Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет206/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Атмосфера ластануының зардаптары

Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн əрқашан зиян. Түтiннiң құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзiлуiне əкеліп соғады. Тiптi кейбiр жағдайларда улы заттардың жинақталуы нəтижесiнде адамдардың аса қауiптi аурулары мен өлiмiне себеп болады. Мысалы, Лос-Анджелес қаласында, Калифорнияда, Британ аралдарында, сол сияқты Германия мен бiрқатар елдерде зиянды улы заттардың жоғары шоғырда атмосферада жинақталуы нəтижесiнде смог деп аталатын қалың тұмандар байқалды.

Лондонда смогтар ХIХ ғасырдың соңынан бастап белгiлi болған. Əсiресе 1952 жəне 1956 жылдары болған смогтар елге үлкен зардаптарын тигiздi. 1952 жылдың 5-9 желтоқсаны аралығында қаланың үстiн қаптаған тұман жауып тұрған. Тұманның құрамындағы зиянды қосылыстардың (күкiрт ангидридi, азот тотықтары, альдегидтер, хлорлы көмiрсутектер, т.б.) мөлшерi ауада қалыптағы мөлшерден 5-6 есе көп болып, 12 сағаттан кейiн көптеген адамдарда тыныс алу жолдарының аурулары, бас ауру, бас айналу, жөтел күшейген. Созылмалы бронхит ауруымен ауыратын адамдардың көпшiлiгi смогтың əсерiнен қазаға ұшыраған. Ұлыбритания астанасының үстiнде 1956 жылы қаңтарда 96 сағат бойы жауып тұрған смог мыңдаған адамдардың ажалына себеп болған. 1968 жылы Лондонда "Ауа тазалығы туралы заң" қабылданғаннан соң атмосфераның ластануы бiршама азайған [28].

Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140 жуық зиянды заттар болады. Олардың көпшiлiгi түссiз, иiссiз болып, организмге бiрден əсер ете қоймайды. Медициналы-санитарлық зерттеулер нəтижесiнде адамның денсаулығына зиянды заттардың бiрлесiп əсер етуi аса қауiп туғызатындығы белгiлi болды.

Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын нашарлатып, жұмыс қабылетiн төмендетiп, жөтел, бас айналу, дыбыс жолдарының спазмалары, өкпенiң түрлi аурулары, организмнiң жалпы улануын туғызып, түрлi ауруларға қарсы тұра алу қабылетiн төмендетедi.

Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрлерiнен шыққан газдар, түтiн, iрi қалалардың үстiнде пайда болатын түрлi шаңдар Күн сəулесiнiң Жердiң бетiне түгел түсуiне кедергi келтiредi. Мысалы, Париж қаласының маңындағы өндiрiс орындары аз аймақтарда ультракүлгiн сəулелер 3 % болса, зауыттар мен фабрикалар көп шоғырланған аймақтарда 0,3 % ғана. Ультракүлгiн сəулелерiнiң жетiспеушiлiгi балаларда авитаминоз жəне рахит ауруларын туғызатыны белгiлi.

Атмосфераның құрамындағы зиянды заттардан жануарлар мен жабайы аңдар да уланады.

Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамындағы фторлы жəне мышьякты қосылыстардан бал аралары уланып, олардың бал жинау қабылетi төмендейдi.

Бiрқатар мемлекеттерде жабайы аңдардың (бұғы, қоян мен қырғауыл, т.б.) атмосфераның құрамындағы күкiрттi газ, мышьяк, сурьманың əсерiнен улану оқиғалары көп кездеседi.

Өсiмдiктер үшiн əсiресе улы болып саналатын күкiрт, фтор, хлордың қосылыстары мен көмiрсутектер. Олар ауыл-шаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, саябақтарға үлкен зиян келтiредi. Дəндi дақылдардан бұл газдарға өте сезiмтал - арпа, көкөнiстерден - шпинат, орама, редиска.

Ауаның құрамында болатын күкiрттi газдың шектеулi мөлшері 0,02 мг/м3, азот тотықтары - 0,02 мг/м3 жəне аммиак - 0,1 мг/м3.

Мамандардың есептеулерi бойынша, Франция мемлекетiнде атмосфераның ластануынан болатын шығын ұлттық табыстың 4%, АҚШ - 3%, Жапонияда 8% құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет