4. Оқу пəнінің 10- сыныптағы базалық мазмұны
20. Кіріспе (1 сағат), қазіргі заманның тарихи кезең ретіндегі сипаттамасы.
Қазіргі заман тарихының мерзімдік шектері. Қазіргі заман тарихының мазмұны.
Индустриалдық қоғамның рухани дамуындағы дағдарыс. Постиндустриалдық
қоғамға өту.
21. ХХ ғ. басындағы дүниежүзі (5 сағат):
Еуропа мен Солтүстік Американың алдыңғы қатарлы елдерінің
ХХ ғ. басындағы дамуының негізгі бағыттары (2 сағат), ХХ ғ. басындағы
дүниежүзінің саяси картасы» (Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ.
Монополистік капитализм, оның Батыстың басты елдеріндегі ерекшеліктері.
Прогрессизм. Неолиберализм. Əлеуметтік реформизм. Д. Ллойд Джордж. Т.
Рузвельт. В. Вильсон. Ж. Клемансо;
ХХ ғ. басындағы халықаралық қатынастар (1 сағат), əлемді
территориялық жағынан бөліске салудың аяқталуы жəне оны қайта бөлісу
жолындағы күрестің басталуы. ХХ ғ. басындағы қарулы қақтығыстар. Əскери
одақтардың құрылуы. «Үштік одақ», құрылу кезеңдері, қатысушылардың
мақсаты, ішкі қайшылықтары. Антанта, құрылу кезеңдері, қатысушылардың
мақсаты. ХХ ғ. басында Балқан мəселесінің шиеленісуі;
Бірінші дүниежүзілік соғыс (2 сағат), шілде дағдарысы жəне дүниежүзілік
соғыстың басталуы. 1914-1918 жж. соғыс қимылдарының негізгі кезеңдері.
Марна өзеніндегі, Верден түбіндегі жəне Соммадағы шайқастар. Германияның
«қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Қарулардың жаңа түрлерін қолдану.
Соғысушы елдердің экономикасын қайта құру. Батыс жəне Шығыс майдандағы
соғыс қимылдары. 1917 жылғы соғыс қимылдары. Ресейдің соғыстан шығуы.
Соғысқа АҚШ кірісуі. Соғысушы елдерде əлеуметтік-экономикалық жəне саяси
қайшылықтардың шиеленісуі. Соғыстың соңғы кезеңі. Үштік одақтың жеңілуі.
Компьен уақытша бітімі. Соғыстың зардаптары;
22. 1918-1945 жж. Еуропа жəне Америка елдері (13 сағат):
соғыстан кейінгі əлемді қайта құрудағы Версаль-Вашингтон жүйесі (1
сағат), Париж бітім конференциясы. Ұлттар Лигасының құрылуы. Мандаттық
жүйе. Бітім шарттарының Версальдық жүйесі. Вашингтон конференциясы.
Версаль-Вашингтон жүйесі: мəні жəне қайшылықтары;
батыс елдерінің дүниежүзілік соғыстар аралығындағы дамуының негізгі
бағыттары (1 сағат), батыстың басты елдерінің əлеуметтік-экономикалық
дамуының ортақ сипаты. Соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтіру.
Өндіріс пен капиталдың шоғырлануының күшеюі. 1929-1933 жж. дүниежүзілік
экономикалық дағдарыс. Əлеуметтік даму. Шикізат көздері мен тауар өткізу
аймақтарын қайта бөлісу. Батыс демократиясы жəне реформизм. Фашизмнің
шығуы. Фашизм жəне демократия. Тоталитаризм. Еуропадағы Халықтық
майдандар;
Германия (1 сағат), соғыстың соңғы жылдарындағы Германияның
экономикалық жəне саяси жағдайы. 1918-1919 жж. революция. Веймар
39
конституциясы. Веймар республикасының құрылуы. Веймар республикасының
ішкі жəне сыртқы саясаты. НСДАП құрылуы. Фашистік бүлік жəне оның іске
аспауы. 1923 ж. саяси дағдарыс. Гамбругтегі көтеріліс. Германиядағы
экономикалық дағдарыстың ерекшелігі. Нацистердің өкімет басына келуі.
Тоталитарлық режим орнату. Германиядағы нацистік диктатураның ішкі жəне
сыртқы саясаты. Жаппай жазалаулар. Нацистік диктатураның əлеуметтік-
эк)ономикалық саясаты. Фашистердің нəсілдік саясаты;
Италия (1 сағат), əлеуметтік-экономикалық жəне саяси даму. Жұмысшы
жəне шаруалар көтерілісі. Фашистік ұйымның пайда болуы. Б. Муссолини.
Фашистердің өкімет басына келуі. Демократиялық күштердің фашизмге қарсы
күресі. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Италияға əсері. Б. Муссолини
үкіметінің ішкі жəне сыртқы саясаты;
Испания (1 сағат), Испанияның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
саяси жəне экономикалық жағдайы. 1930-1931 жж. саяси дағдарыс.
Революцияның басталуы. Республиканың жариялануы. Халықтың майданның
құрылуы жəне сайлаудағы жеңісі. 1936 ж. бүлік жəне азамат соғысының
басталуы.
Интернационалды
бригадалар.
Республиканың
жеңілуі.
Ф. Франконың авторитарлық диктатурасының орнауы;
Орталық жəне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (1 сағат), Орталық жəне
Оңтүстік-Шығыс Еуропада көп ұлттық империялардың ыдырауы жəне жаңа
тəуелсіз мемлекеттердің құрылуы. Аймақтағы елдердің əлеуметтік-
экономикалық жəне саяси дамуы. Австрия жəне Венгриядағы революция.
Австрияда республиканың жариялануы. Венгрияда кеңестік республиканың
орнауы. Венгерлік Кеңестік Республиканы талқандау жəне М. Хортидің
авторитарлық үкіметінің орнауы. Чехословакия республикасының дамуы.
Польяк мемлекетін қалпына келтіру. Екінші Речь Посполитая. Югославияның
əлеуметтік-экономикалық жəне саяси дамуы. Болгария. Румыния. Албания;
Ұлыбритания (1 сағат), Ұлыбританияның соғыстан кейінгі əлеуметтік-
экономикалық жəне саяси дамуы. Д. Ллойд-Джордж үкіметінің реформалары.
Екіпартиялы жүйенің дағдарысы. Бірінші лейбористік үкімет. Ағылшын
экономикасы тұрақтануының ерекшеліктері. 1926 жылғы жаппай ереуіл.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Ұлыбританияның дамуына əсері.
Р. Макдональд. Ұлттық үкіметтің реформалары. Н.Чемберлен үкіметтің ішкі
жəне сыртқы саясаты. У.Черчиль жəне сыртқы саяси бағыттағы өзгерістер;
Франция (1 сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары. Бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның дамуы.
«Солшыл одақ» үкіметі.
Э. Эррио. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жəне оның Франциядағы
зардаптары. Фашистік қозғалыс. Халықтық майдан жəне оның сайлау
қарсаңындағы бағдарламасы. Халықтық майдан үкіметінің парламенттік
сайлаудағы жеңісі. Халықтық майдан үкіметінің реформалары. Халықтық
майданның ыдырауы;
Ресей жəне КСРО (2 сағат), Ресей империясындағы 1917 жылғы
революциялық оқиғалар. Патша өкіметін құлату жəне республиканың
құрылғанын жариялау. Уақытша үкіметтің құрылуы. Билік үшін күрес.
Большевиктердің өкімет басына келуі. Билік, жер жəне бітім туралы Декреттер.
40
Құрылтай жиналысын қуып тарату. Ресейдің соғыстан шығуы. Брест бітімі.
Ресей халықтары құқықтарының декларациясы. Азамат соғысы жəне
интервенция. «Əскери коммунизм» саясаты жəне ЖЭС. КСРО-ның құрылуы.
1924 ж. Конституция. Əміршілдік-əкімшілдік жүйенің орнауы жəне
И.В. Сталиннің жеке билігінің күшеюі. Индустрияландыру. Ұжымдастыру. 30-
жылдардағы аштық. Жоспарлы экономиканың құрылуы. Жаппай жазалаулар.
ГУЛАГ. 1936 ж. Конституция. Кеңес өкіметінің сыртқы саясаты;
АҚШ (1 сағат), АҚШ соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда.
Республикандардың билік басына келуі. «Просперити»
кезеңі. Дүниежүзілік
экономикалық дағдарыстың Америка Құрама Штаттарына əсері. Г. Гувер
əкімшілігінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы. 1932 жылғы президенттік сайлау
жəне демократтардың жеңісі. Ф.Д. Рузвельттің «жаңа бағыты». Соғысаралық
жылдардағы АҚШ-тың сыртқы саясаты;
Латын Америкасы елдері (1 сағат), Латын Америкасы елдеріне жалпы
сипаттама. 1910-1917 жж. Мексикандық революция. 1917 ж. Конституция.
Соғыстан кейінгі Латын Америкасы елдері. Латын Америкасы елдері дүние-
жүзілік экономикалық дағдарыс кезеңінде. Əлеуметтік-экономикалық жəне
саяси дамудың ерекшеліктері. Латын Америкасы елдері екінші дүниежүзілік
соғыс кезеңінде;
қайталау (1 сағат).
23. 1918-1945жж. Азия жəне Африка елдері (8 сағат):
Жапония (1сағат), бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның
саяси жəне əлеуметтік-экономикалық дамуы. 1918 жылғы «Күріш бүлігі».
Танака үкіметінің ішкі жəне сыртқы саясаты. Дүниежүзілік экономикалық
дағдарыс жəне тоталитарлық-милитаристік тенденцияның күшеюі. 1932 жəне
1936 жылдардағы бүліктер жəне «Жас офицерлер». «Антикоминтерндік пакт»
пен «Үштік пактіге» қол қою. Жапонияның Қытайдағы жəне Оңтүстік-Шығыс
Азиядағы басқыншылық əрекеті;
Түркия (1 сағат), Осман империясының ыдырауы жəне оның жерін
Антанта мемлекеттерінің басып алуы. Сұлтандық режимнің дағдарысы жəне
шетел интервенттеріне қарсы партизандық күрес. Мұстафа Кемаль Ататүрік.
Революцияның
жеңісі
жəне
республиканың
жариялануы.
Түркия
Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы. 1924 жылғы
Конституция. Саяси, экономикалық жəне мəдени қайта құруларды іске асыру.
Түркия Республикасының 30-40-жылдардағы экономикалық жəне саяси дамуы;
Қытай жəне Монғолия (1 сағат), азаттық қозғалысының өрістеуі.
Шаньдун мəселесі. 1919 жылғы «4 мамыр қозғалысы». Азамат соғысы. Чан
Кайши. Гоминьданның билік үшін күресте жеңуі жəне Қытайды біріктіру.
Гоминьданның реформалары. Екінші азамат соғысы. Жапонияның Қытайға
қарсы басқыншылық əрекеттері жəне біртұтас майдан мəселесі. Монғолияның
бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дамуы. 1921 жылғы революция. Д. Сухэ-
Батор. Монғол Халық Республикасының құрылуы. Елді кеңестік үлгі бойынша
модернизациялау əрекеті. Х. Чойбалсан жəне саяси жазалаулар. Монғол-кеңес
жəне монғол-қытай қатынастары;
41
Ауғанстан жəне Иран (1 сағат), жас ауғандықтар қозғалысы.
Ауғанстанның
тəуелсіздігін
жариялау.
Ағылшын-ауған
қақтығысы.
Ауғанстанның Аманолла билігі кезіндегі дамуы. 1923 ж. Конституция.
Реформалар. 20-жылдың соңы 30- жылдың басындағы жағдай. 1931 ж.
Конституция. Мұхаммед Захир-шах режимінің орнауы. Иранда саяси күрестің
шиеленісуі. Ирандағы саяси күреске Кеңес үкіметінің араласуы. Мемлекеттік
төңкеріс. Каджарлар династиясының биліктен кетуі. Реза-шаха Пехлевидің
əкімшілік, экономикалық жəне мəдени реформалары;
Үндістан (1 сағат), Британ билеушілерінің Үндістандағы отарлық
саясаты. Үндістан халықтарының отаршылдыққа қарсы күресі. Үнді Ұлттық
Конгресі. М.К. Ганди жəне зорлықсыз қарсылық идеясы. Сатьяграх науқаны.
Елде бұқаралық қозғалыстың өрістеуі жəне жаңа саяси бірлестіктердің қызметі.
Жаңа саяси бірлестіктің қызметі жəне жаппай толқудың өршуі. Мұсылмандар
Лигасы. Британ билеушілерінің Үндістандағы əкімшілік реформалары. Джинна
жəне Пакистанды құру туралы идея;
Азияның араб елдері (1 сағат), Осман империясы ыдырағаннан кейін
Азияда араб мемлекеттерінің құрылуы. Ирак, Сирия, Ливанның ХХ ғ. бірінші
жартысындағы саяси жəне əлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері.
Аравиядағы араб мемлекеттері. Азиядағы араб елдерінің азаттық күресі;
Африка елдері (1 сағат), Солтүстік Африканың саяси картасы.
Африкадағы араб елдері. Магриб елдері дүниежүзілік соғыстар аралығында.
Египеттегі ұлт-азаттық күрес. ХХ ғ. бірінші жартысындағы Судан жəне Ливия.
Тропикалық жəне Оңтүстік Африка елдері. Басқару жүйесі жəне экономикалық
дамуы. Африка халықтарының азаттық күресі. Италия-Абисиния соғысы;
қайталау (1 сағат).
24. Халықаралық қатынастар (2 сағат), ХХ ғ. 20-30-жылдарындағы
халықаралық қатынастар. Халықаралық қатынастардың тұрақтануы. Генуя
конференциясы. Дауэс жоспары. Локарно конференциясы. Бриан – Келлог
пактісі. 1930-1939жж. халықаралық қатынастар. Дүниежүзілік экономикалық
дағдарыс жылдарында халықаралық қатынастардың шиеленісуі. Еуропа мен
Қиыр Шығыста соғыс ошақтарының пайда болуы. Басқыншы мемлекеттер
одағының құрылуы. Соғысты болдырмау мүмкіндіктері. Ұжымдық қауіпсіздік
жүйесін құру идеясы;
1938-1939 жж. халықаралық саяси дағдарыс. Австрияны қосып алу
(аншлюс). Судет мəселесі. Мюнхен келісімі. Германияның Чехословакияны
басып алуы. Ағылшын – француз – кеңес келіссөздері. Өзара шабуыл жасамау
туралы кеңес-герман келісімі. Шығыс Еуропаны ықпал аймағына бөлісу
мəселесі.
25. Екінші дүниежүзілік соғыс (2 сағат), екінші дүниежүзілік соғыстың
басталуы жəне барысы. Фашистік Германияның Польшаға шабуылы жəне
екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы. «Оғаш соғыс». Кеңес Одағы əскер-
лерінің Польша жеріне енгізілуі. Кеңес Одағы мен Финляндия арасындағы
соғыс. Германияның Батыс Еуропа елдерін басып алуы. Францияның жеңілуі.
«Англия үшін шайқас». Балкандағы, Солтүстік Африкадағы соғыс қимылдары.
Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы. Қорғаныс ұрыстары. Москва
42
түбіндегі шайқас. «Қауырт соғыс» жоспарының күйреуі. Жапонияның Перл-
Харборға шабуылы. АҚШ-тың соғысқа кірісуі. Тынық мұхиттағы соғыс
қимылдары. Антигитлерлік одақ. Ф.Д. Рузвельт, И.В. Сталин, У. Черчилль.
Ленд-лиз. Тегеран конференциясы. Фашистер басып алған жерлердегі «жаңа
тəртіп». Холокост. Еуропа елдеріндегі Қарсыласу қозғалысы;
екінші дүниежүзілік соғыстың барысындағы түбірлі бетбұрыс.
Сталинград жəне Курск шайқастары. Еуропада екінші майданның ашылуы.
Италияның тізе бүгуі. Ялта конференциясы. Германия мен Жапонияның
талқандалуы. Кеңес Одағының фашизмді жеңуге қосқан үлесі. Соғыстың
қорытындылары мен сабақтары. Потсдам конференциясы. БҰҰ құрылуы.
26. ХХ ғ. бірінші жартысындағы ғылым мен мəдениеттің дамуы (2 сағат),
ғылым мен техниканың дамуы. Жаратылыстану ғылымдары. Физика, химия,
биология, медицина жəне басқа жаратылыстану ғылымдары саласындағы
жаңалықтар. Адамның дүниетанымындағы өзгерістер. Техниканың дамуы
(автокөлік жасау, авиация, радиотехника. Қоғамдық ғылымдар. Тарих
ғылымының теориясы мен əдіснамасының дамуы;
мəдениет. Мəдениеттің дамуындағы негізгі тенденциялар. Авангардизм.
Əдебиет пен өнердегі жаңа ағымдар. Дадаизм. Сюрреализм. Реализм.
Бұқаралық мəдениет. Кеңес Одағындағы ғылым мен мəдениет. Ғылым мен
мəдениет саласындағы қайта құрулар. Сауатсыздықты жою. Ескі салттар мен
дəстүрлерді жою. Халық мəдениетінің үлгілері мен ескерткіштерді қирату.
Кеңес ғылымының жетістіктері. Əдебиет жəне өнер. Қоғамдық ғылымдарды,
əдебиет пен өнерді коммунистік идеология мүдделеріне бағындыру.
Тоталитаризм жəне мəдениет. Сталиннің жеке басына табынушылық жəне
оның зардаптары.
27. Қорытынды қайталау (1 сағат).
5. Оқу пəнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны
28. ХХ ғ. екінші жартысы жəне ХХІ ғ. басындағы Еуропа жəне Америка
елдері (17 сағат):
Ұлыбритания (2 сағат), Ұлыбритания ХХ ғ. 40-жылдарының екінші
жартысы – 70-жылдарында. Екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптары.
К. Эттли үкіметінің əлеуметтік-экономикалық саясаты. Консервативтік
үкіметтердің ішкі жəне сыртқы саясаты. Англияның Еуропалық Экономикалық
Қауымдастыққа қосылуы туралы мəселе. Ұлыбританияның ҒТР жағдайындағы
дамуы. Г. Вильсон үкіметінің ішкі жəне сыртқы саясаты. Солтүстік
Ирландиядағы жағдайдың шиеленісуі. Əлеуметтік-экономикалық реформалар.
Британдық ұлттар ынтымақтастығының даму мəселелері;
Ұлыбритания XX ғ. 80-жылдары – ХХI ғ. басында. М. Тэтчер үкіметінің
əлеуметтік-экономикалық саясаты. Сыртқы саясат. Аргентинамен соғыс.
Ольстер мəселесі. Т. Блэр үкіметінің ішкі жəне сыртқы саясаты. Жаңа
лейборизм. Дж. Г. Браун үкіметі. 2010 ж. парламенттік сайлау. Д. Камеронның
коалициялық үкіметі;
Франция (2 сағат), Франция ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 70-
43
жылдарында. Уақытша режим. Экономиканы қалпына келтіру. Алжирдегі
соғыс.IV республиканың дағдарысы жəне құлауы. 1958 ж. Конституция жəне
Бесінші республиканың құрылуы. Президент Ш. де Голль кезіндегі
Францияның ішкі жəне сыртқы саясаты. ҒТР жəне экономикадағы құрылымдық
өзгерістер. В. Жискар дُ Эстеннің сыртқы саясаты;
Франция ХХ ғ. 80-жылдары – ХХІ басында. Солшыл күштердің 1981 ж.
президенттік жəне парламенттік сайлаулардағы жеңісі. «Миттеран дəуірі».
80- жылдардың ортасындағы миттеранизм эволюциясы. Сыртқы саясат.1995 ж.
президенттік сайлаудағы Ж. Ширактың жеңісі. Л. Жоспен кабинетінің қызметі.
2007ж. президенттік сайлау жəне Н.Саркозидің жеңісі. 2008 ж. Конституциялық
реформа. 2012 ж. Сайлау;
Германия (2 сағат), Германия Федеративтік Республикасы ХХ ғ. 50-70-
жылдарда. Германиядағы оккупациялық режим. Экономиканы қалпына келтіру
мəселесі. Батыс белдеулердегі ақша реформасы. Берлин дағдарысы. Екі герман
мемлекетінің пайда болуы: ГФР жəне ГДР. Германия Федеративтік
Республикасының Конституциясы. К. Аденауэр үкіметінің экономикалық
саясаты. Неміс «экономикалық ғажайыбы». 60-шы жылдардағы Германия
Федеративтік Республикасының экономикалық жəне саяси дамуы. ГФР сыртқы
саясаты. В. Брандт үкіметінің ішкі жəне сыртқы саясаты. 70-жылдардың
ортасындағы дағдарыс жəне оның зардаптары;
ГФР ХХ ғ. 80-жылдары – XXI ғ. басында. Г.Коль үкіметінің ішкі жəне
сыртқы
саясаты.
Неоконсерватизмнің
германдық
нұсқасы.
Берлин
қабырғасының құлатылуы. Германияның бірігуі. ГФР біріккеннен кейінгі
дамуы. Шығыс жерлердің əлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мəселе.
ГФР ХХ – XXI ғғ тоғысында. Г. Шредер жəне А. Меркель үкіметтерінің ішкі
жəне сыртқы саясаты;
Италия (1 сағат), Италия ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 80-
жылдарында. Экономиканы қалпына келтіре бастау. Республиканың
жариялануы. Аграрлық реформа. 60-шы жылдардағы елдің экономикалық
дамуы. 70-ші жылдардың ортасындағы экономикалық дағдарыс жəне оның
зардаптары. А. Мороның өлтірілуі. Италиядағы саяси тұрақсыздықтың
себептері. Коррупциямен күрес. Италия ХХ ғ. 90-жылдары – XXI ғ. басында»
Италиядағы екінші республика. 2001 ж. парламенттік сайлау. М. Монти
үкіметінің құрылуы;
Испания (1 сағат), франко диктатурасы кезіндегі елдің дамуы.
Тоталитарлық режимнің ішкі саясаты. 60-жылдардағы экономикалық
саясаттағы өзгерістер. Диктатурадан демократияға өту. Саяси реформалар.
Партиялардың қызметінің жандануы. Жаңа конституцияның қабылдануы.
Демократиялық құрылыстың нығаюы жəне дамуы. Испания XX-XXI
ғғ. тоғысында. Испанияның сыртқы саясаты;
КСРО жəне кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері (3 сағат):
КСРО 1945-1964 жж. Соғыстың зардаптары. Экономиканы қалпына
келтіру мəселесі. Карточкалық жүйені жою. Жазалаулардың жаңа толқыны.
Н.С. Хрущев. «Жеке басқа табынушылықтың» зардаптарын жоюға бағыт алу.
Елдің əлеуметтік-экономикалық жəне саяси дамуындағы жаңа нышандар.
44
Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты. Тың жерлерді игеру
бағдарламасы. 50-ші жылдардың соңындағы экономикалық қайта құрулар.
Экономикалық саясатты қалыптастырудағы шиеленістер. Экономикалық
авантюризмнің зардаптары. Халықтың тұрмысының нашарлауы;
Л.И. Брежнев пен М.С.Горбачев билігі кезіндегі КСРО. А.Н.Косыгиннің
экономикалық реформасы. Кеңес экономикасын реформалаудың сəтсіздігінің
себептері. 1977 ж. Конституция. Кеңестік жүйенің дағдарысы. Коррупцияның
күшеюі. 80-ші жылдардағы КСРО-да басшылықтың ауысуы. М.С. Горбачев
жəне қайта құру бағдарламасы. 1991 ж. тамыз оқиғалары. КСРО-ның ыдырауы.
ХХ ғ. екінші жартысындағы КСРО-ның сыртқы саясаты. Орталық жəне
Оңтүстік-Шығыс
Еуропа
елдерінде
социализмнің
кеңестік
үлгісін
қалыптастыру. Халықаралық сахнадағы кеңес-американ бəсекелестігі. Дамушы
елдердің ішкі істеріне араласуы. Ауғанстан мəселесі. Кеңестен кейінгі кеңістік
мемлекеттері ХХ ғ. аяғы – ХХI ғ. басында. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі жаңа
тəуелсіз мемлекеттер. ТМД құрылуы. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі егеменді
мемлекеттердің өзара қарым-қатынастары;
Орталық жəне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (2 сағат), Орталық жəне
Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 80-
жылдарында. «Халықтық демократия» кезеңі. Кеңестік социалистік үлгіні
қабылдауға мəжбүр болу. ЮКП-мен қақтығыс. Аймақ елдерінде кеңестік үлгі
бойынша социализм орнату. Экономиканы түбірінен қайта құру. Аграрлық
қайта құрулар. Жедел индустрияландыру. Аймақтағы кеңестік социализм
үлгісінің алғашқы дағдарыстары. Герман Демократиялық Республикасындағы
1953 ж. оқиғалар. Венгриядағы 1956 ж. қазан оқиғалары. Имре Надь. Кеңес
əскерлерін Будапештке енгізу. Чехословакиядағы 1968-1969 жж. Дағдарыс.
Чехословакияға ВШҰ əскерлерін енгізу. 1968ж., 1970 ж. жəне 1980-1981жж.
Польшадағы дағдарыс. Ереуілдер жəне «Ынтымақ» ұйымының құрылуы.
Польшада əскери жағдайдың енгізілуі. «Ынтымақ» қызметіне тыйым салу;
Орталық жəне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері XX ғ. аяғы – XXI ғ.
басында. КСРО-дағы қайта құру саясаты жəне Шығыс Еуропа елдері. Шығыс
Еуропа елдерінің тоталитаризмді жою жолына түсуі. 80-жылдардың аяғы – 90-
жылдардың басындағы революциялар. Польша мен Венгриядағы саяси ахуал.
Чехословакиядағы «мақпал революция». Румыниядағы Чаушеску режимінің
күйреуі. Шығыс Германиядағы саяси өзгерістер. Югославия федерациясының
ыдырауы жəне Балканда қарулы қақтығыстың басталуы. Орталық жəне
Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі қоғамдық-экономикалық жүйенің өзгерісі.
Орталық жəне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің еуропалық қауымдастыққа
қатысуы. Аймақтағы елдер жəне НАТО;
Америка Құрама Штаттары (2 сағат), АҚШ ХХ ғ. 40-жылдарының екінші
жартысы – 70-жылдарында. Елдің соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы
экономикалық жəне саяси дамуы. Г. Труменнің «Əділетті бағыты».
Реконверсия. Тафт-Хартли заңы. Демократиялық жəне республикандық
əкімшіліктердің 40-50-жылдардағы ішкі саясатына «қырғи-қабақ соғыстың»
əсері. Маккартизм. Афро-американдарды кемсіту мəселесі. Американ қоғамы
ҒТР жағдайында. Дж. Кеннедидің «жаңа шептер» саясаты. Кариб дағдарысы.
45
Азаматтық құқықтар туралы заң. Вьетнамда соғыс бастау. Республикандық
əкімшіліктердің ішкі жəне сыртқы саясаты. Уотергейт ісі;
АҚШ ХХ ғ. 80-жылдары – XXI ғ. басында. Р. Рейган жəне
«рейганомика». Неоконсерватизм. АҚШ-тың ХХ ғ. соңғы онжылдығы – ХХІ ғ.
басындағы дамуы. Б. Клинтон əкімшілігінің ішкі жəне сыртқы саясаты. Кіші-
Джордж Буштың республикандық əкімшілігі. 2008 ж. сайлау жəне
демократтардың билікке келуі. Б. Обама. 2012 ж. сайлау:
Латын Америкасы елдері (1 сағат), Латын Америкасы елдерінің ХХ ғ.
екінші жартысындағы əлеуметтік-экономикалық дамуы. Ұлтшыл-реформизм.
Кубадағы 1960-шы жж. революциялық диктатура режимі. Биліктің Ф. Кастро
қолына шоғырлануы. Куба экономикасының ХХ ғ. 80-жылдардың аяғы – 90-
жылдардың
басындағы
қиыншылықтары.
Мемлекеттік-бюрократиялық
социализмнің дағдарысы. Латын Америкасы елдерінің 70-жылдардағы
экономикалық жəне саяси дамуы. Чилидегі демократиялық қайта құрулар
үдерісі. Мемлекеттік төңкеріс. Билік басына А. Пиночет бастаған əскери
хунтаның келуі. Саяси жазалаулар. Пиночет режиміне қарсы күрес. ХХ-ХХІ ғғ.
тоғысында Латын Америкасы елдері дамуының басты мəселелері. Сыртқы
қарыздың өсуі. Коррупция. Солшыл лаңкестік;
қайталау (1 сағат).
29. ХХ ғ. екінші жартысы жəне ХХІ ғ. басындағы Азия жəне Африка
елдері (11 сағат):
Жапония (1 сағат). Американ оккупациясы жəне Жапонияны
демилитарландыру мен демократияландыру шаралары. Жаңа конституцияның
қабылдануы. Партиялар. Аграрлық реформа. Жапон экономикасының қалпына
келтірілуі. Сан-Франциско бітім шарты жəне қауіпсіздік келісімі. ХХ ғ. 60-
жылдардағы жапон «экономикалық ғажайыбы». Ғылыми-техникалық прогресс
жəне оның жапон қоғамы мен экономикасына əсері. 80-жылдардағы
экономиканы қайта құрудың негізгі кезеңдері. 1990-жылдардағы экономикалық
депрессия жəне оның себептері. Жапония əлемдік экономиканың басты
орталығы ретінде. Жапонияның ХХ ғ. соңғы онжылдықтары – XXI ғ.
басындағы ішкі жəне сыртқы саясаты;
Түркия (1 сағат), соғыстан кейінгі кезеңде елдің дамуының
тұжырымдамасын қайта қарау. Демократиялық партияның билікке келуі. Елдің
нарықтық экономикаға өту үдерісі. Партиялар арасындағы күрес. 1960 ж.
əскери төңкеріс. Екінші республика (1960-1980 жж.). Азаматтық басқаруды
қалпына келтіру. Көппартиялық жүйенің дамуы. Саяси либералдандырудың
басталуы жəне əлеуметтік-экономикалық дамуды жылдамдату шаралары.
Үшінші республика кезеңіндегі елдің дамуы. Жаңа конституция қабылдау. Т.
Озал. Ауқымды либералды реформалардың пайда болуы. Түркияның заманауи
индустриялы елге айналуы. ХХ ғасырдың соңғы он жылы – ХХІ ғасырдың
басындағы елдің дамуы;
Ауғанстан. Иран (1 сағат), Ауғанстан екінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі жылдарда. Ауғанстанның ХХ ғ. 60-жылдарындағы əлеуметтік-саяси
дамуы. Жаңа конституцияның қабылдануы (1964 ж.). 1978 жылғы əскери
төңкеріс жəне оның зардаптары. Кеңес əскерлерінің енгізілуі жəне
46
Ауғанстандағы азамат соғысы. Ирандағы екінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі жылдардағы əлеуметтік-экономикалық қайта құрулар. Мосаддык
үкіметі жəне мұнай мəселесі. 60-жылдардың басында шах билігінің күшеюі.
1978-1979 жж. ислам революциясы. Хомейни билігі кезіндегі Иран. 1980-1988
жж. иран-ирак соғысы. Иран ХХ-ХХI ғғ. Тоғысында;
Қытай. Моңғолия (1 сағат), 1946–1949 жж. азамат соғысы. ҚХР құрылуы.
Қытай коммунистерінің əлеуметтік-экономикалық эксперименттері. Мао
Цзэдунның жеке басына табынушылық. Қытайда социализм құру ісін
жылдамдату əрекеті. Ұлы секіріс. Халықтық коммуналар. Мəдени революция.
Дэн Сяопин жəне «төрт модернизация» реформасы. Қытай реформасының
ерекшелігі. 1989 ж. Тяньаньмэньдегі жағдай. Моңғолияның капиталистік емес
даму
жолының
қайшылықтары.
Жедел
индустрияландыру
мен
ұжымдастырудың зардаптары. ХХғ. 80-жылдардағы экономикалық жəне саяси
дағдарыс. Моңғолия ХХ ғ. аяғы –XXI ғ. басында.
Корея. Үндіқытай елдері (2 сағат), КХДР мен Корея Республикасының
құрылуы» (1950-1953 жж. соғыс жəне оның зардаптары. Елдің Оңтүстігі мен
Солтүстігіндегі экономикалық жəне саяси өзгерістердің ерекшеліктері. Ким Ир
Сен жəне «социализмнің корейлік нұсқасы». «Чучхе» идеологиясы. Корея
Республикасының ХХ ғ. екінші жартысындағы дамуы. Оңтүстіккореялық
авторитаризм. Экономикалық өрлеудің себептері. Халықтың тұрмыс
тіршілігінің жоғарылауы. 1987 ж. Конституция. ХХ ғ. соңы – XXI ғ. басындағы
Корея Республикасы. 2007 ж. сайлау. Ли Мён Бак. Екі корей мемлекеті
арасындағы өзара қарым-қатынас;
Үндіқытайдағы француз отарлары халықтарының азаттық жолындағы
күресі. ВДР жариялануы. 1954 ж. Женева келісімі. Елдің бірігуі жəне Вьетнам
Социалистік Республикасының құрылуы. Лаос пен Камбоджада ұлттық
мемлекеттердің қалыптасуының ерекшеліктері. Үндіқытай елдерінің өзара
қарым-қатынастары жəне олардың халықаралық аренадағы орны;
Үндістан. Пакистан (1 сағат), Британдық Үндістанның бөлінісі жəне екі
доминионның – Үндістан Одағы мен Пакистанның құрылуы. Үндістанның
республика болып жариялануы жəне жаңа конституция қабылдау. Дж. Неру.
И. Ганди жəне оның «Нерудің бағытын» жалғастыру жолындағы күресі. 1980-
1990-жж. экономикалық бағыттағы өзгерістер. Жекешелендіру бағыттары жəне
нарықтық экономиканың дамуы. Кашмир мəселесі. Үндістан ХХ-ХХI ғғ.
тоғысында. 2004 ж. жəне 2009 ж. сайлаулар. М. Сингх. Пакистан
республикасының жариялануы. Азаматтық үкіметтердің тұрақсыздығы жəне
əскери биліктің орнауы. Партиялық-саяси өмірдегі ислам факторы. Шығыс
Пакистандағы бенгалдықтардың ұлттық-мемлекеттік тəуелсіздік үшін күресі.
1973 ж. Конституция жəне парламенттік түрдегі басқару. З.А. Бхуттоның
реформалары. Пакистан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында;
Азияның араб елдері (1 сағат), араб елдерінің екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі дамуының негізгі бағыттары. Шығыс-жерортатеңізі жəне араб
елдері. Сирия, Ирак, Ливан, Иордания. Араб елдерінде тəуелсіздіктің
жариялануы.
Арабтық социалистік өркендеу партиясы (Баас).
Ирактағы Саддам
47
Хусейннің диктаторлық режимі. Араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. «Араб
көктемі» 2010-2011 жж.;
Африканың араб елдері (1 сағат), Египеттегі 1952 ж. революция жəне
оның араб əлемі үшін маңызы, Суэц каналын национализациялау. Г.А. Насердің
бағыты. Магриб елдеріндегі (Алжир, Тунис, Ливия, Марокко) ұлт-азаттық
күрес. Алжирдегі соғыс жəне оның француз отарлық империясының тағдырына
əсері. Африканың араб елдері ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. «Араб көктемі» (2010-
2011 жж.). Араб-израиль қарсыластығы жəне Палестина мəселесі. Кэмп-Дэвид
келісімі жəне Таяу Шығыста бейбіт үдерістің басталуы. ПАҰ дағдарысы жəне
дағдарыстан шығу мəселесі. Қазіргі кездегі Палестина мəселесі;
Оңтүстік жəне Тропикалық Африка елдері (1 сағат), Африканың екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі капиталистік дүние экономикасындағы рөлі.
Бесінші панафрикандық конгресс жəне саяси тəуелсіздік ұранының көтерілуі.
Тропикалық Африканың отарлық бұғаудан азат етілуі. Гана мен Гвинеяның
тəуелсіздігін жариялау. «Африка жылы» (1960 ж.). Шығыс Африка елдерінің
тəуелсіздік алуы. Апартеид доктринасы жəне Оңтүстік Африканың азаттық
жолындағы күресі. Африкалық бірлік ұйымы жəне мемлекетаралық саяси
одақтар;
қайталау (1 сағат).
30. Халықаралық қатынастар (3 сағат):
екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы халықаралық
қатынастар. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы. «Қырғи-қабақ соғыс», оның
бастаулары жəне негізгі кезеңдері. НАТО мен ВШҰ құрылуы. Жанталаса
қарулану. Жаппай қыру қарулары. Халықаралық қатынастардың екіполюсті
жүйесінің қалыптасуы. Кореядағы халықаралық жанжал;
ХХ ғ. 60-80-жылдардағы халықаралық қатынастар. 1961 ж. дағдарыс жəне
Берлин қабырғасының тұрғызылуы. Кариб дағдарысы жəне оның халықаралық
қатынастардың сипатының өзгеруіне əсері. Индонезия жəне Үндіқытайдағы
отарлық соғыстар. Вьетнамдағы соғыс. Алжирдағы ұлт азаттық соғыстар. Таяу
Шығыс дағдарысы;
ХХ ғ. екінші жартысындағы халықаралық шиеленістің бəсеңдеу жəне
өрлеу кезеңдері. Халықаралық қатынастардағы Ауғанстан мəселесі. Парсы
шығанағындағы соғыс жəне Ирак мəселесі. ХХ ғ. соңы – ХХІ ғ. басындағы
халықаралық қатынастар. Көпполюсті əлемнің қалыптасуы. Халықаралық
қатынастар жүйесінде БҰҰ-ның алатын орны. Шанхай ынтымақтастық ұйымы.
Халықаралық лаңкестік мəселесі;
31. ХХ ғ. екінші жартысы – ХХI ғ. басындағы ғылым мен мəдениеттің
дамуы (2 сағат), ғылым мен техниканың дамуы. Ғылыми-техникалық револю-
цияның басталуы. Атом энергиясының ашылуы жəне бейбіт мақсатта
қолданылуы. Ғарышты меңгеру. Жаңа технологиялардың пайда болуы.
Ғылымның тікелей өндіргіш күшке айналуы. Қоғамдық ғылымдардың дамуы.
ҒТР қайшылықты сипаты. Ақпараттық революция. Интернет. ҒТР жəне қазіргі
заманның ғаламдық мəселелері. ҒТР əлеуметтік зардаптары).
ХХ ғ. екінші жартысы – XXI ғ. басындағы мəдениеттің дамуы. Əлем
халықтарының əдебиеті. Сыни жəне «социалистік» реализм. Бұқаралық
48
мəдениет. Өнердегі жаңа бағыт. ХХ ғ. соңғы онжылдықтарындағы көркем
өнердің дамуы. Мəдениеттің ғаламдану жағдайындағы дамуы.
32. Қорытынды қайталау (1 сағат).
Достарыңызбен бөлісу: |