Үшінші дәрежелі сәуле ауруы – жасырын мерзімі бірнеше сағат. Қабылданған радиация мөлшері 400-600 рад. Ауру қарқынды және ауыр жүреді. Жақсы емделу нәтижесінде сауығу 6-8 айда мүмкін болады. Уақтылы емделмеген жағдайда өлім шығыны 70%.
Төртінші дәрежелі сәуле ауруы – сәуле ауруының ең қауіпті дәрежесі. Қабылданған радиация мөлшері 600 рад жоғары. Емдеу профилактикасынсыз 2 аптаның ішінде өлімге соқтырады [13].
Зақымдалу ауыртпалықтары сәулеленуге дейінгі организмнің күйі мен жеке ерекшеліктеріне тәуелді болады.
Нейтрондардың экономикалық объектілердің элементтеріне белсенді әсері түзіледі. Нәтижесінде, объектіні келесі реттік іске қосу кезінде, жұмысшы персоналға зақымдаушы әсерін тигізеді.
Нейтрондар ағымының жоғары мөлшердегі әсерінен, радиоэлектроника және автоматика жүйелері жұмыс қабылетін жоғалтады.
Жарылыс орнының, жер бетіне жақын атмосфера қабатының және ауа кеңістігінің радиобелсенді заттармен залалдануы, ядролық жарылыстың радиобелсенді бұлттарының өтуі немесе радиациялық апаттың газ-аэрозольды бұлттарының өтуі нәтижесінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: |