Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі



Pdf көрінісі
бет15/22
Дата29.12.2016
өлшемі2,07 Mb.
#673
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22

Ойланыңыз: 
 
        1. Ф.Вольтердің: ’’Кім-кімнің ақылы жасына сай келмесе, ол өмір бойы сор 
кешпек‘‘ дегенің қалай түсінесіз? 
        2. Леонардо да Винчидің: ’’...қарт кездің керегі даналық екенін ұққың 
келсе, жас шағыңда сол қартайған кезің керексіз қылмайтындай етіп іс жаса‘‘ 
айтып кеткен сөзінің мәні неде? 
        3. Леонардо да Винчидің: ’’Сен өзіңе қартайған кезде тап болатын 
кінәраттың бәрінің жылдар бойы орнын толтыратын есеңді жастық шағыңда 
қармап қал‘‘ деген сөзінің мағынасы неде? 
        4. Жан Жак Руссоның: ’’Жастық шақ даналықты игерер кез‘‘ дегенің қалай 
ұғасыз. 
        5. Леонардо да Винчидің ’’Жамандықты жазаламаған адам – оның дем 
берушісі‘‘ айтқанының мәні қандай? 
        6. Леонардо да Винчидің: ’’Кім көп еңбек етсе бақыт соған қонады‘‘ 
дегенінің түсінігі неде? 
        7. К. Гельвецийдің: ’’Адам өзін-өзі бақытсызбын деп төмендете берсе, 
шынымен-ақ бақытсыз болады‘‘ – деп айтқан сөзі туралы не ойлайсыз? 
        8. М.Ф. Вольтердің: ’’Ешқашан да үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер 
болмайды‘‘ айтқан сөзінің мән-мағынасы неде? 
        9. Леонардо да Винчидің: ’’Кім көп еңбек етсе, бақыт соған қонады‘‘ деп 
айтқан сөзін қалай түсінесіз? 
       10. М.Ф. Вольтердің: ’’Жұмыс бізді үш түрлі зор қырсықтан: зерігуден, 
кемшіліктен және мұқтаждықтан құтқарады‘‘ деп айтқан сөзінің мәнін қалай 
ұғасыз? 
       11. М.Ф. Вольтердің: ’’Еңбек рухани және эстетикалық дамудың ең 
таңдаулысы‘‘ деп айтқан сөзінің мәнін қалай түсінесіз? 
       12. Д.Дидроның: ’’Істемек нәрсеңді алдын-ала білу батылдық беріп, 
жеңілдік келтіреді‘‘ деген сөзі туралы не ойлайсыз? 
       13. Жан Жак Руссоның: ’’Барлық істе дерлік ең қиыны – басталуы‘‘ 
айтқаның түсіндіріңіз. 

135 
 
       14. М.Ф.Вольтердің: ’’Махаббат – құштарлық атаулының ең күштісі, 
өйткені ол ақыл-ойды да, жүректі де, тәнді де қатар жаулап алады‘‘ деген 
сөзінің мағынасын түсіндіріңіз. 
       15. М.Ф.Вольтердің: ’’Махаббаттың оянғанын жігіттің жасқаншақтығынан, 
қыздың батылдануынан байқауға болады‘‘ деген сөзінің мағынасы неде? 
       16. Жан Жак Руссоның: ’’Батырлықты ұятсыздықпен және 
алаңғасарлықпен шатастырмау қажет‘‘ деген сөзінің мәні неде? 
       17. Д.Дидроның: ’’Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік‘‘ 
деген сөзің қалай ұғасыз? 
       18. М. Ф. Вольтердің: ’’Жазушының оқуға арзитын ғана туындысын басу 
керек. Бұл аяулы ереже кітаптың санын азайтқанмен, оқушылардың талғамын 
арттыра түскен болар еді‘‘ деп айтқанының мәнін түсіндіріңіз. 
       19. М.Ф.Вольтердің: ’’Жақсы кітапты алғаш оқығанда жаңа дос тапқандай 
боласың. Осы кітапты қайталап оқу – ескі досыңды тағы да кездестіргенмен 
бірдей‘‘ айтқанын қалай түсінесіз? 
       20. Ш. Монтескьенің: ’’Кітапты оқуды жақсы көру дегеніміз – тіршілікте 
болмай тұрмайтын жабырқау сағаттарды таптырмайтын рахатқа бөлеу деген 
сөз‘‘ осының мағынасы неде? 
 
 
 
 
 
Реферат тақырыптары: 
            
 1.Л.Винчи шығармашылығы. 
 2. Ф.М.А.Вольтер дін туралы  
 3.Т.Гоббс, Д.Локк, Ж.Ж.Руссоның  ” қоғамдық келісім “ концепциялары  . 
 4.Монтескьенің әлеуметтік – саяси ілімі . 
 5.Ағарту философиясындағы ” ақылды эгоизм “ концепциясы  
 6.Ж.Ж.Руссоның өмірі мен шығармашылығы . 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

136 
 
7  семинар. Классикалық неміс философиясы 
 
1.И.Кант-классикалық  немiс  философиясының  алғашқы  негiзiн  қалаушы. 
Таным теориясындағы И.Канттың “коперникандық төңкерiсi”. 
2. Г. Гегельдің жүйесі мен методы. 
3. Фейербах материализмі. Махаббат философиясы. 
 
 
                                  И.Канттың өмiрi мен шығармашылық жолы 
 
   Иммануил  Кант  (1724-1804)  Шығыс  Пруссиядағы  Кенигсберг  (қазiргi 
Калининград)  қаласында  дүниеге  келiп  өмiр  бойы  сол  жерде  өмiр  сүрген. 
Жастайынан  әлсiз  бала  болып  өзiнiң  денсаулығына  мұқият  қарауға  мәжбүр 
болған.  Өмiрiнiң  аяғына  шейiн  қатаң  тәртiптiң  негiзiнде  өмiр  сүрiп, 
денсаулығын сақтап қалу үшiн тiптi жан-ұя құрудан да бас тартқан. 
   И.Кант 1745 ж. Жергiлiктi университеттi бiтiргеннен кейiн жаратылыстану 
мәселелерiмен  айналысады.  Тек  1770  ж.  бастап  өмiрiнiң  соңына  дейiн 
философиямен  шұғылданады.  И.Канттың  бұл  өмiр  кезеңiн  “сындық  кезең

 
деп  зерттеушiлер  атап  кеткен.  Себебi,  И.Канттың  бұл  уақытта  жарыққа 
шығарған үш негiзгi еңбектерi “сын

  деген  сөзден басталады. “Таза  зерденi 
сынау

  -  негiзiнен  дүниетаным  мәселелерiне  арналған,  “Практикалық 
зерденi  сынау

  -  мораль  мәселелерiне,  ал  “Пайымдау  қабiлетiн  сынау


табиғат философиясы мен өнер мәселелерiне арналған. 
   Өзiнiң  “сындық  кезеңге

  дейiнгi  өмiр  сатысында  И.Кант  күн  жүйесiнiң 
пайда болуы жөнiнде болжам жасайды. Оның ойынша,, ғарышта тараған әр-
түрлi материалдық бөлшектер тарту күшi арқылы үлкен бұлттарды құрайды, 
ал  оның  iшiндегi  тарту  және  оған  қарсы  бағытталған  итеру  күштерi  үлкен 
дауылдарды  тудырып  шарға  ұқсайтын  ұсақ  бөлшектердiң  үйкелесуiнiң 
негiзiнде қызып жанатын объектiлер дүниеге келедi.   
   Өмiрiнiң  “сындық  кезеңiнде

  И.Кант  өзiнiң  алдына  бiрнеше  көлемдi 
философиялық сұрақтарды қойып, соларға жауап беруге тырысады. Олар :   
“Мен ненi бiле аламын?

 , 
 “Мен не iстеуiм керек?

 , 
 “Мен не нәрсеге үмiттене аламын?

 , 
 “Адам дегенiмiз не және ол өзi не бола алады?

 . 
   И.Канттың  гносеология  (таным)  саласында  жасаған 

коперникандық 
төңкерісі

 

мен  нені  біле  аламын?

  деген  сұраққа  жауап  беруiнен  шығады. 
Бiрiншiден, И.Кант бiлiмдi екiге бөледi. Олар тәжiрибелiк (апостериорлық
бiлiм және априорлық (яғни тәжiрибеден бұрын, таза,  оны тiптi туа бiткен 
деген  мағнада  да  түсiнуге  болады,  өйткенi  ол  тәжiрибеге  дейiн  бiзге 
берiлген). 
   Өзiнiң практикалық философиясында, яғни моральдық iлiмiнде, априорлық 
деп дүниедегi барлықты емес, болуға тиiс, керектiгiн көрсететiндi айтады. 
   И.Канттың  таным  теориясындағы  тағы  да  жиi  кездесетiн  категориялары  - 

137 
 
ол трансцендентальдық және трансценденттiк. 
   Трансцендентальдық  деп  И.Кант  тәжiрибенiң  алдында  және  сол 
тәжiрибелiк  танымның  мүмкiндiгiн  жасайтын  ұғымдарды  айтады.  Ал 
трансценденттiк  деп  тәжiрибелiк  шеңберден  шығып  кетуге  ұмтылған,  оның 
әр жағында жатқанды айтады. 
   Келесi  екi  ұғым  -  ол  “зат  өз  iшiнде

,  яғни  заттың  өзiндiгi  -  оны  И.Кант 
“ноумен

  деген  ұғыммен  бередi,  ол  -  мән.  Ал  заттардың  сыртқы 
құбылысын  ол  “феномен

  деген  атпен  бередi.  Оларды  бiз  сезiмдiк  және 
ақыл-ойдың бiтiмдерi арқылы ретке келтiрiп тани аламыз. Ал ноумендi алсақ, 
ол танылмайды. Бiрiншiден, өзiндiк зат жөнiнде бiз тек қана оның өмiр сүрiп 
жатқанын  көремiз.  Олар  бiздiң  түйсiктерiмiздi  қоздырушы  күштер  ғана. 
Үшiншi  мағнасы  -  өзiндiк  зат  тәжiрибенiң  әр  жағында  жатыр.  Төртiншiден, 
оларды  таным  үрдісінде  бiртi-бiрте  жақындай  беретiн  идеалдар,  неше-түрлi 
рухани құндылықтар ретiнде түсiнедi. Бұл жағынан алып қарағанда, ол сенiм  
аймағына жатады. 
    Егер  И.Кантқа  дейiнгi  ойшылдар  танымның  негiзi  табиғатты  аңлауда 
жатыр  деп  есептесе,  ол  дүниетануды  адамның  белсендi  iс-әрекетiмен 
байланыстырып,  осы  жолда  адам  дүниенi  өзiнiң  априорлық  формалары 
арқылы  ретке  келтiрiп  құрады  деген  пiкiрге  келедi.  Философиядағы 
И.Канттың жасаған коперникандық төңкерiсi деп бiз осыны айтамыз. 
   И.Канттың  танымдық  теориясы  түйсiктер  арқылы  берiлетiн  әр-түрлi 
құбылыстардан  басталады.  Оларды  белгiлi  бiр  ретке  келтiретiн  априорлық 
сезiмдiк аңлау формалары бар. Олар - кеңiстiк пен уақыт
 И.Канттың  ойынша,  кеңiстiк  пен  уақыт  -  белгiлi  бiр  сапасыз,  бiртектi  және 
шексiз 
созылымдар. 
Сезiмдiк 
аңлаудың 
таза 
формалары 
(трансценденталилер)  ретiнде  олар  идеалды,  ал  материалдық  тәжiрибемен 
қосылған  кезде,-  шынайы  болып  келедi.  Егер  кеңiстiк  аңлаудың 
априорлық  сыртқы  формасы  болса,  уақыт  -  априорлық  iшкi  формасына 
жатады,  өйткенi,  уақыт  адамға  сырттай  берiлмеген,  бiз  оны  тек  iштей 
санау арқылы ғана сезiне аламыз. 
   И.Канттың  ойынша,  кеңiстiк  пен  уақытты  аңлау  математика  ғылымының 
қайнар  көзiн  құрайды.  Егер  геометрияның  негiзiнде  кеңiстiк  жатса, 
арифметика  мен  алгебраның  негiзiнде  уақыт  жатыр,  өйткенi  сандарды 
есептеу,  бiрiнiң  соңынан  екiншiсiн  келтiру  уақыт  шеңберiнде  оларды 
санауды қажет етедi. 
   Алайда  сезiмдiк  аңлау,  қайсыбiр  одан  шығатын  тәжiрибе  әрқашанда 
кездейсоқты,  ал  бiлiм  жалпымағналық  және  қажеттiк,  заңдылық  дәрежесiне 
көтерiлуi  керек.  Оған  жететiн  жол  -  априорлық  ақыл-ой  формалары, 
оларды  И.Кант  категориялар  дейдi.  Ол  категориялардың  қайнар  көзiн 
тәжiрибеден  шығармайды  -  олар  да  кеңiстiк  пен  уақыт  сияқты  априорлық 
табиғатымен  сипатталады.  И.Канттың  сараптауы  бойынша  ақыл-ойдың 
априорлық  категорияларына    сан,  сапа,  қарым-қатынас,  модальдық  т.с.с. 
жатады. әңгiменiң ғажаптығы И.Кант осы көрсетiлген категорияларды үштiк 
арқылы  келтiредi.  Мысалы,  сан  категориясын  “бiрлiк

,  “көптiк



138 
 
“бiртұтастық

  арқылы,  сапаны  -  “реалдық

  (шынайылық),  “терiстеу


“шектеу

 т.с.с. шығарады.                 
   Сонымен,категориялар  арқылы  бiз  сезiмдiк  аңлаумен  алынған  дүние 
жөнiндегi  қабылдауларды  қажеттiлiк,  жалпымағналық  дәрежеге  көтеремiз. 
И.Канттың  айтуына  қарағанда,  сезiмсiз  бiрде-бiр  зат  бiзге  берiлмеген  болар 
едi, ал ақыл-ойсыз бiрде- бiр нәрсенi ойлауға болмас едi.  “Ойлау сезiмсiз  - 
бос, аңлау ұғымдарсыз - соқыр

Ал осы адамның екi қабiлетiн бiр-бiрiмен 
қоссақ, онда бiз толыққанды бiлiм дәрежесiне көтерiле аламыз. Оны И.Кант 
тәжiрибе  дейдi.  Сонымен  субъект  категориялар  арқылы  заңдылық  пен 
тәртiптi құбылыстарға берiп, оны табиғат деген атпен бередi. Адам табиғатқа 
заңдылық  берушi.  Мұндай  көзқарасты,  әрине,  субъективтi-идеалистiк 
философия деп әбден айтуға болады.  
     И.Канттың  негiзгi  бұл  саладағы  кемшiлiгi  -  адамның  дүниетанымдағы  ой 
белсендiлiгiн  асыра  көрсетуiнде.  әрине,  таным  процесiнде  адамның 
шығармашылық  iс-әрекетi  үлкен  рөл  атқарады.  Осы  шығармашылық  iс-
әрекеттiң  негiзiнде  адамзаты  “екiншi

  тағы  табиғатқа  қарсы  тұрған  дүниенi 
жасайды.  Алайда  бiз  бұл  “екiншi

  табиғаттың  өзі  тек  бiрiншi  алғашқы 
табиғаттың негiзiнде ғана пайда болатынын естен шығармағанымыз жөн. 
   И.Канттың  таным  теориясын  әрi  қарай  жалғастырсақ,  онда  бiз  оның 
тәжiрибелiк  танымның  әрқашанда  толық  емес  екендiгi  жөнiндегi  ойын 
байқаймыз  -  трансценденттiк  әлемге  ақыл-ой  жете  алмайды.  Ал  бiрақ 
адамның  санасында  ещқашанда  жойылмайтын  бүкiл  дүние  жөнiнде  “соңғы 
ақиқатқа

  деген  құштар  бар.  Ал  мұндай  iстi  өзiнiң  мойнына  ақыл-ой  емес, 
зерде алады. 
    Егер  ақыл-ой  қабiлетi  арқылы  бiз  категориялдық  ғылыми  таным 
дәрежесiне  көтерiлсек,  зерде  арқылы  бiз  толыққанды  танымның  “соңғы 
кiрпiшiне

  дейiн  көтерiлуге  тырысамыз.  Сананың  шексiздiкке  деген 
құштарлығын  зерде  шешкiсi  келедi.  И.Кант,  жалпы  алғанда,  ақыл-ой  мен 
зерденi адамның ойлау қабiлетiнiң екi бұтағы ретiнде қарайды. Егер ақыл-ой 
дүниедегi құбылыстарды зерттеп, оларды ретке келтiрсе, зерде құбылыстың  
әр  жағында  жатқан  өзiндiк  заттың  iшкi  сырын  ашқысы  келедi.  Зерде 
ақыл-ой шеңберiнен аттап трансценденттiк әлемге өтуге тырысады. 
   Ақыл-оймен  зерденiң  арасындағы  айырмашылықты  жете  көрсету  үшiн 
И.Кант “идея

 ұғымын қолданады. Ақыл-ой категорияларды қолданса, зерде 
-  идеяларды  басшылыққа  алады.  “Қайсыбiр  адамның  дүниетануы  аңлаудан 
басталып,  ұғымдарға  өтедi  де,  идеялармен  бiтедi

.  Яғни  идеялардың  өрiсi 
ғылыми  категориялардан  кең,  ол  -  метафизикалық  категориялар.  Идеялар 
арқылы бiз тәжiрибенiң әр жағына өткiмiз келедi, бiрақ ол iс-әрекетiмiз бiздi 
нәтижеге әкелмейдi. “Идеялар - жетiлгендiк, кемелiне келгендiктi көрсетедi, 
оған  жақындауға  болғанмен,  бiрақ  толығынан  жетуге  болмайды

,-  деп 
қорытады  ұлы  ойшыл.  Сонымен,  зерде  ұстай  алмайтынды    ұстағысы, 
шешiлмейтiндi шешкiсi келедi. 
   И.Канттың  ойынша,  идеялардың  үш  түрi  бар  :  олар  жан-дүние,  әлем  және 
Құдай мәселелерi. 

139 
 
   Әлем  мәселесiне  келер  болсақ,  ол  жөнiнде  И.Кант  төрт  тұжырым  жасап, 
оған  қарсы  тұрған  төрт  пiкiр  келтiредi.  Ойшыл  оны  антиномия  дейдi, 
өйткенi, бiрiншi тұжырым мен оған қарсы бағытталған тұжырымның екеуi де 
тең  дәлелденедi.  Осының  әсерiнен  зерде  шешiлмейтiн  қайшылыққа  келiп 
тiреледi. 
   И.Канттың төрт космологиялық идеяларын осы жерде келтiрейiк : 
1. 
 
әлемнiң басталған                    1.әлемнiң уақыттық шеңбердегi 
 уақыты мен кеңiстiктегi               басы және кеңiстiктегi шеңберi 
шеңберi бар. Ол шектелген            жоқ. Ол - шексiз.  
2. әлемдегi қайсыбiр күрделi      2.Бiрде-бiр күрделi зат тұрпайы 
субстанция тұрпайы бөлшек-        бөлшектерден тұрмайды. Дүниеде 
терден тұрады                                бiрде-бiр тұрпайы нәрсе жоқ. 
 
3.Дүниедегi құбылыстардың       3. Дүниеде ешқандай ерiктiк жоқ. 
бәрiн шығаратын табиғаттың          Дүниедегiнiң бәрi тек қана  
заңдылықтарының негiзiндегi          табиғи заңдылықтардың негiзiн-  
себептiлiк жаңғыз емес.Кейбiр          де өмiр сүредi. 
құбылыстарды түсiну үшiн 
ерiктi себептiлiктiң бар екенiн 
мойындау қажет. 
 
 
4. 
 
Дүниеге оның бiр бөлшегi        4.Еш жерде абсолюттi қажеттi 
я болмаса, себебi ретiнде                  мән - дүниеде де, дүниенiң 
жататын сөзсiз қажеттi                      сыртында да - себеп ретiнде 
мән болуы керек.                               жоқ. 
 
   Әрине,  И.Канттың  жоғарыда  көрсетiлген  антиномияларында  iргетасты 
философиялық мәселелер көтерiлген. Антиномияларда қарама-қарсы жатқан 
тұжырымдар  өте  өткiр  түрде  берiлген,  сондықтан,  оларды  диалектикалық 
тұрғыдан шешуге итередi. Оның қойған бұл мәселелерiн болашақта Г.Гегель 
диалектикалық тұрғыдан шешуге тырысады. 
   Сонымен,  Жаңа  дәуiрде  И.Кант  Қайта  Өрлеу  заманындағы  ғалымдардың 
iлiмдерiн  жаңартып,  таным  жолындағы  қайшылықтың  iргетастығын  әлемге 
паш еттi.                        
Моральдық мәселелер 
 
   Ендi  И.Канттың  теортикалық  зердесiнен  өтiп,  оның  практикалық 
философиясына көшуге уақыт келдi. “Практикалық зерде

 деп ол моральдық 
салаға әр-түрлi принциптер мен нормалар беретiн зерденiң қабiлетiн айтады. 
И.Канттың ойынша, “Ерiктiктiң негiзiнде болуы мүмкiннiң бәрi практикалық 
зердеге жатады


   И.Кант  өзiнiң  философиясында  моральдық  саланы  ғылыми  салаға 
қарағанда  анағұрлым  жоғары  қояды.  өйткенi,  моральдық  сала  -  өз-өзiне 

140 
 
жеткiлiктi,  автономиялық  ақуалда  өмiр  сүредi.  Мораль  адамды  дүниеде 
болып  жатқан  емес,  болуға  тиiс  биiктiктерге  итередi.  Адамның  әр-түрлi 
сезiмдерiнен  шығатын  тiлек,  өзiме  ғана  болсын  деген  ойдан  шығатын  iс-
қимыл,  пайдалықты  көздейтiн  әрекет  -  мұның  бәрi  де  моральдық  салада 
есепке  алынбауы  керек,  өйткенi  оның  бәрi  де  күйкелi  күнбе-күнгi  өмiрлiк 
тәжiрибеден пайда болады. 
   Практикалық  зерде  априорлық  жолмен  өз-өзiне  моральдық  принциптердi 
ұсынады. өмiрден емес, тек таза моральдық ерiктен шығатын нормаларды бiз 
басшылыққа алуымыз керек. Мұндай көзқарасты  парыз этикасы деп әбден 
айтуға болады. 
 
Легальдық және моральдық iс-әрекеттер 
 
   Адамды белгiлi бiр iс-әрекетке итеретiн тәртiп ережесiн И.Кант императив 
дейдi. Оның екi түрi бар. Бiрiншiсi  - гипотетикалық императивтер. Олардың 
ережелерi  өмiрде  қалыптасатын  нақтылы  жағдайларға  байланысты,  ал 
соңғылар  әр-қашанда  өзгерiсте.  Гипотетикалық  императивтер,  сондықтан, 
адамның сыртқы, яғни гетерономдық жүрiс-тұрысын ғана анықтайды, оның 
iшкi мотивтерiн еске алмайды. Мысалы, “егер сатып алушылардан айырылып 
қалғың  келмесе,  онда  сауда-саттықта  олармен  адал  бол

,  “егер  өзiңе  пайда 
болсын  десең,  онда  басқаларға  қызмет  ет

  т.с.с.  Мұндай  ережелерге  сай 
жүрiс-тұрыс,  әрине,  құпталады.  Сонымен  қатар,  олар  орындалмаған 
жағдайдағы  жазалау  мүмкiндiгi  де  адамға  өз  әсерiн  тигiзбей  қоймайды. 
Мұндай  жүрiс-тұрысқа  И.Кант  легальды,  яғни  заңға  қарсы  емес  деген  ат 
қояды. 
    Императивтердiң  екiншi  түрi  -  ол  категорикалық  императивтер  -  оның 
ережелерiнiң түп-тамыры моральдық салаға кетедi. Оның талаптары үзiлдi-
кесiлдi, қажеттi түрде әрқашанда орындалуы керек. Оның талаптары өмiрден 
алынған  тәжiрибеден  емес,  адамның  трансценденттiк  табиғатынан  шығады. 
Ол  ешқандай  “егер

  деген  сөзден  басталатын  тәртiп  тәжiрибесiн 
мойындамайды.  Сонымен  қатар,  гипотетикалық  императивтер  моральдық 
ережелерге  қарағанда  төмен  болғанымен,  соңғыларға  қарсы  емес.  Мысалы, 
егер суға батып бара жатқан адамды құтқарған кiсi,- сол үшiн сый аламын,- 
деп суға түссе - онда оның iс-әрекетi легальды. 
Ал  ондай  есеп  болмай,  тек  қана  парыздың  негiзiнде-  өз  өмiрiн  ойламай,- 
басқа  адамды  судан  шығарамын,  өлiмнен  құтқарамын  деген  оймен  суға  тап 
берген  адамның  iс-әрекетi  -  моральды.  Сонымен,  легальдық  пен 
моральдықтың шекарасы адамның iшкi сана-сезiмi арқылы өтедi екен. 
   Ендi сол И.Канттың моральдық салада жасаған категорикалық императивiн 
талдайық. Ол былайша берiлген : “әрқашанда жүрiс-тұрысыңның ережесi 
бүкiл адамзаттың талабына сай келсiн

, яғни сенiң орныңда сол жағдайда 
басқа  адам  болса,  ол  да  солай  iстер  едi.  Категорикалық  императивтiң 
талаптарын орындау жолында адам ешқандай пайдақорлықты iздемеуi керек. 
Тек басшылыққа басқа адамдар алдындағы парызымызды  алуымыз қажет. 

141 
 
   Категорикалық  императивтiң  екiншi  ережесi  “әрқашанда  адамзатқа  -  ол 
өзiң, иә болмаса басқа адам болса да - ешқашанда құрал ретiнде қарама, 
әрқашанда оны мақсат тұт

.  Адам  - бұл  дүниедегi  ең  биiк  құндылық, оны 
басқа ешнәрсемен салыстыруға болмайды.  
   Ал  ендi  И.Канттың  моральдық  философиясының  әлсiз  жақтарына  келер 
болсақ  -  ол  парыз  бен  бақытты  бiр-бiрiне  қарсы  қойуда.  Егер  мен  басқа 
адамға жақсылықты оны сүйудiң, жақсы көрудiң негiзiнде жасасам, онда ол 
iс-әрекет   өзiнiң  моральдық жағын  жояды.  Моральдық  жолда  адам  тек  қана 
парызды  басшылыққа  алуы  қажет.  И.Канттың  ойынша,  тек  қана  “Парызды 
орындадым

  деген  ой  ғана  адамды  өзiн  бақыттымын  деген  сезiмге  әкеледi. 
Парыз, сен сәулеттi, ұлы сөзсiң!

,-деп қорытады И.Кант. 
   Әрине,  адамдардың  қарым-қатынасында,  олардың  iшкi  ойлары  мен 
сезiмдерi  үлкен  орын  алады    және  адамдар  оны  аса  бағалайды.  Бiрақ, 
нақтылы  жасалған  iс-әрекеттi  де  естен  шығармаған  жөн.  Нақтылы  күнбе-
күнгi өмiрде бiз бiреудi сүйемiз, екiншiнi жек көремiз, үшiншiнi - сыйлаймыз 
т.с.с.  Адамның  сезiм  тебiренiсiз  ешқандай  қарым-қатынас  жоқ,  олай  болса, 
мораль саласынан адамның сана-сезiмiн алып тастау тек қана абстрактылық 
теорияда ғана болса керек.             
 
      Гегель - немiс классикалық философиясының шыңы 
    
Георг  Вильгельм  Фридрих  Гегель  (1770-1831  ж.ж.)  -  Германияның 
Штутгарт қаласында лауазымы биiк шен иесiнiң жанұясында дүниеге келген. 
Гимназияны  үздiк  бiтiрiп,  1788-1793  ж.ж.  Тюбинген  теологиялық 
институтында  оқиды.  1801  ж.  бастап  Иена  университетiнде  ғылыми-
педагогикалық жұмыс атқара бастайды. 
   Негiзгi  еңбектерi:  “Рухтың  феноменологиясы  (құбылысы) 

,  “Логика 
ғылымы

,  “Философиялық  ғылымдардың  энциклопедиясы

,  “Құқ 
философиясы

, “Эстетикаға арналған лекциялар

 т.с.с. 
   Өзiнiң  философиялық  жүйесiн  жасау  жолында  Гегель  ойлау  мен 
болмыстың  теңдiгiнен  бастайды.  Ол  сол  ойлау  мен  болмыстың  теңдiгiн 
ғана  мойындап  қоймай,  оны  айырмашылық  ұғымымен  тығыз 
байланыстырып, олардың өзара iшкi диалектикасын ұғымдық (категориялық) 
деңгейде түсiнуге болатынын айтады. 
   Екiншiден,  Гегель  Абсолюттi  дамып  жатқан  субстанция  ретiнде  қарап, 
философияға  тарихи  көзқарасты  еңгiзедi.  Сонымен  қатар,  дамудың  өзi 
қайшылықтың  негiзiнде,  заттың  бүгiнгi  жағдайының  терiске  шығарылып, 
оның  қарама-қарсыға  өтуi,  соңғының  өзi  жүре  келе  терiске  шығарылатыны 
т.с.с. ретiнде қаралады. 
    Көркем  сөзбен  пайымдай  келе,  Гегель  “ақиқат  -  алдын-ала  құйылып 
қалтаға  салуға  дайын    тұрған  күмiс  ақша  емес

,  оған  жету  үшiн  жеке  адам 
жалпы  рухтың  өткен  тарихи  жолымен  танысып,  оны  егжей-тегжей  бiлiп, 
игеру керек екенiн айтты. 
   Осындай  диалектикалық  көзқарастың  негiзiнде  Гегель  өзiнiң  орасан  зор 

142 
 
философиялық  жүйесiн  тудырды.  Ол  Абсолюттiк  идеядан  басталады. 
Басқаша  сөзбен  айтқанда,    ол  -  абсолюттiк  бiлiм,  таза  ұғым  -  шынайы 
болмыстың өзi. Оның өз-өзiне келiп тануын, өз-өзiн анықтауын ол “Логика 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет