ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі тҮзеу пеДагОгикасының ҰлттыҚ ғылыми пРактикалыҚ



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата10.04.2022
өлшемі358,12 Kb.
#30530
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
ііі Сабақты бекіту   

логопед:


  а  дыбысы  ортасында,  басыда,  соңында  келетін  жеміс  – 

жидектердің,  көкеністердің  аттарын  жазыңдар.а  дыбысын  сипаттап 

беріңдер.

Тақырыбы: Р- дыбысы мен әрпі.

Мақсаты мен міндеті:  Р әріптерімен балаларды таныстыру.  Ды-

бысты  буында,  сөздерде  анық  айту,  дыбыстық  талдау  –  жинақтау 

дағыдыларын қалыптастыру.

көрнекіліктер: жануарлар мен құстар бейнеленген суреттер «торғай, 

жолбарыс, зебра, керік, қасқыр т.б) тау, сарай, гүл, ағаштардың суреттері,, 

ойыншықтар.




58

Сабақ барысы. 

Ұйымдастыру кезеңі.

бір,  екі,  үш  жануарларға  айналамыз.  жолбарысты  бейнелңдер,  ол 

қалай ақырады, көрсетіңдер (ррр). торғай ағашты қалай тоқылдатады 

–тр-р-р,  тр-  р-р.  мысық  қалай  дауыстайды,  көрсетіңдер  (мур-р-р-р). 

Қарғаның  кішкентай  баласы  қарны  ашып  анасын  жіңішке  дауыспен 

шақырады. (қар-р-р-р).  Оның анасы оған жуан дауыспен жауап береді. 

(қар-р-р, кар-р-р-р)

бігін  біз  сабақта  қай  дыбысты  айтып  үйренетінімізді  түсінген 

шығарсыңдар. (Р дыбысы)

мені мұқият тыңдаңдар. мен сендерге ертегі айтып беремін. баяғы 

бір заманда биік таудың басында «Р» дыбысы өмір сүріпті. 

кәне, дыбысты айтып көрейік. Қандай дыбыс екен? жабыраңқы ма, 

алде қуанышты дыбыс па? Дауысты әлде дауыссыз ба? Үнді әлде үнсіз 

бе?


Дыбысты жеке айтуын машықтандыру

«Р»  дыбысының  айналасында  жануарлардың  ырылдаған  дауысы 

естіледі. Олар қалай ырылдайды? (ррр) тастар құлап жатты (дыбысты 

үзінді  айту  –  р-р-р).  күн  күркіреп  қорқытты  (Р  дыбысы  бірде  қатты, 

бірде ақырын дауыспен айтылады). бұл дос болуға жарамайтын дыбыс 

еді. Р дыбысының көңіл – күйі түсіп кетті. (Р дыбысы көңілсіз айтыла-

ды). жанынан торғай ұшып бара жатып оған: «неге көңілсіз отырсың?»  

мен бір ғажайып балабақшаны білемін.онда барлық дыбыстар сиқырлы 

сарайда тұрады. балалар оларды дұрыс айтып үйренеді. сонда бар деп 

ақыл айтты.  «Р» дыбысының қуанышы қойнына сыймай, жолға жинал-

ды. ал, біз «Р» дыбысына көмектесеміз (балалар орнына отырады).

 

Дыбысты буындар мен сөздерде айтуын машықтандыру



тақтаға таудың суреті ілінеді. 

мынау не ?(тау) «Р» дыбысына осы таудан өтуге көмекке «а» 



дыбысын жіберейік. Қандай буын шықты? (ра). Осылай балалар басқа 

дауысты дыбыстармен қосып басқа да буындарды айтып жаттығады (ру 

– ро – ры). барлық буын тіркестерін бірге атйып, «р» дыбысына тау-

дан өтуге көмектесейік:  ра- ро-ру-ры (балалар бірнеше рет қайталап, 

қолдарын  екі  жаққа  ажыратады.).  тау    жылжып,  «Р»  дыбысына  жол 

ашылды.  бірақ алдында  шау- қор кездесті. балалар,мен бірдеңені ша-

тастырып алдым ба? Қоршау сөзі дұрыс айтылады. 

Дыбысты талдау мен жинақтау дағдыларын дамыту.




59

Қоршауды ашу үшін ерекше сөздер айтуымыз керек. мен сен-



дере сөздер айтамын, сендер оған қарама – қарсы сөздер айтыңдар: жа-

ман (жақсы), қорқақ (қайсар), еріншек (еңбекқор). «алақаай»! Қоршау 

ашылды. Қоршау ішінде  -жануарлар. Олардың аттарын тапсаңдар «р» 

дыбысына жол көрсетеді. 



Тапсырмалар: аңның атауы ж дыбысынан басталып, с дыбысы-

мен аяқталады. бұл не? (жолбарыс). неше дауысты дыбыс бар? неше 

буыннан тұрады? «Р» дыбысының орнын анықтаңдар. бұл сөзде неше 

дыбыс бар?

Шашылып  қалған дыбыстады жинап, сөз құрастырыңдар: 



 «к», «р», «і», «е», «к». (керік).

буындары  шатасын  кеткен  сөздерден  жануарлардың  аттарын 



құрастырыңдар:  ра-зеб,  қыр-қас  (зебра,қасқыр).  балалар  «Р»  дыбысы 

қандай  жануарлармен  достасты?  (керікпен,  жолбарыспен,  қасқырмен, 

зебрамен!.

сөздің  схемасы  беріледі.  Осы  торкөздерге  біз  білетін  аңның 



атын жасырып тұр. аңның атын тауып айтыңдар (қасқыр). бұл сөзде 

неше буын бар? неше дауысты дыбыс бар? бірінші буынды,екінші бу-

ынды атңдар. Р дыбысы сөздің қай бөлігінде орналасқан?

Сергіту сәті. 

Р дыбысының көңіл – күйі көтеріліп, өлеңдете бастады. бізде 



оған қосылып оның өлеңін айтайық. (ра- ра- ра ұшып келді ара. ар – ар 

– ар тауға жауды қар. ыр – ыр – ыр шаршап қалсаң отыр).

Р әріпімен таныстыру. 

жұмбақты тыңдап, қай дыбыс туралы айтылғанын шешіңдер.

             Қарда бар                     жарда бар,

             мұзда жоқ.                   Құзда жоқ.  (Р)

Р  дыбысы,  бұл  сен  туралы  жұмбақ  қой!  Қара,мынау  сенің 



таңбаң. Ол Р әріпі, танысайық.

жылқышының құрығындай,

тіп – тік тұруын – ай. 

(балаларға Р әріпін ауада, жіппен жазуын сұраймыз). 

 сабақтың қорытындысы. «Р» дыбысын сипаттап беріңдер.

Тақырыбы: Буын.

мақсаты мен міндеті: 

балаларды буындармен таныстырамыз; «әріп» 

- «буын» - «дыбыс» түсініктерін балаларға үйрету;буынның талдау мен 

жинақтау дағдыларын қалыптастыру; буындағы дауысты дыбыстардың 

рөлі;сөздің өзгеру дағдысы; логикалық ойлау қабілетін дамыту.




60



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет