Жер сілкінісінің салдары:
- құрылыс нысандарының құлауы, үйінділердің астында қалуы, электр тогымен, газбен, түтінмен, отпен, сумен зақымдануы нәтижесінде адамдардың жарақат алуы немесе қайтыс болуы;
- электр желілерінің, сұйық отын, газ, тез тұтанатын материалдардың зақымдануы нәтижесінде туындаған өрттер;
- атом энергетикасының, химия өнеркәсібінің, коммуналды шаруашылық объектілеріндегі қоймалардың, коммунмкацияның, технологиялық қондырғылардың бұзылуы нәтижесінде радиобелсенді, химиялық қауіпті және басқа да қауіпті заттардың тасталуы;
- транпорттық авариялар және апаттар;
- тіршілік әрекетін қамтамасыз ету жүйелерінің электр желілерінің, су құбырларының, кталдауацияның бұзылуы және т.б.
Жер сілкінісінің салдары келесілерге тәуелді: күшіне, орнына, ТЖ аймағындағы тұрғындар мен құрылыс нысандарының тығыздық дәрежесіне, тәулік уақытына, объектілердің сейсмотұрақтылығына, ТЖ кезінде іс-әрекет етуге тұрғындардың дайындық дәрежесіне, іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу жеделдігіне.
Жер сілкінісінің алғашқы белгілері: ғимараттардың теңселуі, шамдардың шайқалуы, терезе мен ыдыс-аяқтардың сылдыры, сынған терезенің дыбысы, жер астынан келетін жағымсыз дыбыс.
Достарыңызбен бөлісу: |