Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


 ҚАЗАҚ ОРФОГРАФИЯСЫ ЖӘНЕ КӨРНЕКТІ



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата28.12.2016
өлшемі0,97 Mb.
#647
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

8. ҚАЗАҚ ОРФОГРАФИЯСЫ ЖӘНЕ КӨРНЕКТІ  
ҒАЛЫМ  СӘРСЕН АМАНЖОЛОВ. 
 
1. «Жаңа алфавит және қазақ әдеби тілінің орфографиясы» 
(орыс алфавиті негізінде) еңбегінің мәні 
   2. Сәрсен Аманжоловтың  терминология мәселесі жайындағы 
пікірлері. 
 
1. Сәрсен Аманжолов  – қазақ жазуының орыс графикасына 
негізделуін  алғашқылардың  бірі  болып  қызу  қуаттап,  «Жаңа 

алфавит  және  қазақ  әдеби  тілінің  орфографиясы  (орыс 
алфавиті  негізінде)»  деген  еңбегінде  әліпбидің  алғашқы 
жобасын  жасаған.  Қазіргі  қолданылып  жүрген  қазақ  алфавиті 
мен  қазақ  орфографиясының  негізгі  принциптері  1940  жылы 
қараша  айында  өткен  Қазақ  КСР  Жоғары  Кеңесінің  Ү 
сессиясында  ғалым  Сәрсен  Аманжолов  жасаған  жоба  негізінде 
қабылданған. 
Күні бүгін қолданылып, қазақ тілі орфографиясында негізгі 
дәстүрге  айналып  отырған  морфологиялық  принцип  те  Сәрсен 
Аманжолов  көтерген  тың  мәселелердің  бірі  болатын.  Бұл 
принцип  1938  жылға  дейін  жазу  тәжірибемізден  жүйелі  орын 
ала  алмай  келген  еді.  Түбір  сөздерді  жазудағы  морфологиялық 
принцип  сөйлеу,  жазу  мәдениетімізді  бірізділендірді.  Сөйтіп, 
тілімізге  техникаға,  ғылымның  түрлі  салаларына  байланысты 
орыс  тілі  арқылы  енген  термин  және  интернационалдық 
сөздердің  түбірін  сақтап  жазуға  негіз  болды.  Сонымен  бірге, 
мұның  өзі  біріккен  сөздердің  құрамындағы  компоненттерді  де 
(мысалы,  қарақат,  бірқазан,  қонақасы)  түбірін  сақтап,  дұрыс 
жазуымызға  жағдай  жасады.  Сондай-ақ,  соңғы  кезге  дейін 
естілуінше  жазылып,  біріккен  сөздер  тобында  қаралып  келген 
көптеген  тұрақты  сөз  тіркестерінің  (идиома,  фразалардың) 
құрамындағы  сөздер  бір-бірінен  бөлініп,  дұрыс  жазылуына  да 
морфологиялық принцип басты себеп болды. 
   Жаңа алфавиттің құрамында 41 әріп болды. Бұл алфавитте 
орыс әріптері түгел сақталып, қазақ тіліне тән 8 әріп қосылады. 
Кейбір  тілшілер,  жазушылар  жаңа  сөздіккке  щ,  ц,  ч,  я,  ю,  ь,  ъ 
әріптерінің  алынуына  қарсы  болды.  Бірақ  Сәрсен  Аманжолов 
бұл  әріптерді  алып  тастау  орыс  тілінен  еніп  жатқан  мыңдаған 
сөздердің  берекесін қашырып,  мағынасын  бұзатындығын  әбден 
сенерліктей, көңілге қонымды етіп дәлелдеп берді.  
Сәрсен  Аманжолов  орфографиялық,  екі  тілді  және 
түсіндірме сөздіктер жасау ісіне де зор көңіл бөлді. 1940 жылы 
үкімет  бекіткен  жаңа  алфавит  пен  орфографиялық  ережелер 
жинағына  негіздей  отырып,  С.Аманжолов  1941  жылы  өзінің 
көпшілікқолды  орфографиялық  сөздігін  шығарады.  Бұл  сөздік 
орыс  алфавиті  негізінде  қабылданған  жаңа  алфавитіміз  бен 

орфографиялық  ережелерді  қазақ  оқырмандарының  жедел 
игеріп  алуына,  қазақ  әдеби  тілі  жазу  нормасының  жақсарып, 
жетіле түсуіне айтарлықтай жәрдем етті. 
        2.  Сәрсен  Аманжоловтың  қазақ  тілі  ғылымында  үнемі 
атсалысқан  проблемаларының  бірі  –  терминология  мәселесі. 
1934  жылы  терминология  жөнінде  жазған  мақаласынан  бастап, 
өмірінің  соңғы  күніне  дейін  қазақ  тілінің  терминология 
мәселесіне үнемі араласып отырды. Сәрсен Аманжолов аударма 
туралы  мәселені  терминология  саласымен  тығыз  байланысты 
деп қарады. Өйткені химия, геометрия сияқты пәндерге термин 
сөздердің  жиі  кездесетінін  ескерді.  Ал  көркем  шығармалардың 
аудармасы  ұғымды  болуы  керек  деген  көзқараста  болады. 
Сәрсен  Аманжолов  1959  жылы  аударма  мен  терминология 
жайында  көлемді  мақала  жазып,  нақты  фактілермен  география, 
адам  анатомиясы  мен  физиологиясы,  ботаника  пәндерін  және 
ауыл  шаруашылығына  байланысты  әдебиетті  аударуда 
терминдерді  қолданудағы  жетістіктер  мен  кемшіліктер  туралы 
кеңінен  баяндайды.  Бұл  мақалада  көркем  әдебиет  аудармасы 
туралы да сөз қозғалады. 
Ол тіл біліміне байланысты көптеген ғылыми еңбектер мен 
мақалалардың авторы, солардың ішінде, «Жаңа әліппенің кейбір 
дыбыстарын  өзгерту,  емле  мен  терминдерді  дұрыстау 
туралы»,  «Әліппе  мен  емледегі  жаңалықтар  жобасы»,  «Емле 
айтысындағы  түйінді  мәселе»,  «Емле,  әліппені  өзгерту, 
дұрыстау  жөніндегі  жоба»,  «Усовершенствованный  казахкий 
алфавит»,  «Қазақ  тілінің  орыс  графикасына  негізделген  жаңа 
алфавиті 
мен 
орфографиясы», 
«Основные 
положения 
транскрипции  географических  названий  Казахстане»,  «Жаңа 
алфавиттің  принциптері  туралы»,  «Қазақ  тіліндегі  ғылыми 
терминология  мен  аударма  мәселесі  туралы»  т.б.  еңбектері 
емле түзу мәселесіне арналғаны анық. 
 
    Сұрақтар мен тапсырмалар. 
1.
 
С.Аманжоловтың  лексикография  саласына  арналған 
еңбектерімен танысып, конспект жазыңыз. 

2.    Ғалымның  термин  жасауға  байланысты  көзқарастары 
байынша  ақпарат жасаңыз. 
 
9. Ә. ҚАЙДАР - ЖАЗУДЫҢ ҚЫР-СЫРЫН 
ЗЕРТТЕУШІ. 
 
1. Ә.Қайдардың әр кезеңде қолданылған қазақ алфавиттерін   
өзара  салыстыру  нәтижесіндегі  пікірлері.  Алфавит 
түзуге қоятын талаптары. 
2. Ғалымның  лексикография  саласына  қосқан үлесі
 
1Қандай тіл болмасын, оның орфографиясында шешілмеген 
сұрақтардың қатар өмір сүріп отыруы заңдылық, өйткені тіл бір 
орында  семіп  тұрмайды,  әрдайым  өзге  тілдермен  қарым-
қатынаста  қоғам  өмірімен  бірге  өсіп,  дамып  отырады.  Сол 
себепті тіл мәселесі қай елде болмасын, ауық-ауық күн тәртібіне 
қойылып отырады.  
Жазудың  қасиет  белгілері  өзара  салыстырып  қарағанда  ғана 
айқындала  түсетіні  белгілі.  Қазақ  тіл  білімінің  аса  көрнекті 
маманы,  белгілі  түрколог,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық 
Ғылым  академиясының  академигі  Ә.Қайдар  қазақ  жазуына 
қызмет еткен үш жазуды былайша өзара салыстырады: 
1)  Алфавиттегі  әріп  таңбаларының  саны  ана  тіліміздегі 
фонемалардың  санымен  бірдей  болуы  керек;  мәселен  Ахмет 
Байтұрсынұлы  реттеген  араб  әліппесі  алғаш  28  дыбыс 
таңбасынан  (оның  8-і  дауысты,  20-сы  дауыссыз  дыбыстар) 
құрылып,  кейін  оған  қосымша  интернационалдық  терминдерді 
дәл беру үшін тағы 5 әріп (в, ф, х, ч, h) қосылған болатын. 1929-
1940 жылдары пайдаланған латын алфавитінде 30 әріп (оның 9-
ы  дауысты,  21-і  дауыссыз  дыбыс  таңбалары)  алынса,  Шыңжаң 
қазақтарының  1960-1980  жылдардағы  қолданған  латын 
жазуында 37 әріп (9-ы дауысты, 28-і дауыссыз) те, төртеуі ханзу 
тілінің  ыңғайына  қарай  алынған  қос  дыбысты  (ih,  ch,  sh,  пg) 
таңбалары еді. Ал орыс графикасы негізінде қабылданған қазақ 
алфавитінде  42  таңба  (ондағы  дауысты  дыбыс  таңбалары  -  15, 
дауыссыздары - 27, оның ішінде қосдыбыстылары - 9, жуандық 

және жіңішкелік белгілері -2) бар. Осының өзі-ақ тіл табиғатына 
тән  дыбыстар  мен  оны  таңбалаушы  әріптер  арасындағы 
сәйкестіктің бұзылуын көрсетіп тұр. Бір тілдің табиғатында үш-
төрт түрлі көріністің (бірде 28, бірде 37, бірде 42 таңба) болуы 
әрине,  заңды  құбылыс  емес.  Демек,  бұл  жазудың  біреуінде 
болмаса  да  біреуінде  кінәрат  бар.  Кейде  төл  дыбыстардың 
санынан  алынған  таңбалардың  көп  болуы  сол  тілдің  қолданыс 
шеңберін,  яғни  басқа  тілмен  қарым-қатынасын  (жетпейтін 
әріптерді алу) саналы түрде ескеруге де байланысты. Бірақ онда 
да  ол  тек  кейбір  жалқы  және  қос  дауыссыз  дыбысты  таңбалар 
(мысалы, ц, ч, щ, ю, я) есебінен ғана көбеюі мүмкін  [9, 31б.].  
Алфавиттің қайсысы болса да келесі үлгіге мән берген жөн: 
1) Графемалар тілдегі фонемаларды (мағыналы дыбыстарды) 
әрі дәл, әрі нақты таңбалауы қажет.  
2)  Бір  таңбаға  (графемаға)  мүмкін  болса,  бір-ақ  дербес 
фонема телінуі керек.  
3)  Ана  тіліне  жат  қосдыбысты,  тіпті  үш  дыбысты  әріптерді 
қабылдаудан бас тарту.  
4)  Жазудың  таңбалауға  қолайлы,  оқуға  оңтайлы,  үйренуге 
жеңіл болғаны абзал.  
5)  Жазуға  қойылатын  замана  талабы  оны  техника  негізінде 
пайдалануды қалайды.  
6)  Аталмыш  үш  алфавиттің  кемшіліктері  мен  жақсы 
қасиеттерін  сарапқа  салып,  оларды  тәптіштей  зерттеп  жүрген 
мамандар  неше  түрлі  деректерді  ортаға  салып,  әдетте  байқала 
бермейтін фактілерден қорытынды жасап, әр алуан пікір түйеді.  
7)  Ең  соңғы  айтарымыз:  жазулардың  түр  -  түрін  білудің  еш 
артықшылығы жоқ, Бүгінгі жас ұрпаққа оның бірнешеуін білуге 
тура келеді,- деп тұжырымдайды [9, 528 б.].  
2.  Ә.Қайдар  лексикографияның  теориялық  және  тәжірибелік 
мәселелерімен  1960  жылдардан  бері  айналысып  келеді.  Бұған 
мысал  ретінде  "Ұйғырша-орысша  сөздік”  "Ұйғырша-орысша 
лингвистикалық  сөздік”  тәрізді  екі  тілді  аударма  сөздіктерді, 
"Тысяча  метких  и  образных  выражений:  казахско-русский 
фразеологический 
словарь 
с 
этнолингвистическими 
пояснениями” (2003) атты екі тілді түсіндірмелі сөздікті, сондай-

ақ,  "Қазақ  тілінің  қысқаша  этимологиялық  сөздігі”  (авт.  бірі), 
"Халық  даналығы”  тәрізді  бір  тілді  түсіндірме  сөздіктерді 
келтіруге болады.  
Кириллица 
негізіндегі 
жазудың 
қазақ 
тіліне 
тән 
ерекшеліктердің  бәрін  дұрыс  көрсете  алмауына  байланысты 
кейінгі  жылдары  (1993ж.  бастап)  қазақ  ұлттық  жазуын  латын 
графикасы  негізінде  қалыптастыру  мәселесі  қойылып  отыр. 
Латын  қарпіне  көшудің  тиімділігі  неде  екені  Ә.  Қайдардың 
«Латынның  болашағы  зор»  деген  мақаласында,  Ә.  Қайдар  мен 
Ө.  Айтбайұлының  «Тіл  майданы»  еңбектерінде  толығымен 
ашылып 
көрсетіледі. 
 
     Сұрақтар мен тапсырмалар. 
   1.  Ә.Қайдардың  «Латынның  болашағы  зор»  және  «Тіл 
майданы» мақалалары бойынша реферат жазыңыз. 
2.  Ғалымның  латын  тілі  графикасының  қазақ  тіл 
табиғатына 
үндестігі 
турасындағы 
пікірлерін 
конспектілеңіз. 
 
10. ҚАЗАҚ ОРФОГРАФИЯСЫНЫҢ ДАМУЫНА 
ҮЛЕС ҚОСҚАН ҒАЛЫМДАР. 
 
1. Мәулен Балақаев - қазақ тіл білімінің негізін салушы. 
     2. Рәбиға Сыздықтың  «Қазақ тілінің анықтағышы»  атты   
еңбегіндегі орфография мәселелері. 
     3.М.Серғалиевтың 
қазақ 
орфографиясы 
саласындағы  
еңбектері. 
 
        1.  Қазақ  тіл  білімінің  орфография  және  графика  саласы 
1920 жылдардан бастап мақсатты түрде зерттеліне бастады. Осы 
саланың  дамуына  сара  жол  салған,  тың  ой,  сарабдал 
пікірлерімен,  құнды  ғылыми  тұжырымдарымен  із  қалдырған 
А.Байтұрсынұлы,  Қ.Жұбанов,  Е.Омаров,  Х.Досмұхамедұлы, 
Қ.Кемеңгерұлы,  Қ.Басымов,  Т.Шонанов,  Ж.Аймауытұлы  т.б. 
ғалымдардың  соңын  ала,  әдеби  тіл  нормалары,  орфография, 
орфоэпия,  графика    жөнінде  зерттеулер  легін  М.Балақаев, 

І.Кеңесбаев, 
Р.Сыздықова, 
Ғ.Айдаров, 
А.Аманжолов, 
Ә.Құрышжанов, 
М.Томанов, 
Т.Қордабаев, 
М.Серғалиев, 
Б.Әбілқасымов,  Н.Оралбаева,  С.Хасанова,  С.Мырзабеков, 
Ә.Жүнісбеков, 
Н.Уәли, 
Ш.Мәжітаева, 
Қ.Күдеринова, 
Г.Мамырбекова  жалғастырып,  бұл  саланың  жан-жақты,  іргелі 
зерттелуіне өзіндік үлестерін қосты.  
Ұлттық  ғылым  академиясының  корреспондент  мүшесi, 
филология 
ғылымының 
докторы, 
профессор 
Мәулен 
Балақайұлы  Балақаев.  Ғалымның  негізгі  ғылыми-зерттеу 
еңбектері 
қазақ 
тіл 
ғылымының 
грамматика, 
емле, 
терминология,  тіл  мәдениеті,  стилистика  тәрізді  өзекті 
мәселелеріне  арналды.  Ғалым  қазақ  жазуы  мен  емлесін 
қалыптастыруға  да  мол  үлес  қосқан  ағартушы  ретінде  де 
бағаланды.  Оның  1948  жылы  жарық  көрген  «Орфографиялық 
сөздігі»  содан  кейінгі  жылдары  баспа  бетін  көрген  емле 
сөздіктеріне  негіз  болды.  Аталмыш  сөздік  жазуымызда  көптеп 
кездесетін ала-құлалықты ретке келтіруге өз септігін тигізді. Ал 
1952  жылы  жарық  көрген  «Қазақ  орфографиясы  мен  графика 
мәселелері»  атты  еңбегі  осы  саладағы  ғылыми  ой-пікірлерге 
жетекші  қызмет  атқарды.  М.Балақаев  фонетика,  алфавит 
мәселесі, 
орфография, 
лексикология, 
лексикография, 
терминология,  тіл  тарихы,  аударма,  морфология,  синтаксис, 
стилистика, тіл мәдениеті, қазақ тілін оқыту әдістемесі салалары 
бойынша ғылыми еңбектер жазды.  
  2. Әр елдің дамуы мен өркендеуі, экономикасының өсуі сол 
елдің  ғылымы  мен  техникасына  және  қоғамның  ақпараттану 
деңгейіне  тікелей  байланысты.  Ал,  ғылым  мен  техниканың 
қолданытын  негізгі  графикасы  латын  графикасы.  Осыған 
байланысты 
ғалымдардың 
пікірлері 
негізінен 
латын 
rpафикасына көшу туралы болып отыр. Бұл туралы 2001 жылы 
жарық  көрген  «Қазақ  тілінің  орфографиялық  сөздігінің»  алғы 
сөзінде  «Тегінде,  бүгінгі  саясат  пен  өмір  талабына  орай  жаңа 
латын жазуын қабылдау идеясы жүзеге асатыны даусыз шындық 
(жаңа  жазу  заңды  түрде  күшіне  енгеннен  кейін  де  5-6  не  6-7, 
тіпті  51    жыл  ішінде  бірте-бірте  орнығатындығы,  бұл  кезеңде 
бұрынғы жазудың да тәжірибеде орын ала беретіні белгілі) деп 

жауапты редакторлығын басқарған ҚР ҰҒА-ның корреспондент 
мүшесі,  филология  ғылымдарының  докторы,  академик 
Р.Сыздық  (Сөздіктің  төртінші  басылымын  құрастырушылар  - 
А.Алдашева, А.Әбдірахманов, Б.Қалиев, А.Қалыбаева, Қ.Ниета-
лиева, Ұ.Салиева, Н.Уәлиұлы) жазды.  
  Кезінде акад. Р.Сыздықова латын графикасына негізделген 
қазақ жазуының орфографиялық тәртібін түзуде ең басты назар 
аударылуға  тиіс    мынадай  тұстарын  (ұсыныстарды)  атап 
көрсетеді.  Алдымен  ғалым  латын  графикасына  негізделген 
ереже    жүйесінің  баптарын  тізіп  толық  кодексін  ұсыну  қиын, 
өйткені  алдымен  графиканың  қазақ  тіліне  сай  нақты  әліпбиі 
түзілуі  керек  дегенді    баса  айтады.  Р.Сыздықова  қазақ  тілінің 
өзіне тән  [ə], [ө], [і], [ұ], [ү], [қ], [ғ], [ң] дыбыстардың таңбалары  
әліпбиде  арнайы  таңбамен  берілу  керектігін  ескертеді.  Ғалым 
латын  және  кирилше  жазуымен    бірдей  келетін  тақырыптарға 
қатысты  емле  баптары  сақталады,  яғни  қос  сөздердің  бөлек 
жазылатын  сөздердің,  бірге  жазылатын  сөздердің,  шылау 
сөздердің,  бас  әріптің  жазылуына  қатысты  ереже  баптары  көп 
өзгермейді.  Тек  бөгде  тілдік  сөздерге  қосымшалардың  жалғану 
ретіне  байланысты  және  бөгде  тілдік  сөздерді  қазақыландырып 
жазуға  байланысты  бірнеше  емле  баптары  енгізілуі  керек 
дегенді ескертеді.  
Р.Сыздық орфография қосамжар болмауы үшін  қазіргі қазақ 
әліпбиіндегі  щ,  ц,  ë,  я,  ю  әріптерінің  және  ь,  ъ  белгілерінің 
таңбасын әліпби құрамынан мүлде алып тастап, қазақтың сөйлеу 
тіліндегі  айтылуынша  «қазақыландырылып»  та  жазылмайтын 
ереже баптарын қарастыру керек,- дейді. 
         Рәбиға  Сыздықтың    «Қазақ  тілінің  анықтағышы»    атты 
еңбегінде  бірқатар  қағидалар  айқындала  түсті,  біріккен 
сөздердің жазылуын реттейтін баптар қосылды. Әсіресе, ғылым 
мен техниканың әр алуан саласына қатысты теминдік мағынаға 
ие  болған  сөз  тіркестерінің    қосылып  жазылатындығы  баса 
көрсетілді.  Екі  түбірден  құралып,  техника,  шаруашылық, 
мәдениет,  өнер,  спорт  сияқты  салаларға  қатысты  зат,  құрал-
жабдық,  ұғым  атаулары  мен  мамандық,  кәсіп  пен  қызмет 
иелерін    атайтын  сөздер  бірігіп  жазылады  деген  ереже 

заңдастырылады.  Кісі  аттарының  емлесіне  де  ескертулер 
қосылды:  екінші  сыңары  к,  қ  дыбыстарынан  басталатын 
есімдердің  естілуінше    жазылатыны  айтылады.  Бұл  өзгеріс, 
жаңалықтардың әрқайсысы өзіне тиісті ережелер ішіне енгізіліп, 
толық  көрсетілді.  Сондай-ақ  еңбекте  орфографиялық  сөздік 
берілген.  Оның  өзге  орфографиялық  сөздіктерден  айырмасы  - 
мұнда  сөз  тіркестері    реестр  ретінде  ұсынылады  (қазақ  тілінің 
толық орфграфиялық сөздігінде  немесе мектепке арналған емле 
сөздіктерінде құрамындағы сөздер бір-бірінен бөлек жазылатын 
тіркестер  сөзтізбеге  шығарылмай,  ұяда  беріледі).  Оның  үстіне, 
мұнда өзге емле сөздіктерінде орын алмаған кейбір көне, жаңа, 
жергілікті  сөздер  мен  сирек  жұмсалатын  тұлғалар  қамтылды. 
Сондай-ақ хисап /есеп, ертегі/ ертек сияқты бірқатар жарыспалы 
тұлғалардың емле  сөздіктерінде қатар орын алу  себептері  және 
қазіргі қазақ әдеби  тіліндегі варианттар жайы түсіндіріледі. 
 
     Сұрақтар мен тапсырмалар
1.  Мәулен  Балақаевтың  «Қазақ  орфографиясы  мен  графика 
мәселелері» атты еңбегінің маңызы қандай? 
2.  Рәбиға  Сыздықтың    «Қазақ  тілінің  анықтағышы» 
еңбегіндегі  күрделі  сөздер  мен  кісі  аттарының  жазылу 
емлесіне  байланысты  ережелер»  тақырыбына  реферат 
жазыңыз. 
3.  Қазақ  тіл  білімінің  орфография  саласының  дамуына  үлес 
қосқан 
ғалымдардың 
еңбектерімен 
танысу, 
библиографиялық көрсеткіш даярлау. 
 
 
11. ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ МАҢЫЗЫ. 
 
1.
 
Жазу реформасы: латын графикасына көшу мәселесі. 
2.
 
1929  жылы  қабылданған  әліпбидің  фонема  –  дыбыс  – 
графема – әріп арақатынасы. 
3.
 
Латын әліпби негізіндегі қазақ жазуының графикасы мен 
орфографиясындағы қиындықтар.  

4.
 
Бұрынғы латынның тағылымы және оның қазіргі кездегі 
латын  графикасына  негізделген  жаңа  әліпбимен 
сабақтастығы. 
 
1.  Әліпби  айтысы  ХХ  ғасырдың  басында  жазудың  қызметі 
кеңейе  бастағаннан  бастап  ең  өзекті  мәселе  ретінде  күн 
тәртібінен түскен емес. 1924 жылдан бастап Н.Төреқұловтың 28 
әріптен,  Х.Досмұхамедұлының  26  әріптен,  М.Мырзаұлының  22 
әріптен,  Ә.Байділдаұлының  27  әріптен,  Т.Шонанұлының  24 
әріптен тұратын әліпби жобалары халық талқысына ұсынылады. 
1926  жылғы  26  ақпаннан  6-наурызға  дейін  Баку  қаласында 
Бүкілодақтық  Бірінші  Түркологиялық  съезд  өткізіліп,  онда  күн 
тәртібінде  түркі  халықтарының  жазу  мәселесі,  орфографияның 
негізгі 
принциптері 
және 
олардың 
әлеуметтік 
мәні, 
терминология 
мәселесі, 
түркі 
халықтарының 
тарихы, 
этнографиясы,  ана  тілін  оқыту  әдістемесі  т.б.  көптеген 
көкейтесті мәселелер қойылды. Солардың ішінде ең үлкені түркі 
халықтарының  барлығының  тегіс  латын  графикасына  көшу 
мәселесі болды. Бұл съезге Қазақстаннан Ахмет Байтұрсынұлы, 
Елдес  Омаров,  Әзиз  Байсейітов,  Біләл  Сүлеев,  Нәзір 
Төреқұловтар  делегат  болып  қатысты.  Сонымен  қатар  түрік 
нәсілді  Бартольд,  Олденбург,  Крымский  сияқты  ғалымдармен 
қоса,  неміс  профессоры  Менсель,  Көкерлі-Зада,  Құсайын-Зада 
сынды  атақты  зерттеушілер  де  қатысты.  Құрылтайда  баяндама 
жасаған Ә. Шәріпұлының «Емле түзеу жүзінде қазақ жұртының 
латынға көшуінің қажеті жоқ» деген пікірін А. Байтұрсынұлы да 
жақтап,  «Латын  қарпіне  көшуге  жұмсаған  қаржыны  балаларды 
оқытатын  мектеп  салдырайық»  деген  пікір  қосады.  Ал  бұл 
пікірлерге  қарсы  баяндама  жасаған  Ә.  Байдилдин  латын 
графикасын  жақтап,  «Қазақ  төңкерісінен  кейін  дамыған  еңбек 
адамдарының  талап-тілегін  араб  әліпбиі  толық  қанағаттандыра 
алмайды, латын қарпіне көшу заман талабынан туындап отыр»,-
дейді.  С.Сәдуақасов  «Латын  графикасын  алудың  саяси 
қорқынышы  бар.  Молдалар  қарсы  болады.  Араб  таңбалары 
ислам дінінің таянышы, әріптен қол үзсек, діннен де қол үземіз» 
деп  өз  көзқарасын  білдіреді.  Сондай-ақ  Ж.  Аймауытов,  Қ. 

Кемеңгеров,  М.Дулатовтар  «Латын  таңбасына  көшсек,  жаппай 
сауатсыздыққа ұрынамыз» - деп араб графикасын қолдайды.  
Білімпаздар  тобының  А.  Байтұрсынұлының  араб  жазуын 
жақтауындағы  мақсаты  -  өңделген  араб  графикасы  қазақтың 
мұқтаждығын  толығымен  өтеп  отырғандығы,  оқыту  ісіне 
қолайлылығы. А. Байтұрсынұлы бұл съезде айтқан пікірін кейін 
1927  жылы  Қызылордадағы  жазу  мәселесіне  арналған 
конференцияда  да  қайталап  дәлелдейді.  Ол  түрік  жұртының  90 
пайызы  араб  таңбаларын  пайдаланып  келетіндігін  айтып, 
әрқайсысының  қалыптасып  қалған,  пайдаланып  жүрген  хат 
мәдениеті бар екендігін айта келе, бір әріпті тастап екінші әріпті 
алудың  қиындықтарын  ғылыми  негізде  дәлелдеп  баяндама 
жасайды. Латын графикасын жақтап Н. Төреқұлов сөз сөйлейді. 
Ол  «Біз  латын  әрпін  қазаққа  күшпен  алдырғалы  отырған 
жоқпыз. Латын әрпін үйрену, жазуға тым пайдалы жеңіл. Түрік 
әрпінің  біреуі  төрт  түрлі,  латындікі  бір  ғана  түрлі»  деп 
дәлелдейді. Қызу тартыс туралы Е. Алдоңғаров  «Әліпби түзеу» 
мақаласында  «Ахметті  жақтап  талай  шешендер  түрлі  дәлелдер 
келтіріп, мысалыға қаріп белгілерін, сан белгілерін, қаріпті жию, 
теру  жеңілділігін  айтты.  Латын  әрпін  қолдауға  әлі  ерте,  орыс 
халқы  алмағанда  біз  неге  аламыз?  Қаріпке  қызығып  біз 
мәдениетімізден айырыламыз»,- деп жазды. Бұл мәселені  ашық 
түрде  талқылау  үшін  баспасөз  беттерінде  мақалалар  жазып, 
сондай-ақ Астрахан, қарақалпақ қазақтарын қосып, толық съезд 
шақыру  жөнінде  қаулы  шығарылады.  Көпшіліктің  пікірін  білу 
қажет  деп  санап,  оны  қадағалауды  Қазақстан  Халық 
комисариятына тапсырады  [11, 15 б.].  
Қазақ тілінің тағы бір жанашыры Е. Алдоңғаров «Өнер басы 
-  әліпбиің»  деген  мақаласында  «Заман  талабы,  өркениетке 
жетудің  жолы  -  латын  таңбасына  көшу  болып  отыр»  деп  пікір 
білдіреді. Осы газеттің 45 санында (1926ж.) М. Үмбетұлы деген 
оқырман  «Латын,  араб  қарпі  деген  әңгіме  басталып  жүр.  Араб 
қаріпінен  неге  қаштық.  Орыстың  миссионерлері  Ильминский 
шығарған қаріптен, А. Байтұрсынұлы шығарған араб қарпі қазақ 
еліне әлдеқайда қолайлы»,- деген пікірін білдірген.  
Міне осы сияқты пікірталастар он жылдай уақыт көлемінде 

баспасөз  беттерінде  жарияланып  жүрді.  Араб  жазуына  қарсы 
дегендер  ол  графикадағы  әр  әріптің  төрт  түрлі  болып  күрделі 
жазылатынын  айта  келіп,  оның  техника,  теру  жұмыстарына 
қиын  болатындығын  тілге  тиек  етеді.  Ал  араб  графикасын 
қолдаушылар  басқа  әріпті  алып,  оны  енгізіп  жүргеннен  араб 
әрпін алып, соның кемшілігін жояйық деген пікір айтады.  
Орфографиялық  ережелер  дұрыс  қабылданып,  баянды 
нормаға  айналуы  үшін  олар  тілдің  фонетикалық,  лексикалық, 
грамматикалық ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. 1929 жылы 
латын  графикасы  негізінде  қабылданған  алфавит  тұсында  емле 
ережелерінің  принципі  фонетикалық  болды.  1938  жылы  ресми 
органдардың қаулысы бойынша «Қазақ тілінің емле ережелері» 
жарияланды. 
Онда 
орфографиядағы 
бұрынғы 
қате-
кемшіліктерді  жөндеу  мақсаты  көзделіп  және  олар  жаңа 
ережелермен толықтырылды.  
1929 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Орталық  Кеңес комитеті 
ІҮ  сессиясының  қаулысы  бойынша  қазақ  жазуы  латын 
графикасына  көшірілді.  Жаңа  алфавитте  29  әріп  болды:  9-ы 
дауыстылар (а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і) және 18-і дауыссыздар (б, г, ғ, 
д,  ж,  з,  к,  қ,  л,  м,  н,  п,  р,  с,  т,  һ,  ш),  ал  екеуі  (й  мен  у)  жарты 
дауыстыны  таңбалайды.  Латын  графикасына  негізделген 
емленің негізгі принципі фонетикалық болды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет