Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Егер сiздi құлаған қабырғалар немесе топырақ басып қалса



бет35/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   264
Егер сiздi құлаған қабырғалар немесе топырақ басып қалса:

- ұнжырғаңыз түспесiн, терең және бiрқалыпты дем алыңыз. Аштық пен шөлге шыдауға дайындалыңыз. Дауыспен немесе қағыспен адамдар назарын аударыңыз. Өзiңiздi табуды жеңiлдету үшiн кез-келген металл затын (жүзiк, кiлт және т.б.) оңды-солды бұлғаңыз;

- егер сiздiң төңiрегiңiздегi кеңiстiк аздап бос болса, сiрiңке, май шам жақпаңыз, оттегiнi  сақтаңыз.  Жаңа  үйiндiнiң құламауы үшiн мұқият қозғалыңыз, сырттан келген ауаның қозғалысы бойынша бағдар жасаңыз. Тар жерден шыққан кезде бұлшық етiңiздi еркiнсiтiп, шынтағыңызды бүйiрiңiзге қысыңыз. Еденнен аяғыңызды серпiп көтерiлiңiз. Өзіңіздің қолыңызда бар заттардың көмегiмен (тақтай, кiрпiш және т.б.) төбенi мықтап тiреңiз және көмектi күтiңiз;

- егер сiздi топырақ басып қалса, iшiңiзге қарай бұрылуға әрекеттенiңiз. Өйткенi кеудеге және өкпеге қысым түспеуi керек;

- қысылған қол мен аяқты қан айналымы қалпына келу үшiн жиi үйкелеңiз. Қатты шөлдеген жағдайда аузыңызға жалпақ шағын тасты немесе бет орамалдың жыртындысын салып, оны сорыңыз, мұрынмен дем алыңыз;

- егер сiз үйiндi астында қалсаңыз сақтықпен қол-аяғыңызды босатуға тырысыңыз. Бұл жағдайда өзiңiзге кедергi жасаған тасты, кiрпiштi, ағашты және басқа заттарды алуға, қозғалтуға немесе сындыруға әрекеттенбеңiз. Өйткенi, үйiндiнi тепе-тендiкке солар ұстап тұруы мүмкiн. Осындай "қоқысты" алсаңыз жүздеген килограмм төмен құлауы мүмкiн. Қысылған қол мен аяқты төменгi жағынан қазып алған жөн. Босанған бойда бiр бүйiрмен жатып, аяқты кеудеге қысып, қолды арқаның астына салып иiлу қажет. Осылайша, жерге етпетiнен, қатты бүгiлiп, тiземен шынтаққа сүйенiп жатуға болады;

- егер сiз жоғары жақтан құтқару жұмыстарының дауысын естiсеңiз, үйiндiден өзiңiз шығуға әрекеттенудiң қажетi жоқ. Бұл қиын да қауiптi іс.
Мұндай тосын жағдайда ең бастысы төзiмдiлiктi жоғалтпау керек. Адамның тiрi қалу мерзiмi оның рухани жағдайына, күш-жiгерiне байланысты. Торыққан адам - мойын ұсынып, сабыр сақтау керек! Аса қиын жағдайда өмiр үшiн күрескен адам тiрi қалу мүмкiндiгiн сақтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет