Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Заманауи зақымдау құралдары (ЗЗҚ)



бет130/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   264
Заманауи зақымдау құралдары (ЗЗҚ) – бұл, қолданылуы нәтижесінде адамдар қаза табатын, ауыл шаруашылық жануарлары мен өсімдіктерін жоятын, тұрғындар денсаулығын нашарлататын, экономикалық объектілерді, қоршаған табиғи орта элементтерін зақымдап, жоятын соғыс құралы.

Оған жататындар жаппай қырып жою қарулары (ядролық, химиялық, биологиялық) және заманауи қарапайым зақымдау құралдары (сурет 17).



Сурет 17. Жаппай қырып жою қаруларының жіктелуі


4.1.1 Ядролық қару

Ядролық қару – уран және плутоний изотоптарының ауыр ядроларының ыдырауы кезіндегі тізбектелген реакцияларға немесе сутегі (дейтерий, тритий) изотоптарының жеңіл ядролары мен гелий изотоптарының ауыр ядроларының ыдырауы кезіндегі термоядролық реакцияларға негізделген жаппай қырып жою қаруы.

Бұл қару түрлі ядролық оқ-дәрілерден (зымыран мен торпеданың бөліктері, ядролық құрылғымен жабдықталған авиациялық және тереңдік бомбалар, артиллериялық снарядтар мен миналар), оларды басқару және нысанаға жеткізу құралынан тұрады.

Ядролық жарылыстың зақымдаушы әсері оқ-дәрінің қуатына, жарылыс түріне, ядролық зарядталған құрылғының түріне тәуелді болады.

Ядролық жарылыстың негізгі зақымдаушы факторлары: соққы толқыны, жарық сәулесі, өткіш радиация, жарылыс орнының радиобелсенді заттармен залалдануы, электромагниттік импульс (сурет 18).



Сурет 18. Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары


Секундтың миллиондаған бөлігінде өтетін ядролық жарылыс кезіндегі температура миллиондаған градусқа, максималды қысым миллирдтаған атмосфераға жетеді. Жоғары температура мен қысым қуатты соққы толқынын түзеді.

Соққы толқыны – бұл жарылыс ошағынан дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен барлық бағытта тарайтын, кенеттен қысылған ауа аймағы. Соққы толқынының алдыңғы шебіндегі артық қысымға тәуелді адамдардың зақым алуы 19 суретте көрініс тапқан.

Сурет 19. Соққы толқынының алдыңғы шебіндегі артық қысымға тәуелді адамдардың зақым алуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет