Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет38/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Шаңды дауыл - ауа райы құрғақ кезде топырағы жеңіл ұшатын үлкен алапта соғатын қатты желдер. Олар көп жыртылған жерлерде, құмды шөлдерде тағы басқа жерлерде болып тұрады. Жыртуға жарамды аудандарда шаңды дауылдар топырақтың ұлпаларын ұшырып, өсімдік тамырларьш ашып тастайды да, ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді.

Теңіз дауылы - созылмалы, жылдамдығы 103-120 км/сағ күшті жел, теңізде үлкен толқулар, құрлықта бұзылулар тудырады. Теңіз дауылы жыл сайын ондаған теңіз көліктерінің, жағалаудағы қираулардың себешісі болып табылады.

Тайфун - Шығыс Азиядағы тропиктік циклондар. Тайфун жағдайында желдің күші сұрапыл болады. Бұл тропик мұхиттары мен теңіздерінде (Оңтүстік Қытай теңізі) пайда болады. Тропиктік шеп бойында олар субтропиктік және қоңыржай ендіктерге, оның ішінде Қиыр Шығысқа дейін жетеді. Тайфундардың әсерінен су тасқыны, күшті нөсер жаңбырлар пайда болады.

Шквал – қысқа уақыттың ішінде қозғалыс бағытын өзгерте желдің бірден күшейуі. Шквалдың ұзақтығы бірнеше секундтан ондаған минутқа жетеді. Ауа қозғалысының жылдамдығы 72-108 км/сағ. Шквал салқын ауаның атмосфераның жылы қабатына белсенді енуі нәтижесінде, жыл мезгілінің жылы уақытында туындайды. Қауіптілігі кенеттен туындауы, орасан жел күші, ауа температурасының кенет төмендуі.

Торнадо - диаметрі 75 м, жел жылдамдығы 64-177 км/сағ болатын, жер беті мен бұлттар тобы арасын қосатын құйын, ауа ұрасы. Антарктикадан басқа барлық құрлықтарда кездескенімен басым бөлігі АҚШ-та орын алады. АҚШ-тың шығысында, әсіресе Миссисипидің орта ағысында көбінесе көктем мен жаз айларында жиі болып тұратын көлемі кіші, бірақ едәуір күші бар дауыл.

Құйын - жоғары көтерілетін ауаның айналма формасы, мөлшері жағынан ауа қозғалысының ең кіші түрі, ал айналу жылдамдығынан ең шапшаң келеді.

Құйындар көбіне ыстық ауа райында және жоғары ылғалдылықта пайда болады, яғни атмосфераның төменгі қабаттарында тұрақсыздық туындағанда.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет