IV. Сөзжасам (10 сағат).
Сөздердің
лексикалық
тәсіл
арқылы
жасылуы.
Сөздердің
морфологиялық тәсіл арқылы жасалуы. Сөздердің синтаксистік тәсіл арқылы
жасалуы.
Қазақ тіліндегі негізгі сөздер түбір сөз және туынды сөз болып
бөлінетіндігі.
Түбір күйінде тұрып жаңа лексикалық мағынаға ие болған сөздер.
Олардың көп мағыналық пен омонимге қатыстылығы.
Туынды сөздер. Жұрнақтар арқылы жасалған туынды сөздер. Туынды
сөздер заттың атын, сынын, қимыл – қозғалысын білдіретін сөздер бабына
қатыстылығы.
Бірігу арқылы жасалған жаңа сөздер. Түбірлердің қосаолануы арқылы
жасалған жаңа сөздер. Түбірлердің тіркесуі арқылы жасалған жаңа сөздер.
Бірігу, қосарлану, тіркесу жолымен жасалған сөздердің де туынды сөздердің
қатарына жататындығы: мағыналық тұтастығы, сұрақтары ,қолданылуы.
V. Тіл мәдениеті (7 сағат).
Тіл мәдениеті екі үлкен саланы – ауызша сөйлеу мәдениеті мен жазба
тіл мәдениетін қамтитындығы танытатын жұмыстар жүргізу.
12
Ауызекі сөйлеу тілінің ерекшеліктерін мұғалімнің және оқушылардың
өзара сөйлесуіне көңіл бөлгізіп талдату. Ауызша сөйлеу және ауызекі сөйлеу
тілі болып бөлінетіндігіне мысал келтіру.
Оқушылардың айналасындағы адамдардың, үй-ішінің ауызекі
сөйлеуіндегі қателерді тапқызып, әдеби тілде сөйлеудің үлгісін келтіру.
Ауызша сөйлеу мәдениеті орфоэпия қағидаларын сақтап, мәнерлеп
сөйлеумен де байланысты екендігін түсіндіру мақсатында ауыз әдебиеті
үлгілерін, шешендік сөздерді әуезді, мәнерлі, құлаққа дағымды етіп айтқызу.
Әсіресе, дыбыстарды сындырып айтуға төселдіру.
Пластинка
немесе
үнтаспадан
әртістер
оқыған
үзінділерді
тыңдатқызып, салыстыра талдау жасату.
Сөз қолдану мәдениеті, ең алдымен, сөздің емле ережесін сай
жазылуымен байланысты екендігіне бағытталған жазба жұмыстарын жүргізу.
Жазба жұмыстарында терминдердің, аң-құс, жан-жануар, өсімдік
атауларының, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер салаларына қатысты
құрал-жабдық, ұғым атауларының, мамандық, кәсіп атауларының бірде
бөлек, бірде бірге жазылуына көңіл бөлгізу.
Жыл бойы өтілген тілдік тақырыптар мен пайдаланылған оқу
материалдары бойынша әр түрлі топқа жататын сөздердің мағыналық
реңктерін ескеріп, әңгімелеу, баян.дау, сипаттау, мінездеу, талқылау
бағытында мәтіндер құрату. Балалардың жас ерекшелігі, қызығушылығы мен
қабілетіне сәйкес мынадай тақырыптар ұсынылады: отбасы, сынып, дос-
жаран, табиғат, ауыл, қала тұрмысы, өнеғр, тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, және
т.б.
6 СЫНЫП
I.
Әдеби тіл және мәтін (10 сағат)
Қазақ тілінің әдеби тіл ретіндегі қызметі.
Әдеби тіл нормалары. Орфографиялық, орфоэпиялық нормалар. Әдеби
тілдің ауызша және жазбеше түрлерінде тіл нормаларын сақтаудың маңызы.
Мәтін. Ауызша әдеби тілге қатысты мәтіндердің үлгілері. Жазба әдеби
тілдік мәтіндер: түрлерлі, тақырыптары, идеясы, мазмұны, ой бөліктері.
Мәтіндерге
тілдік
талдау. Мәтіннің
түрлерінде
әдеби
тіл
нормаларының сапқталу қалпы. Орфографиялық нормадан ауытқу
амалдары.
Орфоэпиялық нормалардың қолданылатывн орындары. Ән, өлең және
жыр шумақтарындағы, шешендік сөздер мен көкем образдар тіліндегі
орфоэпиялық нормалардың қолданысы.
II.
Сөзжасам (10 сағат)
Түбір мен қосымша (2 сағат).
5-сыныпта өтілген сөздердің жасалу жолдарын: жұрнақ арқылы
жасалған сөздер жалаң сөздер, ал бірігіп, қосарланып, тіркесіп, қысқарып
жасалған сөздер күрделі сөздер болатынын еске түсіру.
Сөз тұлғасы және емлесі (8 сағат).
13
Дара және күрделі сөздер
Күрделі сөздердің түрлері. Біріккен сөздер: анықтамас ы, жасалу
жолдары. Негізгі түбір және туынды түбір. Бірігетін сөз таптары жіне
олардың жазылуы, емлесі. Қос сөздер:анықтамасы, жасалу жолдары.
Қосарланатын сөз таптары және олардың жазылу емлесі. Тіркескен күрделі
сөздер: анықтамасы, мағыналық тұтастығы, жасалу жолдары.
Тіркесіп күрделі сөз болатын сөз таптары және олардың жазылу емлесі.
Қысқарған сөздер: анықтамасы, жасалу жолдары. Қысқарған сөз болатын сөз
таптары және олардың жазылуы емлесі.
Көне түркі ескерткіштеріндегі сөзжасам тәсілдері. Сөз түрлері.
III. Морфология (72 сағат)
Сөздің түрлері (2 сағат).
Қазақ тіліндегі сөздердің мағынасы жағынан және тілдегі қызметі
жағынан негізгі (атауыш) сөздер, көмекші сөздер, одағай сөздер болып үшке
бөлінетіндігі.
Атауыш сөздер,анықтамасы, негізгі белгілері. Көмекші сөздер,
анықтамасы, негізгі белгілері.
Сөз таптары (58 сағат).
Зат есім. Дара және күрделі зат есімдер. Зат есімнің сұрақтары, зат есім
болатын сөздардің мағыналары. Деректі және дерексіз зат есімдер. Дара және
жинақтау зат есімдер. Зат есімдер атаулық жағынан жинақтау зат есім, дара
зат есім болатындығы, олардың өзіндік белгілері. Жалқы және жалпы есім.
Зат есімдер мағынасы мен атаулық жағынан жалқы есім және жалпы есім
болып жіктелетіндігі. Жалқы есім болатын атаулар. Жалпы есімге дара зат
есімдер мен жинақтау зат есімдердің жататындығы.
Сын есім. Дара және күрделі сын есімдер. Сын есімнің сұраулары.
Сапалық сын есімдер. Сапалық сын есім жасайтын сындық сапалық
қасиеттер (түсі, дәмі, көркі, көлемі және т.б.).
Қатыстық сын есімдер. Қатыстық сын есімдердің жасалу жолдары.
Сын есімдердің тек зат есімдермен байланыстылығы.
Сан есім. Сан есім заттың санын, мөлшерін, бөлшегін білдіретін сөз
табы екндігі. Сан есімнің сұрақтары. Дара және күрделі сан есімдер. Сан
есімнің зат есіммен байланыстылығы.
Сан есімнің түрлері.
Есептік сан есім. Дара есептік сан есімдер. Күрделі есептік сан есімдер.
Есептік сан есімдердің қолданылатын орындары.
Реттік сан есімдер. Реттік сан есімдердің жасалу жолдары. Реттік сан
есімдердің қолданылатын орындары, жазылу емлесі.
Жинақтық сан есімдер, олардың жасалу жолдары. Жинақтық сан
есімдердің қолданылатын орындары.
Топтық сан есімдер, олардың жасалу жолдары. Топтық сан есімдердің
қолданылатын орындары, емлесі.
Болжалдық сан есімдер. Болжалдық сан есімдердің жұрнақ арқылы
жасалуы. Болжалдық сан есімдердің қосарланып, тіркесіп жасалуы.
Болжалдық сан есімдердің қолданылатын орындары, жазылу емлесі.
14
Бөлшектік сан есімдер, олардың жасалу жолдары.Бөлшектік сан
есімдердің қолданылатын орындары.
Есімдік. Сөз табының есімді\к деп аталу себебі.Есімдіктің зат есім, сын
есімнің орнына жүретіндігі, қай сөз табының орнына журсе, сол сөз табының
сұрағына жауап беретіндігі.
Есімдіктің түрлері.
Жіктеу есімдіктері және олардың қолданылатын орындары, сұрақтары.
Сілтеу есімдіктері және олардың мағыналық ерекшеліктері,
қолданылатын орындары, сұрақтары.
Сұрау есімдіктері және олардың қолданылатын орындары.
Өздік есімдіктері және олардың қолданылатын орындары, сұрақтары.
Жалпылау есімдіктері және олардың қолданылатын орындары,
сұрақтары. Жалпылау есімдігінің сызықшамен жазылу.
Белгісіздік
есімдіктері
және
олардың
қолданылатын
орындары,сұрақтары. Белгісіздік есімдіктерінің жазылу емлесі.
Болымсыздық есімдіктер және олардың қолданылатын орындары,
сұрақтары. Болымсыз есімдіктердің жазылу емлесі.
Көне түркі ескерткіштеріндегі есімдіктер.
Етістік. Заттың қимылын, амалын, жай-күйін білдіретін сөздер етістік
деп аталадығы. Етістіктің мағыналық топтары: амал-әрекет етістіктері, ойлау
– сөйлеу етістіктері, өсу-өну етістіктері., бағыт-бағдар етістіктері,көңіл-күй
етістіктері, бейнелеу-еліктеу етістіктері. Етістіктің сұраулары. Дара және
күрделі етістіктер, олардың мағыналық бірлігі, жасалу жолдары.
Болымды және болымсыз етістіктер. Етістіктің түбірлері болатын және
болуға тиіс нақты іс-әрекетті білдіретіндігін мысалдармен дәлелдеу.
Болымсыз етістіктердің жасалу жолдары. Болымды және болымсыз
етістіктерді салыстыра оқытып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу.
Салт және сабақты етістіктер. Олардың субъекті мен объектіге қарым –
қатынасы.
Етістіктің түрлері
Етістер. Етістердің етістіктің өзге түрлерінен ерекшелейтін сипаттары.
Етістердің субъекті мен объектінің амалға қатысын, керісінше, амалдың
субъекті мен объектіге қатысын білдіретін грамматикалық сипаты. Етіс
жұрнақтарының мағыналары мен қызметіне қарай бірнеше түрге
бөлінетіндігі.
Ортақ етіс, жұрнақтары. Ортақ етіс жұрнақтарының беретін
грамматикалық мағынасы мен қызметі.
Өзгелік етіс, жұрнақтары. Өзгелік етіс жұрнақтарының беретін
мағынасы мен қызметі.
Ырықсыз етіс, жұрнақтары. Ырықсыз етіс жұрнақтарының беретін
мағынасы мен қызметі.
Өздік етіс, жұнақтары. Өздік етіс жұрнақтарының беретін мағынасы
мен қызметі.
Есімше.
Есімшелердің
етістіктен
қосымшалар
арқылы
жасалатындығы. Есімшенің етістікке де, сын есімге де қатыстьылығы
15
(ұқсастығы) жайында мағлұмат беру. Есімшенің түрлері, олардың беретін
мағыналары.
Көсемше. Көсемшенің жасалу жолдары. Көсемшенің түрлері олардың
беретін мағыналары.
Тұйық етістік. Тұйық етістіктің өзіндік ерекшеліктері.
Қимыл есімдерін жасайтын қосымшалар. Қимыл есімдерінің іс – қимыл
процесінің атауын білідіретінідігі. Тұйық етістіктің емлесі.
Әңгімедегі етістіктердің құрамына талдау жасатып жұрнақтардың
беретін мағыналары мен қызметтерін білгізу.
Үстеу. Үстеулердің мағына жағынан заттың қимылының, іс –
әрекетінің және заттың сынының әр алуан белгілерін білдіру үшін
қолданылытындығы. Үстеулердің сөйлемде етістікті сипаттайтындығы,
яғни істің, қимылдың мән – жайын, амалын, мезгілін, мекенін білідіретінідігі.
Үстеудің сұрақтары. Дара және күрделі үстеулердің құрылысы мен құрамы.
Үстеудің түрлері.
Үстеудің түрлері үстеу болатын сөздердің мағыналарынан келіп
шығады.
Мезгіл үстеулері және олардың мағыналары, сұрақтары. Мезгіл
үстеулердің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Мекен үстеулері және олардың мағыналары, сұрақтары. Мекен
үстеулердің қолданылатын орындары.
Мөлшер үстеулері және олардың білдіретін мағыналары, сұүрақтары.
Мөлшер үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Қимыл – сын үстеулері және олардың мағыналық ерекшеліктері,
сұрақтары. Қимыл – сын үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу
мақсаты.
Қүшейту үстеулері және олардың білдіретін мағыналары, сұүрақтары.
Күшейту үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Мақсат үстеулері және олардың білдіретін мағыналары, сұүрақтары.
Мақсат үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Себеп – салдар үстеулері және олардың білдіретін мағыналары,
сұүрақтары. Себеп – салдар үстеулерінің қолданылатын орындары,
қолданылу мақсаты.
Топтау үстеулері және олардың мағыналық белгілері сұрақтары.
Топтау үстеулерінің қолданылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Көне түркі ескерткішіндегі үстеулер.
Еліктеуіш сөз.
Еліктеуіш сөз жайында алғашқы ұғымдарды қалыптастыру. Еліктеуіш
сөздер деп аталатын атаудың мәні. Еліктеуіш сөздер табиғат
құбылыстарының дыбыстарына және айналажағы заттардың қозғалуына
байланысты белгілерге, түрлі хайуан, аң – құстардың дыбыстары мен
адамның сөйлеу аппаратынан шыққан дыбыстарна еліктеуден пайда
болатыны, мұнымен қоса, адамның, заттың сырқы тұлғасының, пішініңм
күйін көрсететіндігі. Сұрақтары. Еліктеуіш сздердің құрамы, жасалу
жолдары.
16
Еліктеуіш сөздердің түрлері.
Еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер. Бұл екеуінің арасындағы
мағыналық жақындықтар мен айырмашылықтар.
Еліктеуіш сөздер мен бейнелеуіш сөздердің қолданылатын орындары,
қолданылу мақсаты. Еліктеу сөздердің сөйлемде көбінесе етістікпен тіркесіп
келетіндігі.
Одағай.
Одағайлардың басқа сөз таптары сияқты мағына жағынан ешбір
ұғымды білдірмейтіндігі.Олардың мағыналары адамның әр түрлі сезіміне,
көңіл- күйіне қатысты болатындығы.
Одағайдың түрлері.
Көңіл-күй
одағайлары.Жағымды
көңіл-күйді
білдіретін
одағайлар.Жағымсыз
көңіл-күйді
білідіретін
одағайлар.Көңіл-күй
одағайларының қолданылатын орындары,қолданылу мақсаты.
Ишарат одағайлары.Бұған адамға арнайы айтылатын мағыналары
бұйыру,жекіру,тыйым
салу
одағайлары
жататындығы.ишарат
одағайларының қолдланылатын орындары, қолданылу мақсаты.
Шақыру одағайлары.Бұған төрт түлік малға, ит,мысық сияқты үй
хайуандарына
арнап
айтылатын
одағайлар
жататандығы.Шақыру
одағайларының қолданылатын
Орындары,қолданылу мақсаты.
Одағайлардың емлесі.
Көне түркі ескерткіштеріндегі одағайлар.
Көмекші сөздер(2 сағат)
Көмекші сөздердің тілдік табиғаты, олардың дербес толық мағынаға ие
бола алмайтындықтан,негізгі сөздердің шылауында тіркес.іп,көмекшілік
қызмет атқаратындығы.Көмекші сөздердеің түрлерінен мәлімет беру.
Көмекші есім. Көмекші есімдердің мағынасы.Көмекші есімдерінің зат
есімдермен тіркесіп,бір ұғым беретіндігі.
Көмекші етістік.Көмекші етістіктің түрлері .Көмекші етістіктің
сөйлемде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалатындығы.
Шылау.Шылаудың өз алдында сөз табы екендігі .Шылаудың
көмекшілік сипаты және басқа көмекші сөздеоден айырмашылығы мен
ұқсастығы,жалпы қызметі жайында түсінік қалыптастыру.Шылаудың
түрлері: жалғаудық шылау.Септеулік шылау.Демеулік шылау.Олардың
қызметі,емлесі.
Көне түркі ескерткіштеріндегі шылаулар.
lll.Тіл мәдениеті (10 сағат)
Сөйлеу мәдениеті. Көпшілік алдында сөйлеудің түрлері: мұғлімдердің,
оқушылардың, баяндамалардың, дикторлардың сөйлеу ерекшеліктері
ауызша тілдің жазба тілден айырмашылықтары. Ойды жеткізудің тілден тыс
көмекші құралдары (ым-ишара,дауыс ырғағы, күші,қимыл қозғалысы)
тақырыптың мазмұны мен астарласып ,соның мақсатын ашатындайқызмет
атқаруын талдату.
17
Көпшілік алдында айтылатын ауызша сөздің жазба сөзге қарағанда
құрылысы жағынан ықшам келетіндігі.Қаратпа,қыстырма, одағай сөздердің
жиі қолданылатындағы.Жазба тілде қойылатын тыныс белгілері.Ой айту
дауыс ырғағы, дауыс кідірісі арқылы берілетіндігін байқау.
Жазудың маңызы.Сөзді дұрыс жазу мәдениеті.Орфаграфиялық
нормадан ауытқуға болмайтындығы, оны сақтаудың міндеттілігі.Емле
ережесіндегі соңғы толықтырулар мен өзгерістер тіл фактілері негізінде
талқыланып, олардың дағдыға айналуы.
Жазудың адам ойын жүйелі, тиянақты, толық жеткізуге мүмкіндік
жасайтындығын ұсынылған тақырыптарға құрылған ауызша және жазбаша
мәтін үлгілерін салыстыру көз жеткізу.
Ұсынылатын тақырыптар: Қазақтың тұрмыс-салты, Әдет –
ғұрпы,өнері; Ауыл-қала тұрмысындағы айырмашылық; Табиғаттағы
өзгерістер; От басындағы қызығушылық, береке;Сынып мүддесі ,ұлттың
мақтанышы,көрнекті адамдардың өмірі жайлы сыр және т.б.
7-СЫНЫП
Қазақ тілі- қазақ халқының әдеби тілі, мемлекеттік тіл (1сағат)
I. Әдеби тілдің нормалары (5 сағат)
Орфографиялық
және
орфоэпиялық
нормалардың
сақталу
орындарын практикалық жұмыстар жүргізу арқылы қайталау.
Әдеби тілдің лексикалық нормалары. Жалпы халыққа бірдей
түсінікті,
жиі
қолданылатын
сөздердің
әдеби
нормасына
жататығындығы.Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер.
Дублет сөздер мен варианттардың мәні.
Мәтіндерге тілдік талдау. Мәтіндердің тақырыптық және идеялық
мәнін ашу, стильдік боянуына қарай мәтіндерге жұмсалатын сөздердің
мағыналарын ашу. Ұлттық белгілерді білдіретін, ғылыми түсінік беретін
және діни сипаттағы мәтіндермен жұмыс.
Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін әдеби тілдің орфографиялық
және орфоэпиялық нормалары тұрғысынан талдау.Орфографиялық және
орфоэпиялық сөздіктермен жұмыс істеу. Қосымшалардың орфаграфиялық
нормаға сәйкес жалғануын анықтау. Оқшау сөздердің орфаепиялық нормаға
сәйкес оқылуын қалыптастыру.
Мәтіндердегі сөз таптарының ара қатынасын ашу. Ауқымы басым
сөз
табының
сипатына
қарай
мәтіннің
түрін-хабарлама,
суреттеме,баяндама,талқылама,әңгіме-айқындау.
II. Морфология (56 сағат).
Зат есімнің түрленуі.
Зат есімнің көптелуі. Көптік жалғауын қабылдайтын зат есімдер.
Көптік жалғауы жалғанбайтын зат есімдер. Көптелмейтін зат есімдерге
көптік жалғауы белгілі бір мақсатта қосылатындығы.
Зат есімнің тәуелденуі. Оңаша тәуелдеу ортақ тәуелдеу. Тәуелдік
жалғаулардың беретін граматикалық мағыналар қазметі.
18
Көне түркі ескерткішіндегі көптік немесе тәуелдік жалғаулар.
Септік жалғаулар.
Зат есімнің септелуі. Жай септеу. Тәуелдеулі септеу. Септік
жалғаулардың беретін мағыналары. Атау септіктің қызметі. Ілік септіктің
септіктің граматикалық мағынасы,қызметі. Барыс септіктің граматикалық
мағынасы, қызметі. Табыс септіктің граматикалық мағынасы, қызметі. Жатыс
септіктің граматикалық мағынасы, қызметі. Шығыс септіктің грамматикалық
мағынасы, қызметі. Көмектес септіктің граматикалық мағынасы, қызметі.
Көне түркі ескерткіштеріндегі септік жалғаулары.
Зат есімнің жіктелуі.жіктелген зат есімдер тобы. Зат есімге
жалғанған жіктік жалғаудың қызметі. Зат есімнің сөйлемдегі қызметі.
Сын есімнің түрленуі.
Сын есімнің шырай формаларына енуі. Салыстырмалы шырай, жасалу
жолдары. Күшейтпелі шырай, жасалу жолдары.
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.
Сын
есімнің
заттануы.Заттанған
сын
есімнің
көптелуі,септелуі,жіктелуі.
Сан есімнің түрленуі. Сан есімнің мағыналық топтарын қайталау. Сан
есімдердің ішінде зат есім орнына жүретіні жинақтау сан есім
екендігі.Жинақтау сан есімнің септелуі, ішінара тәуелденуі жіктелуі
Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.
Есімдіктің түрленуі. Зат есім орнына жүретін есімдіктер. Жіктеу
есімдіктерінің түрленуі Сілтеу есімдіктерінің түрленуі. Сұрау есімдіктерінің
түрленуі. Өздік есімдіктерінің түрленуі. Белгісіздік есімдіктерінің түрленуі.
Көне түркі ескерткіштеріндегі жіктеу,сілтеу,сұрау, өздік есімдіктерінің
түрленуі. Есімдік сөйлемдегі қызметі.
Етістіктің түрленуі.
Етістіктің шақтары. Шақтың мазмұны соған лайық формалары мен
қызметтері. Шақтық мезгіл ұғымдарымен байланысты екендігі. Шақ
жасаудағы есімше мен көсемшенің қызметі.
Осы шақ, мазмұны. Осы шақтың түрлері мен жасалу жолдары.
Көне түркі ескерткішіндегі осы шақ.
Өткен шақ, мазмұны. Өткен шақтың түрлері және жасалу жолдары.
Көне түркі ескерткішіндегі өткен шақ.
Келер шақ, мазмұны келер шақтың түрлері жасалу жолдары. Көне
түркі ескерткішіндегі келер шақ.
Етістіктің райлары. Ашық рай. Ашық райдың мағынасы. Ашық райдың
жасалу жолдары.
Бұйрық рай. Бұйрық райдың мағынасы. Бұйрық райдың мағынасының
1,2,3 жақтардың бәріне қатыстылығы. Бұйрық райдың етістіктің жалаң я
күрделі түрлері арқылы.
Шартты рай. Шартты райдың мағынасы. Шартты райдың жасалу
жолдары.
Қалау рай. Қалау райдың мағынасы. Қалау райдың жасалу жолдары.
19
Етістіктің жіктелуі. Отыр,тұр,жүр,жатыр етістіктерінің жіктелуі. Жедел
өткен шақ пен шартты рай формалы етістіктің жіктелуі. Бұйрық рай
формалары етістіктердің жіктелуі.
Есімшенің түрленуі. Есімшенің көптелуі, тәуелденуі,септелуі,жіктелуі.
Есімшелердің сөйлемдегі қызметі.
Көсемшенің түрленуі. Көсемшенің жіктелуі. Көсемшенің сөйлемдегі
қызметі.
Тұйық етістіктің түрленуі:Көптелуі,септелуі, тәуелденуі.
Етістіктің сөйлемдегі қызметі.
III Синтаксис (3 сағат)
Синтаксис туралы түсінік.
Синтаксистің қарастыратыны сөз тіркесі, оның сипаттамасы,сөздер
сөйлем құраудың материялы болатыедығы. Көмекші сөздер негізгі сөздің
жетегінде болып, сөз тіркесінің құрамында енетіндігіне.
Сөздердің граматикалық байланысы.
Сөздеодің байланысу тәсілдері
Қиысу анықтамасы. Қиысудың байланысу тәсілдері. Интоноция және
жіктік жалғауы арқылы қиыса байланысатын сөз таптары.
Матасу анықтамасы. Матасудың байланыс тәсілі. Ілік септігі мен
тәуелдік жалғауы арқылы матаса байланысатын сөз таптары.
Меңгеру анықтамасы. Меңгерудің байланыс тәсілі. Септік жалғаулары
арқылы меңггнріле байланысатын сөз таптары.
Қабысу анықтамасы. Қабысудың байланыс тәсілі. Орын тәртібі арқылы
қабыса байланысатын сөз таптары.
Жанасу анықтамасы. Жанасудың байланыс тәсілдері. Жанасудың
қабысудан айырмашылығы. Жанаса байланысатын сөз таптары. Көне түркі
ескерткіштеріндегі сөздердің байланысу түрлері.
Сөз тіркесі. Сөз тіркесі туралы түсінік. Сөз тіркесі және күрделі сөздер
мен тұрақты тіркестер арасындағы белгілер мен айырмашылықтар.
Сөз тіркесінің түрленуі. Сөз тіркесінің құрылысы. 1.Матасу. 2.Меңгеру.
3.Қабысу. 4.Жанасу.
Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар.
1.Анықтауыштық
қатынас.
2.Толықтауыштық
қатынас.
3.Пысықтауыштық қатынас.
Достарыңызбен бөлісу: |