Бағдарламаны нақтылау. Сонымен біз бірізділікпен әдіс пен таным пәнін, оқытудың генетикалық принципін және қоғамдық жұмысшыны тәрбиелеуді қарастырдық. Енді осы айтылғандарды жинақтап, алғашқы оқу жылынан бастап, соңына дейінгі кезеңдегі сабақтардың бірнеше үлгілерін көрсеттік...
Мектептегі жүрек тәрбиесі.Біздің оқушы логикалық тұрғыдан ойлап, өз тұжырымын анық білдіреді; шындық оның қарапайым санасынан бастау алды; оның санасы адамдық өмірді қабылдауға көзі ашық; оның қоғамдық жұмысқа қабілеті бар. Біз оның ойы мен тілін, еңбек әдеттерін және адамдарға сүйіспеншілігін дамыттық. Мектептің осымен шектелгені ме? Жоқ, біз мектепте, поэзия мен сұлулықты көрмедік.
Біздің идеалды мектепте мұғалім балаларға өзінің сүйікті тұлғалары, шығармалары, әндері, суреттері туралы айтады Әрине, мұғалімге ұнағанның бәрі балаға түсінікті бола бермейді. Мектепте бала жанын тебірентетін сәттер жиі болуы тиіс. Баланы әңгімеге еліктіру үшін қарапайым және жылу жүрекпен әсер етіп, аса әсірелеуден аулақ болуымыз қажет.
Балаға ерлік пен поэзия, халық батырлары, музыка туралы айтып, оның жүрегін сезімтал, мейірімді етіңіз.
Егерде баланың ақындық шығармашылыққа қабілеті болса, оған ерік беріңіз. Оның жолдары көп, соның бірі еркін шығармашылыққа баулу. Бастапқы кезде ауызша, кейіннен жазбаша жаттықтыруға болады. Бала мектепте өз қиялы мен талабына қарай сурет салып, музыка тыңдап сезімін жетілдіруі тиіс. Шығармалардағы көркемдікті суреттейтін үзінділерді оқып, оның сұлулығына назар аудару. Біз балалрды сұлулықты байқап, сезінуін, айналасын көркем ете білуін тәрбиелеге тиіспіз. Біз не нәрсенің сұлулық қырын, ерлік пен шындықты байқауға тәрбиелеуіміз керек.
Мұғалім, адам бола біл!Мектепті емес, мектепке келетін баланы сүйіңіз; кітапта суреттелген шындықты емес, өмірлік шындықты сүйіңіз; өмірді жаттандылықпен шектемей, білім ауқымын өмірге дейін кеңейтіңіз! Ең бастысы: өмірді сүйіңіз, мейілінше жарқын өмір сүріңіз. Біздің идеалды мектептегі мұғалім зерікпейді, өмірмен тығыз байланысты өмір сүреді. Ол балалармен бірге оқып, өмірге үңіліп, оны жан-жақты талдайды, ол өмірді аз білетін болса, оның өмірді тануға қызығушылығы неғұрлым артады. Балалармен бірге жаңа елдерді танып біледі, олармен ортақ жаңа іс атқарады. Ал мұғалімнің көңіл-күйі төмендесе, ол музыка тыңдап, кітап оқып, асқақ ойларға беріле алады. Оның мұғалімдік қызметінде бір сарындылық болмайды, өйткені жаңа мектептегі мұғалім жұмысында шығармашылық жетекші орында болады.
Біз осыған дейін бала өмірі мен шығармашылығы туралы айттық. Енді мұғалімнің өмірі мен шығармашылығына тоқталайық. Мектеп мұғалім өміріне орын беруі керек, өйтпесе олар шығармашылық келешегі бар мұғалімге ие бола алмайды. Мектеп мұғалімге адам болу мүмкіндігін беруі тиіс және сыныпта мұғалім адамдық өмір кешуі керек. Мектепте мұғалімге шығармашылық кеңдік берілуі қажет: нақты белгіленген бағдарламадан ауытқымау, оқулықтан шықпау, сұрақ-жауап әдісі мұғалімді тұлғалық сипатынан ажыратады. Сабақ мұғалім мен оқушылардың жаңа міндетті бірге меңгертуді көздесе немесе жүректен шығатын ортақ тақырыптағы әңгімелері болса, мұғалім өз жүрек жылуын балаларға беріп, оларды аяласа, жаңа мектеп адамшылықпен толысып, бала үшін поэзия мектебіне айналса, онда жарқын мәдени шығармашылық орнаған болар еді.