Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «дарын» республикалық Ғылыми-практикалық орталығЫ



бет8/24
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79727
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
2020-2021-оқу-жылы-әдістемелік-ұсыныс

Оқушылармен онлайн кездесу –
бұл оқу процесінің бір бөлігі.
Оның да кез-келген оқу қызметіндегідей,
белгілі бір мақсаты бар

Қашықтықтан оқытуда мұғалімдердің екі түрі бар: онлайн-сабақ өткізгендер және өткізбегендер. Біріншісін де екіншісін де толғандыратын мәселе «Оқушылармен онлайн-сабақты қалай өткізуге болады»


Онлайн-кездесулерде тәжірибесі бар адамдар оқушылардың қатысуын қалай арттыруға болатынын, олармен кері байланыс қалай орнатуға болатынын, сабақтың қызықты етуі, оқушылардың камералары неге өшірілулі тұрғандығы туралы сұрайды?
Онлайн-кездесулер бойынша тәжірибелері аз мұғалімдер, онлайн-сабақтың кезеңдері қандай, қандай жұмыс әдістерін пайдалануға болады, онлайн-кездесудің қалай сапалы ету керектігін түсінгісі келеді.

ОНЛАЙН САБАҚТАРДЫ ЖОСПАРЛАЙТЫНДАР ҮШІН 5 ҚАДАМ

Оқушылармен онлайн-кездесу – бұл оқу үрдісінің бөлігі. Оның кез келген оқу іс-әрекеті сияқты белгілі бір мақсаты бар. Сондықтан, онлайн-кездесуді қалай өткізу керектігі туралы ойланбастан бұрын, сіздің алдыңызда қандай педагогикалық міндет тұрғанын анықтаңыз. Ол үшін келесі қадамдарды жасаңыз:




  1. Оқушылар нені білуі керек екенін анықтаңыз




Белгілі бір мерзімге оқу нәтижелерін жазып алыңыз. Мысалы, екі аптаға. Оқу нәтижесі оқушының қандай іс-әрекеттері арқылы оған қол жеткізетінін көрсетеді. Және бұл жұмыс әдістерін анықтауға көмектеседі.


  1. Материалды зерттеу траекториясын жоспарлаңыз

Zoom ашпас бұрын немесе Kahoot бастамас бұрын, оқу траекториясын ойластыру керек. Оқушыда жаңа білім біртіндеп қалай қалыптасатынын байқаңыз. Осыған қарай, оқушылардың тиісті білімі қалыптасуы үшін қандай тапсырмаларды және оқу жұмысының қандай кезеңдерінде орындайтынын болжауға болады.



  1. Оқушыға оқу нәтижелеріне қол жеткізуге қалай көмектесуге болатынын ойланыңыз.


Жаңа оқу материалын зерттеу барысында оқушының қолдауын ойластыру маңызды. Егер ол қиындықты жеңе алмаса, оған қалай көмектесуге болады? Тапсырманы орындай алмағанын Сіз қалай түсінесіз? Онымен қандай арна арқылы байланыса аласыз (оқушылардың көпшілігі байланысқа өздері шықпайды)? Оқушы қолынан келмегенін қалай түсінеді? Бұл қадамды ойлауға көмектесетін мәселелер.






Оқушылар мектеп тарапынан бақылаудың айтарлықтай аз болуына, ал мұғалімдер оқушылардың сабаққа айтарлықтай мән бермейтін жағдайға тап болды. Осыған орай, оқу жұмысына тартуға әсер ететін 6 факторларды қарастырайық.
Оқу үрдісінің қалыптасқан мәдениетінде оқушылар үйде орындалатын жұмыстарды өздері үшін емес, мұғалім үшін жасай салуға үйреніп кетулері мүмкін. Осы көзқарасты олар қашықтықтан оқытуға да алып келеді.
Сондықтан, егер сіз тиісті жұмыс істемесеңіз, оқушылар оны пайдаланады.
Оқушыны оқу жұмысына тартуға әсер ететін 6 факторларды қарастырайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет