Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет29/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   264
Жалпы  кеңестер

Жер сілкінісі кезіндегі ғимарат ішіндегі кез-келген адамның тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін жер сілкінісі дүмпуі кезінде бас сауғалайтын жерді, қауіпсіз орынды алдын ала білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін ғимараттан тез шығып кету керек.

Тәжірибеде салыстырмалы қауіпсіз орын - негізгі ішкі қабырғалардың ішіндегі бұрыштары, негізгі ішкі қабырғалардағы жерлер, коллоннадағы және каркас бағандарының асты, кіре-беріс есіктердің маңдайшаларының асты, берік үстелдер және т.б. екендігі дәлелденген.

Жер сілкінісі  кезінде  қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың әйнектелген терезелері, шеткі бөлмелер, әсіресе соңғы қабаттардағы, лифтілер, баспалдақтар  алаңы мен балкондар жатады.


Үйде, жұмыста көшеде және өзге жерлерде жер сілкінісі кезінде  өзіңіздің қалайша әрекет ететініңізді алдын ала ойластыруға тырысыңыз. Әсіресе жан-жақты, егжей-тегжейлі жоспар үйде де, жұмыста да болуға тиіс.
Ең алдымен өзіңіз тұратын немесе жұмыс істейтін ғимараттың сейсмикалық төзімділік дәрежесін ескеру қажет.

Өз ғимаратыңыздың, ғимарат шегінде өзіңіз тұрған жердің беріктігін және қатты жер сілкінісі кезінде сіздің құзырыңызда бар-жоғы 15-20 секунд қалатындығын назарға ала отырып, сіз өзіңіз үшін ыңғайлы орынды алдын ала таңдап алуға, не болмаса ғимараттан тезірек шығып кетуге тырысуға, не оның ішіндегі салыстырмалы қауіпсіз орынға баруға әрекеттеніңіз.


Алдын ала ойластырылған жоспар сізге жылдам және қисынды әрекет етуге көмектеседі. Алайда, жағдайға байланысты оны жылдам өзгертуге дайын болыңыз.

Дүмпулерден және өзіңіз тұрған ғимарат қатты теңселгеннен кейін ол бұзыла бастауы, жабынның жекелеген плиталары немесе тірек қабырғаларының блоктары құлауы мүмкін. Бұл жағдайда ғимаратты жер сілкінісі кезінде тастап кетуге әрекеттену ғимарат ішінде болғаннан гөрі  едәуір қауіпсіз болуы мүмкін. Есіңізде болсын қоршаулардың (тірек қабырғалары емес), каркасты ғимараттардағы ілінбелі қабырға панелдерінің құлауы, ғимараттың толық қирайтындығын білдірмейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет