Радиобелсенді заттармен ластану өткіш радиация секілді, адамдардың сәуле ауруына ұшырауына алып келеді. Сәуле ауруының дәрежесі қабылданған сәулелену мөлшеріне және ададмның сәулеленуге ұшырау уақытына тәуелді болады.
Сәулеленуді бір реттік, көп реттік және өткір сәулелену деп ажыратады. Бір реттік сәулелену деп алғашқы төрт тәулікте қабылдаған сәулеленуді айтады. Төрт тәуліктен аса қабылданған сәулеленуді көп реттік сәулелену деп атайды. Өткір сәулелену деп бір реттік сәулелену мөлшері 100 рад және одан жоғары болған сәулеленуді айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |