Электромагниттік импульс
Ядролық жарылыс кезінде атмосферада қуаты мол электромагниттік өрістер туындайды, олардың толқын ұзындығы 1 метрден 1000 метрге дейін жетеді. Аз уақыт мөлшерінде болғандықтан бұл өрістерді жалпы есебінде электромагниттік импульс (ЭМИ) деп атайды.
Адам организміне басқа зақымдаушы факторлармен салыстырғанда электромагниттік импульс аса ықпалын тигізе қоймайды, бірақ оның әсерінен әртүрлі электр аспаптарының, байланыс жүйелерінің ток өткізгіш сымдары және кабельдері жоғары кернеу мен ток пайда болу себебінен күйіп кетуі мүмкін. Әсіресе бұл жағдай жер үстіндегі және әуедегі жарылыстардың салдарынан болады. Мықты салынған жер астындағы қорғау паналардың өзінде мұндай құбылыстар орын алу мүмкін, өйткені электр желілері жер бетінен келеді. 1 млн. тонналық, әуедегі жарылыстан пайда болған ЭМИ күшті қалпында шамада 30 км қашықтыққа тарайды. ЭМИ-тан қорғау үшін энергиямен жабдықтау желілерін, аппаратураны арнаулы әдіспен қоршау, еріп кететін ендімелерді орнату, жерден, топырақтан айырып, оңашалап қою керек.
ЭМИ бірге радиотолқындар тарайды, олар едәуір қашықтыққа жетіп радиоаппаратурада бөгеуіл болып естіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |