Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет106/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   264
Табиғи радиация адамның өмір сүру ортасының табиғи компоненті. Ол шартты түрде иондайтын және иондамайтын деп бөлінетін сәулелерден тұрады. Иондамайтын сәуле – жарық, радиотолқындар, Күннің радиобелсенді жылуы. Радиацияның бұл түрінің адам организміне қауіпі жоқ. Дегенмен, сәулелердің қарқынды бөлінуі кезінде кері әсерін тигізеді. Егер радиация, тірі организмдерді құраушы молекулалардың химиялық байланыстарын бұзуға қабылетті болса, онда иондаушы радиация болып есептеледі. Иондаушы радиацияны қарапайым түрде - радиация деп атайды, ал оның сандық сипаттамасын - мөлшер дейді. Радиобелсенді сәулеленудің көрсеткіштері мен сипаттамаларын тіркеу үшін арнайы приборлар – дозиметр және радиометр қолданылады.

Қалыпты радиациялық бедердің көрсеткіші 10-16 мкР/сағ.

Табиғи радиациялық бедердің әсерінен адам сыртқы және ішкі сәулеленуге шалдығады. Сыртқы сәулеленудің көздері – ғарыштық сәуле және Жер бетінде, атмосферада, су ортасында, өсімдіктерде таралған табиғи радиобелсенді заттар. Ғарыштық радиация галактикалық және күн сәулелерінен құралады. Ғарыштық сәулеленудің қарқындылығы геомагниттік еніне, теңіз деңгейінен биіктігіне тәуелді. Экваторға жақын орналасқан адамдардың қабылдайтын ғарыштық сәулесі 2 км биіктікте 3 есе, 4 км биіктікте 6 есе, ұшақта 12 км биіктікте 150 есе артып кетеді. Күндегі жарқыл кезінде ғарыштық сәуленің деңгейі айтарлықтай жоғарылайды.

Табиғи радиобелсенді заттардың негізгі мөлшері тау жыныстарында болады. Олар тау жыныстарының түріне тәуелді жер қыртысында бір келкі таралмаған. Сәйкесінше, әр жерде тұратын адамдадың сәулелену мөлшері де әр түрлі болады. Жер бетінде табиғи радиацияның бедері едәуір артып кеткен 5 географиялық аудан бар. Ол жерлер Бразилияда, Үндістанда, Францияда, Египетте және Тұнық мұхитындағы Ниц аралында. Айта кетсек Гуарапари (Бразилия) шипажайлы қаласындағы радиация деңгейі 500 есе мөлшерден артық. Себебі, қала торийге бай құмда орналасқан.

Адамның табиғи көздерден ішкі сәулеленуінің 2/3 бөлігі организмге радиобелсенді заттардың азық-түліктермен, ауыз сулармен, дем алған ауамен келіп түседі. Адам организміне радионуклидтер тағамдық немесе биологиялық тізбек арқылы жиі түседі. Мысалы, топырақ жамылғысындағы радионуклид сумен өсімдікке келіп түседі, өсімдіктерді малдар жейді, осы малдың сүті немесе еті арқылы радиобелсенді заттар адам организміне келіп түседі.

Табиғи көздерден адамның ішкі сәулеленуі радиобелсенді газ радоннан болады. Бұл газ күнделікті жер қыртысынан босатылып жатыр. Радонның ұзақ уақыт әсерінен адамда онкологиялық аурулар туындайды. БҰҰ Ғылыми кеңесінің мәліметтері бойынша, өкпе ауруына шалдыққандардың 20% организмге радонның және оның тұнбаларының түсуінен болған. Жабық бөлмедегі радонның шоғыры сырттағыдан 8 есе артық. Планетамыздың жалпы радиациялық мөлшерінің 44% радон газына келеді.

Радиацияның жасанды түрлерінің дүниеге келуі, радиацияның адамға деген ауыртпалығын артыруда. Адамдар периодты түрде теледидар, компьютер, медициналық рентген аппаратынан, ядролық сынақтардан кейінгі радиобелсенді атмосфералық жауын-шашындардан, атом электр стансаларының (АЭС) жұмысы нәтижесінде радиациялық сәулеленуге ұшырайды.

Планетамыздағы радиациялық бедердің жоғарылауына АЭС-дағы авариялар ықпалын тигізуде. Мұндай төтенше жағдайлардың себебі түрлі болып келеді, жұмысшы персоналдың қателігі, қондырғылардың ескіріп істен шығуы. АЭС лаңкестік шабуылдардың ықтималдылығы жоғары.

Қазіргі уақытта дүние жүзінде 45 мыңға жуық ядролық қару бар.

Ядролық жарылыс кезінде адамдардың радиациялық залалдануы, өткіш радиация және жергілікті орынның радиобелсенді ластану есебінен болады (сурет 13).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет