3.6.4 Қоғамдық көліктердегі төтенше жағдайлар мен оларға қарсы іс-шаралар
Миллиондаған ададмдар қалалық қоғамдық көліктердің қызметін пайдаланады: трамвай, троллейбус, автобус, бағыттағы такси. Қалалық қоғамдық көліктер ТЖ туындау себепкері болып тұрады. Бұл адамдардың жарақат алып, қаза табуына, материалдық құндылықтардың жойылуына әкеліп соғады.
Қалалық қоғамдық көліктердегі негізгі қауіпсіздік талаптары:
- қоғамдық көліктерді арнайы аялдамаларда күтіңіз, арнайы орынның жоқ кезінде аялдама көрсеткішінің жанында күтіңіз;
- көлік толық тоқтағаннан кейін ғана кіріңіз немесе шығыңыз;
- қозғалыс кезінде терезеден және люктен көлегейленбеңіз;
- тез тұтанатын сұйықтықтарды, жарылыс қауіпті заттарды, тікенекті немесе кескіш құралдарды тасымалдауға болмайды.
Қоғамдық көліктердегі ТЖ жеке спецификалық ерекшеліктерге ие: салонда көптеген адамдардың жинақталуы, транспорт құралы қозғалысының жоғары жылдамдағы, жолдағы кілт тоқтаумен күтпеген жағдайлардың болуы, ТЖО.
ТЖ туындау кезінде:
- тыныштық сақтап, үрей туғызбау;
- транспорт құралынан жылдам есік, терезе, люк арқылы шығып, қауіпсіз қашықтыққа шегіну;
- жүргізушінің айтқандарын орындау;
- өрт шыққан жағдайда жүргізушіге хабарлап, өрт сөндіргіштің көмегімен өртті сөндіру.
Достарыңызбен бөлісу: |