Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


басқосу,  бойжету,  бойұру,  қансонар,  қолбала,  ойтолғақ



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата28.12.2016
өлшемі0,97 Mb.
#647
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

басқосу,  бойжету,  бойұру,  қансонар,  қолбала,  ойтолғақ, 
ойтүрткі, т. б. 
4) Аң, құс, жәндік, өсімдік атауларына байланысты күрделі 
сөздердің  де  біразы  сөздікте  біріктіріліп  жазылған.  Мысалы: 
ақбас  (өс.),  ақкіс,  аққайран,  ақсары  (құс),  ақсерке  (балық), 
ақшұнақ  (өс.),  қарақас,  қараматау  (өс.),  қарақұлақ  (зоол.), 
тасбеде  (өс.),  суқұзғын,  сужылан,  суқоңыз,  субүркіт, 
суықторғай, т. б.  
5) Бірігіп, одан кейін дыбыстық өзгерістерге түсіп, кіріккен, 
яғни  үндестік  заңына  сәйкес  келген  біраз  сөздер  мойындалған, 
сөйтіп  олар  сөздікке  сол  өзгерген  күйінде  алынған.  Мысалы: 
көгөніс, көгет, қыргүйек, шегара, т. б. Бұл сөздердің жазылуы 
кейінгі шыққан басылымда өзгерген. 
6)  Біріккен  түбірлердің  түйіскен  жерінде  қатар  келген  екі 
дауысты  дыбыстың  бірі  (әдетте  –  алдыңғысы)  түсіріліп 
жазылыпты.  Мысалы:  алөкпе,  алтаяқ,  батаяқ,  батоқыр, 
босағаттар,  ешкемер,  қарағаш,  қарот,  қараөлең,  қарөрік, 
саптаяқ,  сарағаш,  т.б.  Біз  бұл  сияқты  сөздердің  біріктіріліп 
жазылғандықтарын қуаттаймыз. 
7)  Орыс  тілінен  еніп,  қазақ  тілінің  дыбыстау  заңдылығына 
бағынған біраз сөздер сөздікке сол өзгерген күйінде алыныпты. 
Мысалы: зауыт (завод), келі (кило), пойыз (поезд), рөл (роль), 
рөмке (рюмка), т. б.  
8)  Баб,  бархан  сөздерінің  тілдік  заңға  қайшы  келіп  жүрген 
жазылуы  түзетіліп,  олар  бап,  барқан  түрінде  беріліпті.  Қазіргі 

қазақ тілінің сөздік құрамында б-ға, в-ға, г-ге, д-ға бітетін араб, 
клуб,  штаб,  актив,  пассив,  педагог,  округ,  йог,  жад,  параход, 
рейд,  наряд,  йод  деген  сияқты  сөздер  жетіп  артылады.Алайда, 
берілген  сөздердің  көпшілігі  кірме  сөздер  болып  келетіндіктен 
сөздің түбірін өзгертіп жазуға аса сақ болған жөн.  
9)  Шындығында  тіліміздегі  біріккен  сөздерді  біріктіріп 
жазған  дұрыс.  Бірақ  біріктіргеннің  жөні  осы  екен  деп  тұрақты 
түрде  тіркесіп  келетін  сөздердің  бәрін  жөн-жосықсыз  біріктіре 
беруге  болмайтындығын  естен  шығармауымыз  керек  еді. 
Орфографиялық  сөздіктің  4-басылымында  осындай  қателіктер 
кеткен. 
Мысалға қайың ағашын (береза) алайық. Оның екі түрі бар: 
бірі – ақ қайың (белая береза), екіншісі – қызыл қайың (красная 
береза). Сөздікке бұл екі түрдің екеуі де (аққайың, қызылқайың 
деген түрде) біріктіріліп жазылыпты. 
4-басылымда,  сондай-ақ,  ақбидай,  қарабидай,  қызылбидай 
дегендер де біріктіріліп жазылған. Қарабидай дегенді  біріктіріп 
жазған мүмкін дұрыс та шығар. Өйткені қарабидай  – бидайдың 
ерекше  түрі  (сорты).  Оны  орыс  тілінде  де  «рожь»  деген  жеке 
атаумен  атайды.  Ал  ақ  бидай,  қызыл  бидай  дегендердің 
біріктіріліп  жазылғаны  жөн  болмаған.  Себебі  олар  –  бидай 
дәнінің түсіне қарай қойылған түрлік атаулар. 
Өсімдіктерге  қатысты  күрделі  атауларды  (басқа  күрделі 
атауларды  да)  біріктіріп  немесе  бөлек  жазу  үшін  ең  алдымен 
оның  затына,  яғни  өсімдіктің  өзіне  қарау  керек.  Ат  қойылып 
отырған  өсімдік  өз  алдына  бөлек  өсімдік  болса,  онда  оның 
күрделі  атауын  біріктіріп  жазуға  болады.  Ал  егер  ол  бөлек 
өсімдік  емес,  белгілі  бір  өсімдіктің  түрі  болса,  онда  мұндай 
өсімдіктердің  күрделі  атауларын  біріктіріп  жазуға  болмайды. 
Олай  ететін  болсақ,  тіліміздегі  синтаксистік  сөз  тіркесі 
дегендерді  жоққа  шығаратын  боламыз.  Жоғарыдағы  ақ  қайың, 
қызыл  қайың,  ақ  бидай,  қызыл  бидай  дегендер  –  синтаксис 
жағынан тіркесіп келген түрлік атаулар. 
Мейлі  өсімдіктердің  болсын,  мейлі  жан-жануарлардың 
болсын түр атаулары о бастан-ақ бөлек жазылып келген, әлі де 

бөлек  жазыла  береді.  Өйткені  олар  сол  бөлек  жазылысымен 
белгілі бір мағынаға ие, сонысымен елге түсінікті. 
Ойымызды  дәлелдеу  үшін  жусан  (полынь)  өсімдігін  мысал 
ретінде  келтірелік.  Оның  ақ  жусан,  арам  жусан,  арқар  жусан, 
ащы жусан, боз жусан, бөрте жусан, кермек  жусан, құм жусан, 
қызыл жусан, сұр жусан, қара жусан, қасқа жусан, шағыр жусан 
деген  түрлері  бар.  Орфографиялық  сөздіктің  4-басылымында 
бұлардың  ішіндегі  ақжусан,  бозжусан,  бөртежусан,  қаражусан 
деген  бесеуі  біріктіріліп  жазылыпты.  Кермек жусан  онда  бөлек 
жазылған. Ал арам жусан, арқар жусан, ащы жусан, құм жусан, 
қызыл жусан, сұр жусан, шағыр жусан дегендер сөздікте мүлде 
жоқ. Бір ғана жусан түрлерінің біреулерін біріктіріп, екіншілерін 
бөлек,  яғни  әр  түрлі  жаза  беру  орфографиялық  қателіктерге 
әкеліп соғары сөзсіз. 
Рас, жусан сөзімен келген өсімдік атауларының бәрін жусан 
өсімдігінің  түрлері  екен  деп  ұғып  қалуға  болмайды.  Мәселен, 
қазақ  тілінде  де,  ботаникалық  еңбектерде  де  ақбасжусан 
(тысячелетник),  кестежусан  (пиретрум),  көкпекжусан  (лебеда 
садовая)  деген  өсімдік  атаулары  кездеседі.  Бұл  атаулардың 
құрамында  «жусан»  сөзі  тұрғанымен,  олардың  жусан  (полынь) 
өсімдігіне ешқандай қатысы жоқ, мүлде басқа-басқа өсімдіктер. 
Егер  бұлар  сияқты  өсімдік  атаулары  сөздікке  алынса  (өкінішке 
орай  бұл  атаулардың  ешқайсысы  сөздікке  алынбапты  –  Қ.  Б.), 
ондайларды  біріктіріп  жазған  дұрыс  болады.  Өйткені  олар  -  өз 
алдына жеке-жеке туыс атауларының аттары. 
Орфографиялық  сөздіктің  4-басылымда  «ақ»  сөзінен 
басталатынын жоғарыда көрсетілген сөздерден басқа мынандай 
өсімдік  атаулары  біріктіріліп  жазылған:  ақжалбыз,  ақжуа, 
ақжүгері,  ақжүзген,  аққаңбақ,  аққарағай,  аққараған,  аққонақ, 
ақмия,  ақсарымсақ,  ақсасыр,  ақсексеуіл,  ақселеу,  ақсора, 
ақсырттан,  ақтал,  ақтерек,  ақшелең,  ақши,  ақшілік,  т.  б.  Ал  ақ 
аңдыз,  ақ  өлең  дегендер  онда  бөлек  жазылған.  Бұл  жердегі 
әңгіме  «ақ»  сөзінен  басталатын,  біріктіріліп  жазылған  өсімдік 
атаулары  ұтымды  болып  отыр.  Бұлар  сияқты  біріктіріліп 
жазылған  сөздердің  екінші  сыңарлары  –  жалбыз,  жуа,  жүгері, 
тал...  деген  жеке-жеке  өсімдік  атаулары.  Олардың  әрқайсысы 

мята,  лук,  кукуруза,  ива  деген  орысша  баламалары  бар. 
Жоғарыда  көрсетілген  ақжалбыз,  ақжүгері  ...  дегендерді  бірге 
жазылғандықтарына  қарап,  бір  өсімдіктің  туыстық  аты  деп 
ұғатын  болсақ,  онда  оларды  орысшаға  қалай  аударамыз? 
Амалсыздан  белая  мята,  белая  кукуруза  деп  аударуға  тура 
келеді.  Ендеше  аталған  өсімдік  атаулары  бір  өсімдіктің  аты 
емес,  екі  сөздің  тіркесінен  тұрған,  бірі  –  анықтайтын  (ақ), 
екіншісі  –  анықталатын  сөздер  (жалбыз,  жүгері)  болып  келген 
синтаксистік сөз тіркесі  болып шығады.  Ақ  сөзімен келген осы 
сияқты  атаулар  Қалдыбай  Бектаевтың  1999  жылы  жарық 
көргген  «Үлкен  қазақша-оысша  орысша-қазақша  сөзігінде» 
анықтауыш  ретінде  келіп  бөлек  жазылған.  Әр  сөздікте  әртүрлі 
жазылып  жүрген  сөздер  жазуда  қиындық  туғызары  сөзсіз. 
Сондықтан  аударма  сөздіктерді  пайдаланушылар  белгілі-бір 
сөздің  жазылуын  орфографиялық  сөздіктерден  қарағанадары 
дұрыс болар. 
Орфографиялық  сөздіктің  4-басылымында  дәл  осылар 
тәрізді қара, қызыл, сары, қоңыр, көк т. б. сөздерінен басталып, 
біріктіріліп жазылған өсімдік атаулары көптеп кездеседі. Жөнсіз 
біріктіріліп  жазу  тек  өсімдік  атауларына  ғана  байлаысты  емес, 
оны  кез  келген  басқа  сөздер  тобынан  да  ұшыратуға  болады. 
Мәселен,  аң,  құс,  жәндік  атауларына  көңіл  аударылып  келелік. 
Орфографиялық  сөздікте  аққоян,  аққұр,  ақләйлек,  ақсусар, 
ақтұйғын,  ақтұнжыр,  қаракүзен,  қарақарға,  алақарға,  қарақұр, 
қараләйлек, қаратүлкі, қаратырна, қызылсусар, қызылүйрек т. б. 
деген  сияқтылар  біріктіріліп  жазылған.  4-басылымдағы 
біріктіріліп  жазылған  сөздердің  қатарында  тіпті  ақылға 
сыймайтын,  миға  қонбайтын,  әрі-беріден  кейін  түсінудің  өзі 
қиын  ақкүміс,  ақтарлан,  ақтұшпара,  ақірім,  қызылқұда  деген 
сияқтылар да жүр. 
Жаңа басылымда жазылуы бірдей болуға тиісті сөздердің әр 
түрлі  жазылуы  да  ұшырасып  қалады.  Мәселен,  сөздіктің  12-
бетінде  «бөлек  жазылады»  деген  ескертуге  қарамастан 
қарабұрыш сөзі онда бірге жазылған. Ал дәл осы сияқты қызыл 
бұрыш  –  сөздікте  бөлек  жазылыпты.  Қарашыбын  –  бірге,  көк 
шыбын – бөлек. Атжол, тасжол дегендер сөздікте жоқ, теміржол 

–  бірге.  Қалған  «жолдар»  (қара  жол,  қасқа  жол,  күре  жол, 
жалғыз аяқ жол) – бөлек жазылған. Қараөлең – бірге жазылған, 
ақ өлең – бөлек жазылған. Ақталқан (бірге жазылған) – бар, қара 
талқан  –  жоқ.  Ақтүлкі,  қаратүлкі  (осылай  бірге  жазылған)  – 
дегендер  сөздікте  кіріпті,  ал  қызыл  түлкі  –  онда  жоқ.  Осылай 
кете береді. 
Осы жерде «ала» сөзіне байланысы аздап мысалдар келтіре 
кетелік.  4-басылымда  қарала,  сарала,  көгала  сөздері  бірге 
жазылған. Ақ ала, боз ала, қоңыр ала, қызыл алалар онда бөлек 
жазылған.  Ал  торала,  шұбарала  дегендер  сөздікте  мүлде  жоқ. 
Сондай-ақ,  қарала,  сарала  сөздері  бір  жерде  –  бірге,  екінші 
жерде – бөлек жазылған. 
10)  Орфографиялық  сөздіктің  4-басылымындағы  бейнелі, 
образды,  ауыс  мағынада  қолданылатын  фразеологизмдердің 
біразы  біріктіріліп  жазылған.Мысалы:  алаяқ,  алыпсатар, 
атқамінер,  атүсті  (қарау),  ақсаусақ,  аткөпір,  ауызбірлік, 
арамтамақ, т. б.  
11) Фразеологизм болып табылатын екі жүзді, дүние қоңыз 
дегендер  сөздікте  бөлек  жазылған  да,  ал  осы  тұрақты 
тіркестерден  туындаған  екіжүзділік,  дүниеқоңыздық  деген 
тұлғалар бірге жазылған. 
12)  Бірізділіктің  (тұрақты  ұстанымның)  жоқтығы  болар, 
жоғарыда 
көрсетілген 
тілдік 
бірліктерден 
ешқандай 
айырмашылықтары  жоқ  ақ  ниет,  ақ  көңіл,  ақ  жүрек,  ақ  пейіл, 
қара жүрек, қара бет, қара ниет, қара сирақ, ала ауыз, ала көңіл, 
аш көз, көк бет, көк ми, көк езу, тас бауыр, тас жүрек дегендер 
орфографиялық  сөздікте  бөлек  жазылыпты.  Біз  бұлардың 
осылай  бөлек  жазылуын  дұрыс  деп  есептейміз.  Өйткені  олар  – 
фразеологиялық бірліктер. 
13)  Біршама  тіркестер  -  ауыз  омыртқа,  бел  омыртқа,  төс 
қалта, көк сүт, тай қазан, қара көже, қара ет, қызыл асық, қызыл 
су, азу тіс, ит тіс, қасқа тіс, сүт тіс, қыз қуу, кәрі жілік, ашық хат, 
темір  қазық  (жұлдыз  атауы),  аш  ішек,  тоқ  ішек,  тік  ішек,  тоң 
май, іш май, бет орамал, қол орамал, жалаң аяқ, жалаң бас, төс 
темір,  тоты  құс  деген  сияқты  біраз  сөздер  сөздікте  бөлек 
жазылған. 

14)  «Қазақ  тілінің  орфографиялық  сөздігінің»  4-
басылымында  –  қаңтар,  сәуір  ...  деген  сияқты  қазақша  ай 
аттарының  январь,  апрель  ...  деген  орысша  баламалары  да 
алынған.  Бір  ұғымның  қазақша-орысша  сыңарларын  аударма 
сөздіктерден-ақ  табуға  болады.  Сөздердің  орысша-қазақша 
сыңарларының  жарыса  қолданылуын  жалғастыра  беруге 
болады. Мәселен, сөздіктен құяң  – редикулит, резеңке (дұрысы 
– резіңке) – резина, пайыз – процент, соқырішек  – аппендицит, 
жұрнақ  –  суффикс,  дәрісхана  –  аудитория,  құжат  –  документ 
деген сияқты жарыстыра алынған сөздерді байқадық. 
Тіліміздің  толық  емле  сөздігінің  соңғы  1988,  2001  ж. 
басылымдарынан  бері  де  біраз  уақыт  өтті.  Бұл  жылдар  қазақ 
тілінің  қызмет  етуі  мен  даму  барысында  айтарлықтай  тарихи 
құбылыстардың кезеңі болғаны мәлім. Осы мерзім ішінде қазақ 
тілінің 
ішкі 
даму 
заңдылықтарында 
да, 
әсіресе 
экстралингвистикалық  деп  аталатын  сыртқы,  яғни  қоғамның 
саяси,  мәдени,  экономикалық,  құрылымдық  т.б.  өзгерістеріне 
орай  орын  алған  факторларға  да  қатысты  тілде  елеулі 
жаңалықтар,  соны  бағыт-бағдарлар  пайда  болып  жатқаны  және 
аян.  Бұл  -  қоғам  өмірінің,  мәдениеті  мен  рухани  болмысының 
объективті заңдылығы.  
Тіл  -  тарихи  құбылыс,  халықтың  әлеуметтік  өмірінің 
қызметшісі,  сондықтан  ол  осы  заңдылықтарды  аттап  өте 
aлмайды.  Әсіресе  ана  тіліміздің  «мемлекеттік  тіл»  статусын 
(дәрежелік атағын) иемденген тұстан бері сөздік қазынамыздың 
толығу,  іріктелу  бағытына,  оның  терминология  саласына, 
сондай-ақ әріптердің аталуына, емле мәселелеріне, қазақ тілінің 
үндестік  заңы  сияқты  фонетикалық  жүйесіндегі  табиғи 
құбылыстарға  қатысты  мәселелер  жаңа  бағыт-бағдарлаp 
тұрғысынан  шешіліп,  олардың  кейбірінің  жүзеге  аса  бастағаны 
байқaлады.  Ал  бірқaтap  пікірлер  баспасөз  беттері  мен  жиын-
конференцияларда  графиканың  (алфавиттің)  түр-тұрпаты  мен 
емлеге  түбегейлі  өзгерістер  енгізу  турaлы  пікірсайыстар, 
болашақ  үшін  тілек-талаптар  түрінде  орын  алып  келеді. 
Бұлардың бірқатары қазіргі кириллицадан («орыс алфавитінен») 
латын жазуына көшу кезінде ескерілуге тиіс пікірлер болса, енді 

бірсыпырасы  көшкенге  дейін-ақ  қолданыстағы  әліпби  құрамын 
өзгертуді,  кірме  сөздерді  «қазақша  сындырып»  жазуды  ұсыну 
сияқты талаптар түрінде болып отыр.  
Тегінде,  бүгінгі  саясат  пен  өмір  талабына  орай  жаңа  латын 
жазуын  қабылдау  идеясы  жүзеге  асатыны  даусыз  шындық 
болса,  бес-алты  жыл  үшін  (жаңа  жазу  заңды  түрде  күшіне 
енгеннен  кейін  де,  тіпті  5-10  жыл  ішінде  бірте-бірте 
орнығатындығы,  бұл  кезеңде  бұрынғы  жазудың  да  тәжірибеде 
орын  ала  беретіні  белгілі)  60-65  жыл  бойы  үйреншікті  болып 
қалыптасып қалған, айтарлықтай жақсы қызмет етіп келе жатқан 
таңбалар  (әріптер)  құрамы  мен  негізгі  емле  ережелерімізді 
түбегейлі  өзгертудің  қажеттілігі  жоқ  деп  ойлаймыз.  Сондықтан 
«Қазақ  тілінің  негізгі  емле  ережелері»  де  құрылымы,  яғни 
тақырыптары,  баптары,  негізгі  қағидаларының  баяндалуы 
жағынан  өзгеріссіз  қалдырылды  да,  азды-көпті  өзгерістер, 
түзетулер,  толықтырулар  енгізілді.  Орфографиялық  сөздіктің 
ұсынылып  отырған  4-5  басылымдарына,  алдымен,  емле 
ережелерімізге ішінара редакциялық түзетулер енгізілді. Мұнда 
қазақ  тілінің  соңғы  жылдарындағы  жaңалықтары,  әсіресе 
лексика  саласындағы  бірқатар  өзгерістер  ескерілді,  емле 
ережелеріміз  бен  1988  жылғы  орфографиялық  сөздікке 
байланысты  айтылған  сын-ескертпелерге  назар  аударылды. 
Сондай-ақ,  сөздік  неғұрлым  ыңғайлы,  сындарлы  құрал  болуы 
үшін,  оны  әрбір  басылым  сайын  қырнай  түсу,  толықтыру, 
ықшамдау  сияқты  жұмыстардың  жүргізілуі  заңды  іс-қарекет 
екендігі  басшылыққа  алынды.  Сөйтіп,  «Қазақ  тілінің 
орфографиялық  сөздігінің»  4-басылымындағы  өзгерістер  5-
басылымында  да сақталды.  
4.  2005  жылы  ҚР  Ұлттық  Ғылым  академиясы  Ахмет 
Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институты  «Қазақ 
тілінің орфографиялық сөздігінің» 5-басылымын (53 000сөз) 
3000 данамен басып шығарды. Көлемі – 38,5 табақ. 
 -  Бірсыпыра  сөздер  жаңадан  қосылды.  Олардың  бірқатары 
түржинақ  (accopтимeнт),  ақуыз  (белок),  дәкетаңғыш  (бинт), 
мойынтақ  (галстук),  әлеует  (потенциал)  сияқты  жаңа  ұғым 
атаулары болса, енді бірі әдеби қатары жоққа тән, бірақ нормаға 

ену  әлеуеті  бар  жатысқан  (демалыс  күн),  майшолпы  (кепсер) 
сияқты  жергілікті  сөздер  болып  келеді  (олар  жерг.  -  жергілікті 
деп көрсетілді).  
-  Сондай-ақ,  жазылуы  қиындық  тудыратын  кейбір  ауызекі, 
сөйлеу  тілінің  элементтері  де  сөздіктен  орын  алды,  мысалы: 
ұзынжол дәптер, торкөз дәптер.  
-  2001  жылғы  басылымның  өзінде  шегара,  қыргүйек, 
көгөніс, көгет деп жазу ұсынылған болатын. Бұл қатардағы бес-
алты  сөздің  бұрынғы  да  (шекара,  көкөніс,  қыркүйек,  көкет), 
соңғы  да  жазылу  түрін  алдағы  төрт-бес  жылдың  барысында 
қолданыла беруін қате деп есептемейтін болды. Әсіресе мектеп 
оқушыларының  жазба  жұмыстарының  сауатты  жазылуын 
тексергенде, бұл ескерту күшінде болады.  
 -лық  (-лік,  -дық,  -дік,  -тық,  -тік),  да+н+у  жұрнағымен 
жасалып,  терминдік  ұғымға  ие  болған  сөз  тіркестерінің  қатары 
көбейді.  Мысалы,  ақтаңдақтану,  алакөздену,  жылбасылық, 
қарақотырлану, ақжағалдану т.б.  
-  Кейбір  сөздердің,  мысaлы,  кейбір  ауру  атауларының 
(туберкулез  өкпеауру,  аппендицит  -  соқырішек  т.б.)  қазақша 
баламалары  кейін  қолданыла  бастаған  бес-он  сөздің  (лауреат  - 
иегер,  телевизия  -  теледидар  т.  т.)  орысшасы  да,  қазақшасы  да 
сөзтізбеде  берілді.  Олардың  бір  тұлғада  қалыптасып  орнығуы 
ондаған жылдарды тәжірибесін керек етеді.  
-  Бір  түбірдің  қайталанып  қос  сөз  түрінде  келетіндерінің 
барлығы  берілген  жоқ,  тек  жазылуында  біршама  қиындық  бар 
деген  сидиып-сидиып,  қиқалаң-қиқалаң  сияқты  түрлері  ғана 
сөзтізбеде берілді.  
Сөйтіп, 
«Қазақ 
тілінің 
орфографиялық 
сөздігінің» 
ұсынылып  отырған  5-басылымы  соңғы  жылдардың  ішіндегі 
тілімізде  болып  жатқан  өзгеріс-жаңалықтармен  толықтырылды; 
сөздікті  пайдалануға  көмегін  тигізетін  анықтама  материалдар 
молырақ берілді; қазіргі қолданыстан шығып бара жатқан кірме 
сөздер  мен  жазылуы  орыс  тіліндегі  түрімен  бірдей  түсетін, 
күнделікті  тіл  тәжірибесінде  жиі  қолданылмайтын,  көбінесе 
интернационалдық  терминдер  болып  келетін  сөздер  сөздіктен 
шығарылды;  бірге  не  бөлек  жазуда  қиындық  келтіріп  жүрген 

сөздер  біршама  реттелді;  екі  сөзбен  білдірілетін  аң-құс,  құрт-
құмырсқа,  бақа-шаян,  өсімдік  атаулары  біріккен  сөз  ретінде 
сөзтізбеге шығарылды.  
Аталмыш 
сөздіктің 
5-басылымының 
жауапты 
шығарушылары  –  Т.Нүсіпбай,  Қ.  Күдеринова.  Жауапты 
редакторы  ҚР  ҰҒА-ның  корреспондент  мүшесі,  ф.ғ.д., 
профессор  –  Р.Сыздық.  Сондай-ақ  қолжазбаны  баспаға 
дайындау  ісіне  «Арыс»  баспасының  редакторлары  Ғ. 
Молдамұратов пен Ш. Әлдибекұлы қатысты [16, 11 б.]. 
Қазақ  тілінің  орфографиялық  нормаларын  тұрақтандыруда, 
жұртшылықтың  жазу  мәдениетін  көтеруде  орфографиялық 
сөздіктің алатын орны ерекше.  
Осы  күнге  дейін  орфографиялық  сөздіктің  бірнеше 
басылымы  жарық  көріп,  әр  басылым  сайын  сөздік 
толықтырылып, жүйесі жетілдіріле түсті. Қоғамдық өмірдің сан 
алуан  саласында  қолданылатын  сөздерді,  сирек  сөздерді, 
салғырт  қордағы  байырғы  сөздерді  молынан  қамтуды  мақсат 
еткен 
академиялық 
сипаттағы 
үлкен 
орфографиялық 
сөздіктердің  жарық  көріп,  қоғам  қажетін  өтеп  жатуы,  әрине, 
игілікті  іс.  Бұл  бағыттағы  орфографиялық  сөздіктің  толық 
корпусын  жасау,  әдеби  тілдің  сөз  байлығын  барынша  молынан 
қамтитын  сөздіктің  түрін  дайындау  жөніндегі  жұмыстар  әрі 
қарай да жалғаса бермек.  
5.  2007  жылы  ҚР  Ұлттық  Ғылым  академиясы  Ахмет 
Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институты  «Қазақ 
тілінің  орфографиялық  сөздігінің»  6-басылымын  100000 
данамен  басып  шығарды.  Көлемі  –  30  табақ.  Бұл  сөздік 
бұрын  ресми  түрде  бекітілген  (1983  ж.)  «Қазақ  тілі 
орфографиясы  негізгі  ережелерінің»  ең  соңғы  редакцияланған 
нұсқасы негізге алынды. Орфографиялық ережелердің аталмыш 
редакцияланған  нұсқасы  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік 
терминология комиссиясында бекітілді (2006 ж.), сондықтан ол 
жазу  нормаларын  заңдастыруда  басшылыққа  алынатын 
нормативті құжат деп есептеледі. 
Сөздіктің кейбір ерекшеліктері:  

І.  Бұл  сөздікте  әдеби  тілдегі  сөзді  барынша  қамту  мақсаты 
көзделген  жоқ,  сондықтан  сөздікте  көнерген  сөздер,  сирек 
ұшырасатын  атаулар,  тарөрісті  терминдер  мен  кейбір  кәсіби 
сөздер,  жергілікті  сөздер  т.б.  сөздердің  саны  шектеліп  берілді. 
Ал  мұның  есесіне  орфографиясы  қиын,  емле  қателері  жиі 
ұшырайтын  жазу  тәжірибесіндегі  «қауіпті  аймақтарға»  көбірек 
көңіл бөлінді. Сонымен қатар сөздік тілдің бүгінгі тынысын тап 
басатындай,  тілдің  ішкі  құрылымындағы  өзгерістер  мен 
қоғамдағы  әртүрлі  жаңалықтарды  көрсететіндей  болуы  шарт 
екені де ескерілді.  
Тілдегі  жаңалықтар  жайдан-жай  пайда  бола  салмайды,  оны 
туғызатын әртүрлі себептер болады. Солардың бір алуаны:  
-  қоғамдық,  әлеуметтік  өмірдегі  жаңа  зат,  құбылыс, 
уақиғаны  атау  қажеттілігінен:  баспасөз  хатшысы,  баспасөз 
орталық,  компьютер,  веб-сайт,  интернет,  телефонхат,  телефакс, 
демеуші, 
аларман, 
алпар, 
әлеуметтендіру, 
ғаламшар, 
ғаламдастыру, аударым, әлеуметтанушы, бағам;  
-  мазмұны,  тұлғасы  өзара  жақын,  бірақ  білдіретін 
ұғымдарында азды-көпті  айырма бар мағыналарды бөлек-бөлек 
атауды 
керексінуден: 
көріктендіру 

абаттандыру 
(благоустройство), 
залалсыздандыру 
(обезвреживание) 

зарарсыздандыру  (стерилизация),  иелену  (приобретение)  - 
иемдену  (присвоение),  жайылыңқы  (диффузный)  жиылыңқы 
(компактный);  
- бірнеше сөзбен аталатын белгілі бір құбылысты бір сөзбен 
атау  немесе  тұлғалық  жақтан  ықшамдауға  ұмтылудан:  үй 
тұтқыны  -  мырзақамақ,  күміс  қылшықты  түлкі  -  қалтар,  қара 
ләйлек - қарабай, әсіре мемлекетшіл болу - әсіремемлекетшілдік, 
әсіре  демократ  болу  -  әсіредемократ,  ғарыш  айлaғы  - 
ғарышайлақ, іс парағы - іспарақ, ғарыш кемесі - ғарышкеме т.б.;  
-  кейбір  терминдерді,  өзге  де  атауларды  ұлттық  сананың 
оянуымен  байланысты  төлтума  сөзбен  қайыра  атауды 
(реноминацияны) қажетсінуінен: суверен > егемен, суверенитет 
>  егемендік,  программа  >  бағдарлама,  патриот  >ұлтжанды, 
патриотизм  >  ұлтжандылық,  аннотация  >  аңдатпа,  гимн  > 

әнұран,  герб  >  елтаңба,  интеллектуал  >  зияткер,  турник  > 
белтемір, футбол > аяқдоп, терроризм > лаңкестік т.б.;  
-  ұлттың  азаматтық  тарихындағы  ерекше  уақиғаларды, 
соларға  қатысты  жайттарды  арнайы  мамандандырылған  сөзбен 
атауды керексінгеннен: оралман, желтоқсаншылар, ауғаншылар 
(ауған соғысының ардагерлері), ұлан, байрақ, абайтанушы т.б.;  
-  қоғамдық  сананың  бір  түрі  ретінде  діни  сананың 
жаңғыруына байланысты діни мазмұндағы сөздердің әлеуметтік 
мән  алуынан:  ахлақ,  аятолла,  ифтар,  мазhаб,  Барат  түні,  Қадір 
түні,  Миграж  түні,  Рағайып  түні,  инсан,  ғұсыл,  нәпіл,  жаhид, 
Мәуліт, намазжай т.б. туындап отыр.  
Негізінен  осындай  себептер  арқылы  пайда  болған  жаңа 
қолданыстар  қазақ  әдеби  тілінің  кітаби  сөз  жанрларының 
лексика-фразеологиялық  жүйесін  байытып,  сөздің  кітабилік 
нышанын  айқындай  түсті.  Сөздікте  сыртқы  әсердің  күшімен 
болған мұндай жаңалықтарға едәуір орын берілді.  
Посткеңестік  кезенде  әдеби  тілдің  лексика-фразеологиялық 
жүйесінде  ғылым,  білім,  қаржы,  құқықтық  қатынас,  медицина 
т.б.  салалармен  байланысты  жаңа  атаулар,  жаңғырған  сөздер, 
терминдердің саны қауырт көбейе түсті. Біралуан сөздің тіркесу 
қабілеті  артып,  семантикалық  өрісі  кеңейді:  азаматтық  қоғам, 
балама  ұсыныс,  балама  оқулық,  төлтума  оқулық,  төл  оқулық, 
тіркеу  oрны,  орнықты  мүлік,  зайырлы  мемлекет,  әлеуметтік 
дәйексіздік  т.б.  Бұлар  сыртқы  күштің  әсерінен  болып  жатқан 
жаңалықтар  болса,  сондай-ақ  тілдің  ішкі  құрылым  жүйесінің 
даму үрдісін аңғартатын сөздер де сөздікте едәуір қамтылды.  
Әдеби  тілдің  лексика-фразеолoгиялық  жүйесінде  стандарт, 
штамптар  тәрізді  бірліктердің  қатары  бұрынғыға  қарағанда 
әлдеқайда  көбейе  түсті:  ашық  қоғам,  азаматтық  бірегейлену, 
бағалы  қағаздар,  кешенді  тестілеу,  зияткерлік  меншік,  емдеу-
сауықтыру  кешені,  көтерме  базар,  ластаушы  заттар,  зейнетақы 
қоры, геосаяси түзілім, еншілес компания т.б.  
Сөзжасамдық  жүйеде  әсіресе  етіс  қосымшалары,  қимыл 
есімінің 
белсенділігі 
арта 
түсті. 
Бұлардың 
ғылыми, 
публицистикалық,  ресми  дискурста  жиі  қолданылатыны  айқын 
байқалады:  ұлтсыздандыру,  ырықсыздандыру,  ізгілендіру, 

отансыздандыру, орталықсыздандыру, жарнамалану, жаhандану, 
кәсібилендіру т.б.  
Сөздіктегі шеттілдік ауыс-түйіс сөздердің дені:  
-  мемлекеттің  саяси  құрылымына:  президент,  министрлер 
кабинеті,  вице-министр,  парламент,  сенат,  сенатор,  премьер-
министр, департамент, палата т.б.;  
-  экономикалық  құрылымдағы  өзгерістерге:  коммерция, 
брокер,  менеджмент,  инвестор,  маркетинг,  лизинг,  бартер, 
менеджер, валюта, банкомат, субвенция т.б.;  
-  қоғамдық-саяси  саладағы  қатынастарға:  консенсус, 
саммит,  электорат,  имидж,  плюрализм,  брифинг,  медиафорум, 
субэлита т.б.;  

ақпарат 
техникасы 
саласындағы 
жаңалықтарға: 
компьютер, принтер, файл, байт, мегабайт, интерфейс, интернет, 
винчестер, дисплей, сканер, сайт, диск т.б.;  
-  музыка,  спорт  салаларындағы  жаңалықтарға:  рокер, 
плейер,  брейкер,  хиппи,  саундтрэк,  рэпер;  айкидо,  айкидошы, 
кикбоксинг,  каратэ-до,  биатлон,  стиль-чез  қатысты  атаулар 
болды.  
Тіліміздің  лексикалық  жүйесінде  будан  сөздердің  саны 
соңғы  жылдарда  қауырт  көбейді:  аудиомәлімдеме,  аудиотаспа; 
автожорық,  автошеру,  автокеруен,  автодүкен;  бейнеклип, 
антиғаламдастыру, 
антиғаламдастырушы, 
аэроғарыш, 
бейнекамера,  бейнематериал,  бейнемәслихат,  бейнеролик, 
биоәртүрлілік, 
биоқауіпсіздік, 
биоқуат, 
бірпалаталы, 
бірпартиялы, 
бірпартиялық, 
бірпалаталық, 
велосапар, 
велошабандоз,  геосаяси,  дендробақ,  зообақ,  кинотаспа, 
көппартиялы,  көпвекторлы,  көппалаталы,  көппалаталылық, 
қоспалаталы,  метатұрақтылық,  медиакеңістік,  медиақұрылым, 
микрожоба, 
мұнайгаз, 
посткеңестік, 
сейсмотұрақтылық, 
спортсүйер,  телеарна,  тележиілік,  тележүргізуші,  телекеңістік, 
телеөнім,  телесайыс,  телетілші,  телефонхат,  трансцұлттық, 
трансшекара,  трансшекаралық,  факсхат,  фармоколаңкестік, 
экоахуал,  экоөнім,  экотехника,  этноәлеуметтік,  этносаяси, 
этнотоп т.б.  

Сыртқы түрткі жайттардың (факторлардың) әсерінeн болып 
жатқан  осы  тәрізді  жаңалықтар  мен  тілдің  ішкі  құрылымында 
пайда  болып  жатқан  өзгерістер  үрдісін  байқату  және  олардың 
орфографиялануын  көрсету  мақсатымен  сөздікке  жоғарыда 
аталғандай едәуір атау сөздер енгізілді[32,59 б.].  
ІІ. 1. Сөздіктің сөзтізбесіне лексикалық, стильдік мағынасы 
жаңа едәуір сөз қосылды. Бұл сөздердің біршамасы бұдан бұрын 
баспа бетін көрген сөздіктерде көрсетілмеген.  
Мысалы: 
2001 ж. 
 
2005 ж. 
 
 
2007 ж. 
 - 
 
 

 
                    үкіметбасы  
 - 
 
 

 
                     айқұлақ  
 -  
 
 
-  
 
                     тутұғыр  
 -  
 
           дернәсіл 
                     дернәсіл  
Сондай-ақ,  сүтсірне,  елорда,  телім,  әлемиет,  аударым, 
әткесшілік, жасуша, үлдір, лаңкес, хауыз т.б. сөздер қосылды. 
3.
 
Бұрын сөздіктерге енбеген, бірақ әдеби тілдің сөздік қорында 
бар төмендегі сөздер қосылды: 
2001 ж. 
 
2005 ж. 
 
 
2007 ж. 
 - 
 
 
қылауыш  
 
қылауыш  
 - 
 
 
қылсап  
 
қылсап 
(тіс 
щеткасы)  
 -  
 
 
еңбекшерік                еңбекшерік  
 -  
 
 
ашалаң 
            ашалаң  
Сонымен  қатар,  алпауыт,  пайшерік,  жолдасу,  баялды, 
дәсер  табақ,  бұрхан,  ақжағалақ,  ауыр  дәулет,  қылкүпек, 
буылдық т.б. тәрізді сөздерге сөздікте орын берілді.  
3.  Соңғы  сыңарлары  -аралық,  -нама,  -тану,  -хана,  -жай, 
сондай-ақ  бірінші  сыңары  әсіре-,  көп-  тәрізді  бейтарап 
мағынадағы  сөздермен  келген  атаулардың  қатарына  едәуір  сөз 
қосылды:  ғарышаралық,  мектепаралық,  топаралық;  заңнама, 
сауалнама, тapиxнaма; емдәмтану, ағаштану, тәнтану; дәрісхана, 
зертхана, 
мейрамхана; 
мұражай, 
саяжай, 
жағажай; 
әсіремемлекетшіл, әсіреұлтшыл; көпдеңгейлі, көпбейімді т.б. 
Мысалы: 
2001 ж. 
 
2005 ж. 
 
 
2007 ж. 

 - 
 
 
   - 
 
 
 
ғарышайлақ         
 - 
 
 
  - 
 
 
 
көпдеңгейлі  
 -  
 
 
-  
 
 
 
әсіресолшылдық  
 -  
 
 
көпбалалы                     көпбалалы  
4.  Бұрын  жарыспалы  сөздер  санатыңда  жүретін  адал  /  / 
халал,  уәде  /  /  уағда,  әкім  /  /  хакім  т.б.  сөздердің  мағыналық, 
стильдік  тұрғыдан  сараланған  сыңарларына  жақша  ішінде 
түсініктеме беріліп отырды: халал (діни), уағда (кіт.), хакім (кіт.) 
т.б.  
5. Біріккен сөзді ұқсас сөз тіркесінен ажырату және сондай-
ақ  олардың  терминденуін  көрсету  үшін  жақша  ішінде 
түсіндірмесі көрсетілді: кәріқыз (өс.), тұсаукесер (этн.), ашықхат 
(открытка); ашішек (анат.), ащыот (бот.), түптіл (лингв.) т.б.  
6.  Дыбысталуы  ұқсас,  мағынасы  әр  басқа  сөздерді 
(омонимдерді) бір-бірінен ажырату үшін сөз тіркесі берілді: тату 
- дәмін тату; тату - тату дос, еру - еру ат, еру - соңынан еру т.б.  
7.  Біріккен  сөзге  сырттай  ұқсас,  бірақ  бөлек  жазылатын 
тіркесті  сөздердің  жазылуына  назар  аударту  мақсатында  олар 
сөздікке көбірек енгізілді: ақ жауын, қара күз, қоңыр күз, мизам 
шуақ, бесік кертпе құда, таба нан, алғы сөз, бұлшық ет т.б.  
8.  Бұрын  қолданылып  келген  кірме  сөздердің  қазақша 
баламалары берілді: пайыз (процент), шәкіл (шкала), автодоғару 
(автопарковка),  төлқұжат  (паспорт),  қолтабақ  (поднос),  айлақ 
(порт),  тақта  (плита),  емдәм  (диета).  Әдеби  норма  ретінде 
қазақша  баламасы  пайдаланылатын  болғандықтан,  олардың 
шеттілдік нұсқасы сөздіктен алынып тасталды.  
9. Орыс тілінен енген сөздердің білім мен ғылым, мәдениет 
пен өнер, экономика, өндіріс пен техника т.б. салаларда кеңінен 
қолданылатын  және  БАҚ-та  жиі  кездесетін  түрлері  сөздікке 
енгізілді  және  қосымшалардың  дүдәмал  тұстарда  қандай 
нұсқада  жалғанатыны  көрсетілді:  трест,  треске;  филолог, 
филологке; стрептококк, стрептокогі; банк, банкке, банкі т.б.  

10.  [а],  [ә]  дыбыстарымен  келетін  жазылуы  дүдәмал 
сөздердің емлесі көрсетілді: жайлау, жайлауы; шайқа, шай, жай, 
күнә,  күнәға,  күнәсі,  күнәлары;  ділда,  ділдасы;  тілмаш, 
тілмаштық, күләпара т.б.  
11.  Бір  буыны  жуан,  келесі  буыны  жіңішке,  я  болмаса, 
керісінше, бірінші буыны жіңішке, келесі буыны жуан бейүндес 
сөздердің  жазылу  үлгісі  көрсетілді:  құдірет,  қасірет,  қошемет, 
біраз,  біразырақ,  көгал,  қорек,  қорен,  бірақ,  қагілез,  тауқымет, 
құзырет т.б.  
12.  Қысаң  дауыстылардың  қандай  сөздерде  таңбаланып, 
қандай  сөздерде  таңбаланбайтыны  көрсетілді:  а)  мәміле, 
қабылан,  жағылан,  құрылыс,  қорытынды,  қайырым,  мейірім, 
жауырын; ә) емле, мемлекет, мейлінше, тарлан, бағлан, тағдыр, 
қайны т.б.  
1З.  Соңғы  буында  қысаң  дауыстылары  бар  сөздердің 
қосымшалармен  түрленгенде  түсіріліп  жазылатыны  көрсетілді: 
көрік - көркі, бөрік - бөркі, мүлік - мүлкі, қойын - қойны т.б.  
14.  Соңы  [н]  дыбысына  аяқталған  сөздер  қосымшалармен 
түрленгенде  қандай  нұсқада  жазылатыны  көрсетіліп  отырды: 
қойын,  қойынға;  жайын,  жайынға;  қиын,  қиынға;  сайлан, 
сайланбау, сайланған; сен, сен ғана т.б.  
15.  Соңғы  дыбысы  [з],  [ш]  дауыссыздарына  аяқталған 
сөздер  қосымшалармен  түрленrенде  сөздің  қандай  нұсқада 
жазылатыны  көрсетілді:  жаз,  жазса,  жазшы;  қаз,  қазса,  қазшы; 
аш, ашса; қаш, қашса т.б.  
16.  [қ],  [к],  [п]  дауыссыздарының  біріне  аяқталған  сөздер 
қосымшамен түрленгенде, түбір соңындағы дыбыстың жазудағы 
өзгерісі  көрсетілді:  ақ,  ағады;  жақ,  жағады;  төк,  төгеді;  қап, 
қабады; жап, жабады т.б.  
17. Соңғы дыбысы [й] дауыссызы болып келген қой-, жай-, 
ой-  тәрізді  етістік  сөздердің  қосымшалармен  түрленгендегі 
жазылуы  көрсетілді:  қой,  қояйын;  жай,  жаяйын;  қи,  қию;  сой, 
сою т.б.  
18.  [рт]  дауыссыздар  тіркесіне  аяқталған  сөзге  [с] 
дыбысынан 
басталатын 
қосымша 
жалғанған 
сөздердің 

орфограммасы  көрсетілді:  жаздырт,  жаздыртса;  мүдірт, 
мүдіртсе; атқарт, атқартса т.б.  
19. Ауызекі тіл арқылы игерілген кірме сөздердің жазылуы 
көрсетілді:  мәйкі,  бәнкі,  соды,  пәлте,  кепкі,  кәлөш,  стансы, 
штангі, шұрып, шопыр, мәшине т.б.  
20.  Тірек  сөзінің  тіркесімдік  қабілеті  төмен  болғандықтан, 
бірге  жазылатын  тіркесті  сөздердің  жазылуы  көрсетілді:  қол 
орамал,  бет  орамал,  асқасық,  шайқасық,  қолсағат,  қолайна, 
желдиірмен, будиірмен т.б.  
21.  Алдыңғы  сыңары  бір  сөзімен,  сондай-ақ  -ым  (-ім) 
жүрнағымен  келген  ұлттық  өлшем  атаулары  бірге  жазылды: 
біркөш,  біруыс,  бірсалым;  аспісірім,  көзкөрім,  етасым, 
атшаптырым т.б.  
22.  Атаулық  мән  алған  және  жұрнақ  жалғану  арқылы  бір 
ұғымды  білдіретін  сөзге  айналған  тұрақты  тіркестердің  бірге 
жазылуы  көрсетілді:  ақкөңіл,  ақкөңілді,  ақкөңілділік;  ержүрек, 
ержүректік;  әртүрлі,  әртүрлілік;  басбұзар,  басбұзарлық; 
безбүйрек,  безбүйректік;  ақпейіл,  ақпейілділік;  ақпақұлақ, 
ақпақұлақтану  т.б.;  бас  қaтырy  -  басқатырушылық;  тізе  қосу  - 
тізеқосушылық;  көре  алмау  -  көреалмаушылық  т.б.  осы 
сөздердің  ішіндегі  бірқатар  сөздердің  бұрын  басылым  бетін 
көрген сөздіктерде басқалай берілгеніне көзіміз жетті. Мысалы: 
            2001 ж.    

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет