Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет137/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Радиобелсенді залалдау көздері:

ядролық жарылыс кезінде:

- ядролық-жарылғыш заттардан (Pu-239, U-235, U-238) бөлінген өнімдер;

- нейтрондар әсерінен топырақ жамылғысында және басқа да материалдарда түзілген радиобелсенді изотоптар (радионуклидтер);

- ядролық зарядтың реакцияға түспеген бөлігі.

радиациялық апат кезінде:

- қолданылған ядролық отын;

- ядролық отынның қалған бөлігі.

Жер бетіндегі ядролық жарылыс кезінде, жарық сәулесі жер бетімен жанасады және жүздеген тонна топырақты бір мезетте буландырады. Оттық жарқыл шардан кейінгі ауа ағымы, аспанға көп мөлшерде шаң көтереді. Нәтижесінде, өлшемдері бірнеше микроннан бірнеше миллиметр аралығында ауытқитын, көп мөлшерде радиобелсенді және белсенді емес бөлшектерден тұратын алапат бұлт түзеді.

Сызбада, ядролық жарылыс бұлты ізіндегі залалдану дәрежесіне және адамдардың зақымдану қауіпіне тәуелді төрт аймақ қабылданған (А, Б, В, Г), ал радиациялық апат үшін – бес залалдану аймағы (М, А, Б, В, Г) қабылданған.

Әр аймақ сәулелену мөлшерінің Рсм және ядролық жарылыс кезіндегі радиобелсенді заттардың толық қону уақытындағы сәулелену мөлшерінің Дқус немесе радиациялық апат кезіндегі алғашқы бір жылдағы сәулелену мөлшерінің Дабжс қуатымен сипатталады (сурет 33).

Радиациялық қауіптің:

М аймағы – радиациялық апат кезінде және тек ғана бейбіт уақытта қызыл түспен белгіленеді;

А аймағы – бір қалыпты залалдану аймағы, көк түспен белгіленеді;

Б аймағы – күшті залалдану аймағы, жасыл түспен белгіленеді;

В аймағы – қауіпті залалдану аймағы, қоңыр түспен белгіленеді;

Г аймағы – төтенше қауіпті залалдану аймағы, қара түспен белгіленеді.



Бұлт ізіндегі адамдарға, иондаушы сәуленің зақымы: альфа – бөлшектермен (гелий ядросының ағымымен), бета – бөлшектермен (электрондар ағымымен), гамма – сәулелермен (фотондар, сәулелі энергияның корпускулалы ағымымен) және нейтрондармен келеді.

Сурет 33. Радиобелсенді бұлт ізіндегі залалданған аймақтардың сипаттамасы


Радиобелсенді бұлт ізіндегі адамдардың ашық алаңда зақымдануы дәрежесі, уақыт өткен сайын төмендейді.

Сәулелену уақытына және қабылданған мөлшерге тәуелді, сәулеленудің мүмкін салдары 9 кестеде келтірілген.


Кесте 9.

Адамның сәулелену салдары





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет