Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «дарын» республикалық Ғылыми-практикалық орталығЫ



бет6/24
Дата05.04.2023
өлшемі0,75 Mb.
#79727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
2020-2021-оқу-жылы-әдістемелік-ұсыныс

Қозғалыс кестесі:
Google кестелерінде оқушылар аттарын (қатарларды) енгізетін кестені жасаңыз және оқушылар жасауы керек тапсырмалар/қадамдарды көрсетіңіз. Оқушыларға редакциялау үшін рұқсат беріңіз. Олар осы кестеге кіріп, тапсырманың орындалуын атап өтеді. Және тапсырманы қаншалықты оңай орындауға байланысты жасыл, сары немесе қызыл түспен белгіленуі мүмкін.


Google-құжаттарда жұмыс істеу:
Оқушылар Google құжаттарында тапсырмалар бойынша немесе жеке жұмыс істей алады. Мұғалім тапсырма бойынша оқушының алға жылжуын қадағалай алады, тапсырманың орындалуына түсініктеме береді, оқушыны бағыттай алады.
Teacher.Desmos https://teacher.desmos.com:
Математика мұғалімдері үшін. Бұл орта мен жазған сандық құралдардың барлық топтарына сәйкес келеді: оқу материалын жасау, мониторинг, өзін-өзі тексеру, кері байланыс. Математика мұғалімі интерактивті тапсырмаларды әзірлейді, содан кейін оқушыларға жұмыс істеуге рұқсат береді және олардың нақты уақыт режимінде қызметін бақылайды. Керемет ыңғайлы.
Classtime https://www.classtime.com/:
Платформа ұраны – оқушылармен жұмыс істеу үшін мұғалімдерге көп уақыт. Әр түрлі интерактивті материалды (викторина, шындық/өтірік, жіктеу, сұрыптау, мәтінді таңдау) және оқу процесін мониторинг жасау үшін ыңғайлы сервис.
Арнайы математиктер үшін: кіріктірілген Latex функциясын пайдалана отырып, математикалық формулаларды жазуға болады.
Formative https://goformative.com:
Formative-оқушылардың жұмыс үрдісін нақты уақыт режимінде бақылауға, кез келген уақытта олардың жұмысына түсініктеме беруге және конструктивті кері байланыс қалдыруға мүмкіндік беретін қалыптастырушы бағалау құралы.
Бұл құралдың көмегімен мұғалім оқу материалын жасайды, олар:

  • анықтамалық мазмұны (сурет, мәтін, ақ тақта, бейне және кіріктірілген embed коды);

  • тапсырма (викторина, қысқа жауапты қосу, толық жауапты қосу, өз жұмысын көрсету, бірнеше дұрыс жауапты таңдау, шындық / өтірік);

  • қосымша сұрақтар (аудиотүсірілім қосу, жіктеу және бірізділікті орнату), бірақ бұл опция тек ақылы нұсқада жұмыс істейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет