Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Тұрғындарды қорғаудың негізгі әдісі



бет132/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Тұрғындарды қорғаудың негізгі әдісі – оларды жасыру. Ол үшін қорғаныс ғимараттарының барлық түрі қолданылады: панахана, жасырыну орындары (окоптар, ашық және жабық траншеялар, жертөлелер және т.б.). Жабық траншеялар адамдар зақымын 2 есе азайтса, тереңдігі 10м көп панаханалар толық сақтап қалады.

Ядролық қарудың зақымдау ошағы соққы толқынының артықша қысымының (Рш) шамасына тәуелді бірнеше аймақтарға бөлінеді [19]:

1) Толық қирау аймағы - Рш=50 кПа-мен (0,5 кгс/см2) шектеледі. Жер үстіндегі құрылыстардың барлық түрі жермен жексен болып, тек қана үйінділер қалады. Жер астындағы қорғаныс ғимараттар, панаханалары, коммуналдық жүйелері едәуір бүлінеді. Қорғанбаған адамдардың бәрі өліп, жер астында орналасқан паналаушылар әр-түрлі жарақат алады.

2) Күшті қирау аймағы - Рш=50-30 кПа арасында. Өнеркәсіп және тұрғын ғимараттардың көбісі толық қирайды немесе қатты бұзылады, бірақ жер астындағы құрылыстар толық сақталады; жасырынбаған адамдардың көпшілігі қаза табады. Қорғаныс паналарындағы адам арасында жарақат алғандар көп болмайды, жер беті радиобелсенді заттармен қатты ластанады.

3) Орташа қирау аймағы - Рш=30-20кПа арасында. Көп қабатты ғимараттар, электр жүйелерінің бағандары бір шамада бүлінеді, қорғаныс паналары, жер төлелер толық сақталып қалады. Адамдарға көмір қышқыл газымен улану қауіпі төнеді. Осы үш аймақ ядролық зақымдану ошағының 1/3 бөлігін құрайды және бұл жерде құтқару жұмыстары күрделі түрде жүргізіледі.

4) Жеңіл бүліну аймағы - Рш=20-10 кПа арасында. Ғимараттардың тек терезе жақтаулары, есіктері, ішінара үй шатырлары бүлінеді. Ағаш үйлер бұзылады, жеңіл от алатын заттардың төгілуінен екінші қайтарма өрт пайда болуы мүмкін.

Ядролық зақымдау ошағы аумағының 12% толық қирау аймағы, 10% күшті қирау аймағы, 18% орташа қирау аймағы, 60% жеңіл бүліну аймағы құрайды.

Соққы толқынның шебінде ауа температурасы да жоғары болады. Мысалы, 100 кПа артық қысымда ауа температурасы 350°С дейін барады. Бұл фактор жарылысқа жақын орналасқан панахананың ішінде отырған адамның ашық мүшелерін, тыныс алу жолдарын күйдіруі ықтимал.

Бұдан басқа ғимараттардың құлаған қабырғалары және басқа да заттары адамды басып қалып асфикция (тұншығу), ұзақ жаншылу синдромы сияқты жағдайларға әкеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет