  шығысы  мен  кірісі 

есептелген бизнес-жоспарын ... .  

 

ұсыну 


Ұсынылған құжаттарды қарап, банктің несие комиссиясы 

сізге несие беру-бермеу керектігін ... . 

 

шешу 


10-сабақ. Грамматика: Өткен шақ  

                 Лексика: Ақша 

 

 

 



 

Өткен шақ 

 

33 

 

жедел өткен шақ 



(очевидное 

прошедшее время)

 

бұрынғы өткен шақ 



(давнопрошедшее время)

 

ауыспалы өткен шақ 



(переходное 

прошедшее время)

 

      + -ды/-ді  +  □  



            -ты/-ті 

 

1)   + -ған/ген, -қан/-кен + □  



 

2)   + -ып, -іп, -п + □  



 

 + -а, -е, -й +

 



 



 

 

мысалы 


көр+ді+м 

көр+ді+ң 

көр+ді+ңіз 

көр+ді□


 

айт+қан+мын 

айт+қан+сың 

айт+қан+сыз 

айт+қан□ 

 

бар+а+мын 



бар+а+сың 

бар+а+сыз 

бар+а+ды 

 

 



       

 

 



Ақша 

 

Ақша  дегеніміз  –  адам  баласының  сауданы  жеңілдету  мен  басқа  да 

экономикалық  мәселелерді  шешу  үшін  пайданалынатын  ерекше  бір  заттардың 

жалпы атауы. 

Расында,  біз  ақша  операциясын  жасау  үшін  ақшаның  белгілі  түрін 

пайдаланамыз, ол: металл, тиындар немесе қағаз банкнот болуы мүмкін. 

Қағаз  ақшалар  ақша  айналымға  ертедегі  Қытайға  IX  ғасырға  жіберілген 

болатын.  Басқа  елдерде  «нағыз  ақшаның»  орнына  жүретін  ақшалар  кеңінен 

қолданылған.  Мұндай  ақшалардың  құны  патшалардың  мөрі  мен  банкирлердің, 

саудагерлердің қолымен, жеке мөрімен куәландырылған. 

Мысалы,  Ресейде  мұндай  ақшаның  рөлін  штемпель  басылған  былғары 

атқарса,  Қытайда  XIII  ғасырда  император  Хубилай  ақшаны  тұт  ағашының 

қабығынан  «ойып  жасауды»  бұйырады.  Мұндай  ақшаны  өзінің  императорлық 

мөрімен куәландырады. 

Батыс  мәдениетінде  қағаз  ақшаны  шығару  алғаш  рет  ХҮІ  ғ.  Солтүстік 

Американың Массачусетс Штатына тиесілі. 

Еуропада  Американың  тәжірибесін  пайдаланып,  1716-1720  жылдары 

Францияда  атақты  экономист  және  банкир  Джонло  банкісінде  банкноттар 

шығара  бастады.  Алғашқыда  қазір  банк  билеттері  деп  атап  жүрген  банкноттар 

кеңінен  тарады.  Мұндай  банк  билеттеріне  банкирдің  қолы  қойылып  берілді. 

Бұл  оның  билет  берген  адамға  онда  көрсетілген  соманы  кез-келген  уақытта 

төлеуге міндеттілігін көрсететін еді. 

(Ш.Абдиева, Г.Бағжаева, М.Қалимолдиннің «Қазақ тілі» кітабынан ) 

 

сауда – торговля   



 

патша – царь  

мәселе – проблема  

 

айналым – оборот  



мөр – печать  

 

 



куәландыру – удостоверять  

батыс – запад  

 

 

мәдениет – культура  



 

34 

 

 



Тапсырмалар 

 

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалыңыз. 



 

2-тапсырма. Мәтіннен өткен шақта тұрған етістіктерді теріп жазыңыз және 

оларды түрлеріне қарай ажыратыңыз.  

 

3-тапсырма. 



Сөз тіркестерін орыс тіліне аударып, сөйлем құраңыз. 

 

                            металл 



                            алтын                                                      ақша 

                            қағаз                                                             

        

                        

 

4-тапсырма. Мәтіннің көмегімен берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 



- Ақша дегеніміз не? 

- ................................................................................................. . 

- Ақша операциясын жасау үшін нелерді пайдаланған? 

- ................................................................................................. . 

- Батыс мәдениетінде қағаз ақшаны шығару алғаш рет қай елде, қай жылы 

шығарыла бастады? 

- ................................................................................................. . 

-  Қай  жылдары  Францияда  атақты  экономист  және  банкир  Джонло 

банкісінде банкноттар шығара бастады? 

- ................................................................................................. . 

 

5-тапсырма. Етістіктерді өткен шаққа айналдырыңыз. 



Үлгі: Менің досым кітап оқып отыр. – Менің досым кітап оқыды. 

 

Менің  апайым  салық  комитетінде  жұмыс  істеп  жүр.  Бұл  бөлмеде  менің 



достарым  тұрады.  Менің  қарындасым  хат  жазып  отыр.  Үстелдің  үстінде 

қарындаш,  кітап,  дәптер  жатыр.  Мен  «Экономикалық  теория»  кітабын  оқып 

отырмын.  Маржан  техникалық  университетте  оқып  жүр.  Біз  сабаққа 

кешікпейміз.  Бүгін  қазақ  тілі  сабағы,  сондықтан  мен  «Қазақстан  –  менің 

Отаным» тақырыбына шығарма жазып отырмын. Біз ертең театрға барамыз. 

 

 



 

 

11-сабақ. Грамматика: Етістіктің райлары: ашық рай 



                 Лексика: Банк қызметі 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет