Адамдарға келетін зақым:
жеңіл – тез өтетін организм функциясындағы ауытқулар (құлақтағы шуыл, бастың айналуы, бастың ауруы, мүмкін жарақаттар мен буындардың шығуы);
орташа – буындардың шығуы, бас миының шайқалуы, дыбыс органдарының зақым алуы, мұрын мен құлақтан қан кету;
ауыр – бүкіл организмдегі зақым, естен тану, сүйектердің сынуы, ішкі органдардың мүмкін жарақаттары;
қатерлі ауыр - сүйектердің сынуы, ішкі қан кету, мидың шайқалуы, естен тану, қаза табу мүмкіндігі.
Экономикалық объектілер қирауының үш дәрежесі қарастырылады:
әлсіз – объект істен шықпайды, аздаған жөндеулерді қажет етеді;
орташа – объектінің екіншілік дәрежелі элементтері қирайды, қалған элементтері жөндеу жүргізу арқылы өалпына келеді;
күшті – объектінің негізгі элементтері қирайды және оны қалпына келтіру мүмкіндігі болмайды.
Тұрғын үй және өндірістік ғимараттар үшін төртінші дәрежесі қарастырылады – олардың толық қирауы.
Достарыңызбен бөлісу: |