Соғыс болған уақыт
|
Қаза болғандар саны
|
XVII ғасыр
|
950 мың адам
|
ХVІІІ ғасыр
|
1563 мың адам
|
Напалеон соғысы 1805-1815 жылдар
|
900 мыңға жуық адам
|
1815-1914 жылдар
|
630 мың адам
|
Бірінші дүниежүзілік соғыс
|
13,6 миллион адам
|
1919-1939 жылдар
|
668 мың адам
|
Екінші дүниежүзілік соғыс
|
50 миллионнан аса адам
|
1990-2000 жылдар
|
35-40 миллион адам
|
Сурет 16. Соғыстардың жіктелуі
1941 жылы 22 маусымда Гитлер ССРО-ға шабуыл жасап, Ұлы Отан соғысы басталды. ССРО территориясында 1710 қала, 70 мыңға жуық селолар қирады, 31850 өндірістік объектілер жойылды, 27 миллион адам қаза тапты [13].
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, қазіргі уақытқа дейін 100 аса ірі соғыс шиеленістері тіркелген. Онда 50 миллионнан астам адам қаза тауып, 30 миллионға жуығы жер аударған [13].
Қазіргі уақыттағы планетамызда бірнеше соғыс шиеленістері орын алуда. Қаза болғандар мен жарақат алғандар саны күн санап артуда. Жаңа дүниежүзілік соғыс басталса, қандай адам және материалдық шығындар боларын елестету қиын.
Мемлекеттер арасындағы соғыстық әрекеттерде орасан күшті заманауи зақымдау құралдарын (ЗЗҚ) қолдану нәтижесінде, соғыс ТЖ-лары туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |