Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата28.12.2016
өлшемі0,97 Mb.
#647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Я, ë, ю, щ, ч, ц, э тәрізді қосымша графемалардың және ъ, ь 
белгілерінің  барлығы  қазақ  жазуындағы  кирил  әліпбиінде 
сақталған. Әрине, бұлар қазақ тілінің тек фонемалық  құрамына 
ғана  емес,  сол  сияқты  грамматикалық  құрылымына  да  тіптен 
сәйкес  келмейді.  Түркітанушы  ғалымдар  түркі  тілдерінде 
кирилше  әліпбиі  қолданыла  бастағаннан  бергі  уақыттарда  бұл 
әліпбидің  түркі  тілдері  үшін  тиімсіз  екендігін,  оны  ең 
болмағанда өзгерту, жетілдіру қажеттігі жөнінде айтумен келеді. 
Осы  ретте  белгілі  түркітанушы  ғалым  Н.А.Баскаков:  «Әрбір 
сөздегі  морфемалардың,  белгілі  бір  буындарының  жекелеген 
дара мағыналары болатын түркі тілдерінің құрылымдық сипаты 
әр  әліпбидің  әдістемелік  тұрғыдан  осындай  морфемалар  мен 
буындардың  жік-жікке  бөлінуін  сақтауға  ықпал  етуін  талап 
етеді,  сондықтан  түркі  тілдері  үшін,  мәселен,  әліпбилерде 
дауыстылар 
мен 
дауыссыздардың 
бірігуін 
білдіретін 
дыбыстарды  сақтап  қалу  принципі  тиімсіз,  мысалы,  орыс 
әліпбиіндегі я, ё, ю әріптері» [13, 7 б.]. 
4.  «Бұрынғы  латынның»  тағылымы  жəне  оның  қазіргі 
кездегі  латын  графикасына  негізделген  жаңа  əліпбимен 
сабақтастығы». 

       2006 
жылы  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  ХІІ 
сессиясында  сөйлеген  сөзінде  Ұлт  көшбасшысы  Нұрсұлтан 
Назарбаев:  «Латын  әліпбиін  қарайтын  кез  келді.  Бұл  мәселені 
кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын әліп-
биі  бүгін  де  телекоммуникациялық  салаларда  басымдыққа  ие 
болып  отыр.  Сондықтан  да,  бұрынғы  кеңестік  елдердің 
көпшілігінің  латын  әліпбиіне  көшуі  де  кездейсоқ  емес. 
Мамандар  осы  мәселені  зерттеп,  нақты  ұсыныстарын  жасауы 
тиіс.  Біздің  балаларымызды  ағылшын  тілінде  оқытудың  өзі 
латын әліпбиімен байланысты. Ал, біз қазір барлық мектептерде 
ағылшын 
тілін 
оқытамыз. 
Сондықтан 
мұнда 
тұрған 
қорқынышты  ештеңе  жоқ»,  деген  болатын.  Елбасының  осы 
тапсырмасы  мен  латын  әліпбиіне  көшудің  қаншалықты 
маңыздылығына қарамастан, өкінішке қарай, бұл мәселені әлі де 
болса тек қана талқылаудан, ұсыныс айтудан әріге апара алмай 
отырмыз.  Ендігі  арада  саяси-экономикалық,  ғылыми  және 
халықаралық  маңызы  бар  бұл  мәселені  кідіртудің  қажеті  жоқ 
қой  деп  ойлаймын.  Өйткені,  ғаламтор  мен  ұялы  байланыстың 
жазармандары мен пайдаланушылары, әсіресе, бүгінгі жас буын 
өкілдері  латын  әліпбиін  әлдеқашан  пайдаланып  та  жүр.  Бізде 
латын  әліпбиіне  көшуге  қажетті  барлық  алғышарттар  жасалған 
деп санауға болады. 
        Көрнекті  қоғам  және  ғылым  қайраткерлері,  зиялы  қауым 
өкілдері латын әліпбиіне көшуді қолдап қана қоймай, олар мұны 
әлемдік  өркениет  жетістіктеріне  алып  баратын  бірден-бір  төте 
жол деп есептейді. Бұл реформаның саяси салмағы да бар. Яғни, 
латын  әліпбиіне  көшу  арқылы  Қазақстанның  түрік  әлемімен 
жақындасуы одан  әрі  арта түседі. Еліміздің мемлекеттік мәрте-
бесіне  зор  ықпал  етеді.  Сонымен  бірге,  шет  елдерде  тұратын 
қандастарымыз 
үшін 
өз 
атамекенімен 
қарым-қатынас 
жасауларын  да  жеңілдете  түсер  еді.  Латын  әліпбиіне  көшудің 
алғашқы кезеңінде оған едәуір қаржы жұмсалғанымен, кейін ол 
өзін-өзі  ақтайтын  болады.  Үнем  жасау  жағынан  экономикалық 
тиімділігін де әкеледі  деген пікірлер орын алып отыр. 
Латын  әліпбиіне  көшу  мәселесі  көтерілгеннен  бері,  1990 
жылдардан  бастап  қазақ  тілінің  ұлттық  әліпбиін  жасау  үшін 

лингвистер,  бағдармашылар  және  тағы  басқа  сала  мамандары 
өзіндік  жобаларын  ұсынып  келеді.  Ұсынылған  жобалардың 
көпшілігі  лингвистикалық  талаптарға,  сонымен  қатар  ортақ 
әліпби  жүйесіне  сәйкес  алынбағандықтан,  көпшілік  ғалымдар 
тарапынан қолдау тауып отырған жоқ. Кейбір жобаларда қазіргі 
қолданыстағы  42  әріп  автоматты  түрде  латын  әрпіне  түсіріліп 
берілсе,  ендігі  бір  топ  жобаларда  орыс  тілінен  енген  кірме 
дыбыстар қосар таңбамен, мысалы, в, ф, ш дыбыстары bh, fh, ch 
әріп тіркестерімі арқылы таңбалаған. Сондай-ақ қазақ тілінің төл 
дыбыстары да осы жүйеге салынып, қ → kh, ұ → qw үлгісінде 
алынған.  Орыс  тіліндегі  ч,  ш  дыбыстары  sh  және  сһ  қос  әріп 
тіркесі  арқылы  берілген.  Қазақ  тілінің  ө,  ң,  ғ  секілді  төл 
дыбыстары қосар таңба арқылы таңбаланып, ө → ое, ң → нһ, ғ 
→  gһ  тұрпатымен  ұсынылған.  Мұндай  екі  әріп  тіркесі  арқылы 
бір  дыбысты  белгілеу  жүйесі,  жазу  тәжірибесінде  оңтайлы  деп 
танылмайды, 
жазуды 
күрделендіретіндігін 
тілтанымшы 
ғалымдар  әртүрлі  лингвистикалық  дәйектемелермен  дәлелдеп, 
өздерінің «бір дыбыс – бір әріп» принципіне сәйкес жобаларын 
да  ұсынып  келеді.  Мысалы,  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл 
білімі  институты  ұжымы  (Ә.Қайдар,  К.Хұсайын,  Н.Уәли, 
Ә.Жүнісбек,  З.Базарбаева,  Қ.Күдеринова,  А.Фазылжанова)  осы 
принципті  негізге  ала  отырып,  қазақ  тілінің  ұлттық  әліпбиін 
жасау  мақсатында  Әзербайжан,  Өзбекстан,  Түрікменстан 
мемлекеттерінің  көшу  тәжірибесін  негізге  алып,  оның  тиімді 
және  тиімсіз  тұстарын  зерделей  отырып,  ортақ  түркі  әліпбиі 
қорындағы  таңбалары  бар  4  жобаны  халық  талқысына  ұсынған 
болатын.  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институты 
қызметкерлері  жасап  ұсынған  латын  графикасына  негізделген 
әліпби  жобалары  өз  кезегінде  өткен  әліпби  тарихымызды 
саралап,  түркі  әліпбилерін  бірлестіру  идеясы  тұрғысынан 
зерделеніп жасалған үлгілер болып табылады.  
Әліпби  тарихымызда  болып  өткен  тәжірибелерді  ескеріп, 
әліпби  реформасын  жасауды  бастама  қылып  көтерген, 
жобаларын ұсынған, әліпби реформасының негізгі принциптерін 
белгілеген  ғалымдардың  ой-пікірлеріне,  ұстанымдарына  сүйене 
отырып,  бұрынғы  сабақтастықты  күшейту  мақсатында  1929 

және 1938 жылғы әліпби жүйелеріне ішінара өзгерістер енгізіп, 
бұрынғы  латынға  «қайта  оралуды»  немесе  бұрынғы  латынды 
«жаңғырту» үшін мынадай әліпби жобасын ұсынған болатын.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Латынша 
Кирилше 
Латынша 
Кирилше 
Ğılım 
tappay 
maqtanba,  
Orın 
tappay 
baptanba, 
Bes  närseden 
qacıq bol,   
Bes 
närsege 
asıq  bol…   
 
Ғылым  таппай 
мақтанба 
Орын  таппай 
баптанба 
Бес 
нәрседен 
қашық бол,  
Бес 
нәрсеге 
асық бол.. 
 
 
 
 
Betti bastım,  
Qattı sastım,  
Tura 
qactım 
çalma- çan… 
Ayttı – köndim, 
Aldı 
– 
berdim… 
Üki taqtıq, 
Külki baqtıq  
Çoq 
nemege 
süyinip…  
 
Бетті 
бастым,  
Қатты 
састым, 
тұра 
қаштым 
жалма-
жан... 
Айтты 
– 
бердім...  Үкі 
тақтық,  
Күлкі 
бақтық 
Жоқ  немеге 
сүйініп 
 
мы  
ны 
ың 
о 
ө 
пы 
ры 
сы 
шы 
ты 
ұ 
ү 
вы 
ұу 
ый 
зы 
Mm 
N n 
ŋ 
O o 
Ö ö 
P p 
R r 
S s 
С с 
T t 
U u 
Ü ü 
V v
 
Ww  
Y y 
Z z 
М м  
Н н 
Ң ң 
О о 
Ө ө 
П п 
Р р 
С с 
Шш 
Т т 
Ұ ұ 
Ү ү 
В в 
У у 
Й й 
З з 
16 
17 
18 
19 
20 
21 
22 
23 
24 
25 
26 
27 
28 
29 
30 
31 
а 
бы 
ды 
е 
ә 
фы 
гі 
ғы 
хы 
ы 
і 
жы 
кі 
қы 
лы 
A a 
B b 
D d 
E e 
Ä ä 
F f 
G g 
Ğ ğ 
H h 
I ı 
İі 
Ç ç 
K k 
Q q 
L l 
А а 
Б б 
Д д 
Е е 
Әә 
Фф 
Г г 
Ғ ғ 
Х х 
Ыы  
І і  
Жж 
К к 
Қ қ 
Лл 









 
 
10 
11 
12 
13 
14 
15 
ат-ы 
лат 
қаз. 
№ 
ат-ы 
лат

қаз

№ 

 
«Ұсынылған  жоба  түркі  тілдес  халықтардың  қолданылып 
отырған  әліпби  жүйесіне  және  1929-40  жылдардағы  әліпбиге 
сәйкестендіріліп алынды,- дейді  А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл 
білімі  институты  қызметкерлері.  Мысалы,  «Бұрынғы  латында» 
қолданылған  [ш]  дыбысының  әрпі,  [ж]  дыбысының  әрпі,  [ң] 
дыбысының әрпі еш өзгеріссіз алынды: [ш] үшін с, [ж] үшін –  ç, 
[ң]  үшін  ŋ  алынды.  Бұлай  етуіміздің  себебі,  жазу  тарихымызда 
қолданылған 
графемаларды 
қайта 
жаңғырта 
отырып, 
диакретикалық  белгілерді  шектеп  қолдану,-  дейді.  Бір  жағынан 
бұлай  қолдану  жазуға  қолайлы.  Ал  дауысты  дыбыстардың 
жіңішке сыңарлары арнайы диакретикалық белгілермен берілді. 
Себебі,  1929  жылғы  әліпби  екі  семиотикалық  жүйедегі 
таңбалармен  араласып  кеткен.  Бұл  жазу  теориясында  оңтайлы 
емес. Сондықтан <ә> үшін ä таңбасы, <ө> үшін ö таңбасы, <ү> 
үшін    ü  таңбасы  алынды.  Ал  <і>  фонемасының  таңбасы 
өзгертілген жоқ.  
«Бұрынғы  латынмен»    ұсынып  отырған  жобаның  тұрпат 
және мазмұн межесіне сәйкес келетін  таңбалары:  A a, B b, D d, 
E e, F f, V v, G g, K k, C c, Ç ç, M m, N n, O o, P p, R r, S s, T t, Z z.  
 Жобаның  негізгі  ерекшелігі  жұп  дауыссыз  дыбыстарға 
диакретикалық белгілер пайдаланылған жоқ».  
Сонымен,  басты  лингвистикалық  проблема  болып  тұрған 
латын  графикасына  көшу  мәселесі  бойынша  жоғарыда 
келтірілген  әртүрлі  әліпби  нұсқаларын  салыстыру  нәтижесінде 
төмендегідей тоқтамға келуге болады.  
Жаңа  әліпби  қазақ  жазуының  кемшіліктерін  болдырмауға 
мүмкіндік  беретін,  тілдің  жазба  сөздегі  қолданыс  аясын 
кеңейтуге,  дамуына  ықпалын  тигізердей  деңгейде  болып,  түркі 
тілдес  халықтардың  қабылдаған  әліпбилерімен  ортақтық 
сипатын  сақтау  басты  алғышарт  ретінде  саналуы  қажет. 
А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институты  тарапынан 
ұсынылған  4  жоба  –  ғалымдардың  тарапынан  жан-жақты 
ойластырылып  құрастырылған,    әріптерді  белгілеудегі  жеке-
дара пікір қайшылықтары болғанымен, қазақ жазу тарихындағы 

тәжірибелер  қорытылған,  дұрыс  шешімін  тапқан  тұстары  бар 
еңбек.  
    Сұрақтар мен тапсырмалар
1.
 
1926  жылы  Баку  қаласында  Бүкілодақтық  Бірінші 
Түркологиялық съезде қандай мәселелер талқыланды? 
2.
 
1929  жылғы 
латын  графикасы  негізіндегі  қазақ  әліпбиін  жасау 
барысында  жеке  әріптерге  байланысты  қандай  пікір 
қайшылықтары орын алды?  
3.
 
Латын әліпби негізіндегі  қазақ жазуының графикасы мен 
орфографиясында қандай қиындықтар болды? 
4.
 
1929  жылы  латын  графикасы  негізінде  қабылданған 
алфавиттің ұстанған принципі.  
5.
 
Н.  Төреқұловтың  латын  графикасын  жақтауындағы 
уәжі. 
6.
 
Қазіргі  кездегі  латын  графикасына  негізделген  жаңа 
әліпби жобалары бойынша реферат жазыңыз. 
7.
 
Зерттеуші  ғалым  Ә.  Жүнісбековтың  «Төл  жазусыз 
түгелдік болмас» атты мақаласын конспектілеңіз.      
8.
 
Эпентеза,  апокопа,  протеза  тілдік  құбылыстарына  5-5-
тен мысал келтіріңіз. 
 
12ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ОРФОГРАФИЯЛЫҚ СӨЗДІГІ, 
ОЛАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 
 
1. Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктері, олардың сипаты. 
2. Орфографиялық сөздіктердің негізгі қызметі. 
 
1. Әлемдегі қазақтар өздерінің тұратын мемлекеттеріне қарай 
араб,  латын,  кирилица  таңбаларына  негізделген  әліпбиді 
қолдануда.  Осы  тұрғыдан  келгенде  ортақ  әліпбидің  болуы 
халқымыздың  бір-бірін  түсінісуіне  оң  ықпал  етпек.  Жазу  өте 
ерте заманда жасалып, ұзақ тарихи даму кезеңдерден өтті. Даму 
барысында  жетілуімен  бірге  оның  принциптері  де  өзгеріп 
отырды.  Оның  себебі  қай  кез  болмасын,  жазуда  сөздің 
дыбыстық жағын, яғни айтылу формасын дәл беру басшылыққа 

алынады,  соған  талпынады.  Тілдегі  дыбыстар  өте  күрделі 
құбылыс.  Оның  айтылуындай  етіп  ешбір  графика  дәл  бере 
алмайды.  Сондықтан  айту  мен  жазу  арасында  алшақтықтар 
туындап, уақыт өте ол алшақтықтар тілдің табиғатына, дамуына 
өзінің кері әсерін тигізеді. Сан ғасырлар бойы тілдің өзінің даму 
заңдылығына нұқсан келеді. Оны жою үшін арнайы тілшілердің 
зерттеулерінің нәтижесінде тілдің сан ғасырлар бойы бұзылмай 
келе жатқан табиғатын сақтауға, одан әрі қарай дамуына оң әсер 
етуіне  жағдай  жасайтын  дұрыс  жазылуын  қамтамасыз  ететін 
емле  ережелері  мен  нұсқаулар  талқыланып,  келісіледі.  Соның 
нәтижесінде  емле  ережелері  енгізіледі.  Сондықтан  да  әлемдегі 
бірнеше  ғасырлық  тарихы  бар  жазу  жүйелерінің  ең  жетілген 
түрінің өзіне де үнемі  өзгертулер  енгізіліп отырылған. Осының 
өзінде де кез келген жазу түрінде дыбыс жүйесі мен алфавиттің 
арасында алшақтықтар кездеседі.  
       Қазақ 
тілінің  жазылуы  мен  айтылуы  арасындағы 
алшақтықтар  графиканың  пайда    болуымен  тығыз  байланысты. 
Сан ғасырлар бойы ауызша дамып, толығып, байып келген қазақ 
тілі  ХХ  ғасырда  қоғамдық  қажеттіліктен  туындаған  жазбаша 
формасының  дүниеге  келуімен  ауызша  және  жазбаша 
формасының арасында алшақтықтар туындай бастады. Әлемдегі 
қай  графиканы  алсақ  та,  оның  басты  мақсаты  тілдің  табиғатын 
жазбаша  формада  дәл  беру  болып  табылады.  Тіл  жүйелі, 
қоғамдық  құбылыс  болғандықтан,  жұрттың  бәріне  ортақ  оның 
жазу  ережелері  болады.  Әркім  өзінше  әр  түрлі  жаза  беретін 
болса, ол жүйелі тіл болмақ емес. Кейде дұрыс жазу ережелерін 
емле деп те атайды.       
      Орфографиялық  сөздік  (емле  сөздік)  —  тілдегі  сөздердің 
жазылу  нормасын  көрсететін  сөздік. 
Қазақ  тілінің
  тұңғыш 
орфографиялық  сөздігі  қазақ  жазуының  орыс 
графикасына
 
көшуіне байланысты қабылданған 
емле
 ережелеріне сәйкес 1941 
жылы  түзілді.  1940  жылға  дейін  бас-аяғы  он  бес-жиырма 
жылдың  ішінде  үш  түрлі:  А.Байтұрсынұлы  түзген  қазақтың 
тұңғыш  ұлттық  жазуы  араб  таңбаларын,  одан  кейін  он  шақты 
жыл (1929-1940) қолданған латын жазуын, 1940 жылдан бастап 
қабылданған  кириллицаны  пайдалануға  мәжбүр  болған  қазақ 

халқының  әр  жазудың  емлесінде  дәстүрі  қалыптасып,  орнығып 
үлгермеді,  сондықтан  әркім  бұрынғы  жазудың  тәртібін  сақтап, 
алақұлалық  туғызуы  мүмкін  болғандықтан,  1941  жылы  жаңа 
графикаға көшкен кездегі емле ережелері де, 1957 жылғы оның 
біршама түзетілген жаңа редакциясы да ресми үкімет тарапынан 
арнаулы  қаулымен  бекітілген  болатын.  Осының  нәтижесінде 
қазіргі жазуға ие болдық. Алғашында алфавитте 41 әріп болды. 
Алфавиттік қатар алдымен орыс тіліндегі бар әріптерден тұрды, 
содан  кейін  орыс  графикасында  жоқ,  қазақ  тіліне  төл 
дыбыстарды  таңбалайтын  әріптерден  тұрды.  Бұл  тәртіп  1957 
жылы  өзгеріп,  алфавиттік  құрамға  ә  әрпі  қосылып,  42  әріп 
болып  қазіргідей  күйге  келді.  Бұдан  42  әріптік  әліпби  ең 
алдымен  орыс  сөзінің  дұрыс  жазылуы  талабынан  туындаған, 
сондықтан 33+9 принципімен құрылған. Мұндағы 33 әріп орыс 
әліпбиіне  сәйкес  келсе,  қалған  тоғыз  әріп  қазақ  тіліне  тән 
дыбыстарға  сай  келеді.  Бұл  әдіс  Кеңес  үкіметінің  кезіндегі 
саясат бойынша жүздеген ұлттардың әліпбиі 33+N принципімен 
жасалған болатын. М. Балақаев 1948 ж. оқушыларына арналған 
қысқаша  "Емле  сөздігін"  құрастырды.  1995  ж.  мектеп 
мұғалімдері  мен  баспа  қызметкерлеріне  арналған  "Қазақ 
орфографиясы  жайында  анықтағыш"  (Р.  Сыздықова)  жарыққа 
шықты.  Мектеп  оқушыларына  арналған  орфографиялық  сөздік 
1960  ж.,  біршама  толық  түрі  1972  ж.,  ал  қазақ  тілінің  үлкен 
"орфографиялық  сөздігі"  1963  ж.  жарық  көрді.  Осы  сөздіктің 
толықтырылып,  өңделген  2-басылымы  1978  ж.  шықты. 
Орфографиялық  сөздіктердің  бұл  басылымдарында  жеке 
сөздермен  қатар  сөз  тіркестерінің 
орфограммасы
  едәуір  толық 
қамтылды.  Қазақ 
лексикографиясында
 
сөздердің  кейбір 
топтарының  жазылуын  көрсететін  емле  сөздіктер  де  бар. 
Мысалы, "Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық 
сөздігі" (Г. Жәркешова). Бұл сөздіктер 1957 ж. ҚазКСР Жоғарғы 
Кеңесінің  Президиумы  бекіткен  "Қазақ  тілі  орфографиясының 
негізгі  ережелеріне"  сәйкес  түзілді.  Осы  аталған  Негізгі 
ережелерінің  жаңа  редакциясына  (1983)  сәйкес  ҚР  ҒА-ның  Тіл 
білімі институтының әзірлеуімен "Қазақ тілінің орфографиялық 
сөздігі  1988  жылы  жарық  көрді.  Ол  Қазақ  тілі  емле  сөздігінің 

1988  жылғы  3-басылымы  едәуір  түзетулермен  ұсынылып 
отырғаны  оның  «Алғы  сөзінде»  кеңінен  көрсетілген  болатын, 
атап 
айтқанда, 
сөздік 
құрамының 
толықтырылғаны; 
сұрыпталып,  жүйелі  тәртіпке  келтірілгені;  материалды  ұсыну 
ретінің 
едәуір 
түзетілгені; 
ұядағы 
материалдардың 
жүйеленгендігі;  бірге  және  бөлек  жазылатын  сөздердің  едәуір 
іріктелгендігі айтылып, әрқайсысы нақты мысалдармен кеңінен 
көрсетілген еді.  
       2001  жылы  ҚР  Ұлттық  Ғылым  академиясы  Ахмет 
Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институты  «Қазақ  тілінің 
орфографиялық  сөздігінің»  4-басылымын  48  баспа  табақ 
көлемінде  1500  данамен  басып  шығарды.  2007жылы  6-
басылымы  30  баспа  табақ  көлемінде  100  000  данамен  жарыққа 
шығады.  Бұл  сөздікке  бұрын  сөзтізбеге  енбеген  сөздер  мен 
тіркестер,  бірқатар  жаңа  ғылыми-техникалық,  қоғамдық-саяси 
терминдерді,  бірге  және  бөлек  жазылатын  сөздер  тобы 
жинақталған. 
        Қоғам  өмірінде  небір  күрделі  де  зор  әлеуметтік-саяси 
өзгерістер  болып  жатқанымен,  сауатты  жазуға  қойылатын 
талаптар  түбегейлі  өзгерістерге  ұшырамауға  тиіс.  Бүгінгі  күні 
күнделікті  баспасөздің  басым  көпшілігі,  оқу-ағарту  орындары: 
мектептер  мен  институттар,  университеттер  мен  ресми 
мекемелер  күнделікті  жазу  тәжірибесінде  қазақ  тілінің  1983 
жылғы соңғы бекітілген емле ережелерін ұстанып отыр.  
       Басқа  тілден  енген  сөздерді  қабылдаушы  тіл  өзінің 
фонетикалық  заңдылықтарына  бағындырып,  «сындырып» 
қолдануы  көптеген  тілдерге  ортақ  құбылыс.  Қазақ  тіліне  орыс 
тілінен  сөз  ауысу  үдерісі  ертеректен  басталғаны  мәлім. 
Бодандықтың, 
сауда-саттықтың, 
қазақ 
жеріне 
орыс 
шаруаларының,  әскери  адамдарының  қоныстануы  нәтижесінде 
қазақтың  сөйлеу  тіліне  бірқатар  тұрмыс  -  салттық  сөздер  мен 
әкімшілікке  қатысты  атаулар  кіре  бастады,  олар  ауызекі  тіл 
арқылы  енді.  Сондықтан  шәй,  самауыр,  бәтес,сәтен,  шыт, 
пәуеске,  кір,  бертін  келе  ХІХ  ғасырда  орыс  империясының  ел 
билеу,  сот,  әкімшілік,  оқу-ағарту  мәдениет  жүйесіне  қатысты 
аяз, жандарал, болыс, сот, закон, газет, зауыт сияқты сөздері 

де  қазақы  түрге  еніп,  қалыптасты.  Бұлар  қазіргі  қазақ  тілінің 
opфoграфиялық  та,  орфоэпиялық  та  нормасында  сол 
қалыптасып  қалған  тұлғаларын  сақтап  жазылады,  олардың 
кейбірі  көнерген  сөздер  қатарына  енсе,  кейбірі  әлі  де 
қолданыста бар.  
       Талас тудырып отырған - ХХ ғасырдың екінші жартысында 
күрт дамыған техника, космология, космонавтика, аэронавтика, 
биология  т.б.  ғылым  салалары  әкелген  орыс,  ағылшын,  неміс, 
француз  тілдерінен  енген  терминдік  атаулар.  Осыларды  қазақ 
тілі  қалай  игеріп,  қалайша  жазып,  қалайша  дыбыстауы  тиіс 
деген сауалдың көтерілуі заңды. Себебі бұл  сөздерді бұл күнде 
орыс тіліндегі қалпын сақтап жазып, тіпті орысша дыбыстап та 
келді.  Оның  себебін  қазақ  тілінің  ішкі  құрылымдылық  даму 
заңдылығынан 
іздемей 
сыртқы 
экстралингвистикалық 
факторлардан іздеу керек. Ол факторлардың бірі - орыс жазуына 
көшуіміз  болса,  екіншісі  -  орыс  тілін  «екінші  ана  тіліміз»  деп 
қоса меңгеру қажеттілігін мойындатқан саясат.  
       2. Орфографиялық сөздіктің сөздерді дұрыс жазу нормасын 
қалыптастыратын  негізгі  қызметінен  басқа:  а)  сол  тілдің  сөздік 
қорын  түгендейтін;  ә)  тілде  жарыса  қолданылатын  лексикалық 
бірліктердің әдеби вариантын бекітетін; б) өзге тілді өкілдердің 
сол тілдегі барлық сөздердің (жазылуы қиындық тудыратын да, 
тудырмайтын  да)  емлесін  қарау  үшін  қажетті  ақпарат  беретін 
қосалқы қызметтері бар.  
       Кей  сөздікте  әдеби  тілдегі  сөзді  барынша  қамту  мақсаты 
көзделмейді,  сондықтан  сөздікте  көнерген  сөздер,  сирек 
ұшырасатын  атаулар,  тарөрісті  терминдер  мен  кейбір  кәсіби 
сөздер, жергілікті сөздер т.б. сөздердің саны шектеліп беріледі. 
Ал  мұның  есесіне  орфографиясы  қиын,  емле  қателері  жиі 
ұшырайтын  жазу  тәжірибесіндегі  «қауіпті  аймақтарға»  көбірек 
көңіл бөлінеді. Сонымен қатар сөздік тілдің бүгінгі тынысын тап 
басатындай,  тілдің  ішкі  құрылымындағы  өзгерістер  мен 
қоғамдағы  әртүрлі  жаңалықтарды  көрсететіндей  болуы  шарт 
екені де ескеріледі.  
       Тілдегі  жаңалықтар  жайдан-жай  пайда  бола  салмайды,  оны 
туғызатын әртүрлі себептер болады. Солардың бір алуаны:  

      - қоғамдық, әлеуметтік өмірдегі жаңа зат, құбылыс, оқиғаны 
атау  қажеттілігінен:  баспасөз  хатшысы,  баспасөз  орталық, 
компьютер,  веб-сайт,  интернет,  телефонхат,  телефакс, 
демеуші,  әлеуметтендіру,  ғаламшар,  ғаламдастыру,  аударым, 
әлеуметтанушы, бағам; 
      -  мазмұны,  тұлғасы  өзара  жақын,  бірақ  білдіретін 
ұғымдарында азды-көпті  айырма бар мағыналарды бөлек-бөлек 
атауды 
керексінуден: 
көріктендіру 

абаттандыру 
(благоустройство),  залалсыздандыру  (обезвреживание)  - 
зарарсыздандыру  (стерилизация),  иелену  (приобретение)  - 
иемдену  (присвоение),  жайылыңқы  (диффузный)  жиылыңқы 
(компактный);  
      - бірнеше сөзбен аталатын белгілі бір құбылысты бір сөзбен 
атау  немесе  тұлғалық  жақтан  ықшамдауға  ұмтылудан:  әсіре 
мемлекетшіл болу – әсіремемлекетшілдік, әсіре демократ болу - 
әсіредемократ, ғарыш айлaғы - ғарышайлақ, іс парағы - іспарақ, 
ғарыш кемесі - ғарышкеме т.б.;  
      -  кейбір  терминдерді,  өзге  де  атауларды  ұлттық  сананың 
оянуымен  байланысты  төлтума  сөзбен  қайыра  атауды 
(реноминацияны) қажетсінуінен: суверен > егемен, суверенитет 
>  егемендік,  программа  >  бағдарлама,  патриот  >  ұлтжанды, 
патриотизм  >  ұлтжандылық,  аннотация  >  аңдатпа,  гимн  > 
әнұран,  герб  >  елтаңба,  интеллектуал  >  зияткер,  турник  > 
белтемір, футбол > аяқдоп, терроризм > лаңкестік т.б.;  
      -  ұлттың  азаматтық  тарихындағы  ерекше  оқиғаларды, 
соларға  қатысты  жайттарды  арнайы  мамандандырылған  сөзбен 
атауды 
қажетсінгеннен: 
оралман, 
желтоқсаншылар, 
ауғаншылар  (ауған  соғысының  ардагерлері),  ұлан,  байрақ, 
абайтанушы т.б.; 
      -  қоғамдық  сананың  бір  түрі  ретінде  діни  сананың 
жаңғыруына байланысты діни мазмұндағы сөздердің әлеуметтік 
мән  алуынан:  Барат  түні,  Қадір  түні,  Миграж  түні,  Рағайып 
түні,  инсан,  ғұсыл,  нәпіл,  жаhид,  Мәуліт,  намазжай  т.б. 
туындап отыр.  
       Негізінен  осындай  себептер  арқылы  пайда  болған  жаңа 
қолданыстар  қазақ  әдеби  тілінің  кітаби  сөз  жанрларының 

лексика-фразеологиялық  жүйесін  байытып,  сөздің  кітабилік 
нышанын айқындай түсті.  
       Орфографиялық 
сөздік 
мұғалім, 
оқытушы, 
баспа 
қызметкері,  немесе  қолына  қалам  ұстаған  өзге  де  сала 
мамандарының  жазу  тәжірибесінде  кездескен  қиындықтарынан 
түзілген, тілдегі жаңалықтар мен өзгешеліктерді ғана қамтитын 
құрал емес. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі  – әдеби тілдің 
сөздік қорының сөзтізбесін жасаған, осы қызметі арқылы бүгінгі 
күнге дейін қазақ тіліндегі түсіндірме, синонимдер, екітілді т.б. 
сөздіктердің жасалуына негіз болып келген сөздік. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет