Қателесуден қорқу және тақырыпты түсінбеуге байланысты ыңғайсыздық сезімін сезіну оқушыны оқу жұмысын, тапсырманы орындауын тежейді.
Элберт Хаббард: "Өмірде жасайтын ең нашар қате - қашанда қате жасаудан қорқу.» деген.
Бұл оқуға да байланысты. Түсініспеушілікке тап болу, қателесу, сұрақтар қою, кері байланыс алу, түсіністікті түзету - бұл үйрену деген сөз.Егер оқушы мұны түсінсе, онда ол қателерге өзінің даму бөлігі ретінде қарайды.
Егер оқушының жұмысы тапсырманы дұрыс орындау немесе сұраққа дұрыс жауап беруде болса, ал жасалған қателер бағаны төмендетуге апарса, ол қателіктерден қорқады және тапсырмаларды орындаудан аулақ болуға тырысады. Оқушылар түсініксіз, қиын және қателер көп болуды қалыпты жағдай екенін түсінулері өте маңызды. Және оны жеңу үшін мұғалім мен сыныптастар бар.
Сен жеңе алатын сезім
Оқушы тапсырманы орындай алатынын түсінгенде, жұмысқа деген Мотивациясы пайда болады.
Мысалы, тоғызыншы сыныпта оқитын оқушы тарих пәнінен эссе жазу туралы тапсырма алды. Ол: «Не істеу керек?» деп сұрады. Тапсырма түсінікті болғанымен, неден бастау керек және қалай жазу керек екендігі түсініксіз болды. Мұғалім бірге отырып жоспар құрды, тарихи оқиғалар туралы әңгімелесті, негізгі ұғымдарды талқылап, мұғалім оқушының сұрақтарына жауап берді, ол 1,5 сағатта компьютерге отырып эссе жазып шықты. Ол мұғалімнің қолдауысыз ол жұмысын тапсырмай, тіпті эссе жазуға кіріспес те еді.
Оқушы тапсырмаға қай жағынан келуін түсінбейтін болса, ол тапсырма орындалмай қалуы мүмкін. Оқушыны тарту үшін қолдау жүйесін ойластырамыз: қол жетімді қысқаша нұсқаулар, кеңестер, өзін - өзі тексеру, сұрақтар үшін чат, бейне немесе аудио арқылы түсініктеме және т. б.