Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021


Күшті желдермен туындайтын төтенше жағдайлар



бет37/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

2.3 Күшті желдермен туындайтын төтенше жағдайлар

Жел – атмосферадағы ауа массасының көлденең бағытта қозғалуы.

Жер атмосфера ауасының қалың қабатына оранған. Атмосфера ауасының ерекшелігі әр уақытта қозғалыста болуы. Бұл қозғалыс ауа массасының түрлі температурасымен шартталады және Жер бетінің Күн сәулесімен біркелкісіз жылуымен, түрлі атмосфералық қысыммен байланысты.

Жел атмосфера қабаттарында қысымның біркелкі таралмауынан пайда болады әрі жоғары қысымнан төменгі қысымға қарай бағытталады. Ауа қысымы уақыт пен кеңістікте тұрақты болмайтындықтан желдің жылдамдығы мен бағыты үнемі өзгеріп отырады.

Жел үлкен аумақты қамти отырып, көлемді ауа ағындарын (муссондар, пассаттар, т.б.) туғызады, осыдан жергілікті және жалпы атмосфералық айналым пайда болады. Қазақстанның барлық өңірінде (әсіресе, жазық жерлерде) күшті желдер жиі болып тұрады, оның максимумы қыс айларына (40 – 45 м/с) және көктем мен күзде (20 – 35 м/с) келеді. Өте күшті желдер Каспий жағалауы және биік тау асулары мен аңғарларында байқалады [10].

Дүниежүзілік желдер жіктеліміне Қазақстан аумағында тұрақты соғатын 23 жел тіркелген. Оларды Қазақстан бойынша мынадай аймақтарға бөледі: ашық далада (Жосалы, Сілеті, т.б.); шөл және шөлейт, үлкен ашық су қоймалары төңірегінде (Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл көлдері, т.б.); тау аңғарларында және тау аралық өңірлерде («Жетісу қақпасы», «Шілік аңғары», «Жаңғызтөбе», «Қордай», т.б.); орташа биіктіктегі таулар мен қырқаларда («Ерейментау», «Ұлытау», «Қарқаралы», «Мұғалжар», т.б.) соғатын желдер.

Жел арзан электр энергиясын өндіру, құдықтан су тарту, диірмен айналдыру, егін суару, т.б. үшін пайдаланылады.

Жел ағысы – мұхит пен теңіз суының жоғарғы қабатында (үйкеліс қабаттары деп аталатын 100 м, кейде 200 м тереңдік) жел мен судың арасындағы үйкелістен пайда болатын ағыс. Бір бағытта ұзақ соғатын желдің әсерінен пайда болған жел ағысын дрейфтік (ықпа) ағыс (мысалы, Солтүстік және Оңтүстік пассаттық ағыстар, Батыс желдердің ағысы, т.б.) деп те атайды.

Қыс айларында жел күші көбейсе, жаз айларында азаяды, ал су керісінше, қыс айларында азайса, жаз айларында көбейеді.

Қыс кезінде желдің соғатын бағыты оңтүстік, оңтүстік-шығыстан болса, жаз айларында солтүстік, солтүстік-батыстан соғады. Желдің орташа жылдамдығы 6,8 – 7,8 м/с, ал жел электр стансалары 4 – 5 м/с-тен бастап энергия бере бастайды. Желдің жалпы қуаты 5000 МВт-тан астам деп болжануда. Бұл өте зор энергия көзі, әрі көмір мен мұнайды, газды үнемдеуге, сонымен қатар қоршаған ортаны ластанудан сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Желдің негізгі сипаттамалары: қозғалу бағыты, жылдамдығы, күші [11].

Желдің бағытын көкжиектің қай тұсынан соғуына байланысты анықтайды және оны градуспен немесе румбымен (16 румбылық жүйемен), ал жылдамдығын – м/с, км/сағ, узелмен немесе балмен (Бофорт шкаласы бойынша) өрнектейді. Биіктікке көтерілген сайын үйкеліс күшінің азаюына байланысты жел қуаты өзгереді, сонымен қатар ол градиенттердің өзгеруіне де тәуелді болады. Желдің жылдамдығын анықтау үшін анемометр приборы қолданылады, ал бағытын анықтау үшін флюгер қолданылады. Желдің күші Бофорт (Ф.Бофорт ағылшын гидрографы, 1806 ж.) шкаласының балы бойынша анықталады. Жел жылдамдығы мен Бофорт балы арасындағы қатынас 1 кестеде берілген.
Кесте 1.

Жел жылдамдығы мен Бофорт балы арасындағы қатынас



Бофорт балы

Желдің жылдамдығы, м/с

Желдік сипаттамасы

Желдің әрекеттері

0

0-0,5

Тымырсық

Түтін тігінен көтеріледі

1

0,6-1,7

Бәсең

Түтін қисая көтериледі

2-6

1,8-12,4

Жеңіл, әлсіз, біркелкі

Жапырақ сыбдырынан бұтақтардың сыбдырына дейін

7-8

12,5-18,2

Күшті

Ағаш бұтақтары сынады

9

18,3-21,5

Дауыл

Шатырлар ұшып кетеді

10

21,6-25,1

Боран, күшті дауыл

Ағаштар тамырымен жұлынады

11

25,2-29

Алапат дауыл

Үлкен бұзылулар

12-17

29 жоғары

Қиратушы боран

Талқандауыш әсерлер

Ауа қозғалысының жылдамдығына, бағытына, температурасына, орнына, ұзақтығына тәуелді планетамызда келесі негізгі желдер белгілі және олардың күштілігі бойынша топталуы 8 суретте көрсетілген.



Сурет 8. Күшті желдер



Дауыл - күші жойқын, жылдамдығы 117 км/сағ сұрапыл жел. Дауылдың ұзақтысы бірнеше тәулікке дейін созылады. Әдетте дауылмен бірге жауын-шашын болып, ауа температурасы төмендейді. Дауылдың ені 20-200 км аралығында болады. Олар көбінесе тропиктік циклондар құрамында кездеседі. Теңіздер мен ірі көлдерде (мыс.: Қазақстандағы Алакөлдегі сойқан желдер) дауылдар кейде құйын аралас сұрапыл толқынды су қозғалысын туғызады.

Дауылдың ең жиі кездесетін орындары АҚШ, Бангладеш, Кубой, Жапония, Антильскими аралдары, Сахалин, Қиыр Шығыс. Әрбір дауылға синоптиктер атау береді немесе төрт санды нөмір береді. Дауылдың бойында орасан зор энергия болады.

Дауылды жел адамдарды жарақаттап, өлімге соқтырады. Күшті дауыл жер бетіндегі көпшілік құрылыс нысандарын қирайды, шатырларды ұшырып әкетеді, транспорт құралдарын аударып тастайды, теңіз көліктерін су батырады немесе жағалауға шығарып тастайды, электр және байланыс жүйелерін істен шығарады, егістік алқаптары мен өнімдерін жояды, туындаған өрттердің тез таралуына жағдай жасайды, теңіз бен көлдерде күшті толқын көтереді. Күшті дауыл кезіндегі желдің жылдамдығы ауаның жер бетіне таяу қабатында 108 км/сағ жоғары болады. Қазақстанның жазық өңірлерінде жиі байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет