Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет27/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Жер сілкінісінің ошағы (гипоцентрі) - жан жаққа сейсмикалық толқындар тарайтын жер қабығының қалыңындағы орын. Терең фокустық жер сілкіну ошағы 50 км-ден 700 км дейін болады. Жер сілкінісі ошағының формасы, көлемі жағынан әр түрлі болуы мүмкін. Жер сілкіну ошағының үстінде орналасқан ауытқуы өте күшті болатын жер бетіндегі нүкте - жер сілкінісінің эпицентрі деп аталады.

Жер сілкінісінің орталығы (эпицентрі) - жер бетіндегі жер сілкінісі ошағының проекциясы. Гипоцентрдің формасына байланысты эпицентрдің түрі де ерекше болып келеді (нүктелік, сызықтық, аудандық).

Жер сілкінісі Жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай: Жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін), орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 – 60 км), аралық (60 – 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып жіктеледі. Ең көп таралғаны - жақын және орташа тереңдіктегі жер сілкіністері. Терең фокусты жер сілкінісі өте аз таралған. Жер сілкінісінің гипоцентрі теңіз бен мұхиттардың астында да орналасады. Оларды теңіз сілкінсі деп атайды. Бұл құбылыстардың нәтижесінде цунами пайда болады.

Жер сілкінісінің ұзақтығы бірнеше секундтан бірнеше айға (кейде жылға) дейін созылады. Механикалық кернеу күшінің біртіндеп шығуына байланысты, жер асты дүмпулері қайталанып отырады. Әдетте, алғашқы күшті дүмпуден кейін, әлсіз дүмпулер тізбегі жалғасады. Оларды афтершоктар деп, ал дүмпу білінген уақыттың барлығын жер сілкінісі кезеңі деп атайды. Афтешоктар негізгі дүмпуден соң 3 – 4 жыл бойы жалғасуы мүмкін. Мысалы, 1887 ж. Алматыдағы (Верный) жер сілкінісі кезінде 600 дүмпу болғаны тіркелген.

Жер сілкінісі кезінде орташа есеппен 1·1024 – 1·1025 эрг энергия бөлінеді. Мысалы, Ашғабадта болған жер сілкінісінің энергиясы – 1023 эрг.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет