Жеке практикум — мұғалім оқушыларға өзіндік тапсырмалар мен оларды орындауға нұсқаулар береді. Бұл сабақтың мақсаты оқушылардың қолданбалы және ашық программалармен өзбетімен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру. Мұнда теориялық білім практикалық әрекетпен тексеріледі.
Жалпы алғанда, информатика пәні - білімнің үш көзін (сөз, бақылау, іс-әрекет) табиғи бірлікте қарастырады. Мысалы, нұсқауды (сөз) оқып, мұғалімнің әрекеті мен ЭЕМ-дегі өзгерістерді бақылау (заттық әдіс) арқылы оқушы компьютермен жұмыс істейді (практикалық әдіс). Бұл әдістер бір-бірін үнемі толықтырып отырады.
Дәстүрлі оқыту әдістеріне талдау жасағанда, оқытудың сөздік әдісінің өзіндік орны бар екені байқалады. Бұл әдіс Аристотельдің философиялық трактаттарын әңгімелеу арқылы баяндағанынан бастау алғаны белгілі. Сондықтан классикалық педагогикада бұл әдісті Аристотель әдісі немесе сөздік әдістер деп атайды. Төменде осы әдістердің бірқатарына талдау жасалған.
Әңгімелеу. Бұл әдістің негізгі дидактикалық функциясы - сезімдік-құндылық қатынастар туралы негізгі мәліметтер беру, оқушылардың білімді меңгеру деңгейін анықтау, білімдегі олқылықтардың себебін білуге ұмтылу, өз бетінше жұмыс істеуге бағыттау. Мұнда біліммазмұны теория жүзіне игеріледі. Ойлау логикасы қатаң емес. Көбінесе, ұқсастық, мысалдар арқылы түсіндіріледі. Оқушылар тыңдағанын қайталай алады. Кері байланыс оқушының зейін дәрежесіне сәйкес келеді. Мысалы, ЭЕМ-нің колданылу аймағы, программаларды қателерден қорғау, жиі кездесетін қателер, вирустар мен оларды жасаушылар тақырыптарын әңгіме түрінде баяндаған тиімді. Әңгіме - кіріспе, баяндау қорытынды кезеңдерінен тұрады.
Пікірлесу. Пікірлесудің ерекшелігі оқушыларды белгілі бір мақсатқа жеткізетін сұрақтар жүйесі бойынша жетелеу. Әдетте практикаға дейін және практикадан кейін қажетті сұрақтар талқыланады. Әдістің дидактикалық функциясы - оқушыларға талқылау үлгісі бойынша шығармашылық тәжірибесін үйрету. Бұл негізінен теориялық әдіс. Дегенмен де бұл әдісте озық тәжірибеге сүйенуге болады. Себебі, проблемалық баяндау формасында оқушылар субъективті түрде жаңа білімдерден өздері үшін "жаңалық" ашады.
Лекция. Лекция сабақтың әрі формасы, әрі әдісі. Бұл әдістің дидактикалық функциясы - қандайда бір мәселе бойынша білім беру, білімді жүйелеу қорытындылау, жоғары оқу орындарындағы оқу түріне дайындау. Лекция мұғалімнің басқаруымен жүргізіледі. Талқылау логикасында дедукция басым болғанымен кейбір ұғымдарды түсіндіруде ұқсастық, салыстыру секілді ойлау операциялары қолданылуы мүмкін. Меңгеру деңгейі - материалды танып-білу және қайта өңдеу. Кері байланыс деңгейі төмен және негізінен ойлануға уақыт берілгенімен нәтижесін талдау кейінге қалдырылады.
Классикалық үлгідегі лекция сабағына тән белгілер-сыйымдылық логикалық, күрделілік. Лекцияның проблемалық сипатта болғаны тиімді. Сондықтан конспектілеуде теориялық материалды толықтыру үшін парақтың сол жағына түсіндірмелер жазатын орын қалдырған тиімді. Бұл окушы әрекетін дараландыруға, ойлау операцияларын жіктеп көрсетуге бағытталады. Егер лекция материалдары компыотерге жазылып қойылған болса, онда ол оқушының танымын басқаруды күшейтеді және лекция жазу барысында үлгермей қалу деген секілді "қауіптен" арылтады.
Семинар жалпы теориялық білімнен жеке іс-әрекетке өту формасы болғандықтан информатиканы оқытуда да осы мәнін сақтайды. Бұл оқыту формасының дидактикалық функциясы:
- өтілген тақырып, тарау, бөлім бойынша игерген білімді жалпылап, жүйелеу;
- Қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету;
- өз пікірлерін айта білу;
- сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
- баяндамалар, рефераттар, тезистер, мақалалар, хабарламалар
жоспарын жазуға дағдыландыру.
Компьютерде жұмыс істеу тәжірибесі негізінде оның мүмкіндігін толық болжауға қабілеттілік оқушының маңызды интелектуальды біліктілігі болып табылды. Оны жүзеге асыруда семинар сабақтарының маңызы ерекше.
Нұсқау. Компьютерлік сыныптарда жұмыс істеудің техникалық кауіпсіздігі, клавиатурамен жұмыс істеу тәртібі нұсқау арқылы берілгені дұрыс. Нұсқау ауызша немесе жазбаша түрде беріледі. Оқушылардың бір-бірімен пікір алмасуы сұхбаттық программа түрінде болуы мүмкін. Нұсқаудың дидактикалық функциясы-теориялық материалға сәйкес әрекеттердің қалыптасқан дәстүрлі тәсілдерін меңгеру. Іс-әрекет үлгісін нұсқау ретінде көрсетіп, оқушыларды практикалық жұмысқа даярлау кезінде кең көлемді талқылау болмайды. Себебі, оқушы іс-әрекетті орындайды немесе нұсқауда көрсетілген әрекеттерді қайталап шығады. Мұндағы кері байланыс ауызша бақылау жағдайында орындалады. Ол үшін міндетті турде нүсқау берілуі қажет. Оқушының нұсқаусыз жұмыс істеуі компьютерде көп уақыт алады және ол өз іс-әрекетінің мәнін түсінбеуі мүмкін.
Текстпен өз бетінше жұмыс. Мақсаты - оқушыларды практикалық жұмысқа дайындау. Дидактикалық функциясы -игерген білімді іс жүзінде қолдана білу. Мұнда логикалық ойлаудың барлық формалары қолданылады. Оқушылардың өз бетінше білімін көтеруге өте тиімді форма ретінде анықталады.
Аристотель ерте кездің өзінде-ақ оқытуда сөздік әдістердің жеткіліксіз болатынын байқап, білімді кітаптан ғана емес өмірдегі заттардың өзінен байқап, тану арқылы меңгерудің тиімділігін айтқан. Яғни, білімді ақиқат дүние, өмір шындығы арқылы игерудің мәнін көрсеткен. Демек, оқытудың көрнекілік әдістерін тиімді қолдана білу қажет.
Көрнекілік әдісі. Информатикада оқушылардың немесе мұғалімнің іс-әрекетіне байланысты компьютерлік ортаның өзгерісін көрсету - көрнекілікті қолдану болып табылады. Мұнда мұғалім оқушылардың сезім мүшелері арқылы қабылдауы жоғары болатынын, әсіресе көру каналының маңызы ерекше екенін ескергені жөн.
Информатикада сөз де, белгі де жаңа сапаға ие болатынын ескерсек, оқу процесіне оқытудың техникалық құралдарын немесе компьютерлік технологияны үйлесімді пайдаланудың берері көп болмақ. Демек, бұл кезде оқытудың иллюстрациялық әдісін қолданған дұрыс.
Иллюстрация. Информацияның таңбалық табиғаты барлық затты (көзге көрінбейтіндерді де) иллюстрациялауға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, ЭЕМ жадының моделі, жад ұяшықгары, т.б. бойынша олардың қызметін баяндау сөздік әдіспен ұштастырылған иллюстрация болып табылады.