Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі


 Оқу пəнінің жаратылыстану-математикалық



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата11.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#1691
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4. Оқу пəнінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы  

11-сыныбына арналған базалық білім мазмұны 

 

16. «Адам жəне дүние» (9 сағат): 



«Адам  жəне  оның  дүниетанымы» (2 сағат),  дүниетаным  ұғымы, 

дүниетаным  құрылымы,  дүниетанымның  негізгі  элементтері,  дүниетанымның 

қоғамдық-тарихи  жəне  жеке  сипаты,  өмірлік-практикалық    жəне  теориялық 

дүниетаным; 

«Дүниетанымның  тарихи  үлгілері»,  мифологиялық,  діни,  философиялық  

дүниетанымның 

ерекшеліктері, 

мифологиялық, 

діни, 

философиялық  



дүниетанымдағы  адамның  бейнесі,  жаратылыстану  ғылыми  дүниетанымдағы 

адам жəне əлем; 

«Адамның  дүниеге  деген  танымдық  қатынасы» (3 сағат),  əлемді  тану 

мəселесі,  адамның  танымдық  қызметі,  сезінушілік  жəне  тиімді  таным,  ақиқат 

ұғымы, оның өлшемдері, жаратылыстану ғылыми білімдер ерекшелігі;  

«Ғылыми  таным»,  ғылымның  пайда  болуы,  ғылыми  ойдың  негізгі 

ерекшеліктері,  ғылыми  зерттеу  əдістері,  жаратылыстану  жəне  техникалық 

ғылымдар, ғалымдардың əлеуметтік жауапкершілігі; 

«Білім  жəне  білім  беру»,  білім  беру  туралы  қазіргі  ұғым,  ақпарат,  білім, 

даналық,  білім  жəне  білімділік,  өзіндік  білімнің  қажеттілігі,  өмір  бойғы  білім, 

жаратылыстану ғылыми білімінің ерекшелігі;  

«Еркіндік,  қажеттілік  жəне  адамзат  қызметіндегі  жауапкершілік» (3 

сағат),  адам  өміріндегі  құндылықтар,  құндылық  туралы  ұғым,  құндылықты 

таңдау  мəселесі,  құндылық  жəне  өмірлік  бағыт,  адамның  өмірі  құндылық 

ретінде;  

«Еркіндік  жəне  қажеттілік»  еркіндік  ұғымы,  еркіндік    əлеуметтік    жəне 

жеке  құндылық  ретінде,  табиғи  жəне  əлеуметтік  қажеттілік,  еркіндік  саналы 

қажеттілік; 



58 

 

«Еркіндік  жəне  жауапкершілік»,  адамның  ішкі  жəне  сыртқы  еркіндігі, 



еркіндік  адамның  тұлғасы  қалыптасуының  шарты,  тұлғаның  өз  өмірі  үшін 

жауапкершілігі; 

Қайталау (1 сағат). 

17. «Қоғамдық қатынас жүйесіндегі адам» (14 сағат): 

«Қазіргі  қоғам» (2 сағат),  қоғамдық  дамудың  заңдылықтары,  эволюция 

жəне  революция  сияқты  əлеуметтік  өзгерістің  формалары,  қоғамдық  үдеріс 

ұғымы,  оның  қайшылығы,  дəстүрлі  (аграрлық)  қоғам,  индустриялы  қоғам, 

постиндустриалдық (ақпараттық) қоғам, əлеуметтік жаңарту ұғымы; 

«Қазіргі  өркениеттің  ерекшеліктері»,  қазіргі  қоғам  жəне  өркениет,  

жаһандану  үдерісі,  жаһандануға  қарсылық,  компьютерлік  революция,  қоғам 

жəне  адам  ХХІ  ғасырдың  қауіп-қатері  алдында,  ғаламдық  мəселелерді 

шешудегі жаратылыстану ғылымдарының ролі; 

«Əлеуметтік  қатынастар» (3 сағат),  əлеуметтену  үдерістері,  индивидтің 

əлеуметтенуі,  тұлғаның  əлеуметтік  статусы,  əлеуметтік  топтар  мен 

қауымдастықтар, əлеуметтік қақтығыстар мен олардың конструктивтік шешімі;  

«Отбасы əлеуметтік топ ретінде», отбасының əлеуметтік рөлі, нормалары, 

құндылықтары,  отбасындағы  тұлға  аралық  қатынастар,  отбасылық  қатынастар 

этикасы, отбасылық парыз, отбасы мүшелеріне қамқорлық таныту; 

«Адамның 

көпұлтты 

қоғамдағы 

қарым-қатынасы», 

этникалық 

тұтастықтар,  ұлттық  сана,  қазіргі  əлемдегі  ұлтаралық  қатынастың  дамуы, 

ұлтаралық  жанжалдың  себептері  жəне  оның  шешімі,  ұлтаралық  келісім  жəне 

ұлттық бірлік Қазақстанның гүлденуі мен əлеуметтік игілігінің негізі ретінде; 

«Нарықтық  субъектінің  экономикалық  тəртібі» (3 сағат),  тұтынушының 

экономикалық  мəдениеті,  нарықтық  экономикадағы  тұтынушының  тəртібі, 

табыс  бастаулары,  қорлар,  тұтынушының  шығындары,  тұтыну  бюджеттін 

жоспарлау, тұтынушылық несие, тұтынушыны қорғау, сұраныс, сұраныс заңы, 

сұраныс факторлары;  

«Өндірушінің  экономикалық  мəдениеті,  нарықтық  экономикадағы 

өндірушінің  тəртібі»,  өндіріс  жəне  өндірістік  факторлар,  бизнестің 

ұйымдастырудың  негізгі  формасы  (жеке  кəсіпкерлік,  серіктестік,  акционерлік 

қоғам), ұсыныс, ұсыныс заңы, фирманың шығыны мен пайдасы; 

«Нарықтық  құрылымның  типтері»,  жетілген  бəсекелестік,  монополистік 

бəсеке,  олигополия,  монополия,  экономиканы  монополиялаудың  салдары, 

мемлекеттің монополияға қарсы саясаты; 

«Саяси  жүйе» (2 сағат),  саясат  жəне  мемлекет,  мемлекет  ұғымы  мен 

белгілері,  мемлекеттік  егемендік,  мемлекеттік  билік,  мемлекеттің  формалары 

(басқару 

формасы, 

əкімшілік-аумақтық 

құрылымы), 

саяси 

режим, 


тоталитаризм, авторитаризм, демократия; 

«Азаматтың саяси өмірге  қатысуы», демократиялық саясаттың негіздері, 

сайлаулар,  референдум,  жергілікті  өзін  өзі  басқару,  саяси  партиялар  мен 

қозғалыстар,  олардың  қоғамдық  өмірдегі  рөлдері,  Қазақстандағы  саяси 

партиялар мен қозғалыстар; 

«Рухани  мəдениет» (3 сағат),  қоғамның  рухани  құндылықтары, 

руханилық  ұғымы,  адамның  рухани  мəдениетінің  негіздері,  рухани 


59 

 

құндылықтар,  рухани  мұра  жəне  оның  қоғамдағы  маңызы,  руханилық  жəне 



ғылыми-техникалық революция; 

«Тұлғаның  адамдық  негіздері»,  руханият  жəне  адамгершілік,  тұлғаның 

адамдық ұстанымдары, ізгілік жəне зұлымдық, қарыз  жəне ұят, моралдік идеал, 

отаншылдық  жəне  азаматшылдық,  тəрбие  мен  білімнің  адамгершілік 

қызметтері;  

«Діни  толеранттылық»,  дін,  діни  ұйымдар  жəне  бірлестіктер,  қазіргі 

қоғам  өміріндегі  оның  рөлі,  ар-ождан  еркіндігі  жəне  діни  төзімділік,  дін  жəне 

жаратылыстану  ғылыми  ой,  діни  жəн  діни  емес  дүниетанымдардың  диологы, 

діни экстремизмнің алдын алу;   

қайталау (1 сағат). 

18. «Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу»  (10 сағат): 

«Адам мен азаматтың құқығы жəне міндеттері» (2 сағат), конституциялық 

құқық  жəне  міндеттер,  адам  құқығы  ұғымы,  азаматтық  ұғымы,  адамның  жəне 

азаматтың  құқығы,  адамның  жəне  азаматтың  міндеттері,  Қазақстан 

Республикасындағы  адамдар  жəне  азаматтар  құқығы  мен  бостандығының 

конституциялық кепілі;  

«Адамның  құқықтары  жəне  оны  қорғау»,  Қазақстан  азаматтары  құқығы 

мен  бостандықтарын  жүзеге  асыру  жəне  қорғау,  адам  құқығын  халықаралық-

құқықтық  қорғау,  адам  құқығын  қорғаудың  əмбебап,  арнаулы  аймақтық 

халықаралық құжаттары; 

«Жеке  құқықтың    негізгі  салалары» (4 сағат),  азаматтық  құқықтың 

негіздері,  азаматтық  құқық  ұғымы  жəне  негізгі  көздері,  азаматтық  құқықтың 

ұстанымдары,  азаматтық  құқық  субъектілері,  меншік  құқығы,  кəмелетке 

толмағандар  мүліктік  қатынасқа  қатысушылар  ретінде,  азаматтық-құқықтық 

келісімнің негізгі түрлері, тұтынушы құқықтары;  

«Еңбек құқығының негіздері», еңбек құқығы ұғымы жəне негізгі көздері, 

еңбек қатынастары аясындағы кепілдемелер, еңбек шарты, еңбек шартын бекіту 

жəне  бұзу,  кəмелетке  толмағандар  еңбегінің  ерекшеліктері,  жұмыс  жəне 

демалыс уақыты, тəртіптік  жауапкершілік; 

«Отбасылық  құқық  негіздері»,  отбасылық  құқық  ұғымы  жəне  негізгі 

көздері,  отбасылық  құқықтың  негізгі  түсінігі,  некелік-отбасылық  құқықтың 

принциптері,  неке  тұжырымының  шарттары,  некені  тоқтату,  ерлі-

зайыптылардың міндеттері, некелік келісім, бала құқықтары; 

«Экологиялық  құқық  негіздері  (құқықтың  кешенді,  жеке-бұқаралық 

саласы),  экологиялық  құқық  ұғымы  жəне  негізгі  көздері,  экологиялық  құқық 

ұстанымдары,  экологиялық  заңмен  қорғалатын  негізгі  нысан,  табиғатты 

пайдалану  түсінігі  мен  түрлері,  экологиялық  құқықтағы  азаматтардың  құқығы 

мен міндеттері, экологиялық тəртіп бұзушылық жəне ол үшін жауаптылық; 

«Көпшілік  құқықтың  негізгі  салалары» (3 сағат),  əкімшілік  құқық 

негіздері,  əкімшілік  құқық  ұғымы  жəне  негізгі  көздері,  негізгі  жəне  туынды 

нормативтік  актілері,  мемлекет  қызметінің  басқару  жүйесіндегі  негізгі 

бағыттары,  мемлекеттік  мекеме  жəне  кəсіпорындар,  мемлекеттік  қызмет 

ұғымы, əкімшілік құқық бұзушылық жəне əкімшілік жауапкершілік;  


60 

 

«Қылмыстық  құқық  негіздері»,  қылмыстық  құқық  ұғымы  жəне  негізгі 



көздері,  қылмыстық  заңнама  құрылымы,  қылмыстық  құқықтың  мақсаты  мен 

ұстанымдары,  қылмыс  ұғымы  жəне  түрлері,  қылмыс  құрамы  ұғымы,  қажетті 

жəне аса қажетті қорғаныс, қылмыстық жаза ұғымы жəне түрлері; 

«Қаржылық  жəне  салықтық  құқық  негіздері»,  қаржылық  жəне  салықтық 

құқық  ұғымы  жəне  негізгі  көздері,  салық  салу  принциптері,  салықтық  саясат, 

салық  төлеуші  ұғымы,  салық  төлеушінің  құқықтары  мен  міндеттері,  бюджет 

ұғымы мен оның түрлері; 

қайталау (1 сағат); 

19. Қорытынды қайталау (1 сағат). 

 

5.

 

Оқу пəнінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 

11-сыныбына арналған базалық білім мазмұны 

 

20. «Философия негіздері» (7 сағат): 



«Философия дегеніміз не?» (2 сағат), философияның адам өміріндегі жəне 

қоғамдағы  рөлі,  философия – ақылға  деген  құштарлық,  философия – өмір 

туралы парасатты ілім, философия-ақыл мəдениеті; 

«Философия  ой-сапа  мектебі»,  философ  деген  кім,  алғашқы  философтар  

жəне  олардың  ілімі,  өз-өзіңді  тани  біл,  философиялық  сұрақтар  жəне 

жауаптардың ерекшелігі; 

«Философия  антропологиясы» (2 сағат),  адам – философияның  басты 

мəселесі,  философия – адамның  ерекше  жəне  мазмұнды  мəселесі,  адамның 

философиядағы негізгі бейнесі, адамның адам болуға деген ұмтылысы;  

«Адам ойының ізденісі», философия өмір мағынасы туралы, адам атауы, 

қазіргі  өркениеттегі  адамның  шарты, «Адам  капиталы»  туралы  түсінік  жəне 

оның мағынасы; 

«Жаратылыстану философиясы» (2 сағат), табиғатқа деген философиялық 

көзқарас, табиғатқа өздігінен дамушы жүйе ретінде қарау, адам мен табиғаттың 

өзара  əрекеттесуінің  негізгі  теориялары,  экологиялық  дағдарыс,  экологиялық 

сана жəне биофилософия; 

«Жаратылыстану  ғылыми  білімдердің  философиялық  мəселелері» 

Биологияның, 

медицинаның, 

физикадағы, 

химиядағы 

философиялық 

мəселелер, философия жəне математика; 

қайталау (1 сағат).  

21. «Əлеуметтану негіздері» (8 сағат): 

«Əлеуметтану  дегеніміз  не?» (2 сағат),  Əлеуметтану  ғылым  ретінде,  

əлеуметтанудың пайда болуы жəне дамуы, əлеуметтанудың обьектісі мен пəні, 

əлеуметтанудағы  негізгі  сұрақтар,  əлеуметтанудың  сандық  жəне  сапалық 

əдістері, зерттеудің əлеуметтанулық əдістерінің ерекшеліктері, əлеуметтанудың 

математикалық ұстанымдары; 

«Əлеуметтанулық  білім»,  əлеуметтанудың  жаратылыстану  ғылыми 

білімдермен  өзара  əрекеттесуі,  əлеуметтану  білімінің  құрылысы,  қазіргі 

заманғы қоғам мəселесін түсінудегі əлеуметтанулық тəсілдердің ролі;  


61 

 

«Қоғам əлеуметтік жүйе ретінде» (2 сағат), қоғам өзара байланыс жүйесі 



ретінде,  əлеуметтік  өзара  қарым  қатынастардың  түрлері,  əлеуметтік  топтар, 

олардың  түрлері,  əлеуметтік  институттар  жəне  оның  түрлері,  əлеуметтік 

институттардың  негізгі  қызметтері,  əлеуметтік  тəртіп  жəне  қақтығыс, 

ауытқушылы мінез құлық жəне əлеуметтік бақылау; 

«Əлеуметтік  стратификация  жəне  ұтқырлық»,  қазіргі  қоғамдағы  орта 

топтың  рөлі  жəне  маңызы,  əлеуметтік  мүдделер,  əлеуметтік  қақтығыстың 

себептері,  əлеуметтік  қақтығыс  сипаттамасы,  əлеуметтік  қақтығысты  басқару, 

əлеуметтік қақтығысты шешу жолдары;  

«Тұлға    жəне    қоғам» (3 сағат),  тұлғаның  қалыптасуындағы  əлеуметтік 

факторлар, əлеуметтік мінез-құлық, əлеуметтік рөл, жас жеткіншектік кезеңдегі 

əлеуметтік  рөлдер,  жастар  субмəдениетінің  ерекшеліктері,  жастардың  кəсіби 

жəне  əлеуметтік  бағыты,  əлеуметтік  тұрмыс  қызығушылығы,  тұрмыстық 

қатынас мəдениеті;  

«Қазіргі  əлемдегі  этникалық  көптүрлілік»,  ұлыс  жəне  ұлт,  этномəдени 

құндылықтар  жəне  салт-дəстүр,  этностың  ментальдық  ерекшеліктері, 

ұлтаралық  ынтымақтастық  жəне  келіспеушіліктер,  ұлтаралық  қарым-

қатынастарды реттеу мəселелері;  

«Қазіргі  діни  жағдай»,  діни  өмірдегі  əлеуметтік  жағдайлар,  дін 

əлеуметтануы,  діни  конфессиялар,  конфессия  аралық  серіктестік,  жастар 

ортасында діни экстремизмді алдын алу қажеттілігі; 

қайталау (1 сағат).  

22. «Саясаттану негіздері» (6 сағат): 

«Саясаттану    дегеніміз  не?» (2 сағат),  саясаттану  ғылым  ретінде, 

саясаттанудың  пайда  болуы,  саясаттанудың  негізгі  мəселелері,  саясаттанудың 

негізгі тұжырымдамалары;  

«Саясаттанулық  білім»,  саясаттану  білімінің  құрылысы,  саясат 

технологиясы  жəне  оның  жаратылыстану  ғылыми  құрамы,  қоғамдық  өмірді 

басқаруға саналы түрде қатысу үшін саясаттану білімдерінің маңызы; 

«Саясат  жəне  мəдениет» (3 сағат),  саясат  өнер  ретінде,  қоғамдық 

қатынастарды  саяси  реттеудегі  ерекшеліктер,  саяси  жүйе,  оның  құрылымы, 

қызметі, саяси институттар, нормалары, коммуникациялары, үдерістері туралы 

түсінік; 

«Саяси  мəдениет»,  билік  жəне  саясат,  қоғамдық  билік  туралы  түсінік, 

биліктің 

шығуы, 

билік 


қарым-қатынастарының 

типологиясы, 

билік 

легитимациясы,  демократия  жəне  парламентаризм,  азаматтық  қоғамның 



негіздері; 

«Жеке тұлға жəне саясат», саяси элита, саяси көшбасшы туралы түсінік,  

жетекшіліктің  типологиясы,  саяси  көшбасшының  көрінісі,  қоғамдық  санадағы 

құрылымы жəне қолдау; 

қайталау (1 сағат).  

23. «Экономикалық  теорияға  кіріспе» (6 сағат): 

«Өндіріс 

факторларының 

нарығы 

мен 


факторлық 

кірістерді 

қалыптастыру» (3 сағат),  еңбек  нарығ,  еңбек  нарығының  ерекшеліктері, 

қызметтері,  субъектілері,  компонеттері,  еңбекке  сұраныс,  еңбекке  ұсыныс, 



62 

 

еңбекақы, номиналдық жəне шынайы еңбекақы, еңбек нарығындағы кəсіподақ 



рөлі, еңбек биржасы жəне оның қызметтері; 

«Капитал  нарығы  жəне  табиғат  ресурстары»,  капиталға  деген  сұраныс 

жəне  ұсыныс  ерекшеліктері,  инвестициялар  мен    жинақтар,  несие  жəне  оның 

түрлері,  несиелік  жүйе  жəне  оның  элементтері,  қор  биржасы  жəне  құнды 

қағаздар нарығы, табиғи ресурстар нарығы, жер сату жəне сатып алу объектісі, 

жерге деген сұраныс, ұсыныс ерекшеліктері, жер рентасы жəне жердің бағасы; 

«Кəсіпкерлік  қызмет  негіздері»,  кəсіпкерлік  өндірістің  факторы  ретінде, 

кəсіпкерліктің  субьектілері  мен  обьектілері,  оның  дамуының  мақсаттары  мен 

факторлары, 

кəсіпкерліктің 

ұйымдастырушылық-құқықтық 

формалары, 

олардың артықшылықтары мен кемшіліктері; 

«Ұлттық  экономика  жəне  оның  динамикасы» (2 сағат),  экономикалық 

дамудың  негізгі  принциптері,  ұлттық  экономиканың  айналымы  (ресурстар, 

кіріс  пен  азық-түлік  ағымы),  ұлттық  экономиканың  негізгі  көрсеткіштері 

(ұлттық байлық, ұлттық азық, ішкі азық, ұлттық кіріс);  

«Экономикалық  өсім  ерекшеліктер»,  экономикалық  өсім  (мəні,  типтері, 

көрсеткіштері,  əлеуметтік  экономикалық  салдары),  макроэкономикалық 

тұрақсыздық (экономикалық дамудың циклдігі), инфляция жəне жұмыссыздық, 

нарықтық  экономиканы  мемлекеттік  реттеу  қажеттілігі  мен  мəні,  ұлттық 

экономиканы мемлекеттік реттеу түрлері мен əдістері; 

қайталау (1 сағат).  

24. «Заңға кіріспе» (6 сағат):  

«Қазақстан  Республикасы – құқықтық  мемлекет» (3 сағат),  құқықтық 

мемлекет туралы ұғым жəне белгілері, құқықтық мемлекет мақсат, құрал жəне 

нəтиже  ретінде,  құқықтық  мемлекет  дамуының  тарихи  кезеңдері,  құқықтық 

мемлекеттің негізгі ұстанымдары, құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам; 

«Қазақстан 

Республикасындағы 

мемлекеттік 

билік 


органдары», 

мемлекеттік  билік  туралы  ұғым,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

құқықтық  мəртебесі,  Қазақстан  Республикасы  Конституциялық  кеңесінің, 

Үкіметтің  Парламенттің  қызметі,  рəсімделу  реті,  əділеттілік  жəне  сот  билігі, 

жергілікті өкілетті жəне атқарушы органдар;  

«Құқық  қорғау  органдары»,  құқық  қорғау  органдарының  қызметі  мен 

ұйымдасу  негіздері,  құқық  қорғау  органдарының  түрлері,  құқық  қорғау 

органдары  туралы  ұғым,  мемлекеттік  қызмет  ұстанымдары,  құқық  қорғау 

қызметінің  ұстанымдары,  құқық  қорғау  органдарының  қызметкерлерінің 

құқығы, міндеттері жəне жауапкершілігі;  

«Құқықтық реттеу негіздері. Заңдылық жəне құқықтық тəртіп» (2 сағат), 

құқықтық  реттеу  негізі,  құқықтық  реттеу,  оның  жолдары,  тəсілдері,  типтері, 

құқықтық  реттеу  элементтері  мен  құралдары,  құқықтық  реттеу  үдерісі 

сатылары;  

«Заңдылық  жəне  құқықтық  тəртіп»,  заңдылық  (ұғымы  жəне  негізгі 

ұстанымдары),  құқықтық  тəртіп,  қоғамдық  тəртіп  жəне  құқықтық  қамтамасыз 

ету ұғымдары, ұлттық қауіпсіздік ұғымы, түрлері, Қазақстан Республикасының 

негізгі ұлттық қызығушылығы, ұлттық қауіпсіздіктің негізгі қаупі;  

қайталау (1 сағат);  


63 

 

25. Қорытынды қайталау (1 сағат). 



 

6. Оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

  

26.  Оқушылардың  дайындық  деңгейлері  үш  аспектімен:  пəндік 

нəтижелер, 

тұлғалық 

нəтижелер, 

жүйелі-іс 

əрекеттік 

нəтижелермен  

бағаланады.  

27. Пəндік нəтижелер. 10-сыныптың соңында оқушылар: 

1)

 

дүниетанымның негізгі элементтері мен құрылысын; 



2)

 

тарихи 



дүниетанымның 

түрлерін – мифологиялық, 

діни, 

философиялық; 



3)

 

əлемді тану мəселесін, ғылымның пайда болуын; 



4)

 

білімнің қазіргі заманғы мəнін; 



5)

 

адам  өміріндегі  құндылықтарды  жəне  құндылықтарды  таңдау 



мəселесін; 

6)

 



жеке жəне əлеуметтік жетістік үшін адамның жауапкершілігін;  

7)

 



қоғамдағы  қоғамдық-саяси,  əлеуметтік-экономикалық  жəне  мəдени 

үдерістердің себеп- салдарлық байланыстарын; 

8)

 

қоғамдағы  нарықтық  экономиканың  ролін,  экономиканың  нарықтық 



субьектілер мінез құлқымен өзара байланысын; 

9)

 



ұсыныс  пен  сұраныс  заңдарын,  кіріс  көздерін,  өндірістің  факторларын, 

мемлекеттің монополияға қарсы саясатын; 

10)

 

 демократиялық саясат негіздерін – сайлау, референдум, жергілікті өзін-өзі 



басқару, қоғамдық жəне саяси ұйымдарды; 

11)


 

қоғамдық  қатынастарды  құқықтық  реттеу  үдерісі  мен  жеке  жəне 

көпшілік құқықтың негізгі салаларын; 

12)


 

қоғамдағы құқықтық қатынастар, еркіндік, құқық, міндеттерді;  

13)

 

қоғамның  дамуындағы  негізгі  заңдылықтардың  қазіргі  заманғы 



түсініктерін;  

14)


 

тұлғаның əлеуметтік статусын, қоғамның əлеуметтік құрылысын; 

15)

 

нарықтық 



экономика 

ерекшеліктерін, 

тұтынушылар 

мен 


өндірушілердің іс-əрекетін; 

16)


 

қоғамның  саяси  жүйесін,  мемлекеттің  формалары  мен  белгілерін, 

саяси режимдер, демократиялық саясаттың негіздерін; 

17)


 

адамның  рухани  мəдениетінің  негіздерін,  қоғамның  рухани 

құндылықтары,  тұлғаның  адамгершілік  негіздері,  тəрбие  мен  білім  беру 

міндеттерін; 

18)

 

қазіргі заманғы қоғам өміріндегі діннің ролін; 



19)

 

адам мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін; 



20)

 

Қазақстандағы  адам  еркіндігі  мен  құқығын  қорғау  механизмдерін 



жəне адам құқығын халықаралық-құқықтық тұрғыдан қорғауды; 

21)


 

жеке жəне көпшілік құқықтың негізгі салаларын білуі тиіс.  

28. 11 сыныптың соңында оқушылар:  

1)

 



ақыл-ой  мектебі  мен  саналы  жəне  игілікті  өмір  мектебі  ретінде 

философия негізін; 



64 

 

2)



 

жаратылыстану  жəне  гуманитарлық  ғылымдардағы  философиялық 

мəселелерді; 

3)

 



əлеуметтану мен саясаттанудың негізгі мəселелерін; 

4)

 



нарықтық  экономика  туралы  (еңбек  нарығы,  капитал,  табиғи 

ресурстарды); 

5)

 

ұлттық  экономиканның  негізгі  көрсеткіштері  мен  экономикалық 



өсімнің ерекшеліктерін; 

6)

 



қоғамның  əлеуметтік  құрылысы,  оның  элементтері,  əлеуметтік  іс-

əрекет жəне əлеуметтік рольдерді; 

7)

 

қоғамның  саяси  жүйесін,  Парламент,  Қазақстан  Республикасының 



Конституциялық Кеңесі, əділет органдары, жергілікті өкілетті, атқарушы жəне 

құқық қорғау органдарының қалыптасуы мен қызмет ету тəртібін; 

8)

 

азаматтық,  этномəдени,  конфессиялық  бірлестік  ретіндегі  Қазақстан 



қоғамының ерекшеліктерін; 

9)

 



философия, əлеуметтану, саясаттану, экономикалық теория, заң білімі 

сияқты ғылымдардың мəні мен ерекшелігін; 

10)

 

адамның  қажеттіліктері  мен  қызығушылықтарын,  өмірдің  мəні  мен 



бағдарын; 

11)


 

қоғамдағы  қоғамдық-саяси,  əлеуметтік-экономикалық  жəне  мəдени 

үдерістердің себеп- салдарлық байланыстарын; 

12)


 

қоғамдағы  экономиканың  ролін,  еңбек  нарығын,  капитал,  табиғи 

ресурстарды; 

13)


 

құқықтық  мемлекеттің  негізгі  принциптерін,  конституциялық 

кепілдемелерді; 

14)


 

мəдени жетістіктерді, адамның рухани əлемін сипаттауды;  

15)

 

қарым-қатынас,  мораль  жəне  адамгершілік  нормаларын  білуі  тиіс, 



мемлекет саясатының мəнін түсіндіруді; 

29. 10 жəне 11сыныптың соңында оқушылар:  

1) мемлекет саясатының мəнін түсіндіре; 

 2)  табиғатқа,  адам  мен  қоғамға  деген  философиялық  көзқарасты 

түсіндіре; 

 3)  оқытылып  отырған  тақырып  бойынша  материалдарды  дербес  талдай 

білу  жəне  жалпылау,  əлеуметтанудағы,  саясаттанудағы,  экономика  мен  заң 

ғылымдарындағы бастыларын анықтай білуді;  

 4)  қоғам өмірінің оң жəне теріс құбылыстарына дербес баға беруді; 

 5)  экономикалық,  саяси  жəне  əлеуметтік  мəселелер  бойынша  жеке 

көзқарасын білдіруді жəне оны дəлелдеуді; 

 6)  ақпарат  көздерін  сыни  тұрғыдан  талдау,  алуан  түрлі  (мəтін,  карта, 

кесте, схема, аудиовизуальды) ақпараттарды талдау жасауды; 

 7)  құбылыстар  арасындағы  себеп-салдарлық  байланыстарды  орната 

білуді;  

 8)  құқықтық  жəне  өзекті  қоғамдық  мəселелер  бойынша  пікірталастарға 

қатысу,  алынған  ақпараттарды  дəлелдеу  үшін  талқыланатын  мəселелер 

бойынша дербес көзқарасын білдіруді; 



65 

 

 9)  қазіргі  заманның  құбылыстарына  қатысты  өз  ұстанымын  анықтау, 



өзінің  жəне  маңайындағылардың  іс-əрекеттерін  қазіргі  əлеуметтік  тəртіпке 

негіздеуді;  

 10)  əлеуметтік  қауымдастықтар,  əлеуметтік  топтар  мен  əлеуметтік 

нормалардың 

дамуындағы 

себеп-салдарлық 

байланыстарды 

жəне 


заңдылықтарды айқындауды; 

 11)  экономиканың,  қоғамның  саяси  жүйесінің,  алуан  түрлі  мəдениеттің 

дамуы туралы түрлі ақпарат көздеріндегі қажетті ақпараттарды таба білуді; 

 12)  моральдық,  этикалық,  адамгершілік  жəне  құқықтық  нормаларды 

талдау жəне жалпылауды; 

 13)  материалдық  өндіріске  сипаттама  беру  жəне  оны  бағлау,  қоғамдағы 

мемлекеттік-құқықтық институттардың қызметін бағлай білуді меңгеруі тиіс. 

 30.  Тұлғалық  нəтижелер  психологиялық-педагогикалық  мониторинг 

формасында  зерттеліп,  оқушының  тəрбиелілік,  əлеуметтік  жəне  рухани-

адамгершілік,  шығармашылық-дене  дамуының  деңгейі  түрінде  оның 

портфолиосында көрсетіледі. Тұлғалық нəтижелер оқушылардың: 

1)

 



Қазақстан  Республикасының  Конституциясына,  заңдарына  жəне 

құқықтық тəртіпке сыйластықпен қараудан; 

2)

 

азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім жəне Отанды 



қорғау мен оған қызмет етуден; 

3)

 



мемлекеттік  жəне  ана  тілін  меңгеру,  Қазақстан  территориясында 

тұратын  халықтардың,  басқа  да  этностардың  құндылықтарын,  мəдениеті  мен 

дəстүрін құрметтеуден; 

4)

 



туған  өлкесінің  табиғатын  сақтау  жəне  аялау,  қоршаған  ортаны 

қорғауда белсенділік көрсетуден; 

5)

 

салауатты  өмір  сүру,  өзін  қорғау  жəне  айналадағы  адамдардың 



қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан; 

6)

 



этикалық  нормаларды  сақтау  мен  адамзат  тілдесуінің  жоғарғы 

мəдениетін көрсетуінен; 

7)

 

өз  бетімен  білім  алу  жəне  өзін-өзі  жүзеге  асыра  білу,  жасампаздық 



еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен; 

8)

 



үлкенге құрмет жəне кішіге ізет көрсете білуінен; 

9)

 



əлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни ағымдарды, 

идеологияны, құқыққа қарсы əрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.  

31.  Жүйелі-іс  əрекеттік  нəтижелер  оқушының  пəн  олимпиадасында, 

таңдау  курстарында,  шығармашылық  жұмыстарда,  сонымен  бірге  басқа  да 

ізденіс  жұмыстарында  анықталып,  оның  нəтижелері  портфолиосында 

жинақталады. Оқушылардың жүйелі-іс əрекеттік нəтижелері: 

1)

 

адамзат  қоғамының  дамуы  үшін  ғылым  негіздері  жəне  қолданылу 



саласы бойынша ғылыми жетістіктердің білім жүйесін меңгеру;   

2)

 



ғылыми ақпаратты  талдау, өңдеу, жинақтай білу жəне оларды қолдана 

алуы, тірек конспект, сызбанұсқалар, кестелер құрастыру рефераттар, пікірлер 

жаза білу; 

3)

 



жаңа материалмен, өздігінен жұмыс істей білу, зерттеу жұмыстарымен 

айналысу; 



66 

 

4)



 

танымдық,  жобалау,  құрастыру,  іздену,  шығармашылық  əдістерін 

қолдану;  

5)

 



қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды білу; 

6)

 



жоғары  коммуникативтік  қабілеттілік,  көптілді  мəдениеттілікті  

қолдана білуі тиіс. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет