Мұндай сигналдан кейін:
- химиялық заладанудан қорғайтын дәрілік препарат антидотты қабылдау керек;
- мақта-дәкелі ораманы, газқағарды және теріні қорғау құралдарын киуі керек;
- панаханаға жасырыныңыз немесе залалданған аймақтан кету керек.
Заманымыздағы тіршілікті тұрмыстық химкатсыз елестету қиын. Үй жағдайында, бау-бақшада әрдайым химиялық заттар қолданылады. Тұрмыстық химиялық препараттардың ассортименті алуан түрлі. Олардың әр қайсысы өзінің спецификалық ерекшелігіне ие. Бірақ, олардың барлығы адам үшін қауіпті.
Химикаттармен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелері:
1. Барлық тұрмыстық химиялық заттарды азық-түліктен және ауыз суынан бөлек, балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек. Агрессивті химиялық заттарды тығыз жабылатын арнайы сыйымдылықтарда сақтау қажет;
2. Үйде белгісіз немесе қажет емес химкаттарды сақтамау керек;
3. Химикатпен жұмыс істеу алдында, оны қодлану ережелерімен танысу керек;
4. Тұрмыстық химиялық заттармен жұмыс істеуде, резеңке қолғаптар, көзілдірік, алжапқыштар қолдану керек;
5. Химикаты бар ыдыстарға сүйкенбеу керек, иіскеуге, дәсін татуға болмайды;
6. Жұмысты аяқтаған соң, қолыңызды жылы сумен сабындап, мұқият жуу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |