Бірініші дәрежелі сәуле ауруы – жасырын мерзімі 2-3 апта созылады. Қабылданған радиация мөлшері 100-200 рад. Нышандары: көңіл-күйі бұзылады, жалпы әлсіздік бойлайды, жүрек айну, бас айналу, артериялық қысым артады, температура периодты түрде жоғарылайды. Қан құрамындағы ақ қан шарлары (лейкоциттер) азаяды, оттегі жетіспейді. Бірініші дәрежелі сәуле ауруын емдеуге болады.
Екінші дәрежелі сәуле ауруы – жасырын мерзімі бір апта шамасында. Қабылданған радиация мөлшері 200-400 рад. Сырқат нышандары анық байқалады. Жүйке жүйесінің функциясы бұзылады. 1,5-2 ай мерзімде белсенді түрде емделіп, жазылуға болады. Өлім шығыны 20%.