Найзағай – жер және бұлт арасындағы потенциалдар айырмашылығынан (бірнеше миллион Вольт) туындайтын жоғары энергетикалық электр разряды.
Найзағайлар сызықтық, шар тәрізді, жазық және айқын бейнелі болып жіктелуі 10 суретте көрсетілген.
Найзағайдың күші ауа температурасына тікелей тәуелді. Температура жоғары болған сайын, найзағай күші жоғарылайды. Найзағайдың ұзақтығы бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады.
Сурет 10. Найзағайдың жіктелуі
Көкжиектің қай нүктесінде болсын мұнара тәріздес қуатты қою қара жауын бұлттары пайда болған кезде, бұлттардың ары қарай қоюлануына назар аударған жөн және бұл ретте желдің келе жатқан найзағай туралы дұрыс пайым жасауға мүмкіндік бермейтінін ескеру керек. Найзағайлар жиі жағдайда желге қарсы жүреді. Жақындап келе жатқан найзағаймен ара қашықтықты күннің алғашқы күркірі мен найзағай жарқылы арасындағы секундтарды есептеп айқындауға болады. Бір секундтық үзіліс найзағайдың 300-400 метрде, екі секундтық үзіліс 600-800 метрде, үш секундтық үзіліс 1 шақырымда екендігін білдіреді. Секундпен есептегендегі үзіліс неғұрлым аз болса найзағай да солғұрлым жақын және қауіпті деген сөз.
Найзағай басталатын кезде жел тына қалады немесе керісінше, жел өзінің бағытын өзгертіп, қатты өкпектене соғады да, одан кейін жаңбыр басталады. Алайда жаңбырсыз, «құрғақ» найзағай барынша қауіпті.
Жақындап келе жатқан найзағайдың сипаттамалық белгілері:
- тәуліктің екінші жартысынан бастап, қара түйдек жаңбыр бұлттарының басуы;
- атмосфера қысымының және ауа температурасының кенеттен төмендеуі;
- тымырсық, қапырық, желсіздік;
- табиғатта тыныштықтың орын алуы;
- алыстағы дыбыстардың таза, анық естілуі;
- жақындап қалған найзағай жарқылдары, күн күркіреу.
Достарыңызбен бөлісу: |