Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі ж. Н. Рахманбердиева экстремалдық жағдайларда адамның Өмір сүру тәсілдері шымкент, 2021



бет52/264
Дата21.04.2022
өлшемі1,59 Mb.
#31835
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   264
Байланысты:
лекция ЭЖАОСТ

Найзағайдан қорғау – найзағай соққысын ескертуге бағытталған іс-шаралар кешені. Найзағай соққысынан қорғанудың негізгі техникалық құралы найзағай қайтарғыш.

Ол қорғалатын объектіден жоғары орналастырылады және жерлендіруші элементі болуы керек. Күн күркіреу кезінде найзағай қайтарғышқа 15 м қашықтыққа дейін жақындауға тиым салынады.



Найзағайдан қорғану шаралары

Тұрғын үйлер бар жерде үйге кіріп  паналаңыз немесе автомобильге жасырыныңыз. Және де бұл орайда желорай соқпау үшін есік пен терезелерді  мықтап бекітіп қойыңыз,  теледидар, компьютер, жылытқыш секілді барлық электр құралдарын сөндіріп, жарықты өшіріп қойыңыз. Шұғыл қажеттілік болмаса телефонды да пайдаланбаңыз. Егер үйіңізде спутниктік  теледидар  тәлеңкесі тұрса, антеннаны тюнерден ажыратып қойыңыз. 

Егер көшеде келе жатсаңыз, найзағай аймағында жүгіруге немесе  шалт қимылдауға болмайды. Бойыңыздағы алтын тізбек, сақина, сырға секілді барлық металл әшекейлерді  шешіп тастаңыз. Электр берілісі бағандарына немесе биік ағаштарға жақындамаңыз. Металл қоршаудың, болат құбырлардың, рельстердің жанына бармаңыз. Сондай-ақ электр берілісі сымдарына жақындамаңыз. Ауыл шаруашылығы техникаларына, мотоцикл, велосипед секілді шағын көлік құралдарына жуымаңыз.

Табиғат аясында демалып жүрсеңіз, жаңбыр басталғанша шатырыңызды мықтап бекітіп қойыңыз. Ыдыс-аяқты, күректер мен ара, балғаларды, шашлык пісіретін мангалды  және басқа металл заттарды адамдардың маңынан 15-20 метрдей жерге апарып қойып, шатырға кіріп жатыңыз да, найзағайдың аяқталуын күтіңіз. Егер  шатыр жоқ болса өзіңізді жерден оқшаулаңыз. Ол үшін астыңызға полиэтилен, бұтақ, тас қойып алыңыз. Тезеңізді бүгіп, оған басыңызды салыңыз да өкшелеріңізді түйістіріп, үстіңізге полиэтилен жауып алыңыз, өйткені су тиген дене мен су киімдер жай түсу қаупін күшейте түседі.

Егер сіз найзағай кезінде суға түсіп жүрсеңіз немесе қайықта отырсаңыз дереу жағалауға шығыңыз, өйткені су электр тогын өткізгіш  болып табылады.

Орманда жүрсеңіз, бұтақтары мол аласа ағаштың астына жасырыныңыз. Найзағай жиі жағдайда еменге, терекке, шегіршінге, сирегірек шырша мен қарағайға, анда-санда ғана қайың мен үйеңкіге түседі. Найзағай кезінде  тоғай шетінде, үлкен алаңқайларда, су ағып жатқан жерлерде  тұрмаған абзал.

Тауда жүрсеңіз, найзағай жақындап келе жатқанда биіктен, жотадан, шоқыдан, шыңнан етекке түсу керек. Жартастарға, жалама қабырғаларға сүйенбеңіз. Асты  қуыс жартастардың астына жасырынбаңыз, одан да үңгірге жасырынып, қабырғадан 2 метрдей алыстау отырыңыз.

Жапан түзде, ашық жерде найзағайдан құрғақ шұңқырлар мен қанауларға, жыраларға жасырыныңыз. Егер оларға су тола бастаса тезірек кетіп қалыңыз. Құмдақ және тастақ топырақтың  балшықтан гөрі қауіпсіздеу екені есіңізде болсын.

Егер сіздің көзіңізше бір адамға жай түссе, оған дереу көмек көрсетіңіз. Есіңізде болсын, жай түскен адамдардың бәрі өле бермейді. Зардап шегушіге қолдан тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасауды бір минутке де тоқтатпаңыз. Мұны тек өлімнің айқын белгілері көрінген кезде ғана доғаруға болады. Жай түскен адамды жерге көмуге   болмайды. Егер реанимациялық шаралар көмектесіп, адам клиникалық өлім жағдайынан шыққан болса, оны дереу ауруханаға жеткізіңіз. Дәрігерлер келгенше  зардап шегушіге 2-3 таблетка анальгин беріп, басына бірнеше қабат етіп бүктелген суық суға шыланған мата жауып қойыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   264




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет