Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата28.12.2016
өлшемі0,97 Mb.
#647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

  Сұрақтар мен тапсырмалар
 1. Орфографиялық сөздіктің жасалу себептері, мақсаты   мен 
міндеттері. 
2.  Орфографиялық  сөздіктің  әр  жылғы    басылымдарының 
авторлары,    өзіндік ерекшелігі мен принциптері. 
3. 
Орфографиялық 
сөздіктің 
соңғы 
басылымындағы  
халықаралық   терминдердің жазылу ережелері. 
 
13. ҚАЗАҚ ОРФОГРАФИЯСЫНЫҢ НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕРI 
 
       
1. «Қазақ тілінің орфoграфиялық сөздігінің» 1983 жылғы 2-
басылымындағы  өзгеріс, жаңалықтар.  
      2. «Қазақ тілінің орфoграфиялық сөздігінің» 1988 жылғы 3-
басылымындағы өзгеріс, жаңалықтар.  
     3.  «Қазақ  тілінің  орфoграфиялық  сөздігінің»  2001  жылғы  4-
басылымындағы өзгеріс, жаңалықтар.  
     4.  «Қазақ  тілінің  орфoграфиялық  сөздігінің»  2005  жылғы  5-
басылымындағы өзгеріс, жаңалықтар.  
    5.  «Қазақ  тілінің  орфoграфиялық  сөздігінің»  2007  жылғы  6-
басылымындағы өзгеріс, жаңалықтар.  
 
1. Тiл  мәдениетiнiң мәртебесiн айқындайтын көрсеткiштiң бiрi- 
жазудағы бiрiздiлiк. Мұның өзi алдымен тiлдiң емле ережесi мен 
сөздiгiнiң  сапасына  байланысты.  Жаңа  графикаға  көшумен 
байланысты  1940  жылы  жасалған  емле  заңдары  1957  жылы 

түзілген «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде» 51 
параграф,  12  ескертпе  енгізіліп,  толықтырылып  жаңадан 
түзілген 
болатын. 
1983 
жылғы 
«толықтырулар 
мен 
түзетулерден» кейін оған 3 параграф және 3 ескертпе қосылған.  
       Қазақ тiлi орфографиясының негiзгi ережелерi 9 бөлiмнен 
тұрады. 
     «І. Әріптердің емлесі» 
      1. Дауысты дыбыс әріптерінің қолданылуы. 
     «§ 1. а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, э әріптері жалаң дауыстылардың ал 
ё, и, у, ю, я әріптері қосынды дауыстылардың да (мысалы: ёлка, 
қи, ки, бидай, су, шумақ, аю, қою, якорь, саясат), кейде  жалаң 
дауыстылардың  да  таңбасы  ретінде  (мысалы:  слёт,  кино, 
коммунист, бюро, октябрь) жұмсалады». 
      Осындағы  е,  и,  у,  ю,  я  әріптері  орыс  тілінде  ара-тұра  жалаң 
дауыстыға  сәйкес  келіп,  дауыстылардың  таңбасы  ретінде 
танылатыны  белгілі.  Қазақ  тілінде  (дауыссыз  у-ды  айтпағанда) 
бұлар  тек  дауыссыздар  мен  дауыстылардың  қосындысы  түрде 
болады.  Олай  болса,  «қосынды  дауыстылар»  емес,  қосынды 
дыбыстар  түрінде  түсіну  керек.  Якорь  сөзі  орфографиялық 
сөздіктің 3-басылымында жоқ.  
      «§  2.  а,  е,  ы,  і  әріптері  сөздің  барлық  буындарында 
жазылады... 
      Ескерту:  Соңғы  буынында  ы,  і  дыбыстары  бар  сөздерге 
дауысты  дыбыстан  басталған  қосымша  жалғанғанда  ы,  і 
дыбыстары  кей  уақытта  түсіп  қалады.  Мысалы:  орын  -  орны, 
ауыл  –  аулы,  құлық  –  құлқы,  әріп  -  әрпі,  ерін  –  ерні,  көрік  – 
көркі, халық – халқы, ойын – ойна, алты – алтау, үрік – үркек – 
үркіп,  жеті  –  жетеу,  ерін  –  ернеу,  ғылым  –  ғылми,  ресім  – 
ресми». 
      Бұл ескертуге мынадай түзетулер енген: 
      А)  «бар  сөздерге»  дегеннің  арасына  «бар  кейбір  сөздерге» 
делініп,  «кей  уақытта»  алынып  тасталған;  ә)  мысалда 
көрсетілген  сөздерді  қысқартып,  жақшада,  «мұндай  сөздер 
орфографиялық сөздікте толық көрсетіледі» делінген. 
     Ережедегі  «ы,  і  дыбыстары»,  дұрысы  ы,  і  әріптері  екенін 
аңғару керек. Өйткені орын, құлық, көрік, ойын, үрік сөздерінің 

екінші  буынындағы  ы,  і  –  әріп,  дыбысталуы  –  ұ,  ү.  Сондықтан 
ескерту  –  «ұ,  ү,  ы,  і  дыбыстары  немесе  ы,  і  әріптері»  жайында 
болуға  тиіс.  Әріп  пен  дыбысты  бірімен  бірін  шатастыру 
оқулықтар мен зерттеулерде әлі күнге дейін орын алып келеді. 
     «§  3.  Ә,  о,  ө,  ұ,  ү  әріптері  жалаң  сөздердің  бірінші 
буындарында  жазылады...»  О  әрпі  де,  о  дыбысы  да  тек  бірінші 
буында  жазылады  және  айтылады.  Қалғандарының  айтылуы 
жазылуына сай келе бермейді.  
    «§ 4. Й әрпі мынадай орындарда жазылады: 
     А) түбір сөзде де, туынды сөзде де жіңішке естілетін жалаң и 
дыбысының  және  қосарлы  ый,  ій  дыбыстарының  таңбасы 
ретінде и әрпі қолданылады... 
     Ә)  я,  ю  әріптерінен  бұрын  ы,  і  дыбыстарының  да  орнына  и 
әрпі жұмсалады... 
     Б) йы, йі  дыбыстар  тіркесіне бітетін етістіктерге көсемшенің 
–й  жұрнағы  жалғанғанда,  ый,  ій  әріптерінің  орнына  бір  ғана  и 
жазылады.  Мысалы:  колхоз  байы-й-ды  –  байиды  (байыйды, 
баиды емес), ол кейі-й-ді – ол кейиді (кейійді, кеиді емес). 
      Ескерту:  Қосарлы  ый  әріптері  тек  сый,  тый  сөздерінде 
(оларға қосымша жалғанғанда да) жазылады. Мысалы: сыйлық, 
сыйлау, сыйымды, сыяды. Тыйым, тыйылу, тыяды. 
      В)  и  дыбысына  бітетін  етістіктерге  жалғанатын  тұйық 
райдың  –у  жұрнағы  –ю  түрінде,  көсемшенің  –а  жұрнағы  –я 
түрінде  жазылады.  Мысалы:  и  –  ию  (иу  емес),  ки  –  кию  (киу 
емес),  қи  –  қию  (қиу  емес),  жи  –  жию  (жиу  емес),  қи  –  қияды 
(қиады емес), жи – жияды (жиады емес). 
      Бұл параграфқа 1983 жылы мынадай түзетулер енгізілді: 
      «Ә)  я,  ю  әріптерінің  алдында  ы,  і  әріптерінің  орнына  и  әрпі 
жазылады... 
      Б)  йы,  йі  дыбыстар  тіркесі  мен  ы,  і  дыбыстарына  бітетін 
етістіктерге көсемшенің  –й жұрнағы жалғанғанда, соңғы ый, ій 
әріптерінің орнына бір ғана и әрпі жазылады...» 
      Жазу  сауатымызды  арттыруға  септігі  тиген  жасанды  и  әрпі 
бұл күнде сөздеріміздің айтылуын қиындатып жіберді. Басқаны 
айтпағанда:  орфоэпиялық  сөздіктердің  авторлары  да  и  әрпінің 
дыбысталуын  біркелкі  тани  бермейді.  Мәселен,  Қ.  Неталиева 

ғанійбет,  дәрійға,  естыйар,  пійала,  пійаз  десе,  М.  Дүйсебаева 
ғаныйбет,  дарыйға,  естійар,  пыйала,  пыйаз  түрде  айтамыз 
дейді.  Мұның  өзі  и  әрпінің  ережедегідей  тек  «қосарлы  ый,  ій 
дыбыстарының таңбасы» ғана емес, ұй, үй де болатынын, айтуда 
бұл  әріптің  жіңішкеріп  кете  беретіні  орыс  тілінде  «жіңішке 
естілетін жалаң и дыбысының» әсері екенін ескеруді керек етеді. 
      «Б) йы, йі тіркесі мен ы, і дыбыстарына бітетін етістіктерге» 
келтірілген  мысалда:  оқы-й-ды  –  оқиды  (оқыйды  емес),  суы-й-
ды  -  суиды  (суыйды  емес),  мойы-й-ды  –  мойиды  (мойыйды, 
моиды  емес),  құры-й-ды  –  құриды  (құрыйды  емес)  сияқты 
сөздер жүр. Оқы, мойы, суы, құры сөздері «ы дыбысына» емес, 
ұ дыбысына (оқұ, сұуұ, мойұ, құрұ) аяқталып тұрғаны айқын. 
       В)  «и  дыбысына  бітетін  етістіктер»  де  қазақ  тілінде  жоқ. 
Дұрысы, ый, ій, (и, ки, қи, жи дегенде). Мұнда да әріп дыбыспен 
шатастырылғанын аңғару қиын емес. 
      «§ 5. У әрпі мынадай орындарда жазылады: 
      А) түбір сөзде де, туынды сөзде де бірде жуан, бірде жіңішке 
естілетін  дауысты  у  дыбысының,  сондай-ақ  дауысты  дыбыстан 
бұрын  және  кейін  келетін  үнді  у  дыбысының  таңбасы  ретінде 
қолданылады... 
      Ә)  ы,  і  дыбысына  бітетін  етістіктерге  тұйық  райдың  –у 
жұрнағы  жалғанғанда,  ы,  і  дыбыстары  түсіріліп  жазылады. 
Мысалы:  оқы  –  оқу,  тоқы  –  тоқу,  жібі  –  жібу,  ірі  –  іру,  суы  – 
суу...» 
      Бұл  параграф  түзетусіз  берілген.  Мұнда  да  әріп  пен  дыбыс 
ажыратылмаған. Мәселен,  «бірде жуан, бірде  жіңішке естілетін 
дауысты у дыбысының» ұу, үу дыбыстарының қосындысы екені 
белгілі.  Төртінші  параграфта  «жіңішке  естілетін  жалаң  и 
дыбысының» барын айтады. Мұны орыс тілінен енген сөздердің 
құрамындағы  жалаң  дауысты  и  деп  түсіну  керек  болар.  Орыс 
тілінен  енген  сөздерде  әр  уақытта  жуан  –  «естілетін»  жалаң 
дауысты у бұл параграфта ескерусіз қалған. 
      «7. Ю әрпі мынадай орындарда жазылады: 
      А)  сөз  құрамындағы  дауысты  дыбыстан  кейін  қосынды  й+у 
дыбыстарының  орнына  қолданылады.  Мысалы:  аю,  ою,  үюлі, 

кею,  көркею,  сонда  ю  әрпі  й  –  ұ  –  у,  й  –  ү  –  у  болып 
транскрипцияланады. 
     «§ 8. Я әрпі мынадай сөздерде жазылады: 
      А)  сөз  басында  және  дауысты  дыбыстардан  кейін  қосынды 
й+а  дыбыстарының  орнына  қолданылады.  Мысалы:  яки,  яғни, 
якорь, қоян, таяқ, ая, мая, сая, қия, мия, сия, қияқ, тұяқ, саяқ». 
     «Дауысты  дыбыс  әріптерінің  қолданылуы»  деп  аталатын 
тақырыпшада 8 параграф, 4 ескерту бар. Осылардың бәрі де әріп 
деген  сөзден  басталады  да,  ара-тұра  дыбыспен  алмасып, 
шатасып  кетеді.  Әсіресе,  и,  у,  ю,  я  әріптерінің  дыбыстық 
бейнесін әлі танып болғанымыз жоқ. Қазақ тілі оқулықтары мен 
орфографиялық ережелері и, у әріптерін дауысты дыбыс деумен 
келеді.  Мұның  өзі  дыбыстық,  буын  құрамын  танып  білуді 
қиындатып жүр. 
     2.  «Дауысты  дыбыс  әріптерінің  қолданылуы»  туралы 
айтқанда дыбыс деген  сөз екі-ақ рет қолданылған. Алдымен 26 
әріп  тізімделіп,  дауыссыз  дыбыстардың  таңбасы  болатыны 
көрсетілген. Бұл параграф соңғы түзетуде қысқарған. 
      Ескертуде:  «ф  әрпі  кейбір  жалқы  есімде  ғана  жазылады. 
Мысалы:  Фазыл,  Фәрида,  София»  делінсе,  енді  ол  былай 
түзетіліп толықтырылған:  «Ф әрпі араб, парсы тілдерінен енген 
кейбір  жалқы  есімдер  мен  бірен-саран  жалпы  есімдерде  де 
жазылады.  Мысалы:  Фазыл,  Фариза,  Фатима,  Марфуға,  саф 
(алтын), фәни дүние)». 
      Қазақ жазуында в, ф, х, ц, ч әріптері орыс тілі сөздерін жазу 
және  айту  қажеттілігінен  пайда  болған.  Ал  қара  қазақ  в,  ф  деп 
айта  алмаса  керек.  Рас,  фонетика  оқулығында  Абай  Авайға 
жуық  дыбысталады  деген  пікір  бар.  Орфоэпиялық  сөздікте 
тепсіну,  қағыстырып-соғыстыру,  жуып-шаю,  тепшу  сияқты 
сөздерде «айтылуда п дыбысы ф-ға айналады» - дейді. 
      «ІІ. Түбір сөздердің жазылуы» 
      «§  18.  Жеке  сөздердің  негізгі  тұлғалары  өзгертілмей 
жазылады.  Мысалы:  ала  ат  (алат  емес),  бара  алмаймын 
(баралмаймын  емес),  қара  көлеңке  (қарагөлеңке  емес),  көк 
орамал  (көгорамал  емес),  ақ  лақ  (ағлағ  емес),  барса  игі  еді 

(барсигеді емес), келсе игі еді (келсигеді, келсегеді емес), барып 
па екен (барппекен емес)». 
        Бұл  ереже  түзетуден  кейін  былай  болып  шыққан:  «Сөз 
тіркесіндегі  жеке  сөздер  естілуінше  (айтылуынша)  жазылмай, 
негізгі  тұлғалары  сақталып  жазылады».  Бұдан  сөз  тіркесіндегі 
сөздер  үнемі  естілуінше  (айтылуынша)  жазылмайтын  сияқты 
түсінік  қалыптасуы  мүмкін.  Тілде  айтылуындай  немесе  соған 
жуық жазылатын сөз тіркестерін жоққа шығаруға болмас.  
 «ІІІ.  Бөлек  жазылатын  сөздер»  алғашқы  қалпынан 
өзгеріске  түспеген.  Ал  «ІҮ.  Бірге  жазылатын  сөздер»  туралы 
олай дей алмаймыз. 
 Егер  1983  жылы  «1957  жылғы  орфографиялық  ережелер 
кодексіне  толықтырулар  мен  түзетулер  енгізілген»  болса,  ол 
алдымен  осы  «Бірге  жазылатын  сөздерге»  байланысты 
өзгертулер  болды.  Бұрын  мұның  өзі  төрт  параграф,  екі 
ескертуден  тұрса,  енді  ол  –  жеті  параграф,  үш  ескерту.  Оның 
алғашқы екі параграфы мен бір ескертуінде өзгеріс жоқ. Қалған 
екі  параграфтың  бірінде  «терминдік  мәнге  ие  болып 
қалыптасқан 
атаулардың», 
екіншісінде 
«географиялық 
атаулардың» жазылуы айтылған. 
Атап  айтқанда:  «§  29.  Ғылымның  әр  алуан  саласындағы 
(саяси әлеуметтік, биологиялық, астрономиялық, т. б. Терминдік 
мәнге  ие  болып  қалыптасқан  атаулар  және  басқа  сөздер  де 
бастапқы тұлғалары сақталып, дағды бойынша бірге жазылады. 
Мысалы:  баспасөз,  өнеркәсіп,  кәсіподақ,  халықаралық, 
қолбасшы,  бесжылдық,  оңтүстік,  солтүстік,  арасалмақ, 
арақатынас,  көзқарас,  шекара,  шетел,  еңбеккүн,  шикізат, 
бірқазан,  аққұтан,  көкқұтан,  қосаяқ,  қарақұйрық,  аққу,  қарақұс, 
бұзаубас,  тасбақа,  есекмия,  жаужұмыр,  түйеқарын,  жемшөп, 
Темірқазық, кемпірқосақ, Ақбозат». 
Бұл ереже әлі күнге де күшін жойған жоқ. «Толықтырулар 
мен  түзетулерге»  негізінен  мысалдар  ұшыраған,  бірсыпырасы 
басқа 
параграфқа 
ауысқан, 
біраз 
жаңа 
мысалдармен 
толықтырылған. Ереженің басына «§ 28. Екі түбірден құралып» 
дейтін  түзету  енгізілген  де,  бұрынғы  ережеден  «және  басқа 

сөздер  де»  шеттетілген.  Тыңнан,  қосылған  келесі  екі  параграф 
осы ереженің негізінде жасалған. 
«§ 29. Екі, кейде үш түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, 
құрт-құмырсқа,  өсімдік  атаулары  түбір  тұлғалары  сақталып, 
бірігіп жазылады...»  
«§  30.  Екі  түбірден  құралып,  терминге  айналған  техника, 
шаруашылық,  тұрмыс,  мәдениет,  өнер,  спорт,  т.  б.  салаларға 
қатысты  зат,  құрал-жабдық,  ұғым  атаулары  мен  әр  алуан 
мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің аттары бірігіп жазылады...» 
Ал мына ереже мен ескерту де тың: 
«§  31.  Екінші  сыңары  аралық,  тану,  сымақ  деген  сөздер 
немесе  бірінші  сыңары  фото,  электр,  авто,  авиа,  аэро,  гидро, 
агро,  транс,  инфра,  ультра,  изо,  гипер,  ал  екінші  сыңары  қазақ 
сөздері болып келген тіркестер бірге жазылады... 
Ескерту: Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған дүниежүзілік, 
бүкілодақтық,  бүкілхалықтық,  қиыршығыстық,  ортаазиялық 
сияқты  сын  есімдер  осы  түрінде  жазылады  (олар  сөздікте 
беріледі)». 
Келесі  ереже:  «§  32.  Екі,  кейде  үш  сөзден  құралған  кісі 
аттары  мен  географиялық  атаулар,  негізінен,  түбірі  сақталып, 
бірге  жазылады...».  Бұл  бұрынғы  ережеге  «кісі  аттары» 
«негізінен»  сөздерін енгізу  арқылы жасалған.  Бұрын:  «Ескерту: 
Кісі аттарының да түбір тұлғасы сақталып жазылады. Мысалы: 
Мергенбай  (Мергембай  емес),  Аманкелді  (Амангелді  емес), 
Аманқұл  (Аманғұл  емес),  Досжан  (Дощан,  Дошшан  емес), 
Қартбай  (Қартпай  емес),  Күнпейіс  (Күмпейіс  емес),  Жетпісбай 
(Жетпіспай  емес),  Сара  Насырқызы  Боранбаева,  Мұрат 
Белгібайұлы  Күмісбеков»  -  деп,  кісі  аттарын  бір  ескертумен 
шектелсе,  енді  кісі  аттарының  жазылу  жайы  біраз  тәптіштеліп, 
баяндалған. «Ұлы, қызы сөздері фамилияны және әкесінің атын 
білдіретін  сөздермен  тіркескенде  жалқы  есімге  қосылып 
жазылатыны»  арнайы айтылады. 
Ал мына ескерту әсіресе ескеруді қажет етеді: «Ескерту. А) 
Екі  түбірден  құралған  бірқатар  кісі  аттары  түбір  тұлғалары 
өзгеріп  біріккен  күйінде  жазылады.  Мысалы:  Дәметкен, 
Торайғыр, Ұлбосын, Қожахмет

Ә)  Екінші  сыңары  қ,  к  сыңарынан  басталатын  кейбір  кісі 
аттары  екі  түбірдің  үндесу  ыңғайына  қарай  да  жазылады: 
алдыңғы түбір қатаң дыбысқа аяқталса, келесі сөз де қатаң қ, к 
әріптерімен  жазылады.  Мысалы:  Аққыз,  Қоскелді,  Айткелді, 
Айтқожа, Сейітқожа; алдыңғы түбір дауысты дыбыстар мен ұяң, 
үнді  дыбыстарға  аяқталғанда  келесі  түбірдің  басқы  дыбыстары 
ұяңдап,  ғ,  г  болып  айтылса,  ғ,  г  әріптері  жазылады.  Мысалы: 
Амангелді,  Нұргелді,  Төрегелді,  Нұрғиса,  Есенғұл,  Қарагөз, 
Ботагөз,  Айғыз.  Мысалы:  Әбілқайыр,  Әбілқасым,  Қаламқас, 
Бибікамал, Шәмшіқамар; 
Б) Қазақтың төл сөздері мен араб, парсы тілдерінен енген 
сөздерден  жасалған  кісі  аттары  қатарынан  екі  дауыссыз 
дыбыстан басталмайды, олардың не алдынан, не ортасынан ы, і 
әріптерінің  бірі  жазылады.  Мысалы:  Ысқақ  (Сқақ  емес), 
Ысқақбай  (Сқақбай  емес),  Сымахан  (Смахан  емес),  Сыматай 
(Сматай  емес),  Сыланов  (Сланов  емес),  Ысмағұл  немесе 
Сымағұл (Смағұл емес), Ырза (Рза емес), Ырзабай (Рзабай емес), 
Ырсалды (Рсалды емес). 
В)  аттас  жерлерді  бір-бірінен  ажырату  үшін  алдарынан 
қолданылатын анықтауыш есімдер бас әріппен басталып, бөлек 
жазылады. Мысалы: Кіші Азия, Орта Азия, Үлкен Қараой, Кіші 
Қараой». 
Фонетика  тұрғысынан  Амангелді,  Есенғұл  түрде  жазу 
фонетикалық  та,  морфологиялық  та  принципке  сай  келмейді, 
жартыкеш  болып  шығады.  Тоғыспалы  ықпал  бойынша  бұл 
сөздер  Амаңкелді,  Есеңғұл  болса  керек  еді.  Дәметкен  (дәме 
еткен),  Торайғыр  (торы  айғыр),  Қожахмет  (қожа  Ахмет) 
айтылуына  жуық.  Ал  жалпы  есідердің  жазылуы  мұндай 
жағдайда ала-құла: қарағаш (қара ағаш), өлара (өлі ара), қараот 
(өсімдік  атауы),  қараөкпе  (мал  атауы),  алтыатар  (алты  атар), 
алтыаяқ (киіз үйдің түрі). 
«Ү. Қос сөздердің жазылуы» бір-ақ параграфта айтылады: 
«§  31.  (§  32).  Қос  сөздің  барлық  түрі  дефис  (-)  арқылы 
жазылады... 
Ал 
«ҮІ. 
Қосымшалардың 
жазылуы» 
13 
(түзетулерден соң 12) параграфтан құралған. 

«§  32.  (§  34).  Қосымшалар  сөздің  соңғы  буынындағы 
дауысты  дыбыстың  әуеніне  қарай,  буын  үндестігі  бойынша,  я 
жуан,  я  жіңішке  болып  жазылады...»  Бұл  –  негізгі  қағида. 
Мұның  өзі  алдымен  аралас  (жуан,  жіңішке)  буынды  болып 
келетін  кірме  сөздердің  табиғатынан  туған  деуге  болады. 
Тіліміздегі  байырғы  сөздер  бірыңғай  я  жуан,  я  жіңішке  болып 
келетіні белгілі. Ондай жағдайда соңғы буынды бөліп қарайдың 
қажеті де болмас еді, тек «сөздің соңғы дыбысын» (§ 33) ескеру 
жеткілікті. 
Бұрын:  «Ескерту:  а)  рк,  нк,  кс,  кт  сияқты  дауыссыздар 
тіркесіне  біткен  сөздерге  қосымшалар  жіңішке  түрінде 
жалғанады... ә) х әрпіне біткен сөздерге қосымшалар әр уақытта 
жуан түрінде жалғанады.  Мысалы: цех-тар, тарих-тың, штрих-
тар;  б)  ль  әріптеріне  біткен  бір  буынды  сөздерге  қосымшалар 
жіңішке  түрінде  жалғанады...»  дейтін  ереже,  бірсыпыра 
«толықтырулар мен түзетулерге» ұшыраған.  
«§  35.  Соңғы  дыбыстары  ог,  уг  болып  келген  сөздер  мен 
рк,  рг,  нк,  нг,  кс,  кт,  ск,  лк,  нкт,  кль,  брь,  бль  сияқты 
дауыссыздар  тіркесіне  біткен  сөздерге  қосымшалар  әрдайым 
жіңішке түрде жалғанады. 
Ескерту:  Жіңішкелік  белгісіне  аяқталған  бір  буынды 
сөздер  мен  соңғы  буынында  ё,  э  дыбыстары  бар  сөздерге 
қосымша  әрдайым  жіңішке  жалғанады.  Мысалы:  рольдер,  ролі, 
осьтер,  осі,  самолётке,  самолёттер,  актёрге,  актёрлер,  дуэттер, 
дуэті. 
Түзету  кезінде  соңы  х  әрпіне  біткен  сөздерге 
қосымшалардың  жалғануы  шеттетілген.  Оның  есесіне  соңғы 
буынында  ё,  э  дыбыстары  бар  сөздер  ескерілген.  Қазақ  тілі 
оқулықтарында ё, йо деп оқытылады. Ондай жағдайда қосымша 
жуан жалғанады.  
Ескерту:  (сөздікте жоқ).Орыс тілінен енген рк, рг, ск, кт, 
кс, нк, нг, лк, нкт деген дыбыстар тізбегіне аяқталған сөздерге 
қазақ  тілінің  қосымшалары  жіңішке  жалғанады.  Мысалы, 
паркке, полктер, пунктіне т.б. Ал нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, 
ск,  вт,  фт,  пт дыбыстарына  аяқталатын  орыс  тілінен  енген 
кейбір сөздерге қазақ тілі қосымшалары ы, і дәнекер дыбыстары 

арқылы  жалғанады.  Мысалы,  митинг-і-ге,  фармацевт-і-
ге, факт-і-сітанк-і-геакт-і-сі, т.б. 
       Жіңішке ль дыбысына 
аяқталатын 
сөздерге 
тәуелдік 
жалғаулары  сөздің  соңғы  буынының  жуан-жіңішкелігіне 
қарамай,  тек  қана  жіңішке  жалғанады.  Ал  қалған  қосымшалар 
жуан-жіңішкелігіне  қарай  жалғанады.  Мысалы, фестиваль  – 
фестивалі, фестивальдар, мораль – моралі, моральға, госпиталь 
– госпиталі, госпитальда, табель – табелі, табельге, патруль – 
патрулі,  патрульде,  пароль  –  паролі,  парольдар,  китель  — 
кителі,  кительдің,   медаль  –  медалі,  медальдар,  медальді   т.б. 
мысалдарды  қосымша  енгізіп  отырмыз.  Орыс  тілінен  кірген 
сөздер  аль,  оль,  уль  әріптерінің  тіркесіне  аяқталса,  оларға 
дауыстыдан  басталатын  қосымша  жіңішке  түрде,  дауыссыздан 
басталатын қосымша жуан түрде жалғанады. [14, 532 б.]. 
       Сондай-ақ,  соңғы  буынында у дыбысы  бар  орыс  тілінен 
енген  сөздерге  қазақ  тілі  қосымшалары  жуан  жалғанады. 
Мысалы, курсқа,автобусқа,институтқа,каникулға, тубус-қа, 
шлагбаум-да,  корпус-ы,  моторесурс-тар,  корпус-ты,  консул-
дық, ресурс-тар, т.б. 
       Бұл  ережеге г дыбысына  аяқталатын  сөздер  мен  жіңішкелік 
белгісіне 
аяқталатын 
бір 
буынды 
сөздер 
және бль, ль дыбыстарына  аяқталатын  сөздер  бағынбайды, 
оларға  қосымша  жіңішке  жалғанады: оругке,  рульге,  патрульге
т.б. 
       Соңғы буынында и дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге 
қазақ  тілі  қосымшалары  жіңішке  жалғанады: синтаксистік, 
магниттік, 
кальцийдің, 
Горькийге
режим-ді,  шифр-ді, 
реактив-ті, мундир-і, механизм-і, азимут-ты, командир-ге  т.б. 
       Сс, лл, тт, пп, ст, кст, сть, зд, кк дыбыстарына біткен орыс 
тілінен  енген  жалпы  есімдер  атау  күйінде  өзгеріссіз  жазылады 
да, оларға қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда соңғы дауыссыз 
дыбысы  түсіп  қалады.  Мысалы, грамм  –  грамға,  металл  — 
металды, ведомость – ведомосқа, съезд – съезге, т.б. 
«§  35.  Сөздің  соңғы  дыбысы  н  болып,  оған  қ,  ғ,  г,  б,  п 
дыбыстарының  бірінен  басталатын  қосымша  жалғанғанда, 
сөздің  соңғы  дыбысы  өзгертілмей  жазылады...»  дейтін 

қағидадан  түзету кезінде (§ 38) п дыбысын шығарып тастаған. 
Өйткені  бұл  дыбыстан  басталатын  қосымша  соңы  н  дыбысына 
біткен сөзге жалғанбайды деген сөз.  
Түзетуде:  «§  36.  –ша,  -ше  жұрнағы  арқылы  жасалған 
туынды  сөздерге  –ла,  -ле  жұрнағын  жалғап  айтқанда,  -ша,  -ше 
қосымшасы  –шы,  -ші  болып  өзгерген  күйінде  жазылады. 
Мысалы: орысша – орысшыла, қазақша – қазақшыла, өзбекше – 
өзбекшіле» - дейтін ереже енді мүлде жоқ. Өйткені бұлай айту, 
жазу дәстүрден шықты деуге болады. 
«§ 40. –ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға 
қосымша  түбір  сөздің  соңғы  буынындағы  дауысты  дыбыстың 
жуан-жіңішкелігіне  қарай  жалғанады.  Мысалы:  Әбілбаевқа 
(соңғы  буын  –  бай  жуан),  Әбілбековке  (соңғы  буын  –  бек), 
Жүсіповтің,  чапаевшылар,  берсиевшілер».  Бұл  алғаш  ережеге 
айналып отыр. 
Ескерту:  (сөздікте  жоқ).  Қазіргі  кезде  адамның  аты-жөнін 
жазуда  қиындықтардың  туындап  жататындығын  да  ескерген 
жөн,  яғни  фамилия  жасайтын   ов, ев  кірме  қосымшалары  адам 
есімдеріне  жалғанғанда  буын  үндестігіне  бағынбайды  (яғни 
адам  есімінің  соңғы  буынының  жуан-жіңішкелігіне  қарамай 
жалғанады).  Егер  адам  есімі и,  ш,  а,  ы дыбыстарына 
аяқталса, ев қосымшасы  жалғанады  (Нұрмаш+ев-Нұрмашев, 
Мамай+ев-Мамаев,  Абдолла+ев-Абдоллаев,  т.б.);  адам  есімі 
басқа  дыбыстарға  аяқталса, ов қосымшасы  жалғанады  (Қайрат-
ов, Сұлтан-ов, Жұман-ов, т.б.). 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет