Қауіпсіздік ережелері. Түрлі-түсті бенгал оттары жану үрдісінде зиянды тотықты бөледі, сондықтан оларды ашық ауада тұтатқан дұрыс немесе тез арада орын-жайды желдетіп алу керек.
Петардалар - қатты шартыл және ашық заряд – бұл петардалардың халық арасындағы үлкен сұранысқа ие болуының құпиясы. Олардың кейбіреулерін сіріңкенің қорабына тұтатуға болады. Кейбіреулерін фитилін тұтатып атуға болады. Құрама әсерлі петардалар атар алдында секіруі, жоғарыға ұшуы мүмкін.
Рим шамы – ұзын картоннан жасалған түтікше, жоғарғы жағында фитиль орналасады, ал ішінде жай жанатын пиротехникалық құрамы және жұлдызшалар болады. Ол тек далада ғана қолданылады. Тұтанғаннан кейін шам жарқыраған және дыбысты әсерлер жасай отырып, жоғарыға жанған жұлдызшаларды атады.