Күн күркіреу – күшті топтасқан бұлттармен, дыбыс эффектісімен қатарласа жүретін электрлік разрядтың туындауымен (жай түсу), күшті желмен, нөсер жауынмен, бұршақпен, температураның төмендеуімен байланысты атмосфералық құбылыс.
Күн күркіреудің негізгі қиратушы факторы – жай түсу.
Сызықтық найзағайдың негізгі сипаттамалары [13]:
- ұзындығы 2-50 км;
- ені 10 м дейін;
- ток күші 50-60 мың Ампер;
- таралу жылдамдығы 100 мың км/с дейін;
- найзағай арнасындағы температура 30 мың градус;
- найзағай өмірінің уақыты 0,001-0,002 с.
Найзағай жеке тұрған биік ағашқа, шөп маясына, пеш құбырына, биік құрылыстарға, тау басына жиі түседі. Найзағай орманда еменді, сораны, шыршаны, қайың мен үйеңкіні жиі зақымдайды. Найзағай өрт пен жарылыстың шығуына, құрылыс ғимараттары мен конструкциялардың қирауына, адамдардың жарақат алып, қаза болуына әкеліп соғады.
Найзағай адамды келесі жағдайларда зақымдайды:
- тура түсу нәтижесінде;
- электр разрядының адамға өте жақын қашықтықтан (1 м) өткенде;
- электр тогының ылғал жер немесе сумен таралуы кезінде.
Найзағай тез ағымды, буырқасын және төтенше қауіпті табиғи құбылыстар қатарына жатады.
Адамның найзағаймен зақымдануын болдырмау үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |