Жарық сәулесі – спектрдің ультракүлгін, инфрақызыл аймақтарындағы және көрінетін оптикалық жиіліктегі электромагниттік сәулелену.
Ядролық жарылыстың жарқырығын аймағы жарық сәулесін таратушы көз болып табылады. Бұл аймақ жоғары температуралы ауадан және қарудың құрастырмалы материалдарының буынан, жер бетіндегі жарылыс кезінде буланған топырақтан тұрады. Жарқыраған аймақтағы температура 8-10 мың °С жетеді.
Жарық сәулесінің жарқырау уақыты, ядролық қарудың қуатына тәуелді 0,2-40 с аралығында болады.
Жарық сәулесінің зақымдау қабылетін анықтайтын негізгі көрсеткіш – жарық импульсі.
Жарық импульсі – бұл тік сәулелену бағытына перпендикуляр орналасқан жылжымайтын, экрандалмаған беттік ауданының бірлігіне келетін, шағылысқан сәулеленуді есепке алмағандағы жарық сәулесі энергиясының мөлшері. Жарық импульсінің өлшем бірліктері Дж/м2 немесе кал/см2, 1 кал/см2 = 40 кДж/м2.
Жарық сәулесінің адамдарға және экономика объектілеріне әсерін бағалау кезінде, шағылысқан сәулеленуді де есепке алу қажет. Бұлттардан немесе қар жамылғыларынан шағылысу есебінен, жарық сәулесінің әсері 2 есеге артуы мүкін.
Жарық сәулесінің адамға әсері, ол – дененің ашық бөліктерін күйік шалу, көрмей қалу немесе көз қабыршақтарын күйдіру. Күйік шалу жарық сәулесінен немесе жарық сәулесінің әсерінен жанған түрлі материалдардың жалынынан болуы мүмкін.
Туындау себебіне тәуелсіз, күйіктер организмді зақымдау ауыртпалығы бойынша төрт дәрежеге бөлінеді (сурет 20).
Сурет 20. Жарық сәулесінің әсерінен адамдардың зақымдану дәрежелері
Бірінші дәрежелі күйікте тері қызарады, ашып ауырады, үлбіреген ісіктер шығады.
Екінші дәрежелі күйік теріде көпіршіктердің түзілуімен сипатталады.
Үшінші дәрежелі күйік терінің жансыздануымен сипатталады.
Төртінші дәрежелі күйік терінің және теріасты клеткаларының ісінуімен сипатталады.
Бірінші және екінші дәрежелі күйікке шалдыққандар әдетте жазылады, ал үшінші және төртінші дәрежелі күйікке тері қабатының едәуір көлемі шалдыққанда - қаза табуы мүмкін.
Көздің жарық сәулесімен зақымдануың үш түрі болады:
1. Уақытша көрмей қалу, күндіз 2-5 минут созылады, ал түнде 30 минутқа дейін.
2. Көз табанының күйуі – адам көз жанарын жарылыс нүктесіне аударған жағдайда болады. Көз табанының зақымдануы жарық сәулесінің күйік тудырмайтын қашықтығында да болады. Жарық импульсі 6 кДж/м2 кезінде көз табанының зақымдануы болады.
3. Қас және кірпіктің күйуі (тері күйіктері болатын қашықтықта болады).
Жарық сәулесінің объект эелементтеріне әсер ету дәрежесі құрастырмалық материалдардың қасиеттеріне тәуелді болады.
Ядролық жарылыстың өзге зақымдаушы факторларына қарағанда жарық сәулесінен қорғау қарапайым келеді. Себебі, көлеңке түзетін кез-келген кедергі, кез-келген объект, жарық сәулесінен қорғай алады.
Өткіш радиация – бұл, ядролық жарылыс аймағынан қоршаған ортаға бөлінетін гамма-сәулелер мен нейтрондар ағымы.
Гамма-сәулелер мен нейтрондар энергиясына тәуелді, өткіш радиацияның ауада барлық бағытта таралуы 2,5-3 км қашықтыққа жеттуі мүмкін. Өткіш радиацияның әсер ету уақыты 10-15 секунд.
Өткіш радиацияның зақымдаушы әсері гамма-сәулелермен және нейтрондармен биологиялық ұлпаның атомдары мен молекулаларын иондауға негізделген. Нәтижесінде зат алмасу үрдісі бұзылады, жеке органдырдың және организм жүйесі клеткаларының тіршілік ету сипаты өзгеріп, спецификалық ауру – сәуле ауруын туындатады.
Өткіш радиация мен радиобелсенді зақымның негізгі зақымдаушы көрсеткіші – сәулелену мөлшері (шарпу мөлшері).
Достарыңызбен бөлісу: |