Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі


 Оқу пəнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата11.01.2017
өлшемі0,66 Mb.
#1691
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3. Оқу пəнінің 11-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

14. Кіріспе (1 сағат), ХХ ғ. екінші жартысы жəне ХХІ ғ. басындағы əлем. 



Қазіргі заман тарихының екінші кезеңінің негізгі мазмұны. Дүниежүзінің саяси 

картасындағы өзгерістер. Заманауи əлем. Ғаламдану.  

15. ХХ ғ. екінші жартысы жəне ХХІ ғ. басындағы  Еуропа жəне Америка 

елдері (31 сағат):  

ХХ ғ. екінші жартысы – ХХI ғ.басындағы Батыс елдері дамуының негізгі 

бағыттары (1 сағат),  Маршалл  жоспары  жəне  оның  соғыстан  кейінгі  Еуропа 

экономикасын  қалпына  келтірудегі  рөлі.  ХХ  ғ.  екінші  жартысындағы  Батыс 

елдері  экономикасының  даму  ерекшеліктері.  Батыс  қоғамы  өндіргіш 

күштерінің  ғылыми-техникалық  революция  кезеңіндегі  өзгерістері.  Өндірістің 

кешенді  түрде  автоматтандырылуы  жəне  механикаландырылуы.  ХХ  ғасырдың 

соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы Батыс экономикасы. Компьютерлік техника. 

Ақпараттық  технологиялар.  Батыс  қоғамын  демократияландыру  үдерісінің 

тереңдеуі.  Демократиялық  мемлекеттің  жаңа  модельдерін  жасау.  Əлеуметтік 

мемлекет. «Жақсы тұрмыс» мемлекеті; 

Ұлыбритания (3 сағат),  Ұлыбритания.  ХХ  ғ. 40-жылдарының  екінші 

жартысы – 60-жылдарында.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстың  зардаптары. 

К. Эттли  үкіметінің  əлеуметтік-экономикалық  саясаты. 1951 ж.  сайлау  жəне 

консерваторлардың  жеңісі.  Консервативтік  үкіметтердің  ішкі  жəне  сыртқы 

саясаты.  Англияның  Еуропалық  Экономикалық  Қауымдастыққа  қосылуы 

туралы  мəселе.  Ұлыбританияның  ҒТР  жағдайындағы  дамуы.  Г. Вильсон 

үкіметінің  ішкі  жəне  сыртқы  саясаты.  Солтүстік  Ирландиядағы  жағдайдың 

шиеленісуі; 

Ұлыбритания 70-90-шы  жылдарда.  Консервативтік  үкіметтің  əлеуметтік-

экономикалық  саясаты.  ЕЭҚ  мүше  болуы.  Экономикалық  дағдарыс. 

Лейбористердің  «əлеуметтік 

байланыс» 

саясаты. 

Британдық 

ұлттар 

ынтымақтастығының  даму  мəселелері.  М. Тэтчер  үкіметінің  əлеуметтік-



экономикалық саясаты. Сыртқы саясат. Аргентинамен соғыс. Ольстер мəселесі. 

М.Тэтчердің қызметтен кетуінің себептері. Дж. Мейджор үкіметінің саясаты; 

Ұлыбритания XX ғ.соңы –  ХХI ғ. басында. Т. Блэр үкіметінің ішкі жəне 

сыртқы саясаты. Жаңа лейборизм.  Конституциялық реформа. Батысеуропалық 

интеграциядағы  Ұлыбританияның  рөлі.  Дж. Г. Браун  үкіметі. 2010 ж. 


30 

 

парламенттік сайлау. Д. Камеронның отарлық үкіметі; 



Франция (3 сағат), Франция ХХ ғ. 40-жылдарының екінші жартысы – 70-

жылдарында.  Уақытша  режим.  Экономиканы  қалпына  келтіру.  Төртінші 

республиканың  Конституциясы.  Францияның  Төртінші  республика  кезіндегі 

дамуы.  Саяси  тұрақсыздық.  Отарлық  мəселенің  шиеленісуі.  Алжирдегі  соғыс 

жəне  оның  елдегі  саяси  ахуалға  əсері. IV республиканың  дағдарысы  жəне 

құлауы. 1958 ж.  Конституция  жəне  Бесінші  республиканың  құрылуы. 

Президент Ш. де Голль кезіндегі Францияның ішкі жəне сыртқы саясаты. ҒТР 

жəне экономикадағы құрылымдық өзгерістер. 1968 ж. жағдай. Алжир мəселесін 

шешу.  Сыртқы  саясат.  Францияның  соғыстан  кейін  дамуындағы  Ш. де  Голль 

мен  голлизмнің  рөлі.  Президент  Ж. Помпидудің  саясаты. 1974 ж. сайлау  жəне 

билік басына центристердің келуі. В. Жискар дُ Эстен;  

Франция  ХХ  ғ. 80-90-шы  жылдарында.  Солшыл  күштердің  1981 ж. 

президенттік жəне парламенттік сайлаулардағы жеңісі. «Миттеран дəуірі». Елді 

«социалистік  жаңарту»  тұжырымдамасы. 1981-1984 жж.  реформалар. 

Миттеранизмнің 80-ші  жылдардың  ортасындағы  дамуы.  Сыртқы  саясат. 

Еуропалық  интеграцияның  тереңдеуі. 1986 ж.  парламенттік  сайлау. 

Ж. Ширактың əлеуметтік-экономикалық саясаты; 

Францияның ХХ ғ. аяғы – ХХІ ғ. басындағы дамуы. 1995 ж. президенттік 

сайлаудағы  Ж. Ширактың  жеңісі.  Франциядағы  қазіргі  заманғы  саяси 

партиялар. 1997 ж.  парламенттік  сайлау  жəне  солшыл  күштердің  жеңісі. 

Л. Жоспен  кабинетінің  қызметі. 2007 ж.  президенттік  сайлау  жəне 

Н. Саркозидің  жеңісі. 2008 жылғы  Конституциялық  реформа.  Президенттік 

институттағы өзгерістер. Ф. Фийон үкіметі. Қоғамдық қозғалыстар. Ереуілдер; 

Германия (3 сағат),  елді  бөлшектеу  жəне  екі  герман  мемлекетінің  пайда 

болуы. Потсдам конференциясы жəне оның герман мəселесі туралы шешімдері. 

Германиядағы  оккупациялық  режим.  Батыс  жəне  Шығыс  Германиядағы  саяси 

үдерістер.  Экономиканы  қалпына  келтіру  мəселесі.  Батыс  белдеулердегі  ақша 

реформасы.  Берлин  дағдарысы.  Елді  жіктеу.  Екі  герман  мемлекетінің  пайда 

болуы: ГФР жəне ГДР; 

ХХ 


ғ. 50-80-жылдардың 

басындағы 

Германия 

Федеративтік 

Республикасы.  Германия  Федеративтік  Республикасының  Конституциясы. 

Германия 

Федеративтік 

Республикасының 

саяси-партиялық 

жүйесі. 


К. Аденауэр 

үкіметінің 

əлеуметтік-экономикалық 

саясаты. 

Неміс 

«экономикалық  ғажайыбы». 60-шы  жылдардағы  Германия  Федеративтік 



Республикасының экономикалық жəне саяси дамуы. ГФР сыртқы саясаты. ГФР 

жəне батысеуропалық интеграция мəселесі. ЕЭС құрылуы. 1969 ж. сайлау жəне 

«кіші  коалицияның»  жеңісі.  В. Брандт  үкіметінің  ішкі  жəне  сыртқы  саясаты.   

70-жылдардың ортасындағы дағдарыс жəне оның зардаптары;  

ГФР  ХХ  ғ. 80-жылдарының  екінші  жартысы – XXI ғ.  басында. 

Христиандық демократтардың билік басына келуі. Г.Коль үкіметінің ішкі жəне 

сыртқы 

саясаты. 



Неоконсерватизмнің 

германдық 

нұсқасы. 

Берлин 


қабырғасының  құлатылуы.  Германияның  бірігуі.  Біріккеннен  кейінгі  ГФР 

дамуы.  Шығыс  жерлердің  əлеуметтік-экономикалық  дамуы  туралы  мəселе. 

Г.Коль  үкіметінің 90-шы  жылдардағы    ішкі  жəне  сыртқы  саясаты.  ГФР  ХХ – 


31 

 

XXI  ғғ.  тоғысында.  Г. Шредер  жəне  А. Меркель  үкіметтерінің  ішкі  жəне 



сыртқы саясаты; 

Италия (2 сағат),  Италия  ХХ  ғ. 40-жылдарының  екінші  жартысы – 80-

жылдарында.  Экономиканы  қалпына  келтіре  бастау.  Монархияны  жою. 

Республиканың  жариялануы. 1947 ж. Конституция. Аграрлық реформа. 60-шы 

жылдардағы  елдің  экономикалық  дамуы.  Коалициялық  үкіметтің  ішкі  жəне 

сыртқы  саясаты. 60-шы  жылдардағы  жаппай  қозғалыс. 70-ші  жылдардың 

ортасындағы  экономикалық  дағдарыс  жəне  оның  зардаптары.  А. Мороның 

өлтірілуі.  Лаңкестік  жəне  неофашизм. 1979 ж.  парламенттік  сайлау. 

Италияндық 

неоконсерватизмнің 

ерекшеліктері. 

Италиядағы 

саяси 

тұрақсыздықтың себептері. Коррупциямен күрес; 



Италия ХХ ғ. 90-жылдары – XXI ғасырдың басында. Италиядағы  екінші 

республика. 1996 ж.  сайлау. «Олива»  солшылцентристік  одағының  жеңісі. 

Р. Проди жəне М. Д’Алем үкіметтерінің қызметі. 2001 ж. парламенттік сайлау. 

С. Берлусконидің  оңшылцентристік  кабинетінің  саясаты.  Оңшылдар  мен 

солшылдардың 

күресі. 


Үкіметтік 

дағдарыс. «Босси-Фини» 

заңы. 

С. Берлусконидің қызметтен кетуі жəне М. Монти үкіметінің құрылуы;  



Испания (1 сағат),  Франко  диктатурасы  кезіндегі  елдің  дамуы. 

Тоталитарлық  режимнің  ішкі  саясаты. 60-жылдардағы  экономикалық 

саясаттағы  өзгерістер.  Диктатурадан  демократияға  өту.  Саяси  реформалар. 

Партиялар  қызметінің  жандануы.  Жаңа  конституцияның  қабылдануы. 

Демократиялық  құрылыстың  нығаюы  жəне  дамуы.  Испания XX-XXI 

 

ғғ. тоғысында. Испанияның сыртқы саясаты; 



қайталау (1 сағат); 

КСРО  жəне кеңестен кейінгі кеңістік мемлекеттері (4 сағат):  

 

КСРО 1945-1964 жж.  Соғыстың  зардаптары.  Экономиканы  қалпына 



келтіру  мəселесі.  Карточкалық  жүйені  жою.  Жазалаулардың  жаңа  толқыны. 

И.В. Сталиннің  қайтыс  болуы.  Н.С.  Хрущев. «Жеке  басқа  табынушылықтың» 

зардаптарын  жоюға  бағыт  алу.  Елдің  əлеуметтік-экономикалық  жəне  саяси 

дамуындағы  жаңа  нышандар.  Экономиканың  дамуының  экстенсивті  сипаты. 

Тың жерлерді игеру бағдарламасы. 50-ші жылдардың соңындағы экономикалық 

қайта  құрулар.  Экономикалық  саясатты  қалыптастырудағы  қайшылықтар. 

Экономикалық 

авантюризмнің 

зардаптары. 

Халықтың 

тұрмысының 

нашарлауы; 

Л.И. Брежневтің билігі кезеңіндегі КСРО. А.Н.Косыгиннің

 

экономикалық 



реформасы.  Кеңес  экономикасын  реформалаудың  сəтсіздігінің  себептері. 1977 

ж.  Конституция.  Кеңестік  жүйенің  дағдарысы.  Коррупцияның  күшеюі. 

Диссиденттік

 

қозғалыс; 



КСРО 1982-1991 жж.  КСРО-да 80-ші  жылдарда  басшылықтың  ауысуы». 

М.С. Горбачев  жəне  қайта  құру  бағдарламасы.  КСРО  халық  депутаттарының 

съездері. 1991 ж. тамыз оқиғалары. КСРО-ның ыдырауы; 

ХХ  ғ.  екінші  жартысындағы  КСРО-ның  сыртқы  саясаты.  Орталық  жəне 

Оңтүстік-Шығыс  Еуропа  елдерінде  социализмнің  кеңестік  үлгісінің 

қалыптасуы.  Халықаралық  аумақтағы  кеңес-американ  бақталастығы.  Дамушы 

елдердің  ішкі  істеріне  араласу.  Ауғанстан  мəселесі;  Кеңестен  кейінгі  кеңістік 


32 

 

мемлекеттері ХХ ғ. аяғы – ХХI ғ. басында. Кеңестен кейінгі кеңістіктегі жаңа 



тəуелсіз  мемлекеттер.  ТМД  құрылуы.  Кеңестен  кейінгі  кеңістіктегі  егеменді 

мемлекеттердің өзара қарым-қатынастары; 

Орталық жəне Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдері (6 сағат): 

Орталық  жəне  Оңтүстік-Шығыс  Еуропа  елдері  ХХ  ғ. 40-жылдарының 

екінші  жартысы – 60-жылдарында. «Халықтық  демократия»  кезеңі. 1944-1947 

жж.  əлеуметтік-экономикалық  қайта  құрулардың  сипаты  мен  мəні.  Аймақтағы 

елдердің  достық  жəне  өзара  көмектесу  туралы  келісімдері. «Қырғи-қабақ 

соғыс»  жəне  КСРО-ның  Орталық  жəне  Оңтүстік-Шығыс  Еуропа  елдеріне 

қысым  жасауы.  Кеңестік  социалистік  үлгіні  алуға  мəжбүр  болу.  ЮКП-мен 

қақтығыс.  Аймақ  елдерінде  кеңестік  үлгі  бойынша  социализм  орнату. 

Экономиканы  түбірінен  қайта  құру.  Аграрлық  қайта  құрулар.  Жедел 

индустрияландыру.  Аймақтағы  кеңестік  социализм  үлгісінің  алғашқы 

дағдарыстары.  Герман  Демократиялық  Республикасындағы 1953 ж.  оқиғалар. 

Варшава  Шарты  Ұйымының  құрылуы  жəне  кеңестік  бақылаудың  күшеюі. 

Венгриядағы 1956 ж.  қазан  оқиғалары.  Имре  Надь.  Бірпартиялық  билікті  жою 

жəне  коалициялық  үкімет  құру  туралы  жариялау.  Будапештке  кеңес 

əскерлерінің енгізілуі. И. Надьты тұтқындау;  

аймақ  елдердінде  социализмнің  кеңестік  үлгісі  дағдарысының  тереңдеуі. 

Чехословакиядағы 1968-1969 жж.  дағдарыс.  Чехословакияға  ВШҰ  əскерлерін 

енгізу. 1968 жəне 1970 жж.  Польшадағы  дағдарыс. «Шектеулі  егемендік» 

доктринасы. Югославиядағы «өзін-өзі басқару социализмі» жəне экономикалық 

реформалар. 1980-1981 жж.  Польшадағы  қоғамдық-саяси  жəне  экономикалық 

дағдарыс.  Ереуілдер  жəне  «Ынтымақ»  ұйымының  құрылуы.  Польша 

шекарасына  жақын  жерде  кеңес  əскерлерінің  шоғырландырылуы.  Польшада 

əскери жағдайдың енгізілуі. «Ынтымақ» қызметіне тыйым салу; 

Шығыс Еуропаның тоталитаризмді жоюға бағыт алуы. КСРО-дағы қайта 

құру саясаты жəне Шығыс Еуропа елдері. Социализмді «жаңарту» саясатының 

күйреуі.  Саяси  оппозицияның  қалыптасуы. 80-жылдардың  аяғы – 90-

жылдардың басындағы революциялар. Польша мен Венгриядағы саяси жағдай. 

Чехословакиядағы  «мақпал  революция».  Румыниядағы  Чаушеску  режимінің 

күйреуі.  Шығыс  Германиядағы  саяси  өзгерістер.  Югославия  федерациясының 

ыдырауы жəне Балканда қарулы қақтығыстың басталуы; 

Орталық  жəне  Оңтүстік-Шығыс  Еуропа  елдері XX ғ.  аяғы – XXI  ғ. 

басында.  Қоғамдық-экономикалық  жүйенің  өзгерісі.  ХХІ  ғ.  Орталық  жəне 

Оңтүстік-Шығыс  Еуропа  елдерінің  дамуындағы  жетістіктер.  Орталық  жəне 

Оңтүстік-Шығыс  Еуропа  елдерінің  еуропалық  интеграцияға  қатысуы.  Аймақ 

елдері жəне НАТО; 

Америка Құрама Штаттары (3 сағат):  

АҚШ  ХХ  ғ. 40-жылдарының  екінші  жартысы – 60-жылдарында.  Елдің 

соғыстан  кейінгі  алғашқы  жылдардағы  экономикалық  жəне  саяси  дамуы. 

Г. Труменнің  «Əділетті  бағыты».  Реконверсия.  Тафта-Хартли  заңы. «Қырғи-

қабақ соғыстың» демократиялық жəне республикандық əкімшіліктердің 40-50-

жылдардағы  ішкі  саясатына  əсері.  Маккартизм.  Афро-американдарды  кемсіту 

мəселесі.  Американ  қоғамы  ҒТР  жағдайында.  Дж. Кеннедидің  «жаңа  шептер» 



33 

 

саясаты. Кариб дағдарысы. Дж. Кеннедидің өлтірілуі. Л. Джонсон əкімшілігінің 



ішкі  саясаты.  Азаматтық  құқықтар  туралы  заң.  Вьетнамда  соғыс  бастау. 

Республикандық əкімшіліктердің ішкі жəне сыртқы саясаты. Уотергейт ісі; 

АҚШ  70 – 90-шы  жылдарда.  Сайлаудағы  демократтардың  жеңісі. 

Дж. Картер.  Р. Рейган  жəне  «рейганомика».  Неоконсерватизм.  Экономиканы 

мемлекеттік  реттеу  жүйесінің  жаңа  нұсқасы.  Экономиканың  дамуы. 

Дж. Буштың «байсалды» бағыты;  

АҚШ-тың  ХХ  ғ.  соңы – ХХІ  ғ.  басындағы  дамуы.  Екіпартиялы  саяси 

жүйенің  дамуындағы  жаңа  нышандар.  Б. Клинтон  əкімшілігінің  ішкі  саясаты. 

Кіші-Джордж Буштың  республикандық  əкімшілігі. 2008 ж.  сайлау  жəне 

демократтардың билікке келуі. Б. Обама; 

Канада (1 сағат),  Канада  азаматтығы  туралы  заң.  ХХ  ғ. 50-60-

жылдарындағы  саяси  жəне  экономикалық  даму.  В.  Месси.  Екіпартиялық 

жүйенің  құрылуы.  Либералдар (1945-1957, 1963-1979) жəне  консерваторлар 

үкіметтерінің (1957-1963) ішкі жəне сыртқы саясаты. Квебек мəселесі. 70-80-ші 

жылдардағы Канаданың дамуы. 1982 ж. конституциялық реформа. ХХ ғ. соңы – 

ХХІ ғ. басындағы Канада; 

Латын  Америкасы  елдері (2 часа),  Латын  Америкасы  елдерінің  ХХ  ғ. 

соңы – ХХІ  ғ.  Басындағы  негізгі  даму  бағыттары.  Ұлтшыл-реформизм. 

Аргентинадағы  Х.  Перон  реформалары  жəне  Бразилияда    Ж.  Варгастің  билігі. 

Əскери  режимдер  жəне  оларды  жою.  Латын  Америкасында  интеграциялық 

үдерістердің  дамуы.  Латын  Америкасы  елдерінің  ХХ-ХІХ  ғғ.  тоғысындағы 

дамуының  басты  мəселелері.  Сыртқы  қарыздың  өсуі.  Коррупция.  Солшыл 

лаңкестік; 

Куба. 50-ші  жылдардың  басындағы  Кубаның  əлеуметтік-экономикалық 

жəне  саяси  жағдайы» (Батиста  диктатурасын  жою. 1959-1960 жж.  əлеуметтік-

экономикалық жəне саяси қайта құрулар. 1960-шы жылдардағы революциялық 

диктатура  режимі.  Биліктің  Ф. Кастро  қолына  шоғырлануы.  Куба 

экономикасының 80-жылдардың  аяғы  мен 90-жылдардың  басындағы 

қиыншылықтары.  Мемлекеттік-бюрократиялық  социализмнің  дағдарысы.  

Чили.  Латын  Америкасы  елдерінің 70-жылдардағы  экономикалық  жəне  саяси 

дамуы.  Чилидегі  демократиялық  қайта  құрулар  үдерісі.  Халықтық  бірлік 

үкіметі.  Демократиялық  қайта  құрулар  үдерісі.  Мемлекеттік  төңкеріс.  Билік 

басына А. Пиночет бастаған əскери хунтаның келуі. Саяси жазалаулар. Пиночет 

режиміне қарсы күрес. Либералдану үдерісінің басталуы.  1989 ж. президенттік 

сайлау жүргізу. Демократиялық қайта құруларды іске асыру;   

қайталау (1 сағат). 

16.  ХХ  ғ.  екінші  жартысы  жəне  ХХІ  ғ.  басындағы  Азия  жəне  Африка 

елдері (27 сағат): 

отарлық  жүйенің  күйреуі.  Азия  жəне  Африка  елдерінде  тəуелсіз 

мемлекеттердің құрылуы (1 сағат), ұлттық тəуелсіздік үшін күрес. Британ жəне 

француз  отарлық  империяларының  ыдырауы.  Азия  жəне  Африкадағы  жаңа 

тəуелсіз  мемлекеттердің  саяси  жүйесі  жəне  экономикалық  жағдайы.  Азаттық 

алған  елдердің  отаршылдықтан  кейінгі  кездегі  дамуының  ерекшеліктері. 

Ғаламдық саяси үдерістердегі Шығыс елдері орнының өзгеруі;

 


34 

 

Жапония (2 сағат),  Американ  оккупациясы  жəне  Жапонияны 



демилитарландыру  мен  демократияландыру  шаралары.  Жаңа  конституцияның 

қабылдануы.  Партиялар.  Аграрлық реформа. Жапон экономикасының қалпына 

келтірілуі.  Сан-Франциско  бітім  шарты  жəне  қауіпсіздік  келісімі.  ХХ  ғ. 60-

жылдардағы жапон «экономикалық ғажайыбы. Мемлекеттің рөлі; 

ғылыми-техникалық  прогресс  жəне  оның  жапон  қоғамы  мен 

экономикасына  əсері. 80-жылдардағы  экономиканы  қайта  құрудың  негізгі 

кезеңдері. 1993 ж.  парламенттік  сайлау  жəне  альтернативті  партиялар  рөлінің 

өсуі. 1990ж. экономикалық депрессия жəне оның себептері. Жапония – əлемдік 

экономиканың  басты  орталықтарының  бірі.  Жапонияның  Азия-Тынық  мұхит 

аймағындағы ықпалының күшеюі. Жапонияның  ХХ  ғ. соңғы онжылдықтары – 

XXI ғ. басындағы ішкі жəне сыртқы саясаты. 

Түркия (2 сағат),  соғыстан  кейінгі  кезеңде  елдің  дамуының 

тұжырымдамасын  қайта  қарау.  Демократиялық  партияның  билікке  келуі.  

Кемализмнің  қағидаларын  жаңаша  түсіндіру  жəне  Түркияның  АҚШ-пен 

жақындасуы. Елдің нарықтық экономикаға өту үдерісі. Партиялар арасындағы 

күрес. 1960 ж.  əскери  төңкеріс.  Ұлттық  бірлік  комитеті  жəне  оның  қызметі. 

Екінші  республика (1960-1980 жж.).  Азаматтық  басқаруды  қалпына  келтіру. 

Көппартиялық  жүйенің  дамуы.  Саяси  либералдандырудың  басталуы  жəне 

əлеуметтік-экономикалық  дамуды  жылдамдату  шаралары.Түркия  жəне 

Қазақстан; 

Үшінші республика кезеңіндегі елдің дамуы Жаңа конституция қабылдау. 

Т.  Озал.  Ауқымды  либералдық  реформалардың  іске  асырылуы.  Түркияның 

заманауи  индустриялдық  елге  айналуы.  ХХ  ғасырдың  соңғы  он  жылы – ХХІ 

ғасырдың  басындағы  елдің  дамуы.  ХХ  ғ.  екінші  жартысы    XXI  ғ.  басындағы 

Түркияның ішкі саясаты; 

Кеңестен  кейінгі  Орталық  Азия  мемлекеттері (2 сағат);  қазіргі 

Өзбекстанның  мемлекеттік  құрылысы.  Өзбекстанның  экономикалық  жəне 

əлеуметтік  даму  ерекшеліктері.  Экономикалық  жүйенің  тұйықтылығы.  Қазіргі 

Өзбекстанның  сыртқы  саясаты.  Тəжікстанда  азамат  соғысының  басталуы. 

«Тəжікаралық  диалог»  жəне  бейбіт  бітімге  қол  қою.  Қырғызстан 

республикасының  экономикалық  жəне  əлеуметтік  даму  ерекшеліктері. 

Қырғызстан  парламентіндегі  саяси  партиялар.  Республиканың  ДСҰ  кіруі. 

Қырғызстандағы «қызғалдақ революциясы». Кеңестен кейінгі Түркіменстанның 

дамуы. ТМД жəне ШЫҰ құрамындағы интеграция. Орталық Азия мемлекеттері 

қазіргі əлемдегі əлеуметтік-экономикалық құрылымда. 

Ауғанстан (1 сағат),  Ауғанстан  екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі 

жылдарда.  ХХ  ғ. 40-жылдарының  аяғында  либералдық-конституциялық 

ұйымдардың пайда болуы. Ауғанстанның ХХ ғ. 60-жылдарындағы əлеуметтік-

саяси  дамуы.  Жаңа  конституцияның  қабылдануы (1964 ж.). 1978 жылғы 

əскери  төңкеріс  жəне  оның  зардаптары.  Кеңес  əскерлерінің  енгізілуі  жəне 

Ауғанстандағы азамат соғысы;  

Иран (1 сағат),  Ирандағы  екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі 

жылдардағы  əлеуметтік-экономикалық  қайта  құрулар.  Ұлттық  майданның 

құрылуы  жəне  оның  қызметі.  Мосаддык  үкіметі  жəне  мұнай  мəселесі. 60-



35 

 

жылдардың  басында  шах  билігінің  күшеюі. 1978-1979 жж.  ислам 



революциясы. Хомейни билігі кезіндегі Иран. 1980-1988 жж. иран-ирак соғысы. 

Иран ХХ-ХХI ғғ. Тоғысында; 

Қытай (2 сағат),  соғыстан  кейінгі  елдің  жіктелуі. 1946–1949 жж.  азамат 

соғысы.  Компартияның  жеңісі  жəне  гоминьданның  жеңілу  себептері.  ҚХР 

құрылуы.  Қытай  коммунистерінің  əлеуметтік-экономикалық  эксперименттері. 

Мао Цзэдунның жеке басына табынушылық. Коммуналар. Қытайда социализм 

құру  ісін  жылдамдату  əрекеті.  Ұлы  секіріс.  Халықтық  коммуналар. 

Пролетарлық  мəдени  революция.  КХР  мен  КСРО  арасындағы  қатынастардың 

шиеленісуі. Мао Цзэдунның қайтыс болуы жəне билік үшін күрес; 

Дэн  Сяопин  жəне  «төрт  модернизация»  реформасы.  Қытай 

реформасының  ерекшелігі. «Ашық  есік»  саясаты  жəне  арнайы  экономикалық 

белдеудің құрылуы. Қытай экономикалық жүйесіндегі өлшемділіктің бұзылуы.             

1989  ж.  Тяньаньмэньдегі  жағдай.  Халықаралық  сахнада  ҚХР  рөлінің  өсуі. 

Гонконг жəне Макаоны қайтарып алуы; 

Моңғолия (1 сағат),  Моңғолияның  капиталистік  емес  даму  жолының 

қайшылықтары. Жедел индустрияландыру мен ұжымдастырудың зардаптары. 

80-жылдардағы  экономикалық  жəне  саяси  дағдарыс.  Моңғолия  ХХ  ғ.  аяғы  –

XXI ғ. басында; 

қайталау (1 сағат); 

Корея (1 сағат), Потсдам конференциясы жəне КСРО мен АҚШ əскерлері 

арасындағы  шекаралық  межені  белгілеу.  КХДР  мен  Корея  Республикасының 

құрылуы. 1950-1953 жж.  соғыс  жəне  оның  зардаптары.  Елдің  Оңтүстігі  мен 

Солтүстігіндегі экономикалық жəне саяси өзгерістердің ерекшеліктері. Ким Ир 

Сен  жəне  «социализмнің  корейлік  нұсқасы». «Чучхе»  идеологиясы.  Корея 

Республикасының  ХХ  ғ.  екінші  жартысындағы  дамуы.  Оңтүстіккореялық 

авторитаризм.  Экономикалық  өрлеудің  себептері.  Халықтың  тұрмыс 

тіршілігінің жоғарылауы. 1987 ж. Конституция. ХХ ғ. соңы – XXI ғ. басындағы 

Корея  Республикасы.  2007 ж.  сайлау.  Ли  Мён  Бак.  Екі  корей  мемлекеті 

арасындағы өзара қарым-қатынас; 

Үндіқытай  елдері (1 сағат),  Үндіқытайдағы    француз  отарлары 

халықтарының  азаттық  жолындағы  күресі.  ВДР  жариялануы.  1954 ж.  Женева 

келісімі.  Вьетнамның  қарама-қарсы  əскери-саяси  жүйелердің  күресіне 

тартылуы. Елдің бірігуі жəне Вьетнам Социалистік Республикасының құрылуы. 

Оңтүстіктегі  социалистік  қайта  құрулар  жəне  əлеуметтік-экономикалық 

дағдарыстың  өршуі. «Жаңару»  саясаты.  Экономикалық  даму.  Лаос  пен 

Камбоджада ұлттық мемлекеттердің қалыптасуының  ерекшеліктері. Үндіқытай 

елдерінің  өзара  қарым-қатынастары  жəне  олардың  халықаралық  аренадағы 

орны; 


Индонезия. Малайзия. Сингапур (1 сағат), Индонезиядағы жапондықтарға 

қарсы  қарсыласу  қозғалысы.  Республиканың  жариялануы.  Сукарно. 

Индонезияның тəуелсіздігін мойындау.Экономикалық даму. Ұлттық өнеркəсіп. 

Аграрлық  реформа. 1965 ж.  жағдай.  Сухарто.  Малайзиядағы  тəуелсіздік  үшін 

қозғалыс. 

Малайзия 

Тəуелсіз 

Федерациясының 

құрылуы. 

Тəуелсіз 

Сингапурдың  дамуы.  Экономиканың  жоғарғы  қарқынмен  дамуы.  Шетелдік 


36 

 

салымдар. Аймақтағы елдер жəне АСЕАН; 



Үндістан (2 сағат),  Британдық  Үндістанның  бөлінісі  жəне  екі 

доминионның – Үндістан  Одағы  мен  Пакистанның  құрылуы.  Үндістанның 

республика  болып  жариялануы  жəне  жаңа  конституция  қабылдау.  Дж.  Неру. 

ҮҰК  Үндістанның  партиялық-саяси  өміріндегі  орны.  Саясаттағы  касталық 

фактор.  И. Ганди  жəне  оның  «Нерудің  бағытын»  жалғастыру  жолындағы 

күресі. 1975 ж. қоғамдық-саяси дағдарыс жəне елде төтенше жағдай енгізу; 

1980-1990-шы  жылдардағы  экономикалық  бағыттағы  өзгерістер. 

Жекешелендіру  бағыттары  жəне  нарықтық  экономиканың  дамуы.  Қуатты 

индустриалдық  база  құру.  Кашмир  мəселесі.  Дүниежүзіндегі  жəне  Оңтүстік 

Азия аймағындағы Үндістанның рөлі. Үндістан ХХ-ХХI ғғ. тоғысында. 2004 ж. 

жəне 2009 ж. сайлаулар. М. Сингх. Үндістанның сыртқы саясаты. Панча шила» 

қағидасы. Индия – Қосылмау қозғалысының жетекшісі; 

Пакистан (1 сағат),  Пакистан  республикасының  жариялануы. 1956 ж. 

Конституция.  Азаматтық  үкіметтердің  тұрақсыздығы  жəне  əскери  биліктің 

орнауы.  Партиялық-саяси  өмірдегі  ислам  факторы.  Шығыс  Пакистандағы 

бенгалдықтардың  ұлттық-мемлекеттік  тəуелсіздік  үшін  күресі.  Бірінші 

парламенттік  сайлау. 1973 ж.  Конституция  жəне  парламенттік  билік  түрінің 

бекітілуі. З.А. Бхуттоның реформалары. Пакистан ХХ-ХХI ғғ. Тоғысында; 

Израиль (1 сағат),  БҰҰ-ның  Палестинадағы  ағылшын  мандатын  жою 

туралы  шешімі.  Тəуелсіздік  декларациясының  қабылдануы  жəне  Израиль 

мемлекетінің  құрылуы.  Израильдің  экономикалық  жəне  саяси  дамуы. 

Парламенттік  республика.  Көппартиялық  жүйе. 1949 ж.  парламенттік  сайлау. 

Д. Бен-Гурион. Репатриация туралы заң. 80-жылдың соңындағы экономикалық 

дамуды күшейту. 2009 парламенттік сайлау. Б.Нетаньяху. Израиль ХХ-ХХI ғғ. 

Тоғысында; 

Азияның  араб  елдері (2 сағат),  Араб  елдерінің  екінші  дүниежүзілік 

соғыстан  кейінгі  дамуының  негізгі  бағыттары.  Шығыс-жерортатеңіздік  жəне 

аравиялық  елдер.  Сирия,  Ирак,  Ливан,  Иордания.  Араб  елдерінде 

тəуелсіздіктің  жариялануы.  Арабтық  социалистік  өркендеу  партиясы  (Баас).

 

Ирактағы  Саддам  Хусейннің  диктаторлық  билігі.  Араб  елдері  ХХ-ХХI  ғғ. 



тоғысында. «Араб көктемі» (2010-2011 жж); 

Африканың  араб  елдері (2 сағат),  Египеттегі 1952 ж.  революция  жəне 

оның араб əлемі үшін маңызы. Суэц каналын национализациялау. Г.А. Насердің 

бағыты.  Магриб  елдеріндегі  (Алжир,  Тунис,  Ливия,  Марокко)  ұлт-азаттық 

күрес. Алжирдегі соғыс жəне оның француз отарлық империясының тағдырына 

əсері. Африкадағы араб елдері ХХ-ХХI  ғғ.  тоғысында. «Араб  көктемі» (2010-

2011 жж.); 

араб-израиль  қайшылықтары  жəне  Палестина  мəселесі (1 сығыт), 1948-

1949 жж. Палестина соғысы. 1967, 1973 жж. араб-израиль соғысы. Кэмп-Дэвид 

келісімі жəне Таяу Шығыста бейбітшілік үдерісінің басталуы. ПАҰ дағдарысы 

жəне дағдарыстан шығу мəселесі. Палестина жерлеріндегі «интифада». Израиль 

жəне ПАҰ: бейбіт келіссөздердің басталуы. Палестинадағы Араб мемлекетінің 

болашақ нышандары. Қазіргі кездегі Палестина мəселесі; 

Тропикалық  жəне  Оңтүстік  Африка  елдері (1 сағат),  Африканың  екінші 



37 

 

дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  капиталистік  дүние  экономикасындағы  рөлі. 



Бесінші  панафрикандық  конгресс  жəне  саяси  тəуелсіздік  ұранының  көтерілуі. 

Тропикалық  Африканың  отарлық  бұғаудан  азат  етілуі.  Гана  мен  Гвинеяның 

тəуелсіздігін  жариялау.  «Африка  жылы» (1960 ж.).  Шығыс  Африка  елдерінің 

тəуелсіздік  алуы.  Апартеид  доктринасы  жəне  Оңтүстік  Африканың  азаттық 

жолындағы  күресі.  Африка  мемлекеттерінің  саяси  жүйесінің  тұрақсыздығы. 

Мемлекеттік  төңкерістер  жəне  олардағы  əскердің  рөлі.  Африкалық  бірлік 

ұйымы жəне мемлекетаралық саяси одақтар; 

 

қайталау (1 сағат).  



халықаралық қатынастар (5 сағат): 

екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдардағы халықаралық 

қатынастар. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы жəне оның қызметі. «Қырғи-

қабақ  соғыс»,  оның  бастаулары  жəне  негізгі  кезеңдері.  НАТО  мен  ВШҰ 

құрылуы.  Жанталаса  қарулану.  Жаппай  қыру  қарулары.

 

Халықаралық 



қатынастардың  екіполюсті  жүйесінің  қалыптаса  бастауы.  Кореядағы 

халықаралық қақтығыс;  

 

ХХ  ғ. 60-80-жылдарындағы  халықаралық  қатынастар. 1961ж.  Берлин 



дағдарысы жəне Берлин қабырғасының салынуы. Кариб дағдарысы жəне оның 

халықаралық  қатынастар  сипатының  өзгеруіне  əсері.  Индонезия  мен 

Үндіқытайдағы отарлық соғыстар.  Алжирдегі ұлт-азаттық соғысы. Таяу Шығыс 

дағдарысы. Қосылмау қозғалысы; 

ХХ  ғ.  екінші  жартысындағы  халықаралық  шиеленістің  бəсеңдеу  жəне 

өрлеу  кезеңдері.  Кеңес-американ  қатынастары.  Халықаралық  қатынастардағы 

Ауғанстан  мəселесі.  Парсы  шығанағындағы  соғыс  жəне  Ирак  мəселесі. 

Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңес. ЕҚЫК  қорытынды 

актісі. ЕҚЫҰ құрылуы; 

Еуропалық  интеграция. «Шуман  жоспары». «Еуропадағы  көмір  жəне 

болат бірлестігі». Еуропалық экономикалық қауымдастық жəне Еуратом. 60-80-

жылдардағы  интеграцияның  дамуы.  Маастрихт  келісімі.  Еуропалық  Одақ. 

Еуропалық  Одақтың  одан  əрі  даму  перспективалары.  Валюталық  одақтың 

құрылуы;  

ХХ  ғ.  аяғы – ХХІ  ғ.  басындағы  халықаралық  қатынастар.  Көпполюсті 

əлемнің  қалыптасуы.  БҰҰ  халықаралық  қатынастар  жүйесінің  өзгерісі 

жағдайындағы қызметі. Халықаралық лаңкестік мəселесі.  

18.  ХХ  ғ.  екінші  жартысы – ХХI  ғ.  басындағы  ғылым  мен  мəдениеттің 

даму (3 сағат),  ғылым  мен  техниканың  дамуы.  ҒТР.  Ғылыми-техникалық 

революцияның  басталуы.  Атом  энергиясының  ашылуы  жəне  бейбіт  мақсатта 

қолданылуы.  Ғарышты  меңгеру.  Жаңа  технологиялардың  пайда  болуы. 

Ғылымның  тікелей  өндіргіш  күшке  айналуы.  Қоғамдық  ғылымдардың  дамуы. 

ҒТР қайшылықты сипаты. Ақпараттық революция. Интернет. ҒТР жəне қазіргі 

заманның ғаламдық мəселелері. ҒТР əлеуметтік зардаптары;  

ХХ  ғ.  екінші  жартысы – XXI ғ.  басындағы  мəдениеттің  дамуы.  Əлем 

халықтарының  əдебиеті.  Сыни  жəне  «социалистік»  реализм.  Бұқаралық 

мəдениет.  ХХ  ғ.  соңғы  онжылдықтарындағы  көркем  өнердің  дамуы. 

Мəдениеттің ғаламдану жағдайындағы дамуы. 



38 

 

19. Қорытынды  қайталау (1 сағат). 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет