Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері



бет235/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   264
7 Алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері

Заманауи өмірдің шарттары, өндірістегі және тұрмыстағы жоғары механизация, стихиялық апаттар адам ағзасының зақымдануына, жарақаттануына жиі әкеліп соғуда.

Стихиялық апаттар кезінде, соғыс уақыттарында, өндірістек, түрмыстық жағдайларда, оқу орындарында, тіпті автокөлік апаттарында жарақат алу жағдайлары жиі орын алып отырады.

Егер алғашқы медициналық көмекті арнайы медициналық білімі жоқ адамдар көрсетсе, зардап шегушінің жағдайы нашарлап кетуі мүмкін. Сондықтан да, халықты алғашқы медициналық көмек көрсету әдістеріне үйрету қажеттілігі туындайды. Алғашқы медициналық көмек қаншалықты жылдам әрі дұрыс көрсетілсе, зақымданушының өмірін сақтау мүмкіншілігі соншалықты жоғары болады [32].

Көмек көрсетуші:

- адам ағзасының өмірлік маңызды функцияларының бұзылуының негізгі белгілерін;

- алғашқы көмек көрсетудің жалпы қағидалары мен зардап шегушінің алған жарақатына қолдану тәсілдерін;

- зардап шегушіні тасымалдау мен көшірудің негізгі әдістерін біледі.

- зардап шегушінің халін бағалай және оған ең алдымен қандай көмек көрсету керек екендігін анықтай;

- жоғары тыныс алу жолдарының еркін өтуін қамтамасыз ете;

- «ауыздан ауызға» («ауыздан мұрынға») жасанды тыныс алдыруды және жүректің сыртынан массаж жасай және олардың тиімділігін бағалай;

- қан кетуді таңғышты сала отырып, тамырды саусақпен баса отырып уақытша тоқтата;

- жарақат алған жағдайда (жарақаттану, күйік, үсік, қатты ауыртып алу) таңғыш сала;

- сүйек сынғанда, қатты ауыртқанда, термиялық жарақаттанғанда дененің жарақаттанған бөлігін жандандыра;

- жылу немесе күн сәулесі соққанда, суға кеткенде, қатты уланғанда, құсқанда, есінен танғанда алғашқы көмек көрсете;

- зардап шеккендерді тасымалдау, көтеріп шығару кезінде қол құралдарын пайдалана;

- зардап шеккенді алғашқы жедел жәрдем машинасымен немесе жолшыбай көлікпен шығару тиімділігін анықтай;

- алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек салынған сөмкені пайдалана алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет