Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет134/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Шарпу мөлшері - сәулеленген ортаның бірлік массасы сіңіріп алған иондаушы сәуле ағынының энергия шамасы.

Шарпу мөлшерінің үш түрі белгілі:

1. Экспозициялық мөлшері - әуедегі радиацияны сипаттайды. Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) өлшем бірлігі Кл/кг (Кулон/килограмм), өзге өлшем бірлік (жүйеден тыс) рентген (р). 1 р шарпу мөлшерінде гамма-сәулелену ықпалынан құрғақ ауаның әр 1 см3 көлемінде (1=0°С, сынап бағанасы 760 мм) 2,08л>109 жұп иондар түзіледі. 1 р = 2,58·104 Кл/кг;

2. Жұтылған мөлшері – адам организмі ұлпаларымен жұьылған энергия мөлшерімен сипатталады. Иондатқыш сәулеленудің биологиялық ұлпаларға әсерін дәлірек білдіреді, ол СИ жүйесінде Грей (Гр) бірлігімен өлшеніп заттың 1 кг массасы 1 Дж энергиясын жұтып алғанын көрсетеді, яғни 1 Гр = 1 Дж/кг. Жүйеден тыс өлшем бірлігі рад, яғни 1 Гр = 100 рад. Әуеде 1 р = 0,87 рад, ал биоұлпаларында 1 р = 0,95 рад. Есептеуге не айтылуға оңай болуы үшін рентген мен рад бірліктерін өзара тең етіп қабылдайды;

3. Эквиваленттік мөлшерін (балама мөлшері) анықтау үшін сапа коэффициенті (К) жұтылған мөлшерге көбейтіледі. Балама мөлшері гамма-сәулелену мен нейтрондардың биоұлпаға ететін әсерін салыстыруға (теңестіруге) арналған.

Гамма -, бета - және рентген сәулелену үшін К = 1;

Энергиясы 20 кэВ-тан кем нейтрондар үшін К = 3;

Энергиясы 0,1 МэВ пен 10 МэВ арасындағы нейтрондар үшін К = 10. СИ жүйесінде балама мөлшері Зиверт (Зв) бірлігімен, ал жүйеден тыс бэр бірлігімен өлшенеді, яғни 1 Зв = 100 бэр = 1 ГрК.

Ядролық жарылыс барысында шыққан өткіш радиацияның шарпу мөлшері (алғашқы радиация шарпуы), бомбаның қуатына, жарылыс орталығынан қашықтыққа тәуелді. Қуаты 1 млн. тонналық жарылыста, одан 2,8 км қашықтықта шарпу мөлшері 100 р, ал 100 мың. т. үшін ол 5 р тең [19].



Организмнің биологиялық ұлпаларымен жұтылған мөлшеріне тәуелді сәуле ауруы төрт дәрежеге бөлінеді (сурет 21).

Сурет 21. Қабылданған радиация мөлшеріне тәуелді сәуле ауруының дәрежелері




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет