Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Модуль бойынша оқу нәтижелері және бағалау критерийлері



бет25/42
Дата07.04.2023
өлшемі251,06 Kb.
#80167
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Байланысты:
38-Элеватор-ұн-тартатын-жармалық-және-құрама-жем-өндірісі-мамандығы-бойынша

2.4 Модуль бойынша оқу нәтижелері және бағалау критерийлері
2-Модульді оқу кезінде алынған білімдерді бағалауға арналған үлгі сұрақтар «Элеваторлы, ұн, жармалық және құрама жем өндіру» 1216000 мамандығы бойынша «Студенттердің білім беру бағдарламасын меңгеруін тексеру мақсатында ағымдағы және қорытынды бақылауды жүргізуге арналған бақылау-өлшеуіш материалдардың жиынтығында» келтірілген.
Оқытушылар Модульді аяқтағаннан кейін, кей сұрақтардың санын (мысалы, 25) таңдап, 45 минутқа сабақтың тексеру жұмысын ұйымдастыру үшін келтірілген тізімді кеңейту және толтыру қажет. Тексеру жұмысы мүмкін балдардың жалпы санының 50 % алған кезде орындалған болып саналады.
Бұдан басқа, Модуль шегінде оқытушы оқу материалын игеруін тексеру үшін, өз қалауынша, екі қысқа сауалнама жүргізеді.


2.5 Басқа модульдермен қатынасы, модульді оқудың негізгі талаптары
2-Модульге өту негізі болып 1-Модульді оқу кезінде алынған дәнді дақылдар туралы негізгі білімнің болуы табылады.
Жалпы, мазмұны жағынан, сондай-ақ, жүйелеу жағынан әр алдыңғы модуль шегінде оқушылар әр келесі модульге қажетті негізгі білім алады. Сондықтан, жеке модульдерді басқа модульдерден бөлек оқыту мүмкін емес. Оқудың мақсаты оқушылардың құзыретін жүйелік арттыру. Олар өздерінің кәсіптік қызметтерінің шегінде міндеттерді өздігінен жоспарлау, орындау және бағалау қажет.
1-4-модульдерінен тұратын оқу бағдарламасының шегінде, оқушылар ұн өнеркәсібі аясындағы кәсіптік қызметтің негізін танып біледі. Осы бағдарламаның шегінде оқушылар дәнді дақылдар, олардың ерекшеліктері мен мәндері туралы, қорек физиологиясы тұрғысынан, тиісті сақтау және алдын ала өңдеу ерекшеліктері, ұн жабдықтарын тазалау, оларға күтім жасау және техникалық байқау жайлы жалпы білім алады. Сонымен, оқушылар ұн өнеркәсібінде дербестік жұмысқа қажетті құзыретін алады.


МОДУЛЬ

  1. ШИКІЗАТ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕ СОҢҒЫ ӨНІМДЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ

3.1 Модуль мақсаты
Студенттер қойылған мақсаттарға байланысты тасымалдаудың түрлі механикалық және пневматикалық құралдарды қолданады. Олар аспирация қажеттілігін түсінеді, оның техникалық жабдықталуын біледі және қондырғыны орната алады. Олар тасымалдауыш материалдардың санын, тасымалдау жылдамдығы есептейді, сондай-ақ, іріктеу қондырғыларына есептер жүргізеді. Оларға шаңның пайда болу мәселесі белгілі, оны жою бойынша шараларды әзірлейді.

Оқушылар түрлі жетектердің міндеттерін, құрылымын және әрекет ету принциптерін ажыратады. Қондырғылар мен жабдықтар үшін есептер жасау, тасымалдау жолы ашылған мен тасымалдау жабдығы сипаттайды, олардың жұмысын сұлба түрінде көрсетеалады.


Оқушылар энергияны тиімді пайдалануды талқылайды, энергияны үнемдеу бойынша ұсыныстар дайындайды және тасымалауыш құрылғының таңдауын негіздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет