10. Оқу пəнінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы
11 сыныбына арналған базалық білім мазмұны
43. « Философия негіздері» (13 сағат):
«Философия дегеніміз не?» (4 сағат), философияның адам мен қоғам
өміріндегі ролі, философия – даналыққа құштарлық ретінде, философия –
саналы жəне игілікті өмір туралы ілім, философия – ақыл ой мəдениеті;
«Философия ой мектебі ретінде», философ дегеніміз кім, алғашқы
философтар, олардың ілімдері, өзіңді өзің таны, философиялық сұрақтар мен
жауаптардың ерекшеліктері;
«Философия антропологиясы» (4 сағат), адам философияның орталық
мəселесі ретінде, адам философиялық мəселесінің мəні мен ерекшелігі,
философиядағы адамның негізгі образдары, адам адам болуға ұмтылыс ретінде;
«Адам өмірінің мəні»,
өмірдің мəні жөніндегі философия, адамның
бағыт-бағдары, қазіргі заманғы өркениет жағдайындағы адами фактор, адами
капитал ұғымы жəне оның мəні;
«Əлеуметтік философия» (4 сағат), қоғам-философиялық көзқарас
ретінде, күрделі ұйымдастырылған жүйе ретіндегі қоғам туралы түсінік,
қоғамдық дамудың негізгі теориялары, қоғамдық дамудың қозғаушы күштері,
тарих философиясы;
«Гуманиатарлық білімнің философиялық мəселелері», мəдениет
философиясы, білім философиясы, саясат философиясы, құқық философиясы,
дін философиясы;
қайталау (1 сағат).
44. «Əлеуметтану негіздері» (15 сағат):
«Əлеуметтану дегеніміз не?» (4 сағат), əлеуметтану ғылым ретінде,
əлеуметтанудың пайда болуының əлеуметтік жəне теориялық алғышарттары,
əлеуметтанудың негізгі мəселелері, əлеуметтанулық қабылдау бізге не береді?;
«Əлеуметтанулық білім», қоғамды əлеуметтанулық тұрғыдан тану
тəсілдері, əлеуметтік-гуманитарлық пəндер арасындағы əлеуметтанудың орны,
əлеуметтанулық білімнің құрылымы, қазіргі заманғы қоғамды танудағы
əлеуметтанулық тəсілдердің ролі;
«Қоғам əлеуметтік жүйе ретінде» (4 сағат), қоғам өзара əрекеттесулер
жүйесі ретінде, əлеуметтік өзара əрекеттесулер түрі, əлеуметтік топтар мен
олардың жіктелуі, əлеуметтік институттардың негізгі қызметтері, əлеуметтік
тəртіп жəне қақтығыс, ауытқушы мінез-құлық жəне əлеуметтік бақылау;
«Əлеуметтік стратификация жəне ұтқырлық», қазіргі заманғы қоғамдағы
орта таптың ролі мен мазмұны, əлеуметтік мүдделер, əлеуметтік
қақтығыстардың себептері, əлеуметтік қақтығыстың сипаттары, əлеуметтік
қақтығысты реттеу, əлеуметтік қақтығыстарды шешу жолдары;
«Тұлға жəне қоғам» (6 сағат), тұлғаның қалыптасуындағы əлеуметтік
факторлар,
əлеуметтік мінез-құлық, əлеуметтік рөл, тұлғаның əлеуметтік
бірегейлігі, жастардың субмəдениетінің ерекшелігі, жастардың кəсіби жəне
əлеуметтік өзін өзі анықтауы, əлеуметтік-тұрмыстық мүдделері, тұрмыстық
қатынастар мəдениеті;
75
«Қазіргі заманғы əлемнің этникалық алуан түрлілігі», этнос жəне ұлт,
этномəдени құндылықтар мен дəстүрлер, этностың ментальдық ерекшеліктері,
ұлтаралық серіктестік пен қақтығыстар, ұлтаралық қатынастарды реттеу
мəселесі;
«Қазіргі заманғы діни ахуалдар», діни өмірдің əлеуметтік жағдайлары,
дін əлеуметтануы, шіркеу қоғамдық институт ретінде, діни конфессиялар,
конфессия аралық серіктестік;
қайталау (1 сағат).
45. «Саясаттану негіздері» (9 сағат):
«Саясаттану дегеніміз не?» (4 сағат), саясаттану ғылым ретінде,
саясаттанудың пайда болуы, саясаттанудың негізгі мəселелері, негізгі
саясаттанулық тұжырымдамалар;
«Саясаттанулық білім»,
əлеуметтік гуманитарлық білімдер жүйесіндегі
саясаттанудың орны, саясаттанулық білімнің құрылымы, қоғамдық өмірді
басқаруға саналы түрде қатысу үшін саясаттанулық білімдердің маңызы;
«Саясат жəне мəдениет» (4 сағат), саяси мəдениет, қоғамдық
қатынастарды саяси реттеудің ерекшеліктері, саяси жүйе, оның құрылымы мен
қызметтері, саяси инститтутар, нормалар, байланыстар мен үдерістер туралы
ұғым, билік жəне саясат, биліктің легитимділігі, демократия жəне
парламентаризм;
«Тұлға жəне саясат», саяси элита, саяси көшбасшы ұғымы,
көшбасшылық типологиясы, саяси көшбасшының имиджі, қоғамдық санада
оны жасау жəне ұстап тұру;
қайталау (1 сағат).
46. «Экономикалық теорияға кіріспе» (5 сағат):
«Ресурстық нарық жəне нарықтық кірістерді қалыптастыру» (2 сағат),
еңбек нарығы, еңбек нарығының ерекшеліктері (қызметтері, субьектілері,
компоненттері), еңбекке деген сұраныс, еңбек ұсынысы, жалақы факторлық
кіріс ретінде, номиналды жəне шынайы жалақы, жалақы ставкасының
дифференциациясы, еңбек нарығындағы кəсіподақтардың рөлі, еңбек биржасы
жəне оның қызметтері;
«Кəсіпкерлік қызмет негіздері», кəсіпкерлік өндірістің факторы ретінде,
кəсіпкерліктің субъектілері мен обьектілері, оның дамуының мақсаттары мен
факторлары,
кəсіпкерліктің
ұйымдастырушылық-құқықтық
формалары,
олардың артықшылықтары мен кемшіліктері;
«Ұлттық экономика жəне оның динамикасы» (2 сағат), экономикалық
дамудың негізгі принциптері, ұлттық экономиканың айналымы (ресурстар,
өнімдер мен кірістер), ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіштері (ұлттық
байлық, жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім);
«Экономикалық өсімнің ерекшеліктері», экономикалық өсім (мəні,
типтері, факторлары, көрсеткіштері, əлеуметтік-экономикалық салдары),
макроэкономикалық тұрақсыздық (экономикалық дамудың циклдығы),
инфляция жəне жұмыссыздық, нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің
қажеттілігі мен мəні, ұлттық экономиканың мемлекеттік реттеудің формалары
мен əдістері;
76
қайталау (1 сағат).
47. «Заңға кіріспе» (7 сағат):
«Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет» (4 сағат), құқықтық
мемлекет ұғымы мен оның белгілері, құқықтық мемлекет мақсат, тəсіл жəне
нəтиже ретінде, құқықтық мемлекет дамуының тарихи кезеңдері, құқықтық
мемлекеттің негізгі принциптері, құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам;
«Қазақстан
республикасындағы
мемлекеттік
билік
органдары»,
мемлекеттік билік ұғымы, Қазақстан Республикасының Президентінің
құқықтық статусы, Парламенттің, Өкіметтің, Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесінің қызмет етуі мен қалыптасуының тəртібі, əділеттілік
жəне сот билігі, жергілікті өкілетті жəне атқарушы органдар;
«Құқық қорғау органдары», құқық қорғау органдарының қызметі мен
ұйымдасу негіздері, құқық қорғау органдарының түрлері, мемлекеттік қызмет
принциптері, құқық қорғау қызметінің принциптері, құқық қорғау органдары
қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері;
«Азаматтардың құқықтық мəдениеті, құқықтық мінез құлық жəне заңды
жауапкершілік» (2 сағат), құқықтық сана жəне құқықтық мəдениет, құқықтық
сана жəне азаматтардың құқықтық мəдениеті, құқықтық сана ұғымы, оның
деңгейінің түрлері, құқықтық идеология мен құқықтық психология, құқықтық
мəдениеттің мазмұны мен деңгейлері;
«Құқықтық мінез құлық, құқық бұзушылық, заңды жауапкершілік»,
құқықтық мінез құлық (ұғымы, құрылымы, формалары), құқықтық мінез-құлық
түрлері, құқық бұзушылық ұғымы мен оның құрамы, құқық бұзушылықтың
түрлері, заңды жауапкершілік (ұғымы, белгілері мен оның негіздемелері),
заңды жауапкершілік принциптері;
қайталау (1 сағат);
48. Қорытынды қайталау (2 сағат).
11. Оқу пəнінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы
11-сыныбына арналған базалық білім мазмұны
49. «Философия негіздері» (11 сағат):
«Философия дегеніміз не?» (2 сағат), философияның адам мен қоғам
өміріндегі ролі, философия – даналыққа құштарлық ретінде, философия –
саналы жəне игілікті өмір туралы ілім, философия – ақыл ой мəдениеті;
«Философия ой мектебі ретінде», философ дегеніміз кім, алғашқы
философтар мен олардың ілімдері, өзіңді өзің таны, философиялық сұрақтар
мен жауаптардың ерекшеліктері;
«Философия антропологиясы» (2 сағат), адам философияның орталық
мəселесі ретінде, адам философиялық мəселесінің мəні мен ерекшелігі,
философиядағы адамның негізгі образдары, адамның адамшылыққа ұмтылысы;
«Адам өмірінің мəні, өмірдің мəні жөніндегі философия», адамның бағыт
бағдары, қазіргі заманғы өркениет жағдайындағы адами фактор, адами капитал
ұғымы жəне оның мəні;
77
«Жаратылыстану философиясы» (6 сағат), табиғатқа деген философиялық
көзқарас, табиғатқа өздігінен дамушы жүйе ретінде қарау туралы түсініктер,
адам мен табиғаттың өзара əрекеттесуінің негізгі теориялары, экологиялық
дағдарыс, экологиялық сана жəне биофилософия;
«Жаратылыстанулық ғылыми білімнің философиялық мəселелері»,
биологиядағы, медицинадағы, физикадағы, химиядағы философиялық
мəселелер, философия жəне математика;
қайталау (1 сағат).
50. «Əлеуметтану негіздері» (10 часов):
«Əлеуметтану дегеніміз не?» (2 сағат), социология ғылым ретінде,
əлеуметтанудың пайда болуы жəне дамуы, əлеуметтану объектісі мен пəні,
əлеуметтанудың негізгі мəселелері, əлеуметтанудағы сандық жəне сапалық
əдістер;
«Əлеуметтанулық білім», əлеуметтанудың жаратылыстану ғылыми
білімдермен өзара əрекеттесуі, əлеуметтанулық білімнің құрылымы, қазіргі
заманғы қоғамды танудағы əлеуметтанулық тəсілдердің рөлі;
«Қоғам əлеуметтік жүйе ретінде» (2 сағат), қоғам өзара əрекеттесулер
жүйесі ретінде, əлеуметтік өзара əрекеттесулер түрі, əлеуметтік топтар мен
олардың жіктелуі, əлеуметтік институттардың негізгі қызметтері, əлеуметтік
тəртіп жəне қақтығыс, ауытқушы мінез құлық жəне əлеуметтік бақылау;
«Əлеуметтік стратификация жəне ұтқырлық», қазіргі заманғы қоғамдағы
орта таптың ролі мен мазмұны, əлеуметтік мүдделер, əлеуметтік
қақтығыстардың себептері, əлеуметтік қақтығыстың сипаттары, əлеуметтік
қақтығысты реттеу, əлеуметтік қақтығыстарды шешу жолдары;
«Тұлға жəне қоғам» (5 сағат), тұлғаның қалыптасуындағы əлеуметтік
фактор, əлеуметтік мінез құлық, əлеуметтік рөл, тұлғаның əлеуметтік
бірегейлігі, жастардың субмəдениетінің ерекшелігі, жастардың кəсіби жəне
əлеуметтік өзін-өзі анықтауы, əлеуметтік-тұрмыстық мүдделері, тұрмыстық
қатынастар мəдениеті;
«Қазіргі заманғы əлемнің этникалық алуан түрлілігі», этнос жəне ұлт,
этномəдени құндылықтар мен дəстүрлер, этностың менталдық ерекшеліктері,
ұлтаралық серіктестік пен қақтығыстар, ұлтаралық қатынастарды реттеу
мəселесі;
«Қазіргі заманғы діни ахуалдар», діни өмірдің əлеуметтік жағдайлары, дін
əлеуметтануы, шіркеу қоғамдық институт ретінде, діни конфессиялар,
конфессия аралық серіктестік
;
қайталау (1 сағат);
51. «Саясаттану негіздері» (5 сағат):
«Саясаттану дегеніміз не?» (2 сағат), саясаттану ғылым ретінде,
саясаттанудың пайда болуы, саясаттанудың негізгі мəселелері, негізгі
саясаттанулық тұжырымдамалар;
«Саясаттанулық білім», əлеуметтік гуманитарлық білімдер жүйесіндегі
саясаттанудың орны, саясаттанулық білімнің құрылымы, қоғамдық өмірді
басқаруға саналы түрде қатысу үшін саясаттанулық білімдердің маңызы;
78
«Саясат жəне мəдениет» (2 сағат), саяси мəдениет, қоғамдық
қатынастарды саяси реттеудің ерекшеліктері, саяси жүйе, оның құрылымы мен
қызметтері, саяси инститтутар нормалар, байланыстар мен үдерістер туралы
ұғым, билік жəне саясат, биліктің легитимділігі, демократия жəне
парламентаризм;
«Тұлға жəне саясат», саяси элита, саяси көшбасшы ұғымы, көшбасшылық
типологиясы, саяси көшбасшының имиджі, қоғамдық санада оны жасау жəне
ұстап тұру.
қайталау (1 сағат);
52. «Экономикалық теорияға кіріспе» (17 сағат):
«Өндіріс факторының нарығы жəне факторлық кірістердің қалыптасуы»
(8 сағат), еңбек нарығы, еңбек нарығының ерекшеліктері, қызметтері,
субьектілері, компоненттері, еңбекке деген сұраныс, еңбек ұсынысы, жалақы
факторлық кіріс ретінде, номинальды жəне шынайы жалақы, жалақы
ставкасының дифференциациясы, еңбек нарығындағы кəсіподақтардың рөлі,
еңбек биржасы жəне оның қызметтері;
«Капитал нарығы мен табиғи ресурстар», капиталға деген сұраныс
ерекшеліктері жəне капитал ұсыныстары, инвестициялар мен жинақтар, пайыз
факторлық кіріс ретінде жəне капитал нарығындағы тепе-тең баға ретінде,
несие жəне оның түрлері, несиелік жүйе жəне оның элементтері, құнды
қағаздар нарығы мен фонд биржасы, табиғи ресурстар нарығы, жер сату мен
сатып алу обьектісі ретінде, жерге деген ұсыныстар мен сұраныстар ерекшелігі
жер рентасы мен жер бағасы;
«Кəсіпкерлік қызмет негіздері», кəсіпкерлік өндірістің факторы ретінде,
кəсіпкерліктің субъектілері мен обьектілері, оның дамуының мақсаттары мен
факторлары,
кəсіпкерліктің
ұйымдастырушылық-құқықтық
формалары,
олардың артықшылықтары мен кемшіліктері;
«Ұлттық экономика жəне оның динамикасы» (8 сағат), экономикалық
дамудың негізгі принциптері, ұлттық экономиканың айналымы (ресурстарды,
өнімдер мен кірістер ағыны), ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіштері
(ұлттық байлық, жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім);
«Экономикалық өсімнің ерекшеліктері», экономикалық өсім (мəні,
типтері, факторлары, көрсеткіштері, əлеуметтік-экономикалық салдары),
макроэкономикалық тұрақсыздық (экономикалық дамудың циклдығы),
инфляция жəне жұмыссыздық, нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің
қажеттілігі мен мəні, ұлттық экономиканың мемлекеттік реттеудің формалары
мен əдістері
.
қайталау (1 сағат).
53. «Заңға кіріспе» (6 сағат):
«Қазақстан Республикасы – құқықтық мемлекет» (3 сағат), құқықтық
мемлекет ұғымы мен оның белгілері, құқықтық мемлекет мақсат, тəсіл жəне
нəтиже ретінде, құқықтық мемлекет дамуының тарихи кезеңдері, құқықтық
мемлекеттің негізгі принциптері, құқықтық мемлекет жəне азаматтық қоғам;
«Қазақстан
Республикасындағы
мемлекеттік
билік
органдары»,
мемлекеттік билік ұғымы, Қазақстан Республикасының Президентінің
79
құқықтық статусы, Парламенттің, өкіметтің, Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесінің қызмет етуі мен қылыптасуының тəртібі, əділеттілік
жəне сот билігі, жергілікті өкілетті жəне атқарушы органдар;
«Құқық қорғау органдары», құқық қорғау органдарының қызметі мен
ұйымдасу негіздері, құқық қорғау органдарының түрлері, мемлекеттік қызмет
принциптері, құқық қорғау қызметінің принциптері, құқық қорғау органдары
қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері;
«Құқықтық реттеу негізі. Заңдылық жəне құқықтық тəртіп» (2 сағат),
құқықтық реттеу негізі, құқықтық реттеу, оның шектері, тəсілдері мен типтері,
құқықтық реттеу элементтері мен тəсілдері, құқықтық реттеу процесінің
кезеңдері;
«Заңдылық пен құқықтық тəртіптілік», заңдылық (ұғымы мен
негізгі принциптері), құқықтық тəртіп ұғымы мен қоғамдық тəртіп олардың ара
қатынасы мен құқықтық қамсыздандыру, ұлттық қауіпсіздік ұғымы мен оның
түрлері, Қазақстан Республикасының негізгі ұлттық мүдделері, ұлттық
қауіпіздіктің негізгі қауіптері;
қайталау (1 сағат);
54. Қорытынды қайталау (2 сағат).
12.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
55. Оқушылардың дайындық деңгейлері үш аспектімен: пəндік
нəтижелер,
тұлғалық
нəтижелер,
жүйелі-іс
əрекеттік
нəтижелермен
бағаланады.
56. Пəндік нəтижелер. 10-сыныптың соңында оқушылар:
1)
дүниетанымның негізгі элементтері мен құрылысын;
2)
дүниетанымның тарихи түрлері – мифологиялық, діни жəне
философиялық;
3)
əлемді тану мəселесін, ғылымның пайда болуын;
4)
білімнің қазіргі заманғы мəнін;
5)
адам өміріндегі құндылықтарды жəне құндылықтарды таңдау
мəселесін;
6)
бостандықты қажеттілік ретінде;
7)
жеке жəне əлеуметтік жетістік үшін адамның жауапкершілігін;
8)
қоғамдағы қоғамдық-саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени
үдерістердің себеп- салдарлық байланыстарын;
9)
қоғамдағы нарықтық экономиканың ролін, экономиканың нарықтық
субьектілер мінез құлқымен өзара байланысын;
10)
ұсыныс пен сұраныс заңдарын, кіріс көздерін, өндірістің факторларын,
мемлекеттің монополияға қарсы саясатын;
11)
қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу үдерісі мен жеке жəне
көпшілік құқықтың негізгі салаларын;
12)
демократиялық саясат негіздерін – сайлау, референдум, жергілікті өзін-өзі
басқару, қоғамдық жəне саяси ұйымдарды;
80
13)
қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу үдерісі мен жеке жəне
көпшілік құқықтың негізгі салаларын;
14)
қоғамдағы құқықтық қатынастар, еркіндік, құқық, міндеттерді;
15)
қоғамның дамуындағы негізгі заңдылықтардың қазіргі заманғы
түсініктерін;
16)
тұлғаның əлеуметтік статусын, қоғамның əлеуметтік құрылысын;
17)
қоғамның саяси жүйесін, мемлекеттің формалары мен белгілерін,
саяси режимдер, демократиялық саясаттың негіздерін;
18)
адамның рухани мəдениетінің негіздерін, қоғамның рухани
құндылықтары, тұлғаның адамгершілік негіздері, тəрбие мен білім беру
міндеттерін;
19)
қазіргі заманғы қоғам өміріндегі діннің ролін;
20)
адам мен азаматтардың құқықтары мен міндеттерін;
21)
Қазақстандағы адам еркіндігі мен құқығын қорғау механизмдерін
жəне адам құқығын халықаралық-құқықтық тұрғыдан қорғауды;
22)
жеке жəне көпшілік құқықтың негізгі салаларын білуі тиіс.
57. 10 сыныптың соңында оқушылар:
1) негізгі əлеуметтік обьектілер мен құбылыстарды, олардың маңызды
белгілерін, заңдылықтары мен дамуын сипаттай білуді;
2) əлеуметтік обьектілер мен құбылыстар туралы алынған ақпараттарды
талдай білуді, олардың жалпы белгілері мен айырмашылықтарын анықтауды,
зерттелген əлеуметтік құбылыстардың маңызды сипаттары мен белгілері
арасындағы жəне қоғамтану терминдері мен ұғымдары арасындағы сəйкестікті
орната білуді;
3) əлеуметтік – гуманитарлық жəне жаратылыстану ғылымдарындағы
зерттелген теориялық ережелерді мысалдарда көрсете білуді;
4) ретсіз əлеуметтік ақпараттарды жүйелеу, жалпылау, талдау; ондағы
айғақтарды, пікірлерді, дəлелдер мен тұжырымдарды ажырата білуді;
5) қалыптасқан қоғамтанулық білімдерінің негізінде өзінің дербес
көзқарастарын жəне белгілі бір мəселелер бойынша дəлелдердің негізінде өз
пікірін қалыптастыра білуді;
6) əлеуметтік мəселе бойынша шығармашылық жұмыстарды, ауызша
талдай білуді;
7) өзекті əлеуметтік мəселелер бойынша танымдық мəселелерді шешу
барысындағы əлеуметтік-гуманитарлық жəне жаратылыстанулық-ғылыми
білімдерді қолдана білуді;
8) жаппай қарым қатынаста жəне тұлға аралық тілдесу барысында
алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан талдау үшін қарапайым өмір мен
практикалық іс əрекетте алынатын білімдер мен іскерліктерді пайдалана білуді;
9) маңызды қоғамдық оқиғаларда дербес бағыт ала білу, жеке азаматтық
ұстанымды анықтауды;
10) белгілі бір əлеуметтік əрекеттерден туатын салдарды алдын ала
болжай білу, мораль мен құқықтың негізінде адамдардың іс əрекеттеріне жəне
болып жатқан оқиғаларға баға бере білуді;
81
11) адамдар мен азаматтардың құқықтарын қорғау жəне жүзеге асыру
қажеттілігі мен мүмкіндіктерін дəлелдей білуді;
12) наным-сенімдері, мəдени құндылықтары мен қоғамда алатын
орындары əртүрлі адамдармен өзара қарым қатынас орната білуді меңгеруі
тиіс.
58. 11 сыныптың соңында оқушылар:
1) ақыл-ой мектебі мен саналы жəне игілікті өмір мектебі ретінде
философия негізін;
2) жаратылыстану жəне гуманитарлық ғылымдардағы философиялық
мəселелерді;
3) əлеуметтану мен саясаттанудың негізгі мəселелерін;
4) нарықтық экономика туралы (еңбек нарығы, капитал, табиғи
рессурстарды);
5) ұлттық экономиканның негізгі көрсеткіштері мен экономикалық
өсімнің ерекшеліктерін;
6) қоғамның əлеуметтік құрылысы, оның элементтері, əлеуметтік іс-
əрекет жəне əлеуметтік рөлдерді;
7) қоғамның саяси жүйесін, Парламент, Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесі, əділет органдары, жергілікті өкілетті, атқарушы жəне
құқық қорғау органдарының қалыптасуы мен қызмет ету тəртібін;
8) философия, əлеуметтану, саясаттану, экономикалық теория, заң білімі
сияқты ғылымдардың мəні мен ерекшелігін;
9) адамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарын, өмірдің мəні мен
бағдарын;
10) қоғамдағы қоғамдық-саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне мəдени
үдерістердің себеп- салдарлық байланыстарын;
11) қоғамдағы экономиканың ролін, еңбек нарығын, капитал, табиғи
ресурстарды;
12) құқықтық мемлекеттің негізгі принциптерін, конституциялық
кепілдемелерді;
13) мəдени жетістіктерді, адамның рухани əлемін сипаттауды;
14) қарым-қатынас, мораль жəне адамгершілік нормаларын білуі тиіс.
59. 11 сыныптың соңында оқушылар:
1) мемлекет саясатының мəнін түсіндіре білуді;
2) жаңа материал бойынша өз бетімен жұмыс істеуді, зерттеушілік
жұмыспен айналысуды;
3) табиғатқа, адам мен қоғамға деген философиялық көзқарасты
түсіндіруді;
4) оқытылып отырған тақырып бойынша материалдарды өз бетімен
талдай білу жəне жалпылау;
5)
əлеуметтанудағы,
саясаттанудағы,
экономика
мен
заң
ғылымдарындағы бастыларын анықтауды;
6) қоғам өмірінің оң жəне теріс құбылыстарына дербес баға беруді;
7) экономикалық, саяси жəне əлеуметтік мəселелер бойынша жеке
көзқарасын білдіре білуді жəне оны дəлелдеуді;
82
8) ақпарат көздерін сыни тұрғыдан талдау, алуан түрлі б(мəтін, карта,
кесте, схема, аудиовизуалды) ақпараттарды талдауды;
9) құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды орната
білуді;
10) құқықтық жəне өзекті қоғамдық мəселелер бойынша пікірталастарға
қатысу, алынған мəліметтерді дəлелдеу үшін талқыланатын мəселелер бойынша
дербес көзқарасын білдіруді;
11) қазіргі өмірдің құбылыстарына қатысты өз көзқарасын білдіру, өзінің
іс-əрекеттерін жəне маңайындағылардың əрекеттерін əлеуметтік тəртіптің
түрлерімен салыстыра білу;
12) əлеуметтік қауымдастықтар, əлеуметтік топтар мен əлеуметтік
нормалардың
дамуындағы
себеп-салдарлық
байланыстарды
жəне
заңдылықтарды айқындауды;
13) экономиканың, қоғамның саяси жүйесінің, алуан түрлі мəдениеттің
дамуы туралы түрлі материалдар көздеріндегі қажетті ақпараттарды таба білуді;
14) моральдық, этикалық, адамгершілік жəне құқықтық нормаларды
талдау жəне жалпылауды;
15) материалдық өндіріске сипаттама беру жəне оны бағлау, қоғамдағы
мемлекеттік-құқықтық институттардың қызметін бағалай білуді меңгеруі тиіс.
60. Тұлғалық нəтижелер оқушылардың:
1)
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына жəне
құқықтық тəртіпке сыйластықпен қараудан;
2)
азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім жəне Отанды
қорғау мен оған қызмет етуден;
3)
мемлекеттік жəне ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында
тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мəдениеті мен
дəстүрін құрметтеуден;
4)
туған өлкесінің табиғатын сақтау жəне аялау, қоршаған ортаны
қорғауда белсенділік көрсетуден;
5)
салауатты өмір сүру, өзін қорғау жəне айналадағы адамдардың
қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;
6)
этикалық нормаларды сақтау мен адамзат тілдесуінің жоғарғы
мəдениетін көрсетуінен;
7)
өз бетімен білім алу жəне өзін өзі жүзеге асыра білу, жасампаздық
еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен;
8)
үлкенге құрмет жəне кішіге ізет көрсете білуінен;
9)
əлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни ағымдарды,
идеологияны, құқыққа қарсы əрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.
61. Жүйелі-іс əрекеттік нəтижелер оқушының пəн олимпиадасында,
таңдау курстарында, шығармашылық жұмыстарда, сонымен бірге басқа да
ізденіс жұмыстарында анықталып, оның нəтижелері портфолиосында
жинақталады.
1)
Ғылым негіздері жəне адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті
ғылыми жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді;
2)
ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу жəне оларды қолдана
алуы, тірек конспект, сызбанұсқалар, кестелер құрастыру рефераттар, пікірлер
жаза білу;
3)
жаңа материалмен, өздігінен жұмыс істей білу, зерттеу жұмыстарымен
айналысу;
4)
танымдық, жобалау, құрастыру жəне іздену, шығармашылықпен
қолдану əдістерін;
5)
қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды;
6)
жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мəдениеттілікті
қолдана білуі тиіс.
« Өзін-өзі тану» пəнінен оқу бағдарламасы
(қоғамдық-гуманитарлық жəне
жаратылыстану-математикалық бағыттары)
1. Түсінік хат
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына
сəйкес əзірленді.
2. Адамның жеке тұлғалық əлеуетін мақсатты түрде жəне кеңінен ашуға
бағытталған рухани-адамгершілік білім беру ұлттық білім беру жүйесін
дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани,
тəндік, əлеуметтік жəне шығармашылық дамуының үйлесімділігіне қол
жеткізуге мүмкіндік беретін рухани-адамгершілік тəрбие білім беру жүйесінде
өзін-өзі тану пəні арқылы жүзеге асады.
Өзін-өзі танудың пəндік саласы əр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы
жəне өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи
қабілеттіліктері мен жасампаздық əлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім
беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пəнінің оқу-əдістемелік
құралдары оқушылардың қоғамға жəне өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып,
олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік
маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
3. Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:
1)
адамның өзіндік бейімділіктерін ашу жəне оның темпераментін, мінез-
құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-əрекет
субъектісі əрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
2)
оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға жəне бүкіл адамзатқа деген
қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, əлеуметтік
маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
3)
қоғамға қызмет етуге бағытталған мəселелерді шешуде жеке тұлға
құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану
дағдыларын қалыптастыру.
83
84
4. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:
1)
өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
2)
түрлі мəселелерді адамгершілік қағидаларға сəйкес сындарлы түрде
шешу;
3)
өзіне, адамдарға жəне қоршаған əлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
4)
адамдарға көмек көрсету, туыстарына жəне жақындарына мейірімді,
қамқор болу;
5)
өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі жəне іс-əрекеттерінде
шынайы болу;
6)
жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық жəне елжандылық таныту;
7)
өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу
жəне оған жауапты болу;
8)
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
5. Білім берудің бастауыш, негізгі жəне жоғарғы сатылары үшін өзін-өзі
тану бойынша ұсынылып отырған бағдарламада қарастырылған міндеттер:
1)
оқушылардың өз-өзіне, адамдарға жəне қоршаған ортаға деген
құндылық қарым-қатынастарын, айналасындағы адамдарға деген сезімталдық
жəне кішіпейілдік таныту қабілеттіліктерін ашу;
2)
өзін, өзгелерді, əлемді жəне адамзатты танып-білу, өзінің өмірдегі
орнын түсіну, өзіне жəне басқаларға жақсылық пен сүйіспеншілік таныту
ниеттерін дамыту;
3)
өзін дəріптеу, өзіне сену, өз ойы, сөзі жəне іс-əрекеті үшін
жауапкершілік сезімдерін дарыту;
4)
адам мен ішкі жəне сыртқы ортаның өзара байланыстылығын, оның
табиғатпен біртұтастығын, тəн жəне жан саулығының бір-бірімен тығыз
байланыстылығын түсіну, салауатты өмір сүрудің негізі ретінде өзінің дене
жəне психикалық күйін реттеу қабілеттіліктерін арттыру;
5)
əлеуметтік айқындамалар мен рөлдердің көп қырлылығы тұрғысынан
өзінің əрекеттері мен мінез-құлықтарын реттеуде терең ойланып, сезіне білу
қабілеттіліктерін дамыту;
6)
белгілі бір мағынадағы ақпараттарды жинау жəне оған талдау жасау
үшін өзінің білімін, білігін жəне дағдысын қолдана білу; жағдаятты бағалау;
жалпы адамзаттық жəне этно-мəдени құндылықтарға қайшы келмейтін жеке
шешім қабылдау үшін өзінің көзқарасын білдіру қабілеттіліктерін дамыту;
7)
күнделікті өмірде нақты мəселелерді шешуде жасампаздық белсенділік
таныту; адамгершілік нормаларына сəйкес алға қойылған міндеттерді сындарлы
шешу үшін ұжымда бірлесе еңбек ету жəне топпен, командамен жұмыс істеу
іскерлігін дамыту бұл мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Өзін-өзі тану пəнінің құрамы мен құрылымы аталған міндеттерді
орындауға бағытталып, 1-11-сыныптарға білім берудің базалық мазмұнын
анықтайды.
7. Өзін-өзі тану пəнінің мазмұны төмендегі дидактикалық негіздемелерге
сəйкес іріктелді:
85
1)
рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты адамның
қабілеттіліктерін ашуға, оның дене, психикалық, рухани, əлеуметтік жəне
шығармашылық əлеуеттерін үйлесімді дамытуға бағытталған;
2)
өзін-өзі тану пəнінің білімдік мақсаттары оқушылардың бойында
зияттылық, ақпараттық, коммуникативтік жəне рефлексивтік мəдениеттерді
дамытуға ықпал етуді қарастырады;
3)
күтілетін нəтижелердің көп деңгейлі жүйесі жалпы орта білімнің
жинақтап келгенде оқушылардың оқу жетістіктерінің алты кезеңіне сəйкес
жəне оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалау мен бағалауға мүмкіндік
беретін əр сыныптан соң (1,2,3, 4,5, 6, 7,8, 9,10, 11-сыныптардан кейін)
қойылған мақсат ретіндегі оқушылардың адамгершілік мінез-құлқы негіздерін
қалыптастыруды көздейді.
8. Пəн мазмұнының логикалық құрылымын өзін-өзі тану бойынша
күтілетін нəтижелер жүйесі негізінде анықтауға:
1) жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесі:
өзін-өзі тануға: махаббат, денсаулық, еркіндік, бақыт, еңбек, тəн мен жан
үндестігі;
өзгелерді тануға: отбасы, достық, сыйластық, теңдік, бауырмалдық,
диалог, өзара түсіністік, ынтымақтастық;
əлемді тануға: табиғат, Отан, əлем, өмір, Бүкіл əлеммен үндестік, сенім,
үміт;
адамзаттың рухани тəжірибесін тануға: ақиқат, жер адамзаттың ортақ үйі,
шығармашылық, мəдениет, адамзатпен бірігу.
2) жеке тұлғаның негізгі қасиеттері:
өзіне қатысты: махаббат, адамгершілік, жан тазалығы, өзін сыйлау,
дербестік, еңбекқорлық, өзіне сенімділік, мақсаткерлік;
өзгелерге қатысты: жауапкершілік, көпшілдік, елгезектік, əділдік,
төзiмдiлiк, сыпайылық;
əлемге қатысты: қамқорлық, білімге құштарлық, танымдық, махаббат,
қайырымдылық, қоғамға қызмет ету;
адамзатқа қатысты: елжандылық, оптимистік, дəстүрді жалғастыру,
болашаққа ұмтылу, зор жауапкершілік.
3) адамзат жинақтаған əлеуметтік тəжірибенің құрамдас бөлiктері:
əлемдік мəдениет, халықтар даналығы, білім мен ғылым мүмкіндік
береді.
адамның өзін-өзі тануы
адам жəне қоғам
адам жəне қоршаған орта
9. Адамзаттың рухани тəжірибесі тəрізді төрт тарауды қамтитын базалық
мазмұн өзін-өзі тану, өзгелерді тану, əлемді тану, адамзатты тануға құралған
мазмұндық желілерді нақтылайды.
10. Аталған тараулар өзін-өзі тану үдерісінің түйінді бағыты болып
табылады, өйткені олар адам өмірінің логикасына, жалпы адамзаттық жүйеге
толықтай сəйкес келеді жəне жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін
дамытуға, өзін-өзі танып, өзін-өзі іс жүзінде мейлінше көрсете білуге
86
айтарлықтай мүмкіндік береді. Бұл тараулар мектептің түрлі сатыларындағы
оқыту мазмұнын, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, нақты
бірізділікпен құрылған.
11. Өзін-өзі тануды жеке міндетті пəн ретінде оқыту оқу жоспарының
инвариантты бөлімінде 1-11-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, əрбір сыныпта
бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.
12. Вариативті оқу жүктемесінің 1-2 оқу сағаты бастауыш мектепте
таңдау бойынша сабақтарда, негізгі мектепте таңдау бойынша курстарда жəне
мектептің жоғарғы сатысындағы бейімдік оқыту жағдайларында, қолданбалы
курстарда пайдаланылады. Модульдік принцип бойынша жобаланған осы
курстардың өткізілу уақыты (34 сағаттан 68 сағатқа дейін) мен сипаты əр түрлі
болуы мүмкін.
13. Вариативті, инвариантты бөлімдердегі жүктемеге сəйкес оқу əрекеті
жəне сыныптан тыс жəне мектепішілік шаралардың барлығы оқушылардың
қоғамға қызмет ете білу дағдыларын меңгертуге бағытталуы тиіс.
14. Бағдарламада жалпы орта мектептегі деңгейлер мен сыныптар
бойынша жалпыадамзаттық құндылықтар туралы негізгі түсініктер мен жеке
қасиеттерді дамыту өзара сабақтастықта қарастырылған. Сонымен қатар бұл
бағдарлама өзін-өзі танудың басқа жалпы білім беретін пəндермен байланысы
арқылы салауатты өмір салтын, адамгершілік қасиеттерін, экологиялық
санасын, эстетикалық курстарды қалыптастыру тұрғысынан пəндер мазмұнын
ықпалдастыруды іске асыруға да негіз болады.
15. Сонымен бірге бағдарлама мазмұны өзін-өзі танудың мақсат-
міндеттеріне əсер ету үшін оқытудың бірқатар əдістемелік тəсілдерін
пайдалануды қарастырады. Мысалы «Шаттық шеңбері» жəне «Жүректен
жүрекке» əдістері əрбір сабақтың басталу жəне аяқталуы кезеңдеріне орай
қолданылады. Əрбір оқушының сабақта көтерілген проблемаға тартылып,
ұжымға қабылданып, өзі де ұжымды қабылдай алуға, сабақ мазмұнын сезіммен
қабылдап, алған əсерлерімен бөлісіп жəне бір-біріне тілек айтуға мүмкіндік
жасалады. Пəн мазмұны оқушылардың құндылықтар жəне адамгершілік
қасиеттер туралы білімдері мен түсініктерін кеңейтеді жəне эмоциясын, ерік-
жігерін, ойлауын дамытады. Оқу материалдарын қабылдауда танымдық
қызығушылықтарын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін ашуға («Оқу»,
«Сабақтың дəйексөзі», «Əңгімелесу», «Жағдаяттар кезінде ойлану»,
«Шығармашылық жұмыс» жəне т.б.) бағытталған əдіс-тəсілдерді пайдалануды
ұсынады. Сабақ барысында өзін-өзі тану бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру
кезінде оқушының көңіл күйіне, өзін жақсы сезінуіне əсер ететін релаксация
жасауға мүмкіндік беретін, денеге түсетін күшті азайтатын, шаршағанды
сейілтетін, өз сезіміне, эмоциясына, рефлексиясына дем беретін («Тыныштық
сəті», «Өзіммен өзім», «Сергіту сəті») əдістемелік тəсілдердің көмегімен
дамытушы салауатты орта құру маңызды шарт болып табылады.
16. Бағдарлама өзін-өзі тану пəнінің Мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартындағы күтілетін нəтижелер деңгейлеріне сəйкес пəн мазмұнын
сыныптар бойынша тақырыптық топтастыруды көздейді.
87
2. Базалық білім мазмұны
17. Мектептің жоғары сатысы (10-11 - сыныптар). Аталған бағдарлама
жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 -сыныптарында міндетті түрде
меңгертілетін «Өзін-өзі тану» пəні бойынша берілетін білім мазмұнын
анықтайды. Ол өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім берудің жалпы
мақсаттарына жетудің құралы болып табылады жəне жалпы орта білім беретін
жүйенің сегізінші (қорытынды) деңгейінде оқушылардың оқу жетістіктері
бойынша күтілетін нəтижелермен сəйкес келеді.
18. Мектептің жоғары сатысындағы базалық мазмұн адам мен қоршаған
əлем туралы түсініктерді тек танымдық тұрғыда ғана емес, өзекті сипатта яғни
зерттеушілік ізденіспен, мəселені шығармашылық тұрғыда түсінетіндей кең
мағынада қарастырылады. Өзін-өзі тану пəнін оқытуда сабақтастықты сақтай
отырып бірінші сыныптан бастап, оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай
мектептің жоғары сатысындағы 10-11 сыныптардың базалық мазмұнында
негізгі төрт тарауды қамтиды:
1) таным тағылымдары;
2) адам болам десеңіз...;
3) жарасымды өмір салтанаты;
4) кең дүние келбеті.
19. Мектеп бітіруші бозбалалар мен бойжеткендер өзінің алдағы өмірін
таңдап, жауапкершілік, дербестік, мақсатқа талпынушылық сияқты құндылық
бағдарға ерекше мəн берілетін үлкендер қауымына белсенді түрде əлеуметтену
үдерісіне түседі. Жастардың өмірдің қандай кезеңдерінде болмасын белсенді əрекет
етіп, оң шешім қабылдай білуге даяр болуы мен табысқа жетудің шешуші шарты
жоғарғы адамгершілік құндылықтарды негізге алуында болып табылады.
20. 10-11-сынып оқушылары ересек өмірдің табалдырығын аттаудың
алдында тұрғандықтан олардың үйлесімді тұлға болып дамуында танымдық
əлеуметтену маңызды деп саналады.
21. Аталған жас кезеңінің негізгі ерекшеліктері оқушылардың өмірлік
жолын таңдауына байланысты тұлғаның көпқырлы өзіндік «Менін» қайта
қарауынан туындайды. Бұл алуан түрлі қызығушылықтар, талпыныстар, мақсат
қою мен міндеттер, іс-əрекеттерін жоспарлау, рухани ізденістер, абырой іздеу,
кез келген ықпалдан өзін алшақ ұстау, қарым-қатынас аясын таңдау, өзін-өзі
дəлелдеуі арқылы көрініс береді.
22. «Таным тағылымдары» атты бірінші тарау мазмұны оқушылардың жалпы
адамзаттық құндылықтардың ерекшелігін саналы сезіну арқылы өзіндік
артықшылықтарын ұғыну мақсатын көздейді. Адамның өзімен-өзі жəне қоршаған
ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамытуға, танып-білуге
ұмтылысын, өзінің эмоциялық күйін басқара алу білігін дамытуға басты назар
аударылады. Оқушылардың арманға қол жеткізудің адамгершілік жолы, өмірде
қуана білудің адам үшін мəнділігі, адалдық, ой тазалығы, шынайылық,
талаптылық, тəуекелдік сияқты жеке тұлғалық қасиеттерінің жаңа қырлары
туралы білімі мен махаббат, бақыт, өмір туралы түсініктері кеңейтіледі жəне
тереңдетіледі. Адамның өмірдегі басты жəне қосалқы мəселелерді айыра алу
88
білігіне, өмірдегі өз орнын түсінуіне ықпал ететін рухани байлық, қызмет ету
сияқты ұғымдарды ұғындыру қарастырылады.
23. «Адам
болам
десеңіз...»
атты
екінші
тарау
мазмұнында
жалпыадамгершілік құндылықтар мен қасиеттер туралы түсініктер беріліп,
олардың адами қарым-қатынаста алатын орны нақты мысалдармен дəлелденеді.
Тарау мазмұнында оқушылардың бұрын меңгерген үміт пен сенім, намыс пен
абырой, қайсарлық пен батырлық, арман мен ақиқат, жауапкершілік пен парыз,
қанағат пен рақым жəне т.б. сияқты құндылықтар мен ұғымдар түсініктерін кеңейту
жəне тереңдету көзделеді.
24. «Жарасымды
өмір
салтанаты»
атты
үшінші
тараудың
тақырыптарында оқушылардың дүниетанымын кеңейтуді адамның əлемге
ашық бола білуі мен əлемді тану мен түсінуді оған жоғары адамгершілік
ұстаныммен қатынас жасай алу білігі арқылы кеңейту мен тереңдету
қарастырылған. Тарау мазмұнында əлемнің көпқырлылығы, уақыттың
өткіншілігі, тарих пен адамның өзара байланысы, адам мен Əлемнің
байланысы, адам мен жер жəне тағы басқа мəселелер орын алған.
Оқушылардың есею кезеңіне сəйкес жастық шақ сияқты ұғымдардың
мағынасын ашуға баса назар аударылады. Өз жақындарының, отбасының,
сыныптастарының ортасында моральдық климат орнату үшін жауапкершілік
шегін сезінуіне, адами тұрғыдан өмірдегі отбасылық, ұжымдық жəне қоғамдық
рөлдер туралы өз көзқарасын реттеуіне көңіл бөлінеді.
25. «Кең дүние келбеті» атты төртінші тарауда оқушылардың қоршаған
əлем құндылықтары туралы түсініктерін, жаратылыстың сырларын, құпиясын
білуге ұмтылысын тереңдетіп, кеңейте түседі. Өмірдің баға жетпес сый екендігі
мен мəн, мағынасы жəне адам үшін əлемді танудың, жасампаздық еңбектің
маңызы ашылады. Пəн мазмұны əлемді құндылық тұрғысынан қабылдау
дүниетанымның негізі ретінде, адамның қоршаған əлеммен қатынасын,
қоршаған əлем сұлулығын адамның ішкі жан-дүниесімен өзара байланыста
сезінуге мүмкіндік береді.
26. Оқушылардың адамзаттың мəдени мұраларына сүйене отырып,
өздерінің адамдық болмысын сезінуге жəне бейбітшілік үшін жауапкершілікке
одан əрі қарай ізгілікті қатынасын дамытуға алғышарттар жасалады.
27. Адам мен қоғамның бөлінбейтін байланысы мен өз Отанының,
отандастарының
гүлденуіне
адамның
жасампаздық
белсенділігінің
маңыздылығын түсінуге негізгі басымдылық беріледі. Аталған тараудың
мазмұны мен оқыту əдістері маңызды адамдық ақиқатты оқушылардың жалпы
адамзаттық құндылықтар туралы мəліметтерді, адамзаттың тарихи, мəдени
жəне рухани жолын түсінуін, адамның бүгінгі жəне болашақтағы мұраттарын
тереңірек түсініп қорытындылап, жүйелеу арқылы тұжырымдауын көздейді.
Аталған тарау орта мектептегі өзін-өзі танудың соңғы курсы болып табылады
жəне əрбір оқушының шексіз өмірлік кеңістіктегі өз рөлін сезінуіне,
адамзаттың маңызды міндеттерін орындаудағы өзіндік мəнділігін жəне
əркімнің еңбегі шығармашылығы, таланты қолданылатындай болашақты
жасауға бағытталады. Осының барлығы жоғары сынып оқушыларына əрбір
89
адам үшін «адамгершілік, ізгілік» ұғымының маңыздылығын ұғынуға
көмектеседі.
28. 10-11- сынып оқушыларына арналған өзін-өзі тану бойынша білім
беру мазмұнының ерекшелігі бұрын меңгергендерін жинақтау, оқушылардың
жалпы адамзаттық құндылықтар туралы білімі мен түсінігін тереңдету мен
оларды мұнан былайғы иеленуін, ересек өмірге енетін орта мектеп түлегінің
қажетті қоры болатын құзiреттiлiктерге ие болуын бағдарлау болып табылады.
29. Белгілі бір білім, білік, дағдыларды меңгеруді ізгі жəне мейірімді
адамды, сүйікті жəне қамқоршы бола алатын отбасы мүшесін, адал досты,
сенімді серіктесті, жауапкершілікті азаматты, денсаулығы мықты, толық
жетілген жеке тұлғаны тəрбиелеуді қарастырады.
30. Одан əрі мектептің жоғары сатысындағы 10-11-сыныптарына
арналған өзін-өзі тану бойынша тақырыптық жоспары бір-бірiмен сабақтасып,
білім беру мазмұны толықтай ашылып берілген.
31. Өзін-өзі тануды жеке міндетті пəн ретінде оқыту оқу жоспарының
инвариантты бөлімінде 10-11 сыныптарда аптасына 1 сағаттан, бір жылға
барлығы 34сағаттық оқу жүктемесі көлемінде əрбір сыныпта жүзеге
асырылады.
32. Өзін-өзі тану пəнінің өзіндік ерекшеліктеріне орай оқыту
интерактивтік əдіс негізінде білім беру үдерісіне қатысушылардың
əрқайсысының қайталанбайтын тұлға екендіктерін ескере отырып жүргізіледі.
Сонымен қатар түрлі əдістемелік тəсілдер мен денсаулықты сақтайтын
мүмкіндігі мол дəстүрден тыс сабақ түрлері, арқылы сенімді, эмоциялық
жайлы жағдайда мұғаліммен ашық пікір алмасу жүргізіледі, əлеуметтік-рөлдік
ойындар мен тренингтерде адами қарым-қатынастар зерттеліп, өмірлік
түйгендерімен алмасып, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары
дамытылады.
33. 10–сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):
Тақырыбы
Мазмұны
Сағат
саны
І-тарау. Таным тағылымдары
1-2
Таным белестері
Адамның өзін-өзі дамытуы, жетілдіруі.
Танымның түрлері мен тəсілдері. Зерде –
танымның құралы. Зерде жəне интуиция.
2
3-4
Ой-өріс кеңдігі жəне
ақыл-парасат
Адамның ақыл-ой қызметі негізінде алға қойған
мақсатына жетудің оңтайлы жолдарын таба алуы.
Ой-өріс кеңдігінің нəтижеге жетудегі мəні.
2
5-6
Ниет тазалығы –
ізгілік мұраты
Адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс
əрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі
рухани реттеуіш қадір-қасиеті. Көңіл, ниет
тазалығының қарым-қатынастағы мəні.
2
7-8
Рухани байлық –
игілік көзі
Адамның рухани, мəдени жəне материалдық
жəне материалдық емес қажеттіліктерін
қанағаттандыруға сəйкес келетін іс-əрекеттер
(ырзық).
2
90
ІІ-тарау. Адам болам десеңіз...
9-10
Алынбайтын асу жоқ
Өмірде кездесетін қиындықты жеңу үшін
қажетті тілектері мен мүмкін-діктерін шынайы
түрде салыстырып пайдалана алу. Жігер,
төзімділік, табандылық.
2
11-12
Салауатты өмір салты Өмір мен денсаулықты құндылық ретінде
сезінуі, өзінің келешек дене жəне рухани даму
жолдарын анықтай алуы, салауатты өмір салты
мен сауықтыру əдістемесінің пайдасы туралы
білімдерін іс жүзінде пайдалана алуы, шылым
шегуден, маскүнемдіктен, нашақорлықтан
аулақ болуы.
2
13-14
Қанағат, рақым
ойлап қой!
Адамның барға риза болуы.
Қанағат ету – жетіспеушілікке, таршылыққа
төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, өзін-өзі
тежеп, құнығудан бас тарту екендігі.
2
15-16
Қайсарлық пен
батылдық
Өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білу.
Жігерлілік. Елжанды азамат тұлғасын
қалыптастыру. Діттеген мақсатқа жетудегі
құлшыныс.
2
17-18
Екі сөйлеу ерге сын
Сөз бен істегі тұрақтылық. Өзіндік көзқарасқа
деген сенімділік.
2
ІІІ-тарау. Жарасымды өмір салтанаты
19-20
Жалынды жастық
шақ
Жастық шақ – адам өмірінің бір белесі. Өмірден
өз орнын табуға талпыныс, қызығушылық,
құштарлық.
2
21-22
Жарасымды қарым-
қатынас
Адамдар арасындағы қарым-қатынастағы
кісілік пен кішілік, тіл табыса білу, кешірім мен
келісім. Өз ойы, сөзі мен ісіне
жауапкершілікпен қарау.
2
23-24
Іңкəр көңіл, нəзік
сезім.
Жастар арасындағы қарым-қатынас, алғашқы
сезім, бала махаббат.
2
25-26
Қызмет етем халқыма Өз ұлтын, тілін, ділін құрметтеп, өзгелерге
түсіністік, сыйластық жəне шыдамдылық
таныта алу.
2
IV-тарау. Кең дүние келбеті
27-28
Тылсым дүние
ғажаптары
Адам мен əлем тұтастығы. Жаратылыс
құпиялары. Табиғи апаттардың тіршілікке
тигізетін əсері.
2
29-30
Уақыт – мезгіл
пернесі
Əр нəрсенің, мезгілдің, уақыттың адам
өміріндегі мəні.
2
31-32
Жұлдызым менің
жоғары
Адам бойындағы қабілеттілік, табиғи дарын.
Бейімділік пен икемділік.
2
33-34
Өмір өзен
Өмірден өз орнын табуға талпыну. Болашақ
мақсатын айқындау.
2
34. 10-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі
тану» пəні бойынша білім сапасын бағалау 10-сынып бағдарламасында
белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар»
негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық
құндылықтарға сүйенуге талпыну жəне қоғамға қызмет ету дағдыларын
91
жетілдірудегі танымдық əрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне)
қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық
емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан əр жартыжылдық қорытындыда
«сынақ» деген баға қойылады.
35. Оқушы 10-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық
деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне
сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.
36. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі
тану» пəні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін
портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының
ұжымдық жəне топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне,
сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-əрекетінде қойылған мəселені
терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар
басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға жəне қоршаған
əлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мəселелерді шешудің жолдарын
іздеуіне назар аударылады.
37. 11-сынып (барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат):
І-тарау. Таным тағылымдары
№
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мазмұны
Сағат
саны
1-2
Өмір – шексіз керуен
Өмір, өмір сүру құндылығы;
өмірдің мəнін түсіну, адам атына
лайықты өмір сүру, өмірге
құштарлық, өмірден өз орнын
табу, өмірді қадірлей білу жəне
т.б.
2
3-4
Жақсылық – жан шуағы
Жақсылық, мейірімділік
құндылықтары; пейіл, ниет
тазалығы, жақсылыққа ұмтылу,
риясыз жақсылық жасау, жақсылық
шарапатын, игілігін сезіну,
жақсылыққа ризашылық білдіру,
мейірімділік, жанашырлық, ізгілік
таныту жəне т.б.
2
5-6
Бақыт сыры
Бақыт құндылығы; өмірдің сəтті,
қуанышты кездерін қадірлеу, кез-
келген жағдаятты дұрыс қабылдай
білу, бақытқа қол жеткізу
жолдарын таба білу жəне т.б.
2
7-8
Махаббат – өмір нəрі
Махаббат құндылығы;
махаббаттың адам өміріне əсері,
шынайы сезім құдіреті, ана
махаббаты, бала махаббаты,
жақсы көру, құштарлық,
сүйіспеншілік, ұғымдарын
ажырата алу жəне т.б.
2
92
ІІ-тарау. Адам болам десеңіз...
9-10
Ар-ұждан – адамдық өлшемі
Ар-ұждан құндылығы; ар, ұждан
тазалығы, намыс, ұят, абырой,
ынсап, қанағат туралы түсінік; ар
алдындағы адалдық, арды сақтау,
өзін-өзі тəрбиелеу.
2
11-12
Парыз – азаматтық арқауы
Парыз, азаматтық құндылықтары;
парыздың түрлерін білу,
азаматтық парыз, ата-ана, қоғам,
Отан алдындағы парызды
абыройлы өтеу, адалдық пен
əділдікке, шындыққа
сүйіспеншілік, азаматтық
айқындама.
2
13-14
Арман – жарқын болашақ бейнесі
Арман құндылығы; арман, қиял,
мұрат ұғымдары туралы түсінік,
армандау, арманға жетудің
жолдары, арманның адам
болашағына əсері, арманды жүзеге
асыруға қажетті қасиетттер,
арманын адамзат игілігіне
бағыттау.
2
15-16
Мамандық – жетістік мерейі
Мамандық құндылығы;
мамандықтың адам өмірінде
алатын орны, отбасылық кəсіпті
құрметтеу, мамандық таңдау,
мамандықты сүю, кəсіби маман
болуға ұмтылу, еңбектің
қуанышын сезіну, өз еңбегінің
жемісін көру, мамандығын ел
игілігіне арнау.
2
ІІІ-тарау. Жарасымды өмір салтанаты
17-18
Отбасы – өмір аясы
Отбасы құндылығы; отбасы
əдебін, салтын сақтау, отбасын
қадірлей, құрметтей білу, отбасын
құрудың басты мүддесі, ата-
ананың ұрпақ алдындағы,
ұрпақтың ата алдындағы
міндеттері мен парыздары, отбасы
мүшелерінің өзара сыйластығы,
түсіністігі, жауапкершілігі,
бауырмалдығы, сүйіспеншілігі.
2
19-20
Ата-анаң – алтын тұғырың
Ата-ана құндылығы; ата-ананы
қадірлеу, ардақтау, ата-ананың
үмітін ақтау, ата-анаға мейір-
махаббат сыйлау, қамқорлық
көрсету.
2
21-22
Ағайын – ел ырысы
Туыстық, бауырмалдық
құндылықтары; ағайынның қадірін
білу, ағайын татулығы, бірлігі,
сыйластығы, туыстық қарым-
қатынас жасай білу.
2
93
23-24
Ата салты – асыл қазынаң
Ата салты ұлттық құндылық
ретінде; ата салтын білу,
құрметтеу, қолдану, ұлттық
құндылықтарды сақтау, дəріптеу,
ұлттық салт-дəстүрді жалғастыру.
2
25-26
Ұлт руханияты – ұрпақ аманаты
Руханият құндылығы; ұлттың
рухани мұрасын қадірлеу,
дəріптеу, ұлттық болмыс, рух,
намысты сақтау, салт-дəстүрді
жалғастыру.
2
IV-тарау. Кең дүние келбеті
27-28
Қазақстан – ынтымақ ордасы
Отан құндылығы; ынтымақ,
татулық, береке, бірлік,
бауырмалдық, өзара түсіністік,
сыйластық, толеранттылық,
достық, тату-тəтті өмір сүру.
2
29-30
Өркениет – ел мұраты
Өркениет құндылығы; өркениет
пен мəдениет, ұлттық мəдениетті
сақтау, дамыту, өркениетке
ұмтылу, жасампаздық.
2
31-32
Табиғат – тылсым дүние
Табиғат құндылығы; табиғат пен
адам өмірінің үйлесімі, табиғат
тылсымы, табиғат сырына
қызығушылық, табиғат
ғажаптарын тамашалау, табиғатқа
сүйіспеншілік, аялау, сақтау.
2
33-34
Адам – ғалам, ғажайып жеке дара Адам ең жоғары құндылық
ретінде; өзін-өзі тану, өзін-өзі
жүзеге асыру, өзін-өзі бағалау,
өзін-өзі дамыту.
2
38. 11-сынып оқушыларының білімін бағалау. Оқушылардың «Өзін-өзі
тану» пəні бойынша білім сапасын бағалау 11-сынып бағдарламасында
белгіленген «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар»
негізінде жүргізіледі. Бұл талаптар оқушылардың өмірде жалпыадамзаттық
құндылықтарға сүйенуге талпыну жəне қоғамға қызмет ету дағдыларын
жетілдірудегі танымдық əрекеттерін дамытуды саралауға (мониторингіне)
қызмет етеді. Адамгершілік-рухани білім беру ерекшеліктеріне сай сандық
емес, сапалық бағалау маңызды, сондықтан əр жартыжылдық қорытындыда
«сынақ» деген баға қойылады.
39. Оқушы 11-сынып бағдарламасындағы «Оқушылардың дайындық
деңгейіне қойылатын талаптардың» жалпы көлемінің кем дегенде 2/3 бөлігіне
сай өз жетістігін көрсете алса, онда «сынақ» деген баға қойылады.
40. Оқушыға «сынақ/сынақ емес» деген баға қойыларда оның «Өзін-өзі
тану» пəні бойынша шығармашылық-жобалау жұмыстарын көрсететін
портфолиосы назарға алынады. Портфолио сапасын сараптауда оқушының
ұжымдық жəне топтық шығармашылық жұмыстарға қатысу белсенділігіне,
сонымен қатар өзінің жеке шығармашылық іс-əрекетінде қойылған мəселені
терең түсінуіне, оның мақсаты мен мазмұны жалпыадамзаттық құндылықтар
94
басымдылығына бағдарлануына, сабақ барысында адамға жəне қоршаған
əлемге деген сүйіспеншілік негізінде қойылған мəселелерді шешудің жолдарын
іздеуіне назар аударылады.
3. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
41. Оқушылар 10-сыныптың соңында:
1)
бұрын меңгерген адамгершілік құндылықтар жəне жігер, төзімділік,
табандылық, қайсарлық пен батылдық, кісілік пен кішілік, кешірім мен келісім
туралы терең түсініктерге ие болады;
2)
жалпыадамзаттық, этномəдени, ұлттық құндылықтардың өзара
байланысын жəне арақатынасын түсінеді;
3)
жəбір көрсетудің жəне қаталдық көріністерінің жағымсыз салдарын
біледі;
4)
өмірлік жағдаяттардағы тамаша, көтеріңкі, мұңды, күлкілі жайларды
айырып, анықтай алады, оларды сипаттай біледі жəне өз қатынасын білдіре
алады;
5)
тілектері мен мүмкіндіктерін обьективті түрде салыстыра алады,
материалдық жəне материалдық емес қажеттіліктерді ажырата алады;
6)
əр түрлі білім көздерінен алынған ақпараттарды салыстырып, талдап,
сыни тұрғыдан бағалай алады;
7)
мінездегі кейбір ауытқушылық көріністерін тани жəне бағалай алады,
жағымсыз ниеттерді тежей алады, шиеленістерден аулақ болады, оларға
тойтарыс бере алады жəне басқаларға зиян келтірмейтін шешім таба алады;
8)
азаматтығын сезінуге талпынады, қазақ тіліне жəне өзге тілдерге,
қазақтың ұлттық дəстүрлері мен өзге халықтар дəстүрлеріне құрметпен қарауы,
қоғамға қызмет етудің практикалық дағдыларына ие болады;
9)
басқа ұлттар мен конфессия өкілдеріне, олардың қоғамдағы орны мен
ерекшеліктерін ескере отырып, құрмет пен шыдамдылық таныта алады.
42. 11-сыныпты бітірген оқушылар:
1)
бұрынғы сыныптарда меңгерген адамгершілік құндылықтар жəне өмір,
Отан, отбасы, намыс, абырой, сабыр, үміт, сенім, ынтымақ, жауапкершілік,
парыз, арман, ақиқат туралы терең білімге ие болады;
2)
өмір құндылықтарының жалпыадамзаттық, рухани-адамгершіліктік
мəнін түсінеді, өзара адами қарым-қатынастарды тани алады жəне оны бағалай
біледі;
3)
айналасындағы адамдармен жағымды қарым-қатынас орната алады,
ұжымда еңбектене біледі, топ пен ұжымда өз мəртебесін теңестіре алады;
4)
өз отбасын құрудың маңызын саналы түсініп, есею өміріндегі жарқын
болашағын сезіне алады;
5)
өзінің мінез-құлқын, физикалық жəне психикалық жағдайын еркін
басқарады, эстетикалық талғамын, жақсы əдеттерін көрсете алады, күнделікті
өмірде сұлулық заңдылықтарын пайдалана біледі, өз ойы мен сезімдерін еркін
жеткізе алады;
6)
қоршаған əлеммен үйлесімді қатынастың маңыздылығы туралы біледі;
95
7)
өзінің ұстанымдары мен сенімдерінде тұра алады;
8)
салауатты өмір сүре алады; сыныпта, мектепте, үйде денсаулық сақтау
ортасы жағдайларын қолдау жəне жасау үшін білімдері мен біліктерін қолдана
біледі;
9)
өзін-өзі
жетілдіру
үшін
ақпараттық
жəне
коммуникативтік
технологияларды шығармашылықпен жəне өнімді пайдалана алады;
10)
күрделі жағдаяттарда жауапты шешім қабылдайды жəне азаматтық
ұстанымын көрсете алады;
11)
нақты жағдаятты бағалай біледі, түрлі мəселелер шешіміне
іздестіру жүргізе алады, қалыпты жағдайларда қалыптан тыс шешім таба біледі.
Document Outline - Францияның ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. 1995 ж. президенттік сайлаудағы Ж. Ширактың жеңісі. Франциядағы қазіргі заманғы саяси партиялар. 1997 ж. парламенттік сайлау және солшыл күштердің жеңісі. Л. Жоспен кабинетінің қызметі. 2007 ж. президенттік сайлау және Н. Саркозидің жеңісі. 2008 жылғы Конституциялық реформа. Президенттік институттағы өзгерістер. Ф. Фийон үкіметі. Қоғамдық қозғалыстар. Ереуілдер;
- 28. ХХ ғ. екінші жартысы және ХХІ ғ. басындағы Еуропа және Америка елдері (17 сағат):
- ХХ ғ. 60-80-жылдардағы халықаралық қатынастар. 1961 ж. дағдарыс және Берлин қабырғасының тұрғызылуы. Кариб дағдарысы және оның халықаралық қатынастардың сипатының өзгеруіне әсері. Индонезия және Үндіқытайдағы отарлық соғыстар. Вьетнамдағы соғыс. Алжирдағы ұлт азаттық соғыстар. Таяу Шығыс дағдарысы;
Достарыңызбен бөлісу: |