Залалданған аймақтан шыққаннан кейін:
- аймақтың залалданғаны немесе заладанбағаны белгісіз болса, онда залалданған деп есептеңіз;
- ойықтармен, жарлармен, батпақты жерлермен жүрмеуге тырысыңыз (мұндай жерлерде улы заттардың буы жиналып, тұрақтап қалады);
- қалаларда АХҚЗ булары тұйықталған көшелерде, саябақтарда, подъездерде, шатырларда, жертөлелерде жиналып қалады;
- жертөлелерге жасырынуға болмайды (көптеген улы заттар ауадан ауыр болғандықтан, жер бауырлап таралып, төмен орналасқан жерлерге жиналып қалады).
АХҚЗ қорғанудың сенімді құралы газқағарлар. Газқағардың жұмыс істеуіне көз жеткізу керек, адамның жасына лайықты таңдалады, баткі жағы ауыртпайтындай ның орналасуы керек.
Газқағарлар өлшемі бойынша беске бөлінеді [17]:
- нөлдік - 63 см дейін;
- бірінші - 63-65,5 см;
- екінші - 66-68 см;
- үшінші - 68,5-70,5 см;
- төртінші - 71 см үлкен.
АХҚЗ тұрғындардың қорғаудың тиімді әдісі эвакуация.
Эвакуаця – залалданған территориядан немесе орыннан залалдану қауіпі төнген адамдарды ұйымдасқан түрде көшіру.
ХХ ғасырда бірқатар елдерде химиялық қару жасалып шығарылды. Қазыргы уақытта планетамызда 200 мың тоннаға жуық улағыш заттар (УЗ) бар. Мысалы, оның 40 мың тоннасы Ресейде орналасқан. Планетамыздың барлық тұрғындарын жою үшін 200 тонна УЗ жеткілікті.
Қарсылас жау УЗ қолданған жағдайда, тұрғындар бұхаралық ақпарат құралдарымен және «Химиялық шабуыл» дыбыс сигналымен хабардар етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |