2.5 Жанартаулардың атқылауымен туындайтын төтенше жағдайлар
Жанартау (вулкан) – Жер қабатының тереңдегі жарылымдары мен жарықтарынан жер бетіне шығатын лава, күл, ыстық газдар, бу, су, балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары. Латынша vulcanus – от, жалын деген мағынаны білдіреді, ежелгі римдіктердің мифологиясындағы от құдайы ұғымынан шыққан.
Үйінді жанартаулар - жер бетіне құйылған лаваның қатынасынсыз тек борпылдақ сынық материалдан тұратын жанартаулар. Үйінді жанартаулардың күлден (Неапольдің жанындағы Монте Нуово) немесе жанартау бомбаларының және лапилдердің ірі сынықтарынан (Липар аралдарындағы Стромболи) тұратын конусы болады.