Жер сілкінісіне дайындалу ережелері
Сейсмикалық ауданда тұратын адам кез-келген уақытта қатты жер сілкінісі болуы мүмкін деген ойға дағдылануы тиіс. Бұл ой біздің жүмыстағы, мектептегі және өзге жердегі күнделікті тіршілігімізден ажыратпауға, кедергі жасамауға тиіс. Алайда, жер сілкінісі болған кезде алдын ала не істеу керек екендігін білсек, оның зардабын едәуір азайта аламыз.
Жер сілкінісіне дейін не істеу керек?
Жер сілкінісі кезінде не істеу керектігінің отбасылық жоспарын жасап, онда мыналарды көрсетуге тиіссіз:
- жедел медициналық көмектің, өрт және авариялық қызметтердің, пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК), азаматтық қорғаныстың телефондары мен мекен-жайы туралы ақпаратты;
- отбасы мен жақын-жуық туралы жалпылама ақпаратты;
- отбасы мен жақын-жуықтар туралы медициналық ақпаратты;
- апат аймағының ішінде, сондай-ақ одан тысқары жерлерде көмектесе алатын жақын таныстардың, туыстардың, араласатын адамдардың тегін, мекен-жайын, телефондарын;
- отбасындағы және көршілермен үйлестіру және өзара байланыс жоспарын, оның ішінде отбасының әрбір мүшесі (балалар), егер олар үйге орала алмайтын болса, қайда бару керектігін білуге тиіс;
- электрді, су мен газды кімнің, қайда және қалай ажырату керектігін;
- 2-3 аптаның бойында өз үйіңіздің инженерлік қамтамасыз етусіз - сусыз, жарықсыз, газсыз, кталдауациясыз қалайша тіршілік ететіндігіңізді;
- егер сіздің отбасыңызда сәби, егде адам әрекетке қабілетсіз немесе қатты сырқат болса, олардың тіршілігі туралы ойластырыңыз;
- егер үйіңізде хайуанаттар болса, олар үшін тамақ пен су туралы қам жасауды ұмытпаңыз.
ТЖ кезіндегі отбасылық жоспарды балалар бақшасы мен мектептегі өз балаларыңыздың жиналу және көшіру жоспарымен, сондай-ақ жұмыстағы отбасының өзге мүшелерінің іс-әрекет жоспарымен сәйкестендіріңіз. Сонымен қатар, сіз ата-аналар келгенге дейін балаларыңызды қаншалықты ұзақ қорғай алатындығын немесе қорғай алмайтындығын, егер мектеп зақымданған болса, балаларыңызды қайдан алатыныңызды, егер ата-аналар келе алмаса балаларды қайдан алуға болатынын дәл білуге тиіссіз.
Мектеп мұғаліміне немесе балалар бақшасының тәрбиешісіне отбасылық жоспардың маңызды үзінділерінің көшірмесін беруді паспорт немесе өзге құжатқа қанның тобымен резус-факторларын жазуды, жоспарға отбасы мүшелерінің созылмалы ауруларын және денсаулықтың бұзылуын, сондай-ақ тиісті тиым салынғандарды, шектеулерді, өзіңізге аса қажет дәрі-дәрмектерді жазуды ұмытпаңыз:
- шкафты, сөренi, суырмаларды қабырғаға, еденге мықтап бекiтiңiз. Кереуеттi терезенiң жанына қоймаңыз. Сөрелердi керуеттiң, есiктiң, плитаның астына қоймаңыз. Жиһазды бөлмеден шығатын жердi жаппайтындай етiп орналастырыңыз;
- дәлiздi, өтетiн жердi баспалдақ торларын, есiк ойығын жиһазбен және мүлiкпен жаппаңыз;
- пәтерде, үйге кiре берiсте электрдi, газды және суды ажыратуды үйренiңiз;
- үйде консервiленген тағам мен суды, құм салынған шелектi, алып жүретін электр шамын, өрт сөндiргiштi (автомобильдiк), алғашқы медициналық жәрдем қобдишасын ұстаңыз. Алғашқы медициналық жәрдем беру тәсiлiн үйренiңiз;
- қауiптi заттарды (улы химикат, жылдам тұтанатын сұйық) оларды сынбайтын немесе шашылмайтын сенiмдi жерге сақтаңыз;
- құжаттарды белгiлi бiр орынға сақтаңыз. Артық киiм, аяқ киiм (маусым бойынша), шам, кiшкентай балта, қобдиша, май шам, сiрiңке, тамақ салынған жол қапшығын пәтерден шыға берiс жерде ұстаңыз;
- зақымданған жағдайда, өз үйіңізді қорғау үшін, бірнеше табақ фанерді және мықты пластикаларды дайындап қойыңыз, онымен сынған терезелерді және басқа саңлауларды бекітесіз;
- төтенше жағдай кезiнде өзара көмек және бiрлескен қимыл жасау туралы көршiлермен келiсiңiз;
- жиналатын жердi және көшіру тәртiбiн бiлiңiз;
- көлiк жайды, саяжайды күштi жер сiлкiнiсiнен кейiнгi алғашқы уақытта тұрақ ретiнде пайдалануға болады. Онда азық-түлiк пен киiмнiң артық қорын сақтаңыз;
- үйде жер сiлкiнген жағдайда не iстеу керектiгi туралы жүйелі түрде әңгiме және жаттығу өткiзiп отырыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |